Тәуелсіздік халқыма, оңай жолмен келмеді.
Жастарым қыршын қырылып, егемендік жолында.
Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік жаңғырығы»
Тәуелсіздікке 25 жыл!
Тәуелсіздік таңы атып, қамытын шешті қазағым,
Қаншама жыл тартты ғой, дінсіздіктің азабын.
25 жыл болыпты егемен ел болғалы,
Сонда да бар көлеңке, біз жеңерміз әлі оны.
Тәуелсіздік халқыма, оңай жолмен келмеді.
Жастарым қыршын қырылып, егемендік жолында.
Сол бір үш күн қатерлі, әр қазақтың ойында.
Болмасын енді қара түн, жойылсын күншіл күпірлік.
Қазағым алға бассыншы, екі аяқпен тік тұрып.
Мейрамдарың құтты боп, еліме бақыт сыйласын,
Осы күнді мадақтап, ақындар талай жырласын.
Халқым болып бірлікте, алдағы күнді ойласын.
Жастарың болып білімді, ізденуден таңбасын.
Көк аспанын қазақтың, мұнарлы бұлттар шалмасын,
Тамаша бақытты күндерін, келер ұрпақ жалғасын.