kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары "Абай "Ескендір" поэмасы 10 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз үшін ол жақсы мұғалім ғана емес, өмірімізде маңызды орны бар жан. Мектеп бітіріп, жан-жаққа қанат қағып ұшып кеткенімізде сынып жетекшімізді әрқашан есімізде сақтаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары "Абай "Ескендір" поэмасы 10 сынып»

23.01.2016ж

10 «Б» сынып қазақ әдебиеті

Тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы

Мақсаты

А. Құнанбаевтың “Ескендір”поэмасының  тақырыбы мен идеясын түсіндіру;  іздену қабілетін, мәнерлеп айту дағдысын, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілетін дамыту;  адамгершілікке, рухани имандылыққа тәрбиелеу, поэманың тереңіне бойлату, өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырады,зерттейді.

Күтілетін нәтиже

Топпен жұмыс жасап үйренеді, поэманы жан-жақты талдап үйренеді.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

6 неліктен стратегиясы, «Сен білесің бе?»

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі






Тренинг

Оқушыларды топқа бөлу


Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту.


Әр топқа бағалау парағын таратып беру.


Ой шақыру (Таразы суреті)
Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айту
– таразы, таразыла, ой таразысы, ақыл таразысы
Ендеше, Абай атамыз:
1. Ойға түстім толғандым
Өз мінімді қолға алдым…
2. Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес,- деген.
Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық.


Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.


Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.


Оқушылар өздерінің мінездерін саралайды.

Білу


Үй тапсырмасын тексеру

6 НЕЛІКТЕН?» стратегиясы
1. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген?
2. Неліктен Абай ғылым, білімді уағыздаған өлеңдер жазды?
3. Неліктен Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі ең бір күрделі де көркем шығарма болып есептеледі?
4. Неліктен Абайдың өлең жолдары мақал – мәтел сияқты нақылға айналып кеткен?
5. Неліктен Абай «не істесең де, бәрін ақылмен істе» деген ұлағатты ой айтады?
6. Неліктен Абайды «қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы» деп бағалайды?

Оқушылар ойы тыңдалады


Оқушылар өз ойларын ашық айтады.

Сұрақтарға әр топ оқушылары жеке жауап береді.

Түсіну



«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» – деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау (Ескендір туралы аңызды айтып беру, «Қос мүйізді Ескендір» күйін тыңдату,американдық кинорежиссер Оливер Стоунның 2004 ж. кино түсіргенін, Ескендір рөлінде Джаред Летоның ойнағанын айту).

(слайдпен түсіндіру)

(оқушы слайд қорғайды)


Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды

Қолдану

«Сен білесің бе?»

Сұрақтар: 1-топ
1. Қазақ әдебиеті: «Ескендір» дастанының түсіндірмесін айтып бер.

2. Тарих: Ескендір Зұлқарнайын тарихта қандай атпен белгілі және қай жылдары өмір сүрген?
3. Қазақ тілі: Поэма қай стильде жазылған?
2-топ

4. Математика: Филипп ІІ патша Александр (б. З. Б. 356 – 323) 13 жаста болғанда Аристотельді (б. З. Б. 384 – 322 ж) ұстаздыққа шақыртқан екен. Аристотель сол кезде неше жаста болған?
5. Биология: Поэмада адамның қай мүшесі туралы сөз болады? Құрылысын айтып бер.
6. География: «Ескендір» поэмасында сөз болатын Македония шаһары қай елде орналасқан?

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Талдау

1-топ«Салыстырмалы мінездеме»

Аристотель хәкімге патша келді:
-    Мына сүйек қазынасының бәрін жеңді
Бұл сүйекті басарлық, нәрсе бар ма?
Ақылыңмен ойланып тапшы?- деді
Хәкім жерден топырақ алып барды,
Бір уыстап сүйекке шаша салды,- деген жолдардағы «Бір уыс топырақ  ненің символы?» тақырыбының төңірегінде ой өрбіту және Аристотель мен Ескендірге салыстырмалы мінездеме беру.

2-топ Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындап, талдау жасайды.

Жинақтау


Сұрақ:

1. Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек?

2. Поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?

3. Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланыстыруға бола ма?


Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу

Бағалау

Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату

Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек

Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды

Рефлексия

Екі жұлдыз , бір тілек

Стикерлерді толтыру


Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.

Үйге тапсырма

Поэмадан әдеби теориялық ұғымдарды тауып келу
















М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі









Ашық сабақ

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы

Сыныбы: 10 «Б»















Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Бисенова Нұрлы Бокенбайқызы




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары "Абай "Ескендір" поэмасы 10 сынып

Автор: Бисенова Нурлы Бокенбаевна

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390570


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства