kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі пәнінен ҚМЖ "Қонақты қарсы аламыз" 5 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары 5 сыныпқа арналған. Сабақ жоспары сабақта қолданылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен ҚМЖ "Қонақты қарсы аламыз" 5 сынып»

қысқа мерзімді Сабақ жоспары

САБАҚ:

МЕКТЕП: Бұқаржырау ауданы ЖББ «Ленин орта мектебі» КММ

ТАҚЫРЫБЫ:

Қоңақты қарсы аламыз

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ: Жаксыбаева Эльмира Ермекбаевна

СЫНЫП: 5


ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТЫ

Т3 Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

А2 Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану.

А5 Берілген сұрақты дұрыс түсініп лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

САБАҚ МАҚСАТТАРЫ

Барлық оқушылар:

Жаңа сөздермен тірек сөздердің мағынасын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіннің негізгі ойын анықтай отырып, сұрақтарға жауап береді, диалог құрастырады

Кейбір оқушылар:

Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын өмірде пайдаланады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

  • Жаңа сөздер мен тірек сөздерді меңгереді.

  • Амандасу түрлерін және этикет формаларын пайдаланады.

  • Қойылған сұрақтарды түсінеді жауап береді, шағын диалогке қатысады.

ТІЛДІК МАҚСАТ

Оқушылар: Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын біледі және диалогте қолдана алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

төр, төрге отырғызу, бата, қамқоршы, жол беру, құрметтейді.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

«Төрге шығыңыз, айналайын, қарағым, көп жаса, жасың ұзақ болсын».

Талқылауға арналған тармақтар:

1. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерімен таныссыздар?

2. Қазақ отбасындағы қандай ұлттық дәстүрлерді білдіңіздер?

3. Қазақ отбасындағы дәстүрлер қандай азамат болуға тәрбиелейді?


ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын түсіну

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

Өзін-өзі тану

АЛДЫҢҒЫ ОҚУ

  • тақырыпты тірек сөздер арқылы болжай алады;

  • жалпы ақпаратты сұрай білу және жауап беру іскерлігін меңгерді;

  • танысу этикеті қолданады

ЖОСПАР

ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыздар)

РЕСУРСТАР

Басы

8 минут


1.Психологиялық ахуал

Сәлемдесу, психологиялық ахуал туғызу. Сыныптың сабаққа зейінін шоғырландыру.


Топқа бөлу: Санау арқылы 3 топқа бөлінеді (1,2,3).


«Миға шабуыл» әдісі. Оқушыларға талқылауға сұрақтар ұсынылады

1.Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерімен таныссыздар?

2.Қазақ отбасындағы қандай ұлттық дәстүрлерді білдіңіздер?

3. Қазақ отбасындағы дәстүрлер қандай азамат болуға тәрбиелейді?

сұрақтарына жауап алып бастапқы білімдерін анықтау

«Қонақ» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Ассоциацияларын айтындар.

Ассоциацияларын постерге жазу





Қонақ








Балалар, сендердің үйлеріңе қонақтар келе ме?

- Иә, біздің үйге қонақтар келеді.

- Олар кімдер?

- Достарым, туыстарым, ағалар, аталар, әжелер, көршілер, шақырған адамдар.

- Дұрыс. Оларды қалай қарсы аласыңдар?

- Амандасамыз, үйге кіруге шақырамыз.

- Дастарқан үстіне тағамдар қоямыз.

- Өте жақсы. Дұрыс, балалар. Бүгін біз қазақ халқы дәстүр бойынша қонақты қалай күткенің танысайық.


ҚБ 1: Мадақтау









Интербелсенді

тақта












Ортасы


30 минут






































1-тапсырма. Топтық жұмыс. Мәтінді тыңда. Мәтіндегі тірек сөздерді аңықта

«Сөздік құрам» графикалық органайзері әдісі арқылы берілген жаңа сөздерді, тірек сөздерді кестеге салыңыз, топта талқылаңыз. Анықталған ақпараттарды пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңдар.

Бағалау критерийі:

Тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсінеді.

Дескрипторлар:

  1. Мәтінді тыңдайды, мазмұнын түсінеді.

  2. Жаңа сөздер мен тірек сөздерді анықтайды.

  3. Кесте бойынша сөздерге өз анықтамаларын береді, негізгі анықтамамен салыстырады

  4. Анықталған сөздер арқылы сөйлем құрайды.

ҚБ3 «Бағдаршам»

Жасыл түс - барлық талаптарға сай орындалған.

Сары түс- менің сұрағым бар.

Қызыл түс – ұсынысым бар.

Кері байланыс:

Бұл тапсырма орындау оңай ма әлде қиын ба? Себебі?


2-тапсырма

Жұптық жүмыс. “Еркін сұхбат” әдісі

«Үй иесі мен қонақ» тақырыбы бойынша әр жұп шағын диалог құрайды. Диалог мазмұнында берілген мәтіннің идеясын сақтау ұсынылады.

Бағалау критерийі:

Сұрақтарға жауап бере отырып, шағын диалогке түсу.

Дескрипторлар:

  1. Берілген тақырып бойынша талқылау жүргізеді, ойларын жеткізеді

  2. Тақырыпшалар бойынша сұрақтар құрастырады

  3. Шағын диалогке түседі

ҚБ «Бас бармақ»


3-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушыларға бейнежазба ұсынылады. «Рөлдік ойын» бойынша бейнежазбадағы бір әрекетті таңдап, қазақша амандасу мәнерін, ұлттық құндылықтарды ескере отырып көрсет.

  1. Бейнежазба мазмұнымен танысады.

  2. Берілген ақпаратты іс-қимыл әрекетпен көрсетеді.

  3. Жаңа сөз бен сөз тіркестерін ұлттық құндылықтарды ескере отырып қолданады.

Бағалау критерийі: Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын қолданады.

Дескрипторлар:

  1. Бейнебаянды мұқият тыңдап көреді;

  2. Өздеріне ұнаған бір сәтті таңдайды;

  3. Соған сәйкес қимыл-әрекетпен көрсетеді;

  4. Рөлдік ойында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады

ҚБ «2 жұлдыз, 1 тілек»

Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз.

Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.









































Сәлемдесу салты.Сарқылмас қазына. бейнежазба www.youtube.com





Сабақ соңы


7 минут






Рефлексия

«Бес саусақ» тәсілі

Алақан суреті салынған қағазға сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап жазады:

Бас бармақ –басты мәселе. Бүгін сабақ не туралы болды?

Балалы үйрек –бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін не білдім? Не түсініксіз болды?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?







Алақан суреті салынған үлестірме қағаздар






Қосымша ақпарат




Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау

ҚБ1 – «Мадақтау»

ҚБ2- «Бағдаршам»

ҚБ3- «Бас бармақ»

ҚБ4 – «2 жұлдыз, 1 тілек»

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қосымша

Төр-сыйлы орын.

Төр-қонақ бөлменің жоғары жағы. Ол-жасы үлкен адамдар.қонақтаротыратын сыйлы орын. Қазақ үйге келген қонақты «төрлетіңіз», «төрге шығыңыз»деп қарсы алады. Көрпе төсеп,жастық қойып,төрге отырғызып, құрмет көрсетеді. Дастарқан жайып,дәмді тағамдарымызды қоямыз.

Қазақ халқында дастарқанға үлкендерден бұрын отыру ұят болып саналады. Себебі алдымен ақсақалды ата мен ақ шашты әжені сыйлап,төрден орын береді. Үлкен кісілер бата береді.Дастарқан төрінде қарттар,одан төмен жастар отырады.Тамаққа үлкендерден бұрын қол созуға болмайды. Ол-әдепсіздіктің белгісі.Дастарқанда үлкендермен жарысып сөйлеу де ұят болып саналады.Қазақ дастарқаны дос,бауыр, туыс қана емес,кез келген адамға ашық.Қазақтар бір-бірінің үйіне барып, жиі араласқанды ұнатады. Әсіресе,ата-аналарын әрқашан құрметтеп, үйіне шақырып, төрге отырғызу-қазақ баласы үшін әрі міндет,әрі парыз.Өйткені дастарқан-жақсылықтың басы, қуаныштың белгісі,дәстүрдің көп жалғасы.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қазақ тілі пәнінен ҚМЖ "Қонақты қарсы аламыз" 5 сынып

Автор: Жаксыбаева Эльмира Ермекбаевна

Дата: 17.10.2017

Номер свидетельства: 432960


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства