kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

6-сыныптарға арналған сабақ жоспары. Мұқағали Мақатаев "Қайырлы түн"

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-сыныптарға арналған сабақ жоспары. Мұқағали Мақатаев "Қайырлы түн" 6-сыныптарға арналған сабақ жоспары. Мұқағали Мақатаев "Қайырлы түн"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«6-сыныптарға арналған сабақ жоспары. Мұқағали Мақатаев "Қайырлы түн"»

Сабақтың  тақырыбы: «Қайырлы  түн» М.Мақатаев

 

Сабақтың  мақсаты:

 а)білімділік: оқушыларға Мұқағали Мақатаевтің өмірі, шығармашылығы,

 «Қайырлы түн»өлеңі жайлы толық мәлімет беру.

 ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

 б)тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жаңа сабақтың  дәйек  сөзі:

"Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады" . (Күләш Ахметова).

Алғашқы поэмалар жинағы»Ильич»1964ж , « Армысыңдар  достарым»1966ж, , «Қарлығашым  келдің бе?»1967ж « Бауыржан  Момышұлына» 1967 «Аққулар ұйықтағанда»1974»  «Өмірдастан»1976ж кітаптары жарық көрді.

ž  Өлеңдері  «Қасым солай болмаса»1966ж «Қаздар  қайтып барады мекеніне»1966  «Есіңе мені  алғайсың»1966 «Ұлыма»  1968ж  «Қазынам бар»1968ж..Райымбек,Райымбек1971ж.жазылған1981ж.жаряланды..»

Қайырлы-деген  сөздің  мағынасын  қалай  түсінесіңдер?

ž Қайырлы-(сын есім)-қайырымды, жанға жайлы

ž Қайырымды- мейірімді,қайырымы мол деген  мағыныны білдіреді .

 

 

Мұқағали  Мақатаевтың «Қайырлы  түн» өлеңін  мәнерлеп оқу.

  

  

Өлең мазмұнына  талдау

ž 1.Әйел-Ана сәбиінің   ұйқысын   қалай бұзбай  сақтаса ,   Жер-ана да дәл солай тәтті   ұйқыда таңға дейін   дем  алуын тілейді

 

ž 2.Алып жерді төсек еткен көк аспанның ешқандай соғысқа ұшырамай,таң атар сәтте боз көрпесін айқара жауып ,тыныштықтың аясында дамылдап,тәтті ұйқыда болуын тілейді

Өлең  түрі: Философиялық   лирика.   Философия –табиғат , қоғам мен ойлаудың даму барысындағы  жалпы заңдылықтары туралы ғылым

Тәсілі: Кейіптеу-орманың  шуламасын,  суларың туламасын,күңіренбесін, жыламасын,шамыңды өшір,айың келіп.

Жер-ана.                                                        Тыныштық.

 

Орманыңда шуламасын ,

Суларың да туламасын.

Ақ басты ала тауларың да

 Күңіренбесін,жыламасын!

 

 

Қайырлы түн,

Жер-анам!

Көк аспанды жамыл да,

Таңға дейін   дін аман

Тәтті  ұйқыда  дамылда!

 

Нұрлы  өмір.                                                 Соғысқа  жол  жоқ

 

Қайырлы түн ұйықта.

Шашу  болып жұлдыздарың шашылды,

Айың  келіп ақ мойныңа  асылды.

Шәйіге орап әлдилесін Құс жолы

Тыныштық деп аталатын  жас ұлды...

 

 

Қайырлы түн,

Ақ аспан, 

Алып жерді төсен де, 

Боз көрпеңді айқара жап иыққа, 

Сенің нұрың  тыныштықпен

жарасқан 

 Тақтамен жұмыс:     Әр өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына талдату (буын, тармақ, бунақ саны, шумағы және ұйқас түрін табу).

Мәтін  бойынша сұрақ

а) «Таңға дейін дін аман», өлең  жолындағы «дін» сөзінің орнына бәрі  ,түгел сөздерін қойсақ  қандай ерекшелік байқалады ?

ә )  «Тәтті ұйқыда  дамылда»өлең жолындағы  «тәтті»сөзінің  орнына  жақсы ,тыныш сөздерін  қойып оқысаңыздар қандай ерекшелік  байқалады?

Дәптермен  жұмыс. Сөйлемді  аяқта!

1. Мұқағали Мақатаев 1931 ...

2. Алғашқы поэмасы...

3. Біз Мұқағалидың...

Мұғалімнің  қорытынды  сөзі.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім  ,

Жыр  жазсам оған халқым елеңдестің.

Өлсе-өлер Мұқағли Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді  ешкім!

Шынымен де ,Мұқағалидың өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмейді,өлмек емес.

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
6-сыныптарға арналған сабақ жоспары. Мұқағали Мақатаев "Қайырлы түн"

Автор: Оспанова Калима Абдикеримовна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391697


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства