kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырып: Нары?ты? экономика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ж?йені? арты?шылы?ы ж?мыссызды?ты толы? жоюды?, ал жала?ы?а ж?мсалатын шы?ынды ?оса жаппай ба?ылау ар?ылы табысты (пайданы) да ?ала?андай б?луді іске асыруды? м?мкін екендігінде. Екі ?лгіні? де – жоспарлы ?лгіні? де, нары?ты? ?лгіні? де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нары?ты? экономиканы реттеуді? т?рлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканы? нары?ты? тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “ж?мсартуына” тура келеді. Батыс экономистеріні? пайымдауынша, ?андай да экономика аралас экономика болып табылады ж?не онда жоспарлы шаруашылы?ты? да, нары?ты? шаруашылы?ты? да белгілері бар. ?азіргі заман?ы нары?ты? экономика?а т?н сипат: к?п ж?йелілік, дамы?ан инфра??рылым, мемлекетті? белсенді реттеушілік р?лі, ресурстар ?ар?ынды т?рде ?немделетін экон. ?су шарттары ретіндегі жо?ары де?гейде дамы?ан технологияны? пайдаланылуы. ?аза?станны? ?тпелі экономикасыны? д?ниеж?зілік нары?ты? экономика?а те? ???ылы жа?дайда кіруі ?ркениетті ж?не ?леум. т?р?ыдан ба?дарлан?ан нары?ты? ??рылымды ?алыптастыру ж?нінен ?за? та ж?йелі ж?мыс ж?ргізуді ?ажет етеді.

Нары? экономикасыны? бірінші элементі

Нары? экономикасыны? бірінші ж?не ?те ма?ызды элементі — ?ндіріушілер мем т?тынушылар. Б?лар ?о?амды? е?бек б?лінісі процесінде ?алыптасады — біреулері тауарды ?ндіреді, екіншілері оны т?тынады. Т?тыну жеке т?тыну ж?не ?ндірістік т?тыну болып б?лінеді. Жеке т?тынудатауарлар ?ндіріс сферасынан шы?ып, адамдарды? жеке ?ажеттіліктеріне пайдаланылады. ?ндірістік т?тыну ?ндіріс процесін ?рі ?арай жал?астырып ж?ргізу болып табылады. Б?нда тауарды бас?а ?ндірушілер ?рі ?арай ?ндеуге пайдаланады. Б?л жа?дайда ?ндірушілер мен т?тынушыларды? бір-бірімен байланысы, ?р?айсыны? ?рекеттеріні? н?тижелерін айырбастау ар?ылы ж?ріп отырады. Нары? шаруашылы?ында б?л байланыстар т?ра?ты болады, мамандану?а негізделеді ж?не к?терме (толайым) нары?ты? келісімдер формасында ж?реді.

Нары? экономикасыны? екінші элементі

Нары? экономикасыны? екінші элементін ?ндіріс орындарыны? корпоративтік бас?аруына негізделген меншікті? жеке немесе аралас формаларымен болжан?ан экономикалы? о?ашалану ??райды.

Нары? экономикасыны? ?шінші элементі

Нары? экономикасыны? ?шінші ма?ызды элементі — ба?а. Ба?аны жеке талдап танысайы?. Б?л жерде тек екі м?селені ескертеміз.

·         Бірінші, ба?а с?раныс пен ?сыныс н?тижесінде ?алыптасады. Б?ларды? с?йкестігіконъюнктура?а байланысты ?згеріп (тербеліп) отырады.

·         Екінші — осы географиялы? ауданда ?ндірілген тауар?а нары?ты? ?атынастар ?серіні? сферасын ба?а аны?тайды.

Осы сфераны? шегін трансакционды? шы?ындар болжайды, я?ни айырбаспен байланысты айналым шы?ындары болжайды.

Нары?ты? экономиканы? ма?саттары: 1. ж?мыспен толы? ?амтылу 2. экономикалы? ?су 3. ба?аны? т?ра?тылы?ы 4. экономикалы? еркіндік 5. те?дік. 6. тиімділк.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырып: Нары?ты? экономика »

Нарықтық экономика артықшылығы

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Нарық экономикасының бірінші элементі

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынудатауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементі

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші элементі

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

  • Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігіконъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

  • Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1. жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділк.

Нарық экономикасының төртінші элементі

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

Нарық экономикасының бесінші элементі

Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтері

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарықэкономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

  • маржиналдық (шекті) талдауға;

  • балама тандау шығындарына;

  • экономикалық рационалдыққа.

Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

Балама таңдау шығандарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі — табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар — капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді — бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.

Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Классикалық мектептің өкілдері Д.РикардоА.Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.[2]

Нарықтық экономика үлгілері

Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:

  • географиялық орналасу;

  • табиғи ресурстардың бар болуы;

  • тарихи даму жағдайлары;

  • халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;

  • өндіргіш күштердің даму дәрежесі;

  • қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:

  • меншіктің әр алуан формаларының болуы;

  • тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;

  • еркін бәсекенің дамыған жүйесі;

  • кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;

  • экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.

Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады.

Американдық үлгі

Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:

  • мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.

  • көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);

  • халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;

  • жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;

  • жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.

Жапониялық үлгі

Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:

  • ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін — аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап — электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;

  • өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау. Қазір 1991-1995жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. «Жапондық кереметтің» болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;

  • фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;

  • жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;

  • жұмысшыларды басқаруға жөне шешім кабылдауға тарту;

  • жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес — фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;

  • үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.

Неміс үлгісі

Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:

  • экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.

  • XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;

  • Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;

  • Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес — фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.

Шведтік үлгі

Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:

  • әлеуметтік бағытталу,

  • мүліктік теңсіздіктің төмендегі,

  • жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.

Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.

Француздық үлгі

Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшелектері американдык пен неіміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекетгің реттеуші рөлі күшті. 1947 жылдан бастап бес жылдық жоспарлар — индикативтік жоспарлау жүзеге асырылып отыр. Бүл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.

Оңтүстік Кореялық үлгі

Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы — экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғасыр 70-ші жылдардан бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды. Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары XX ғасыр 80-жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді. Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған. Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жылдары) экономикаға реанимация жасалған соң үкімет элеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.

Қытайлық үлгі

Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы мердігерлігі келді (1984 жылы аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.

Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы талқыланып отыр. Шаруаларды кооперациялық әрқилы формаға біріктіру жөне жерді мықты шаруашылыққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.

Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың «аралас үлгісін» жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында өрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді жөне үш жақтың мүдделерін ұштастырады — мемлекеттің, кәсіпорынның жөне жұмыскердің. Бұл макродәрежеде нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін әр алуан ыарықтардың өрекет жасауын талап етеді. Нәтижесінде «орталықтанған жоспарлы экономика» үлгісінен «социалистік жоспарлы нарық экономикасының» үлгісіне көшу көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мәні мынада: социалистік өндіріс — тауарлы өндіріс, тауар өндірушілердің езара әсері тауар-ақша қатынастарының дамуына негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал-жабдықтарға меншіктің қоғамдық формасы және макродәрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.

Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, ККП XVII съезі экономикалық реформа жүргізудің негізгі принциптерін белгіледі. Олардың бастысы: меншік құқын шаруашылық жүргізу құқынан ажыратыд, мемлекет секторындағы көсіпорындардың шаруашы- лық іс-өрекетгерін жандандыру. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын — кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару — пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық релеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.

Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.

Өнеркэсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% — үжымдық кәсіпорындарда және 5% — жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорьшдарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Та?ырып: Нары?ты? экономика

Автор: Мухитдинова Насиба Атабековна

Дата: 25.04.2015

Номер свидетельства: 205622


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства