kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жақсы сөз-жан азығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жақсы сөз туралы сабақ жоспары. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңызы мен алатын орны туралы нақты жазылған. Тәрбие сағатында оқушылардың сөзімен жазылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жақсы сөз-жан азығы"»


















Сабақтың тақырыбы:

«Жақсы сөз-

жан азығы»






Сынып: 6 «Б»







Сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз – жан азығы»

Мақсаты: балалардың жақсы сөз туралы туралы түсініктерін кеңейту, адам өмірінде жақсы сөздің маңызы мен қасиеті туралы айту.

Міндеттері:

  • сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймай, оның мінездемесі де болып табылатындығын ұғындыру;

  • -сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім – білік, мәдениет, әсемдік – асыл қазына екенін меңгерту;

  • Қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу;

Мұғалім сөзі:

  1. «Шаттық шеңбер»

  • Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік.

  • Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейрімдісің, өте ұқыпты баласың, адал доссың, қайырымдысың, әдептісің, өнерлісің, еңбекқорсың, ақкөңілсің.

  • Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздер естіп, қатты қуанып тұрмын

Олай болса орындарыңызға жайғасыңыздар, апта айшықтарын бірге тыңдайық.

-Секторлардың жұмысы

-Көшбасшыны (лидерді)анықтау

-Көшбасшы тілегі

Олай болса балалар бұгінгі біздің «Жақсы сөз-жан азығы» атты сиқырлы сабағымызға қош келдіңіздер!

Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,

Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас-жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз-шер толқытса шығады.

Жақсы сөз жанға қуат береді. Әрине жақсы сөз көңіл құлпын ашатын кілт емес пе? Жақсы сөйлеп, адам көңілін елжіретіп, жақсылыққа жорудың өзі жақсылықтың, ырыс пен берекенің бастамасы болмақ. Ой мен тәнді жігерлендіретін, семіртіп те сергітетін, сүрінсең анаңның ыстық алақанындай жылытатын, қанатыңа жан бтіріп, қыран боп ұшсаң асқақтата биікке шарықтатып, қашан болмасын жанға жылу сыйлайтын ол ел зердесіне айналған-жақсыдан шыққан жақсы сөз. Шын пейілмен айтылған жақсы сөз өзіңе де, өзгеге де қуыаныш әкеледі. Солай емес пе балалар, кімде қандай ой, пікір бар, ортаға салайықшы:

Анеля: Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Қазақ халқында -

Өнер алды – қызыл тіл;

Тіл – тас жарады, тас жармаса – бас жарады-деген мақалдары бар.Осының өзі сөздің құдіреттілігін көрсетпей ме?

Олжас: Шынында, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарар рөлі баға жеткісіз. «Жылқы кісініскенше, адам сөйлескенше» дегендей, адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танып, өзін де сөз арқылы танытады.

Барлығымыз да жылы сөзді естігіміз келіп тұрады.Қалайда сөздің адамға жағымды әсері зор екені даусыз. Біздің халқымыздың "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады" деген тамаша мақалы да жағымды сөйлеудің қаншалықты керемет күшке ие екендігін аңғартады

Ақбөпе: Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-тұқияннан бері жасалып, қорланып келе жатқан ақыл-ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа-төк тегін дүние көріп, оңды-солды талғаусыз айта берсе, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай «Сөз қадірі – адамның өз қадірі, сөзі құнсыздың өзі құнсыз».

Айдын: Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңіл түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады. Бір – бірімізге жақсы, жылы сөдер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Сондықтан да барлық уақытта бір – бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.

Айчурек: Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу - ол да бір дара бақыт. Сондықтан әр елден шыққан арғы - бергі заман даналардың, сөйлеудің маңызын аса жоғары бағалап, ой толғамағаны жоқ десе болады. Ұлы ақын Абай атамыз:

Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас, - деп тамсана бағаласа, түріктуыстар: "Оң сөз - өзен тоқтатар" деген мақалмен түйіндеген. Әрине сөйлей білу - үлкен өнер.

Мұғалім сөзі : Рахмет балалар! Яғни сіздердің жастарыңызда сөз қадірі өте күшті екенін аңғардық.

Жақсы сөз жанға қуат, ырысы мол,

Көңілге қаяу салмас, жылысы сол.

Жақсыдан шыққан әрбір сөздің басы,

Ақыл менен парасыттың бастауы ол

Аружан: Шынында жақсы сөз ол-жарым ырыс,

Жылы-жылы сөйлесең жақсы ол іс.

Жақсылардан шыққан жақсы сөздер,

Бүгінде болар бізге өнеге, ырыс.

Нұргелді: Жақсы сөз жан семіртер, сергітер де,

Көңілді шүйгітер де, ой күдерге,

Тұс-тұстан құлындатып, шұрқыпратып,

Жібек жал, сәйгүлік ой өрбітер де.

Адам қашан да ең бірінші жаманшылықты ойлайды. Жақсыдан гөрі жаманға жоруға үйір келеді. Бірақ ол дұрыс па? Орынды сөйлеу, қисынды сөйлеу – ол да бір дара бақыт. Әйтеуір сөйлей алады екенмін деп, тасырандамай, абайлап сөйлеу-ақылдылық, инабаттылық белгісі. Өзің опық жеп, өкініп жүрмеу үшін, байқап, бағамдап сөйлеудің мөні ерекше зор. ''Айтылған сөз - атылған оқ" деп ата-бабамыз тегін айтпаса керек. Сондықтан шәкірттерге айналасындағы адамдарға "ей", "сен" деп дәрекі тіл қатпай, "сіз" деп сыпайы сөйлеудің мөдениеттілік. ізеттілік қана емес, қарым-қатынасқа жұмсақтық, жайдарлық дарытатын күш екенін білген жөн. Жылы шырай сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл қатқанда, сөйлескенде де керек нәрсе.

Көрініс «Жақсы мен жаман»

Адам: Мәукен

Гүл: Аружан

Үлкен гүл: Ақерке, Мерей, Дана

Жаман шөп: Иманғали, Мәукен, Нұрбек, Мұхтар

Бала: Айдын

Адам атызға бір топ гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен-күнге тамыр жайып, гүлдеп өсе берді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп-мөлдір суды да, тап-таза ауаны да, күннің нұрын да. Айналаға еркелей, құмарлана қараудан әсте жалықпаушы еді. Ол осынау тірлік иесі болғанына, өзін отырғызған адамға да риза еді. Бір күні:

- Әй, сен, көп асқақтама! Мен тірі тұрсам, әлі өмірге келгенің өкінетін боласың, – деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз шөп басын қылтитып тұр екен. Гүлдің көңілі ортайып, бір түрлі жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен біршама үлкендігі бар гүлге басын сүйеді.

- Жабырқама! Сабыр ет! – деп жұбатты ол.

- Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Өз құлқынынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі-ақ құтыламыз. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Гүлдің көңілі біраз көтеріліп қалды.Әлгі гүлдің айтқаны рас боп шықты. Ертесіне адам келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайтадан құлпырып өсе бастады. Алайда көп нәрсені ұққандай болды. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен.

Көріністі талдау:

    1. Гүлдің ең алғашқы сәттегі көңіл-күйі қандай еді?

    2. Оның көңіліне қаяу түсірген қандай жағдай?

    3. Өмірде ондай адамдар бар ма? Қызғаншақ, көре алмайтын. Дәлелі

    4. Гүлдің қауіпті сөзден кейінгі ары қарай өмір сүруіне не көмектесті?

    5. Өмірде қандай адамдар бар екен? Ол дұрыс па?

  • «Мен кіммін?» тренингі

Менің ойымша мен..........................

Менің ойымша мен........................

  • Жағдаяттар талдау



  • «Жақсы сөз-жан азығы» тақырыбындағы ең үздік шығарма



  • Мен күнде еститін жақсы сөздер:

Анамнан------------------

әкемнен ----------------

әжемнен-----------------

атамнан-----------------

Ал сендер ата-аналарыңа жылы сөз айттыңдар ма? Алмақтың да салмағы бар демекші, осындай мүмкіндікті қазір Аманбол, Иманғали, Айдынға беріледі. Яғни сендер де үйге бүгін бара салып, ата-аналарыңа жүрегін елжіретер бір ауыз сөз айтарларыңа сенемін! Ол сендердің де қолдарыңнан келеді екен , солай емес пе?

Ал енді балалар «Кешірім сәті» бір ауыз сөздің құдіретін көреміз. Біздің сыныпта жақында оқсөзге келісіп қалды, күнде байқаймын, әлі де араларыңда жақсы қарым-қатынас орнамаған, оны орнату үшін оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Өмірде кешірімді болу керек, кешірімділік-көңіл кеңдігі. Бір-бірлеріңе деген кешірім сөздеріңді айтуларыңа болады.

Мұғалім сөзі:

Жақсы сөз – жақсы тілек,

Болайық ізгі ниетті.

Жақсы ойлап кісіге,

Тілейік үлкен – кішіге

Қыраулы қыстың қарлы боранындай ызғарлы, қатал сөздерден гөрі көктемнің жайма шуақ күндеріндегі жылы лепті, көңілге еркелей кіретін жылы сөздер санаға тез жетіп, талас-тартыссыз орын алады. Шіміркентіп ашуландырмайды, көңіл жайлауына қонып тербетеді. Оның жылы сөзін де іштей қайталайсын.

Әсем сөйлеуге, көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе, айтқыштық пен терең ойдың інжу маржандары мақал, мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу, кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді. "Жүздің көркі - сақал, сөздің көркі - мақал" деген мақал соны білдірсе керек.Келесі кезек халық даналығы - мақал-мәтелдерде

  1. «Көңіл -күйімді тап» ойыны

Әр түрлі көңіл күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазып, көрінбейтіндей етіп жайып қояды. Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздадың біруін таңдайды. Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім балалың құлағына сыбырлап айтады. Бала сол көңіл күйді тек қимылмен ғана көрсетеді. Балалар оның қандай көңіл күйді көрсеткеннен табу тиіс.

Кеспе қағазға жазылатын көңіл күй қимылдарының үлгісі: күлімдесу, жымию, күлу,қуанғаннан секіру, бас барамағымен «бәрі жақсы» деп көрсету, қуанғаннан билеу, қуаныштан құшақтасу, арқадан қағу, басынан сипау, т.б.




Жұлдыздар немесе гүл жану үшін әр оқушы бір жақсы сөз айтуы тиіс қонақтарымызға. Бүгінгі күннен естелік ретінде сыйлық сыйлайық.

Бйнебаянға назар аударайық.

Жақсылығымыз жақын болсын. Кейде адамдар «Жақсылығым алдымнан шықпайды», - деп ренжіп жатады. Жақсылық сатусыз жасалады. Жақсылық - өлшеусіз құндылық. Жақсылықты ұқпаған адам күндердің күнінде ұғатын болады. Тек, асықпау керек. . Бір – бірімізге жақсы, жылы сөдер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Сондықтан да барлық уақытта бір – бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік. Осымен бүгінгі «Жақсы сөз-жан азығы» атты сиқырлы сынып сағатымыз аяқталды, келесі кездескенше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жақсы сөз-жан азығы"

Автор: Мустапаева Майра Ерликовна

Дата: 01.01.2017

Номер свидетельства: 374846

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "?ыпша? хaнды?ы "
    ["seo_title"] => string(20) "k-ypshak-khandyg-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "242886"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445572306"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "?ыпша? ханды?ы (XI-XIII ?асырды? басы)."
    ["seo_title"] => string(43) "k-ypshak-khandyg-y-xi-xiii-g-asyrdyn-basy-1"
    ["file_id"] => string(6) "251347"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447235028"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства