kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай Құнанбайев. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбайев. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»»

Сабақ:

Қазақ әдебиеті


Күні:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Абай Құнанбайев. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

Жалпы мақсат:

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсіндіру. Ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәліметтер беру. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі адамның, ер жігіттің сенімді серігі – бәйге атының сыны мен бағасының берілуі.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 6-сыныпқа арналған оқулығы

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

«… қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзисының күн шуақты асқар биігі Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімді толықтыру; мал патшасы жылқының сыны мен  бағасының сипатталуын түсінуге бағыт беру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Ақын портреті, бүктеме,  ақынның шығармалар жинағы, интерактивті тақта, оқушының дәптері, сызба-кестелер, бағалау парағы, плакат, түрлі-түсті қаламсаптар.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

« Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін сатылы кешенді талдау. Жаман мен жақсы қасиеттерді жазу.Жазған қасиеттерін « Жақсы-жаман » ойыны арқылы тексеремін.(жағымды қасиеттерге қол шапалақтаймыз, жағымсыз қасиеттерге аяқты топылдатамыз)

    Жақсы адам қасиетттері: ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, үлкен –кішінің бәріне жақсы, жыл құсындай, алысты жақын етер.

    Жаман адам қасиеттері: көкірегі-көр, көзі-соқыр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, балтаның ұңғысындай, сөзі кесек, өсек-аяң айтып жүреді т.б.

Өлеңге кешенді талдау:

    1.Өлеңнің авторы-

    2.Тақырыбы-

    3.Жанр түрі-

    4.Идеясы-

    5.Шумақ саны-

    6.Бунақ саны-

    7.Буын-

    8.Ұйқас түрі-

    9.Әдеби теориялық ұғымдар-

    10.Тәрбиелік мәні-

ІІІ. Жаңа тақырып




Абай ХІХ ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер - білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіру.
1845 - 1904 жылдарда өмір сүрген, қазақ әдебиетінің атасы, қазақтың Ұлы ақыны Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әжесі Зере, анасы Ұлжан. Табиғат лирикасына байланысты өлеңдер жазған, сазгер, аудармашы (араб, парсы, түрік, орыс ақындарының шығармасын аударған)
Абай тегі: 1. КішІк 2. Әйтек 3. Олжай 4. Қайдос 5. Ырғызбай 6. Өскенбай 7. Құнанбай
Аналары: 1. Күңке - Құдайберді - Шәкәрім.
2. Ұлжан – Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан
3. Айқыз – Халиолла, Ысмағұл

Кітапппен жұмыс: Кітаптан Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту:Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.Өлеңді оқи отырып, ақын ақын суреттеуінен қандай әсер алдыңдар? Абай өлеңінде аттың сыны қандай сөздермен айшықталған?

Абай суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?


IV.Шығармашылық жұмыс

Жүйрік баптап, оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған. Бұл өлеңде Абай бәйге атының мүсінін берген. Ат сипатын беретін әрбір сөзге тоқталатын болсақ, мысалы, «жауырыны етсіз тақтайдай - ақ» деген өлең жолына үңілейікші. Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес. Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі ақынның шындығы болып келеді. Немесе «арты талтақ» деген суреттеме бар. Бәйге артының қолтығы, саны ықшам болып, бір - біріне жабысып жатса, шапқан кезде адымы ашыла ма? «қоян жақ», «қой мойынды» деген суреттемелер қаз - қалпында алғанда тым қарапайым - ақ. Ал қоянның жағы – ол қураған етсіз жақ. Жүйріктің жағы майлы болып келмейтінін ақын осы «қоян жақпен» беріп отыр. Осылайша әрбір бейнелі сөзге түсінік беру керек.

3 топқа тапсырма беру. 
Дәптермен жұмыс 1 - кесте
Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жаз
Шоқпардай кекіл, қамыс құлақ, қой мойын, қоян жақ, бөкен қабақ, ауыз омыртқа, майда жал, ой желке
Осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап, мысал келтір
Қой
1. Қорада қой су ішіп тұр
2. Кітапты орнына қой
Ой
1. Оның ойы ұшқыр
2. Ауыл ойға қарай қоныс тепті
Жақ
1. От жақ
2. Адамның дене мүшесі
3. І, ІІ, ІІІ жақ

Тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға болмайтын сөздерді тап

Қой Жақ Ауыз Жал Ой
2 - кесте Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп, жаз
Жауабы: кекіл, құлақ, мойын, жақ, қабақ, ауыз омыртқа, жал, желке, мұрын, ерін, тіс, қабырға, жота, омырау, төс, бақай, тұяқ, шынтақ, аяқ, жауырын, сауыр, мықын, құйрық, қыл, ұршық, сан, бауыр, тірсек (шідерлі), көз
Осы сөздерге сұрақ қой Сұрағы: не? Қай сөз табына жатады? Сөз табы: зат есім 3 - кесте «Бес жолды өлең» (жаңа сабаққа байланысты бес жолдан тұратын қорытынды шығару) 1. Кім? Не? Абай 2. Қандай? Ақылды, зерек 3. Не істеді? Оқыды, жазды, қалдырды 4. Сөйлем Абай қазақтың ұлы ақыны
5. Синоним Абай – ақын Толықтыру тесті 4 - кесте
Батырлар жырындағы, ертегілердегі батырлар Астына мінген аты
Алпамыс - Байшұбар
Қобыланды - Тайбурыл
Ертөстік - Шалқұйрық
Күлтегін - Қарагер
Кендебай - Керқұла
Жаңа сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Абай атамыздың суреттеуіндегі аттың сыны сөз өнері болғанда, суреттегі ат бейнесі өнердің қай түріне жатады?
2. Өнердің басқа қандай түрін білесіңдер?
3. «Ат - ер қанаты» деген қанатты сөздің шығуы неліктен деп ойлайсыңдар?
4. Жылқы малы туралы қандай ән, би, күй аттарын білесіңдер?
5. Ат жайлы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1. Ат биеден, Аруана түйеден.
2. Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі.
3. Ат құлыннан, Батыр баладан.
4. Ат тұяғын тай басар.
5. Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен.
6. Ерге лайық ат бітеді, Қызға лайық сән бітеді.
Сонымен оқушылар, жақсы атты танып білдік пе? Өлеңнің идеясы:
ер қанаты жақсы атты суреттеу, тану.
Өлеңнің түйіні: «Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас. Разы емен осындай ат мінбесем»

V.Қорытындылау

Постер қорғау.

– Сонымен оқушылар, жақсы атты танып білдік пе?

       – Өлеңнің идеясы не екен?

      – Ер қанаты жақсы атты суреттеу.

      –  Өлеңнің түйінін мәтіннің қай жерінен табуға болады?


Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Таным дерек.

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін жаттап келуге және атқа,жылқыға байланысты мақал-мәтелдер жаттап келуге беремін.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Абай Құнанбайев. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

Автор: Успанова Жадыра Сергеевна

Дата: 06.02.2017

Номер свидетельства: 388529

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі"
    ["seo_title"] => string(64) "abai_k_u_nanbaiev_shok_pardai_kiekili_bar_k_amys_k_u_lak_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "360929"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479708993"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Абай ??нанбаев "Шо?пардай кекілі бар ?амыс ??ла?" ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(64) "abai-k-u-nanbaiev-shok-pardai-kiekili-bar-k-amys-k-u-lak-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "163366"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422466653"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "?ыс?а мерзімді жоспар А.??нанбаев "Шо?пардай кекілі бар ?амыс ??ла?""
    ["seo_title"] => string(62) "kyskamierzimdizhosparakunanbaievshokpardaikiekilibarkamyskulak"
    ["file_id"] => string(6) "283915"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453902488"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Абай ??нанбай?лы. "Шо?пардай кекілі бар ?амыс ??ла?" "
    ["seo_title"] => string(58) "abai-k-u-nanbaiu-ly-shok-pardai-kiekili-bar-k-amys-k-u-lak"
    ["file_id"] => string(6) "194945"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427824259"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Абай ??нанбаев           Шо?пардай кекілі бар ?амыс ??ла? ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(66) "abai-k-u-nanbaiev-shok-pardai-kiekili-bar-k-amys-k-u-lak-olien-i-1"
    ["file_id"] => string(6) "182674"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1425569461"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства