kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ыбырай Алтынсарин а?артушылы? ?ызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай Алтынсаринні? педагогикалы? идеялары ХІХ ?асырды? екінші жартысында орыс хал?ыны? ?о?амды? ой-пікірлеріні? ы?палымен ?алыптасты. Ыбырай ?з замандас отандастарыны? а?артушылы? ой-пікірлерін ?уаттап, ?аза? жерінде о?у-білімні? шамшыра?ын жа?ты, педагогтік  к?з?арасты? негізін салды.

        ?аза? хал?ыны? м?дениеті мен а?арту тарихынан к?рнекті орын алатын ?айраткер, хал?ымызды? ма?танышы, демократ-а?артушы т???ыш педагог, а?ын- жазушы Ыбырай Алтынсарин - орыс-?аза? о?у-а?арту саласыны? негізін салушыларды? бірі.

       ?аза? педагогикасыны? негізін салушы, педагог -а?артушы, а?ын ж?не прозаик, публицист балалар жазушысы Алтынсарин мектеп пен т?рбие ?з хал?ыны? т?рмысы мен ?міріні? тарихи ?лтты? ерекшелігіне с?йкес келу идеясын ?сынды. Сондай-а? оны? тамаша тарихи болаша?ына ас?ан сеніммен ?арады. ЬІ. Алтынсаринны? пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептеріні? бірінші б?ліміні? ба?дарламасы бойынша ж?мыс жасау?а тиіс болды. О?у ана тілінде ж?ргізілуі тиіс - деген ?а?ида ?сынды. Ы. Алтынсарин ?аза? хал?ына білім беру тек бастауыш мектеппен ?ана шектеледі - деген пікірден аула? болды. Ол орта мектептер ??ру туралы ойларын хал?ына жеткізді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ыбырай Алтынсарин а?артушылы? ?ызметі»

Жармухамбетова Алтынгүл Алдабергенқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Қостанай педагогикалық колледжі

Қостанай қаласы



Сабақ жоспары

Поурочный план

The plan of the iesson



Күні\Дата\Date:------------------------------------------------------------------------

Топ\Группа\Group:-------------------------------------------------------------------

Пән\Предмет\Subject: Қазақ тілі мен әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы\Тема занятия\Theme: Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың үлгісі\Тип занятия\Type of the lesson: Қорытынды сабақ.

Сабақтың түрі\Вид занятия\Kind of the lesson: Аралас сабақ.

Мақсаты\Цели занятия\Objectiyes:

1. білімдік\образовательная\educational - Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру.

2. дамытушылық\развивающая\ developinq– Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.

3. тәрбиелік\воспитательная\brinqinq-up – Ақын – жазушылардың, жалпы өнерді құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар\оборудование\Resources: Презентация, таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы\План занятия\Plan:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу;

  • Түгендеу;

  • Жаңа сабаққа баулу;

  • Ы.Алтынсарин туралы білетіндерін айту, ой бөлісу;

  • «Деректер сөйлейді» таблицасы арқылы сұрау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3 топ өз жұмыстарын қорғайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Біз өткен сабақта қазақ халқының тұңғыш педагогы, ағартушы, жазушы, аудармашы Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына тоқталған болатынбыз. Бүгінгі біздің сабағымыз Ыбырай мұраларын қорытындылау, мақсатымыз қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының, келешек ұрпақтың қамы үшін жүргізген еңбектері туралы айту. Ыбырай Алтынсарин қазақ балалары үшін мектеп ашып, оқулықтар жазған. Ол кезде қазақ балаларын оқуға шақыру мен мектеп ашу ісі өте қиын болатын. Соған қарамастын осы қиыншылықтарды жеңе біліп, халқы үшін еңбек етті. Өткен тақырыпты есімізге түсіру үшін «Деректер сөйлейді» таблицасы бойынша жұмыс істейік.

  • «Деректер сөйлейді» - сұрақ-жауап (Интерактивті тақтада сандар жазылған ұяшықтар. Сол ұяшықтарды таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап береді).



Өткен сабақты есімізге түсірдік, енді үйге үш топқа тапсырма берілген болатын. Бұл қорытынды сабақ болғандықтан топты 3-ке бөліп, әр топқа тапсырма берілген болатын.

1 топ- Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармалары.

2 топ - Ыбырай Алтынсариннің ашқан мектептері мен еңбектері.

3 топ - Ыбырай Алтынсариннің орыс достары, аудармалары.

  • Әр топ өз жұмыстарын қорғау үшін сөз өздеріңізде. Регламент 10 минут. Әр топ өз жұмысын қорғағаннан кейін жауап бермеген екі топқа сұрақтар қойылады. Сондықтан мұқият тыңдап отырыңыздар.

  • 1 топ – өмірі мен шығармашылығы;

Қойылатын сұрақтар:

  • Әңгімелерінің тақырыптары қандай екен?

  • Идеясы не?

  • Тәрбиелік мәні не?

  • 2 топ – мектептері мен еңбектері;

Қойылатын сұрақтар:

  • Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер мен заманауи мектептердің айырмашылығы туралы өз ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

  • 12 жылдық консепция туралы не білеміз?

  • Елбасының үштілділік саясаты туралы не айтасыздар?

  • 3 топ – орыс достары мен аудармалары;

Қойылатын сұрақтар:

  • Сонымен Ыбырай Алтынсаринның аударма ісімен айналысқанын білдік. Ыбырайдан басқа тағы қандай ақын-жазушылар аударма ісімен айналысқан. Олар кімнің шығармаларын аударды?

  • Жақсы. Осымен Ыбырай Алтынсарин туралы білімімізді еске түсірдік.

-Ыбырай табиғат туралы да көптеген өлеңдер жазды. Солардың бірі «Жаз» өлеңі. -Ыбырайдан басқа тағы қандай ақындар табиғат лирикасына өлеңдер жазды?

- 1 топ Ыбырайдың өнер-білім мен табиғат тақырыбына арналған өлеңдері бар деп айтып кетті. Табиғатқа арналған қандай өлеңдері бар екен? Осы тақырыпқа арнап тағы қандай ақындар өлең жазды?

- Ыбырайдың «Жаз» өлеңі

-Абайдың «Жазғытұры» өлеңін аламыз.

- Екі өлеңді екі студент оқып шығады.

- Әдеби талдау жасау.

- Осы жерде теңеу бар ма?

- Неше бунақ, шумақ бар?

- Венн-диаграммасын жасау.

Ұқсастықтары

Абай

Ыбырай
















Жаз

Сәуірде көтерілер рахмет туы, 
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы. 
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп, 
Жайылар жер жүзіне қардың суы... 


Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп, 
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы. 
Жақындар Құдайымның көктен күні, 
Тең болар жарлықпенен күн мен түні. 


Аспаннан рақымменен күн төнгенде, 
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны. 
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, 
Жайқалып шыға келер жердің гүлі. 


Шапақтан бұлты шығар мұнарланып, 
Жаңбырлы күндер түсер тұманданып. 
Адамзат нәр ауасын судай жұтар, 
Шөл тартқан айуандарша құмарланып. 


Жетпеген үлкендікке жас балалар 
Жүгірер ойдан-қырға жұмарланып... 
Сәуірде алуан-алуан жауар нөсер, 
Нөсердің құатымен жер шөбі өсер.


Көкорай дүние жүзі шалғын болып... 
Жан, айуан, адамзат бауырын төсер. 
Жан-жәндік рахат тауып тұру үшін 
Ұшпақтан хош иісті желдер есер. 


Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен, 
Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен. 
Бір малы шаруаның екеу болып, 
Қыстаудан ел шығады алуан-алуан. 


Күлісіп, құшақтасып әзіл етер, 
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған... 
Жүгірер киік, құлан тау мен қырда, 
Қуанып ықыласпен келген жылға. 
Алыстан мұнарланған сағымдары 
Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда. 







Жазғытұры 


Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен, 
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, 
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, 
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап, 
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.


Түйе боздап, қой қоздап – қора да шу, 
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.

Көл жағалай мамырлап қу менен қаз, 
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл, 
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер, 
Диханшылар жер жыртып, егін егер. 
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер, 
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. 
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жаз жіберіп, жан берген қара жерге 
Рахметіне алланың көңіл сенер.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, 
Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейілі енер. 
Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.


Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Таң атқан соң шығарын күннің біліп,
Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.

Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді, ай, жұлдыз к... қысты.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға елеріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

Күн – күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.

Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына,
Күннің кешке кіргенін көрді көзім.




  • Топта өлең шығаратын балалар бар, кімнің табиғат лирикасына жазылған өлеңі бар? Табиға лирикасына өлең жазған бала өз өлеңін оқиды.

  • Ыбырайдың әңгімелері реалистік өмірге арналған, балаларды жақсылық пен достыққа, адалдыққа тәрбиелейді дедік. Тәрбие туралы қандай мақал-мәтелдер, ой-пікір білеміз?

  • Осының бәрін қорытындылай келе «Ыбырай Алтынсарин тәрбиесі мен ғибраты» атты ой-толғау жазамыз. 10 минут жазуға, 5 минут бір-біріңе оқуға, 5 минут топтан бір үздік оқушы шығып оқуға беріледі.

Сабақты бекіту: Қорыта айтқанда Ыбырай Алтынсарин біздің жерлесіміз. Біз болашақ әріптестерміз. Сондықтан да біз Ыбырайдың әріптестеріміз деуімізге болады.

  • Ы.Алтынсарин атында Қостанай қаласында мектеп, мұражай, көше бар. «Дала қоңырауы» атты шығармасы Ілияс Омаров атындағы драма театрында қойылды.

  • Ыбырай Алтынсаринның педагогтар туралы айтқан қандай ой-пікірлерін білеміз?

  • Ы.Алтынсарин өлеңдері, әңгімелерімен қатар ой-пікірлері де тәлім-тәрбиеге толы екеніне көзіміз анық жетті.


Сабақты қорытындылау: Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Белгілі ақын Ғафу Қайырбеков " Дала қоңырауы" поэмасын, М.Ақынжанов " Ыбырай Алтынсарин" пьесасын, Жайсаңбек Молдағалиев "Алғашқы ұстаз" романын жазды. Кинофильм түсірілген.


ҮІІ. Үйге тапсырма: «Ыбырай - аудармашы» тақырыбына реферат жазу.

ҮІІІ. Бағалау.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ыбырай Алтынсарин а?артушылы? ?ызметі

Автор: Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297890


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства