kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топ ж?мыстары ар?ылы о?ушы білімін т?ра?тандыру ж?не сын т?р?ысынан ойлау ?дістері туралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама "Топ ж?мыстары ар?ылы о?ушы білімін т?ра?тандыру ж?не сын т?р?ысынан ойлау ?дістері туралы" ?з т?жірибемнен.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топ ж?мыстары ар?ылы о?ушы білімін т?ра?тандыру ж?не сын т?р?ысынан ойлау ?дістері туралы»



Баяндама тақырыбы:

«Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру және сын тұрғысынан ойлау әдістері туралы»



















Хмельницкий жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Баталова Самал Қуатқызы



2015-2016 оқу жылы.





Топ жұмыстары арқылы оқушы білімін тұрақтандыру және сын тұрғысынан ойлау әдістері туралы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жастардың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім» деген пікірі оның салиқалы саясатының бірі деуге болады. Сол себептен де тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, қиындыққа мойымайтын, өзіндік ой–талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп сенім артатындықтан сапалы білімді, саналы азамат тәрбиелеу ісі - білім беру саласының еншісінде. Демек білімдендірудің ошағы - мектепте.

Тұлға құзырылылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың, нақты білімнің нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, жаңа технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр, осыған сәйкес өз сабағымда бірнеше оқытудың озық технологияларының элементтерін қолданамын.

«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы.

Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарымда қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Оның мақсаты - оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу.

2013-2014 оқу жылының екінші жартысында сындарлы оқыту теориясына негізделген кембридждік оқу бағдарламасының ІІІ деңгейлік біліктілік арттыру курсын оқыдым.

Біліктілікті арттыру курсында үйренген жаңаша әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда қолданып,біраз уақыт жұмыс жасағаннан кейін мен қандай да болмасын жетістіктерге, қомақты нәтижелерге қол жеткіздім деп айта аламын.Бұл бағдарлама бойынша оқып білген 7 модульді де сабағымда қолданып, әдіс –тәсілдерін әріптестеріме көрсете алдым.

Ең тиімді тұстарының бірі - сынып оқушыларын топтарға бөліп, жұптық және топтық жұмыс жасау.

Топтық жұмыстың тиімділігі және оны ұйымдастыру. Сабақта оқушының топтық жұмысын ұйымдастыру бұл оқушылардың өзара үйлесімді қызметі.Топтық жұмыс белгілі бір тәртіп талабымен құрылады. Мұғалімнің топтық жұмыс барысындағы қызметі барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, мәселені барлық сынып болып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Топтық жұмыс жасау оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, қателерін табуға жаттығады.

Өз сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірге шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды.

Топта жұмыс жасап үйренген оқушылардың іс-әрекеті нәтижелі болады, білімдері шыңдалады.

Сонымен қатар, сабақ барысында ұдайы бір үлгідегі тапсырмалар қайталап бере алмаймыз.Топтық жұмысқа негізделген тапсырмаларды әр сабақ сайын түрлендіріп, формасын өзгертіп орындатқызған дұрыс. Топтық жұмыс жасаудың ең тиімді әдісі - берілген тапсырма бойынша постер жасап, топ мүшелерінің сыныптастары алдында өз білімдерін саралап, қорғай білу.

Мысалы: 9-сыныпта қазақ тілінен «Әлемнің атақты спортшылары » модулі бойынша сабақта берілген тақырыптарды оқушылар қосымша әдебиет, ғаламтор арқылы, өздерінің білетін мәліметтері бойынша постерге жазып, суретін салып, түсінікті етіп топта талқылап ,келесі топқа түсіндіре алады. Оқушылар өзара ұйымдасқан түрде, берілген уақыт ішінде тапсырманы орындап шығады. Мұнда топтағы оқушылардың бірі тапсырманы тақтаға шығып қорғауға дайындалса, екіншісі толықтырып отырса, үшіншісі оған мысалдар келтіріп, ұжымдасқан түрде, уақытты тиімді пайдалана отырып, топтағы оқушылардың барлығы өз ойларымен бөліседі.


Сондай-ақ, топтық жұмысты сын тұрғысынан ойлауға дамытатын әдіс- тәсілдерді жиі қолданған жөн. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден , сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру  емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданып келемін..

Мақсатым: Оқушыларды сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдарын анықтау; Әр түрлі қызықты тапсырмалар беру арқылы оқушылардың  қазақ тілі мен әдебиеті  сабағына деген қызығушылығын, тіл байлығын, ой-өрісін, ынтасын дамыту; 

Міндетім: Сыни тұрғыдан ойлана алатын таным белсенділігі жоғары тұлғаны қалыптастыру; Өз ойын еркін жеткізе алатын және алған білімін кез-келген жерде пайдаланатын ойлы, білімді, парасатты оқушыны тәрбиелеу;

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. «Миға шабуыл», «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «ЭССЕ», «Т кестесі», «ДЖИК СО» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды,сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді. Әдебиет сабағында көркем шығармаларды танытуда «ДЖИК СО», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Блум таксаномиясы» сиқты стратегияларды көптеп қолдану арқылы оқуылардың танымдық белсенділігін арттыруға болады.

Қазіргі таңда сыныптағы оқушылардың бірлескен әңгімелесуі көп пайда әкелетінін көрсететін көптеген дәлелдемелер бар, себебі ол:

  • оқушыларға тақырыпты өзінің түсінгені бойынша айтуға;

  • оқушылардың басқа адамдарда әр түрлі идеялар болатынын түсінуіне;

  • оқушылардың өз идеяларын дәйектеуге;

  • мұғалімдерге өзінің оқыту үдерісінде «оқушылардың қай кезеңде екендігін» түсінуіне мүмкіндік бере отырып көмек береді.

Сындарлы оқыту теориясының негіздеріне сүйенетін болсақ, онда Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Әңгімелесудің үш түрі бар. Соның бірі- Әңгіме-дебат. Яғни ойталас, талқылау.

Сындарлы оқытудағы қазіргі қойылатын басты талаптардың бірі- топқа бөліп оқыту. Топқа бөліп оқыту арқылы деңгейі әртүрлі оқушылар топтық тапсырманы бірігіп орындау барысында бір-бірімен араласады,пікір алмасады, бірін-бірі тыңдауға әрекет жасайды. Нәтижесінде топтағы үздік оқушылар келесі топтан қалып қалмау үшін топтағы үлгерімі нашар оқушылардың сабаққа қатысуына, тапсырманы бірігіп орындауына түрткі болады.

Сындарлы білім беру негіздеріне сүйене отырып, топтарға бөліп жұмыс жасаудың өткізген сабақтарыңызға берер әсері мол. Оқушылардың белсенділігі артып, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың сабақты оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын оқушы қалыптасады.

Топқа бөліп жұмыс жасау арқылы мен өз сабақтарымда елеулі нәтижелерге қол жеткіздім деп айта аламын.

Қорыта келе айтарым, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқаны дұрыс.

А. Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де hәм сондай болмақшы», «Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең құл болмақшы», - деген сөздері бар. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.

ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан - 2030 // Егеменді Қазақстан. – 1997, қазан – 11.

2. Қазақ тілі мен әдебиет журналдары; 2014 - 2016ж

3. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы табысты оқытуға қол жеткізу; А.Д. Ажибекова . Шымкент қаласы 2014ж

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Топ ж?мыстары ар?ылы о?ушы білімін т?ра?тандыру ж?не сын т?р?ысынан ойлау ?дістері туралы

Автор: Баталова Самал Куатовна

Дата: 06.06.2016

Номер свидетельства: 332824


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства