kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья «Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Статья на тему: "Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру". 

Мақсаты: Оқушыны оқыта  отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырумен қатар, баланың өз бетінше шешім қабылдануына дағдыландыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья «Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»»












Баяндама тақырыбы:

«Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»












Дайындаған: «№19 ЖББОМ» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Нуритдинова Асель Аманкеновна












2019-2020 оқу жылы

Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Нуритдинова Асель Аманкеновна

«№19 ЖББОМ» КММ

«Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек» деп Ж. Аймауытов айткандай баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.

2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған. 
Сонымен бірге ҚР Үкіметінің 2012 жылы 25 маусымда №832 Қаулысымен оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған 5 жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілген. 
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.  
Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау сияқты бірнеше міндеттер атап көрсетілді. 
Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. 

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру. 
Баяндамамның тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру».

Мақсаты: Оқушыны оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырумен қатар, баланың өз бетінше шешім қабылдауына дағдыландыру. 

Орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің білім мазмұны құзіреттілік бағытына сай тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін, практикалық маңызы, қатысымдық қызметін танытатын материалдармен жұмыс жасайды; оқушының оны өздігінен әрекет ете отырып игеруіне қажетті оқу жағдаяттары мен өмір шындығына сай құрылған қатысымға жетелейтін жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылады; қазақ тілін оқытудың түпкі нәтижесі оқушыға ақпараттық, қатысымдық және проблеманы шешу құзіреттіліктерін меңгертуге бағытталған, онда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға қол жеткізіледі. Өйткені білімнің оқушының өмірлік дағдысына айналуына бірден-бір мүмкіндік беретін жол функционалдық сауаттылық болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім мазмұны аяларға бөлініп, қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұқбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылып отыр.

Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады.

Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.

Функционалдық сауаттылық – тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.

Тiлдi меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз ойды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткiзу мүкiн емес. Сондықтан грамматика толыққанды тiлдесiмге жетудің құралы ретінде қарастырылады. Бірақ үйренетiн тiлдiң ауқымындағы грамматикалық жүйе туралы ережелер, категориялар, ұғымдар туралы бiлiмдер сол тiлдi меңгергендiктiң көрсеткiшi бола алмайды. Үйренiп отырған тiлде шынайы коммуникациялық тiлдесiмге түскенде ғана сол тiлде сөйлеу сауаттылығына қол жеткізіледі. Қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматика сөйлеуді үйретуге қызмет етеді және қолданбалы мәнге ие болады. Себебі ол оқушылардың өзге тілде сөйлесімді дұрыс құрастыра алуына; айтылған сөзді бақылап, талап етілген грамматикалық форма мен құрылымды саналы түрде құра алуы үшін керек. Еңбекте грамматикалық дағды, оның түрлері және дағдының қалыптасуы туралы тұжырымдар ұсынылды. Дағдыны қалыптастыруда жүргізілетін жаттығу түрлері сараланды.

Баяндамамның соңында тәжірибе ретінде оқушыларды сауаттылыққа жетелейтін бірнеше тапсырмалар мен тест тапсырмаларын ұсынамын.

  1. Әдеби ойын түрінде өткізілетің жұмыс түрлері:

«Сұрақ – жауап» ойыны.

Шарты: оқушыға мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті сұрақпен жауап беру керек.

  1. Әрине сабақ барысында оқушылар арасында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін қолданамыз.

Мәтінді ұжымдық оқу

Оқушылар мұғалімнің көмегімен ескі кітаптардан әңгімелер, ертегілер, көрнекіліктері бар өлеңдерді қырқып алып қатты беттерге жабыстырады. Осы арқылы сыныпта қанша оқушы болса сонша мәтін дайындауға болады. Әркім өз карточкасын алып оқиды. Егер түсініксіз сөйлемдер болса мұғалімнен сұрап алады. Осыдан кейін жұптармен жұмыс істеу басталады. Оқушылар өз әңгімелерін кезекпе – кезек серіктерін оқып, көрнекіліктеріне назар аударады, бір – бірлеріне сұрақтар қояды., осыдан кейін карточкалар ауысырылады. Мұндай ұжымның әрбір мүшесі әңгімені қалайда көбірек оқып шығуға тырысады, ол үшін әрбір әңгіме өзінше қызық әрі жаңа. 20-30 минуттық ұжымдық жұмыстан соң оқушылар «кім – кіммен жұмыс істеді?», «әңгімені қанша рет қайталап оқыды?», қандай әңгіме көбірек ұнады? деген сияқты мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

  1. Оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту мақсатында, біз бірлесе отырып бір жылдық тест тапсырмаларын құрдық. Бұл тест А және Б блоктарынан тұрады. А блогы оқушылардың ойлау өрістерін кеңейтсе, Б блогы шығармашылыққа жетелейді.

