kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш?к?рім поэзиясында?ы махаббат та?ырыбы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биографиясы

Т?леген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда ?аракалпа? еліні? ?онырат деген жерінде д?ниеге келген.1959 жылы Ташкентті? Низами атында?ы педогогика институтыны? ?аза? тілі мен ?дебиеті факультетін бітіріп,ту?ан ауылында м??алымдік ?ызмет ат?арады.

Балалы? ша?ы     

Низами атында?ы Ташкент педагогикалы? институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. ?о?ырат аудында?ы орта мектепте м??алім, 1962-65 ж. Шымкент облысыны? Сарыа?аш ауданында?ы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан ?аза?стан Жазушылар ода?ы жанында?ы ?дебиетті насихаттау бюросында ?ызмет істеді. Айбергеновты? ?ле?дері республикалы? баспас?зде 1957 жылдан жарияланды. Ту?ан жерге деген албырт са?ыныш пен м?лдір махаббат?а толы бір топ ?ле?дері 1961 жылы шы??ан "Жас д?урен" атты топтама жина?та басылды. Отан?а, ту?ан елге деген с?йіспеншілігін, замандастарымызды? рухани сезім байлы?ын, ізгі тілеу, а? ниетін жар?ырата аш?ан, ?аза? поэзиясында ?зіндік жа?а ырра?, тегеурінді екпін ?келген поэтикалы? жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "?мірге саяхат" (1965), "?умда?ы м?наралар" (1968), "Мен са?ан ?ашы? едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балалар?а арнал?ан "Ба?ша?а саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жары? к?рді. Сондай-а? орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен та?дама-лы ?ле?дері аударылып басылды. Айбергеновты? "А? ерке, А? жайы?", "Жа??ыр?ан Ма??ыстау", "?аза?стан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "А? ?айы?дар", "Бір тойым бар", т. б. ?ле?деріне жазыл?ан ?ндер ел арасына ке?інен танымал. ?аза?стан Ленин комсомолы сыйлы?ыны? лауреаты (1974, ?айтыс бол?аннан кейін). 1997 ж. а?ынны? "Та?дамалы ?ле?дер" жина?ы мен ол турапы жазыл?ан "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жары? к?рді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рім поэзиясында?ы махаббат та?ырыбы»

Жаңаөзен қаласы №8 орта мектеп 6 Ә сынып оқушысы Сариева Гульш ат

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бакытова Аккурен Сексеновна

Ғылыми жобаның тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы лирикасындағы " махаббат " тақырыбы.

Жобаның мақсаты:

Шәкәрімнің " Еңлік - Кебек" поэмасын негізге ала отырып , шоқтығы биік шығарманың маңыздылығын көрсету. Шәкәрім поэзия әлемінің және өзіндік ерекшелігін таныту .



Жобаның міндеттері:

1. Шәкәрімнің өмір жолына , тәжірмаларына тоқталу .

2. Шәкәрімнің " Еңлік - Кебек" поэмасының мазмұнын ашу .

3. Ақынның поэма жанрындағы жаңашылдығы .

Зерттеудің ғылыми болжамы: Ақынның айтпақ болған ой тереңдігіне бойлай білсе, оқушы қазақ тұрмысы - болмысы жайлы білуге деген құштарлығы оянса, көзінің қарашығындай қорғаған салт - дәстүріміз ұлт тәрбиесінің негізі екенін санаға тоқыса саналы ұл-қыз болары сөзсіз

Тақырыптың өзектілігі : Шәкәрім " Еңлік - Кебек " поэмасы Еңлік пен Кебек оқиғасын кейінгі ұрпаққа үлгі болар, ел бірлігі, татаулығы мәселесімен бірге жастардың бас бостандығы мәселесін де қатар қойған ғибратқа толы қазақ тұрмысынан шынайы сөз айтқан,поэзия әлеміне қосқан бірер бөлшегін зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі

Зерттеу әдістері: Дайын материалды іріктеу, талдау, жинақтау, мазмұндық, тақырыптық.



Құдайберді баласы Шәһкәрім,

Көп оқуы болмаса да туысы кәміл.

Жазған шежіре, жайған үлгі арқасында

Ертеден бұл алашқа аты мәлім.



Ерте оянған кісінің біреуі осы,

Бұл жұрттың түзеймін деп ант ұрғанын.

Бір жол иен Байтұрсынов, Бөкейханға,

Ақсақал бола алғандай осы кәрің.

Байыпты философтың табиғаты бар,

Көрсең де ол тұқымның ең жаманын.

Бұл қазақтың мақсұты биік, алыс,

" Қазақ " деп, жекелеме " адамзат " де

Ол кісінің пікірінен болсаң таныс.

/ Сұлтанмахмұт /



1988 - жыл қазақ халқы үшін жемісті жыл болды. Үлкен ошақ оты қайта жанып, алаш азаматтары, қазақтың көзі ашық ұғландары қайта оралды.Солардың бірі - Шаһкәрім.

Шәкәрім Құдайбердиев 1988 жыл, сәуір айында Қазақстан Орталық Партия Комитеті түзген комиссия шешімдерімен толық ақталып шықты. Қазақстан Кқмпартиясы Орталық Комитетінің Бюросында " Ақын Шәкәрімнің творчестволық мұрасы жөнінде мәселе қаралады. Бұл документте былай деп көрсетілген: Шәкәрімнің әдеби - творчестволық мұрасы идеялық - тақырыптық ауқымның кеңдігімен, әсерлі де көркемдік қуатының молдығымен ерекшеленеді . Жалпы алғанда, оның творчестволық мұрасы мол да мағыналы және қазақ әдебиетін де ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ жылдарғы үнсіздік пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс. "

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ақын Шәкәрімнің Творчестволық мұрасы жөнінде. Социалистік Қазақстан. 1988. 14 - апрель.

1988 - жылдан бастап ақын, ойшыл Шәкәрім шығармашылығы зерттеу ұстінде, кітаптары бірнеше рет басылып шығып шықты. Толық Шәкәрім шығармашылығы зерттеліп болды деп айта алмаймыз.

Алғаш ақын мұрасы жайлы пікір жазғандар Өзбекәлі Жәнәбеков, Мұхтар Мағауин, Қайым Мұхаметханов, Әбділдә Тәжібаев, Шәмшиябану Сәтбаева, Тұрсын Жұтбаев атап өту қажет.

Шәкәрім 1858 - жылы 11 - шілдеде Шыңғыс ауылы бөктерінде, қазіргі Абай ауданынд дүниеге келген.

Абай анасы басқа туысы Құдайбердіні жақсы көрген, онымен тату болған. Құдайберді жастай қайтыс болады. Әрине, Құнананбай немересі жетімдік көрді дей алмаймыз. Абай Құдайбердінің баласы Шәкәрімді өз тәрбиесіне алады. Шәкәрім жақсы шәкірт, адал туыс болды. Мәліметтерге жүгінсек Шәкәрім оқу орнын бітірмеген. Өз бетінше оқып білім алған, ізденетін, төзімді адам болған.

Орыс ақындарын қазақ тіліне аударған, Лев Толстоймен хат жазысып тұрған.Меккеге екі рет барған Шәкәрім Ресейге де баруы бек мүмкін. Кейбір деректерде Толстойды іздеп барып жолықты дейді.

Шәкәрім Омбы қаласынан шығып тұрған Дала уалаяты газетіне де бірқатар өлеңдерін, мақалаларын жариялаған. Ахмет Байтұрсынов өз газетінде біраз өлеңдерін жариялаған. Семей қаласында Жәрдем баспасынан біраз кітаптары шықты.

Шәкәрім саяхатшы адам болған. Стамбұл қаласына кітапханасына барады. Шәкәрім - діндар адам болған десек те, бірақ оның Мағжан сияқты өзіндік европалық әшекейі де бар. Кәрілік келген шағында ағасы Абай сияқты ол өзін ортадан аулақ ұстап Шыңғыс тауының бөктерінде оқшауланып өмір сүреді. Табиғатты, тыныштықты аңсаған ақынға бұл үлкен қатерге апарып соқты.

Шәкәрім шығармаларының дені - поэзия. Поэзия әлемін дамытты. Филология ғылымдарының кандидаты Қайыржан Аралбаев Шәкәрім поэзиясын үш үлкен салаға бөледі. Үш арна - біріншісі қазақ тұрмысы мен тарихына қатысты, екіншісі - Шығыс әдебиеті үлгілерінен, үшіншісі - европа және орыс әдебиеті үлгілері.

Жоғарыда біз Шәкәрімді діндар, діншіл адам дедік. Ойшыл дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындады. " Ләйлі - Мәжнун ", " Хажа Хафиз сөзінен " шығармаларында махабатты бәрінен жоғары қойды. Екі жастың махабатын қызғыштай қорыды. Физули, Низами, Науаиларды қазақ тілінде сөйлетті. Қазақ лирикасын байытты. Шығыс әдебиетіндегі назира дәстүрін қазақ поэзиясымен ұштастырды.

Философ Шәкәрімнің ең талантты да тағдыры ауыр туындысы " Еңлік - Кебек " поэмасы болып табылады.

Шәкәрім атамыздың осынау махаббатты қастерлеп суреттейтін өлмес туындысын сөз ету. Бұл шығарманы замана, дәуір өктемдігі қанша тұншықтырғанымен, оны өлтіре алмады, пьесса болсын, хикая болып баяндалсын әйтеуір қазақтың аузынан түспейтін шығармасына айналды.

Тұңғыш рет 1892 - жылы Далауалаятын газетінің 31 - 39 сандарында басылған. Поэманың мазмұны: Тобықты руында Кебек деген батыр болады.

Жиырмаға келгенде жас батыр атырапқа аты жайылған Нысан абызға келіп, болашағына бал аштырады. Арда бірнеше жыл өткен соң абыздың айтқаны дәл келіп, Найман руынан шыққан Еңлік атты қызбен танысады. Ақырында қызды Кебек алып қашады. Тобықты мен Найман арасында, барымта, жанжал басталады. Дауласқан екі ру биге жүгінеді. Тас бауыр билер Кебек пен Еңлікті ат құйрығына байлап өлтіреді. Тауда төрт айлық бала жылап қалады. Поэмада кездесетін Тобықты, Жуантаяқ , Найман, Матай - белгілі ру аттары. Шыңғыс, Орда, Доғалаң, Ақшоқы - қазіргі Семей облысындағы Абай ауданындағы жер аттары. Демек, поэма белгілі этникалық, географиялық ортада болған оқиға негізінде туған. Поэмада халықтық сарын, халықтық идея басым. "1

Міне, поэманың авторы туралы бір ауыз да сөз жоқ, ал өзі жайнда осындай мәлімет бар.

Шәкәрімнің бұл поэмасы 1912 жылы Семей қаласындағы Жәрдем баспаханасында өз алдына жеке кітап болып басылып шығады. Халық арасынада жазба түрінде де, ауызша да кең тарайды. Авторы ұмыт боп кетсе де , халық оны жаттап алып айтып жүреді. Мұның өзі поэманың қаншалықты халық жадында сақталған. Әдебиетіміздің жауһарына айналады.

Шәкәрім бұл поэманы Абайдың тапсыруымен жазған тәрізді. Поэманың биік идеялық мәнінің адамгершілікті рухта болып келуі , екі жасты қолдауы осыны аңғартады.

Сонымен бірге тарихи поэма десе те болады. Шығарма оқиғасының қай жылы, қай жерде, қайсы ел мен руда болғандығы тарихи деректерге өте сәйкес келеді.1780 - жылдардың оқиғасы баян етілген. Поэмада келтірілген адам аттары да тарихи адамдармен сыбайлас. Мәселен сол кездегі бүкіл Тобықты руының билеушісі Тобықтының Жігітек атасына шыққан Кеңгірбай би туралы Қазақ энциклопедиясында да тарихи деректі мәлімет беріледі.

Тобықты руы мен Найман ру қатар жайлап, кейде жайлауға , кейде қыстауға дегендей таласып қалып жүреді. Осыдан келіп, бұл рулар арсында барымта да сирек болып тұрады. Қатынас айтарлықтай жақсы болмаған.

Бір күні Тобықтының жас батыры Кебек түлкі аулап жүріп, боранда адасып кетіп, бір үйге келеді. Бұл уй Матайға жатаын ұлы жоқ, жалғыз Еңлік атты қызы бар бір байдың үйі екен. Түнде Еңлік қыз өзі келіп, Кебекті оятады да, оған өзінің арманын, тағдырына нал екенін, атастырған адамына мүлде көғілі толмайтынын білдіріп, Кебектей жігіт кездессе деп арман етіп жүргенін айтады. Екі жас бірін -- бірі ұнатып, сүйісіп , тау арасында кездесіп жүреді. Ойыннан от дегендей Еңліктің бойына бала бітіп қалып, Кебек оны еліне алып қашады. Бірақ екі ру арасы жауласып кетер деп шешіп, елдің биі Кеңгірбай екеуін де елге келтірмей, ғашықтар тауда өмір сүреді. Балалы болады. Қыздың кіммен кеткенін біліп алған Найман мен Матай Кеңгірбайға келіп, Қыз бен жігітті тауып беруін тлап етеді, малға бітіспейтінін, екеуін де ұстап өлім жазасына кесуін білдңреді. Руы аз, қалың Найманға қарсы тұрып бекер қырылатынын сезген Кеңгірбай , өздерің тауып алыңдар деп басын алып қашады. Матай мен наймандар Кебек пен Еңлікті тауып алады. екуін ұстап алып , бата бұзды деп, ат құйрығына байлап өлтіреді.Жас баланы өлерінде Еңлік Тобықтыға , Кеңгірбайға тапсыруын өтінеді, бірақ түнде баланы біреулер ұрлап кетеді. Шәкәрім екі жасқа поэмасы арқылы ескерткіш орнатты.















Пайдаланған әдебиеттер

1.Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті Алматы 1958 ж

2. Шәкәрім шығармалары Алматы 1988 ж

3. Аңыз адам

4. Шәһ кәрім






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ш?к?рім поэзиясында?ы махаббат та?ырыбы

Автор: Бакытова Аккурен Сексеновна

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 299961


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства