kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілдерді оқытудың тиімді жолдары – тілдерді құзіретті қолданушыны қалыптастыру кепілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тілдерді оқытудың тиімді жолдары – тілдерді құзіретті қолданушыны  қалыптастыру кепілі   Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кеңейген шақта адамның қоғамдық та, тұлғалық та рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді. Жалпы білім беретін мектепте оқытылатын әрбір пән оқушы тұлғасын жетілдірумен қатар оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушының жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруші мұғалім мәдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін маман болуы шарт.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілдерді оқытудың тиімді жолдары – тілдерді құзіретті қолданушыны қалыптастыру кепілі»



Баяндама тақырыбы:



Тілдерді оқытудың тиімді жолдары – тілдерді құзіретті қолданушыны қалыптастыру кепілі


Баяндамашы:

Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Фрунзе орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дауренбекова К.Р.




































Құрметті ұстаздар!


Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кеңейген шақта адамның қоғамдық та, тұлғалық та рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді. Жалпы білім беретін мектепте оқытылатын әрбір пән оқушы тұлғасын жетілдірумен қатар оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Оқушының жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруші мұғалім мәдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін маман болуы шарт.

Бүгінгі технология және жаһандану заманында өскелең ұрпақты көпмәдениеттілікке тәрбиелеу үдерісін іздестіру қарқынды жүргізіліп отырғанын байқауға болады. Қазіргі таңда өзара байланысы мен өзара тәуелділігі басым әлемде жас ұрпақты бәсекелестікке дайындаудың бірден бір жолы көптілділік болып табылады.

Қазір көптілді білім беру – мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Көптілді білім беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты.

Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - ғажап тіл, сан ғасырлық тарихы бар тіл. Ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Егемендігіміздің арқасында еңсесін тіктеп, күретамырын тереңнен бойлаған төл тіл.

Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде.

Мемлекеттік тілді білу - парыз, өзге тілдерді үйрену - құқық. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» дегендей, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жарық жағылып тұратыны белгілі.

Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Көптілді меңгеру деген ұғым - қазақ дүниетанымында бұрыннан бар түсінік. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық.

Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иеленіп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық.

Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын. Ендеше, Қазақстанның білім беру жүйесінде үштілді оқыту мәселелерінің көтерілуі заман талабынан туындап отырғаны айқын.

Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді. Осыдан артық қандай нақтылы анықтама керек?!

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Ата Заңында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп, сонымен қатар орыс тілін ресми тіл ретінде бекітті. Оның негізгі мақсаты ретінде ұлтаралық тұтастықты сақтау, қоғамның тілдік ортасын дисфункцияға ұшыратпау болған еді. Сондықтан да орыс тілі достық пен бейбітшіліктің, этносаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Қазірдің өзінде жаһандану үрдісі етек алған заманда халықаралық байланыс құралы және халықаралық экономика, халықаралық білім беру тілі – ағылшын тілін білмей әлеуметтік-экономикалық кеңістікке ену мүмкін емес. Жеке тұлға қаласа да, қаламаса да, қабылдап, не қабылдамаса да жаһандану бас тартып кете алмайтын біздің әлеуметтік шындығымыз. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының кең мағынада тарихи даму процесімен шартталған. Ең басты әлемдік коммуникациялық кеңістік – Интернетте барлық ақпараттың 80% ағылшын тілінде ұсынылады. Қазіргі қоғамда адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймаған қостілділік (билингвизм), тіпті көптілділік (полилингвизм) феномені кеңінен таралуда.

Бұл жаһандық үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Елбасының көрегенді саясатына орай Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі - қазақстандықтардың кемінде үш тілді меңгеруі.

Сонымен бірге, Елбасымыз «Үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз…» дей отырып, 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу, ал 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиістігін атап көрсеткен болатын.

Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін бастауыш сыныптардан, тіпті балабақшадан бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, үлкен адамға қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез меңгереді. Дегенмен, сол көптілділік іргетасы ана тілден қалануы керек. Мысалы, жапондар секілді. Олар баласын қашан жапон тілінде дұрыс сөйлей білгенше өз тілінде оқытып, үйретіп, содан кейін ғана барып басқа тілді білуге ден қоя бастайтын көрінеді. Өркениетті елдердің осындай озық дәстүрлерінен неге үйренбеске? Ана тілінде дыбыстарды дұрыс айтпай, дұрыс сөйлемеген баланың бойына патриоттық сезімді ұялата білеміз бе? «Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең» деп көрнекі жазушы Бауыржан Момышұлы айтқандай, ертеңгі күні жетімдерге тап болып қалмаймыз ба?

Қазіргі заманғы мектептердің басты мақсаттарының бірі өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты, жаһандану құндылықтарына бейімдеу, балалар мен жеткіншектердің көрші елдер мәдениетінің өкілдерімен дүниежүзілік кеңістікте өзара әрекет жасасуына деген шеберліктерін қалыптастыру. Оқытушылар мен оқушылардың алдында тұрған басты мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, өз елінің тарихы мен салт-дәстүрін білетін, көптілді коммуникативтік құзырлықтары қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге талпынатын тұлғаны дамыту.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада:

- бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;

- ұлттық мектеп бітірушілерді жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі;

- болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы;

- аз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың жалпы қазақстандық экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына жағдай жасау;

- мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу;

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көп тілді білімі бар педагогикалық кадрларды даярлау іске асырылуда. Оны жүзеге асыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында базалық пәндер циклында шетел тілінен сағаттар санын арттыру және оқудың типтік бағдарламаларында өзгерістер енгізу арқылы жүргізіліп жатыр, әсіресе, пәнді үш тілде оқытатын педагогикалық кадрларды дайындауға байланысты.

Нақтырақ айтсақ, кіріктіре оқыту оқушының жан-жақты дамуына және тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сонымен көпұлтты Қазақстан жағдайында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы қоғамдық өзара келісімді нығайтатын маңызды фактор. Тілдердің үштұғырлығы идеясы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін құруға және дамытуға бағытталған ұлттық идеологияның бөлігі болып табылады.

Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдік бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.


Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз. Демек, үш тілді меңгеру –жарқын болашақтың кепілі.

    Болашақ - білімділер заманы.Әр қазақстандық үшін орыс және ағылшын тілін оқып үйрену – бәсекеге қабілетті тұлға бейнесін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіндіктерімізді арттыратын бірден-бір тетік. Жаһандану дәуірі кезеңінде замана көшіне қалмай, үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, жаңғырта аламыз. Бүгінгі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі – білімді де білікті шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен мінез-құлық сапаларын әлемдік және ұлттық психология негізінде дамыту. Орыс, ағылшын тілдерін мектепте оқытудың негізгі мақсаты - оқушының бұл тілдерді қатынас құралы ретінде пайдалана алу қабілеттерін дамытуда, өздерінің төл мәдениетін, тілін оқып, үйреніп отырған елдің тілімен, мәдениетімен салыстыра алуда, тілдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін ажырата білуде жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде ағылшын тілі 1-сыныптардан басталуда. Әсіресе, қазақ тілді ортада өзге тілді үйрену күрделілірек. Алайда мектеп оқушыларының  функцианалдық сауаттылығын дамыту –уақыт талабы. Функцияналдық  сауаттылық  зияткерлік, дене  және рухани тұрғысынан  дамыған азаматты әлемдік, әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Басшылыққа алынатын  мұндағы сапалар: белсенділік, шығармашылық  тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін  дұрыс  таңдай алу,өмір бойы білім алуға  дайын болу. Осының бәрі мектеп қабырғасында  қалыптасады. Бастауыш  сыныптардың  сабағында  оқушылардың жас ерекшеліктерін  ескере отырып, жоспар жасап, түрлі ойындарды  жаңа технология элементтерін  қолдана отырып, сабақты оқушының ауыз- екі сөйлеу қабілетін  дамытатындай етіп өткіземін. сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілеттерін   дамыту мақсатында  «Сын тұрғысынан  ойлау»  технологиясының  стратегияларын  тиімді қолданамын. Жиі қолданатындарым: «Өзара сұрақ  жауап», «ЖИГСО», «Венн диограммасын», «Синквейн» тағы басқалары. 5-11 сыныптар аралығында  оқушылардың тілге деген  қызығушылықтарын  арттыру мақсатында  Кембридж  Бағдарламасының  модульдерін  басшылыққа ала отырып, жаңартылған білім беру курсынан өткен білімдерімді қолданып, жоспарлап өткіземін.   Жалпы үш тілді оқытудағы басты міндет оқушының тілдік қарым-қатынас жасай алу қабілетін, біліктілігін жетілдіру болып табылады.

   Бұл оқушылардың болашақта үш  тілде  ойларын әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

     Көп тілді меңгеру - бұл өте күрделі психологиялық үрдіс. Бүгінгі таңда бізге ана тілінің уызына қаныққан, ұлттық мұраны және өзге мәдениетті құрметтейтін, үш тілді жетік меңгерген, іскер, шығармашыл, дүниетанымы мол, зиялы да интеллектуалды тұлғаның қажет екені белгілі.   Қорыта айтқанда, «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге  сенер заманда-қапы қалып жүрмейік »- деп  Абылай хан  айтып кеткендей , ертеңгі күннің болашағы  бүгінгіденде нұрлы болуына  ықпал етіп, адамзат қоғамын  алға апаратын  құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін  естен шығармайық! «Ағылшын тілін меңгеру- әлемдік жаңа саясатқа  кірудің басты кілті»,- деп Елбасымыздың  айтқан сөзі –Ұлт болашағының жарқын бейнесін көруді көздеген  сарабдал Көшбасшының  сөзі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Дауренбекова Карлыгаш Рымбековна

Дата: 01.11.2018

Номер свидетельства: 483075


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства