Баланың алғашқы тәрбие алатын орыны – отбасы. Отбасында баланың мінез – құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Ата – аналардың, балалары алдында, олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады.Ата – аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан – жақты болса жемісті болады.