А Блогі

Тапсырмаларды орындау тәртібі. Нұсқаның дұрыс жауабын таңдаңыз.

Дұрыс жауапқа сәйкес келетін әріпті белгілеңіз.

1. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.

А) Б,в,г,д,ж.

В) C,ф,ш,х,ч

С) Й,л,м,н,ң

Д) Қ,к,c,х,б

Е) Б,в,г,д,ғ.

2. Тек жуан дауыстылар қатарын анықтаңыз.

А ) А,о,ү,ұ,ы

В) Ә,і,и,ө,е

С) А,о,ы,ұ,у

Д) А,о,ө,ү,ұ

Е) Ұ,ү,і,е,ө

3. Бітеу буыннан құралған сөздерді табыңыз.

А) Аға,ана,таға.

В) Ас,тас,қас.

С) Кеме,киік,төр.

Д) Терезе,кебеже,арғымақ.

Е) Мектеп,дәптер,қалмақ.

4. Қайсы етіске жатпайтының көрсетіңіз.

А) Өздік

В) Өзгелік

С) Салт

Д ) Ортақ

Е) Ырықсыз

5Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп істейтін етісті анықтаңыз.

А) Ортақ

В) Ырықсыз

С) Өзгелік

Д) Өздік

Е ) Етістік

6. Етістің қай түрі арқылы жасалғаның көрсетіңіз. Абай жолы романы көп тілдерге аударылды

А)Өзгелік

В) Ортақ

С) Өздік

Д) Ырықсыз

Е) Болымды.

7. Тейквондоның Дүниежүзілік федирациясының «штаб пәтері»қайда орналасқан?

А) Америка құрама штатында

В) Ресейде

С) Қазақстанда

Д ) Түркияда

Е.Оңтүстік Кореяның Сеул қаласы

8. Керекті сөзді белгілеңіз.Киім тігуде ең маңызды рөл атқаратын нәрсе....болып табылады.

А) Әшекей бұйымдар

В ) Шыдамдылық

С) Мата.

Д) Шеберлік

Е) Қайшы.

9. Ырықсыз етістің жұрнағын белгілеңіз.Фабрикада әдемі көйлек тіг...ді.

А) –ін.

В) - іл.

C) - ыс.

Д) - ғыз.

Е) - кіз.

10. «Выносливость» аудармасын табыңыз.

А) Ұстамдылық

В) Жаттықтырушы

С) Шабуыл

Д) Нұсқаушы

Е) Қабілет

Б Блогі

Тапсырмаларды орындау тәртібі. Тапсырманы орындаңыз. Жауабын жауап парағының тиісті орнына жазыңыз.

1.Тірек сызба бойынша сөйлем құрастырыңыз.

Менің әуес ісім

Кітап оқу.

Фотаға түсіру

Сурет салу.

2.Мәтінді оқып, ат қойындар.

Күнделікті фотоға түсіреге қызығатын адамдар бар. Фотоөнер-қас қағым сіттің өмірлік шежіресі.Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Кәсіби фотосуретшілер ерекше туындылар жасап шығарады.

3.Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Оқушымақсат қоюға үйренеді;

  • есте сақтау қабілеттері дамиды;

  • басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;

  • кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;

  • қатарынан қалмауға тырысады;

  • дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;

  • әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

  • күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.

  • білім дәрежесі бірдей  сыныптарда  оқу жеңілдейді

  • өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

Мұғалім

  • оқушыны жан-жақты танып біледі;

  • қарым қатынас орнатады;

  • жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

  • оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;

  • оларға шығармашылық еркіндік  беріледі.

Нәтижесінде

  • оқушыны жан-жақты танып біледі;

  • қарым қатынас орнатады;

  • жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

  • оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;

  • оларға шығармашылық еркіндік  беріледі

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Статья «Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру»

Автор: Нуритдинова Асель Аманкеновна

Дата: 06.06.2020

Номер свидетельства: 552783


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства