kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Роботтардың "кегельринг бастаушылар үшін" жарысының ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл кегелринг роботтарының ойын тәртібіне арналған ереже. 5-6 сынып оқушыларына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Роботтардың "кегельринг бастаушылар үшін" жарысының ерекшеліктері»



РОБОТТАРДЫҢ "КЕГЕЛЬРИНГ БАСТАУШЫЛАР ҮШІН"

ЖАРЫСЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ


1. Роботқа қойылатын талаптар.

1.1. Роботтың габариты (ені х ұзындығы) 200х200 мм, биіктігі туралы көрсетілмейді, робот конструкциясы жарыс барысында өзгертілмеуі керек.

1.2. Робот салмағы шектелмейді.

1.3. Роботтың корпусы металл детальдардан (қоректену элементінен басқа), кегль-манипуляторларды тартып алу немесе лақтыру бойынша арнайы құрылғылардан, пневматика элементтерінен, акустика, тербеліс және т.б. тұрмауы қажет. Робот тек корпусымен жұмыс жасайды.

1.4.Корпустың беті жабысқақ немесе желімденген болмауы қажет. А4 бақылау парағына қойылған робот, орнын ауыстырғанда ешбір бөлігі қағазды өзінің артынан көтермеуі керек.

1.5.Жарыс тек дербес роботтар үшін өткізіледі.

2. Кегльдерге қойылатын талаптар.

2.1. Кегльдердің биіктігі 12 см, диаметрі 7см, салмағы 50 граммнан аспайды.

3.Рингке қойылатын талаптар

3.1. Ринг диаметрі 100 см ақ дөңгелек өріс болады, дөңгелекке шек қоятын сызық - қара, сызықтың ені - 50мм.

3.2. Дөңгелекте сары түсті кегльдерді қоятын белгілер орналасуы мүмкін.


















4. Жарыс ережесі

4.1. Жарыстың шарттары рингте орналасқан барлық кегльдерді азғантай уақыт ішінде оның шегіне итеріп шығарудан тұрады. Бұл ретте роботқа ринг сызығынан шығуға 3 секундтан артық берілмейді, кері жағдайда әрекет жеңілген болып есептеледі.

4.2.Роботты рингтің ортасына тиісті таңбаға сай орналастырады.

4.3. Рингте дөңгелектің периметрі бойынша таңбаларға (бірқалыпты) дөңгелек сызығынан 12-15 см қашықтықта 8 кегль қойылады. Бастау дабылының алдында жарыс төрешілерінің рұқсатымен операторға өз бетімен кегльдерді талапқа сай түзетіп қоюға рұқсат етіледі.

4.4. Жарыс кезінде кегльдің кез-келген бөлігі дөңгелектің ішкі секциясын жанамай, соның ішінде кегль қара сызықтың үстінде орналасса төреші кеглді итерліді деп есептейді.

4.5. Кегльді дөңгелекке қайталап итергеннен кейін домаласа, төреші кегльді рингтен шығарады.

4.6. Төрешілердің шешімі талқыланбайды және қарсылық көрсетілмейді.

4.7. Аппеляцияны екінші айналымның аяғына дейін ұйымдастыру комитетіне береді.

5. Робот операторларының жұмысына қойылатын талаптар

5.1. Бастау дабылынан кейін қатысушылар өз роботтарына, өріске жақындауға құқығы жоқ. Өз роботын қашықтықтан басқаратын кез-келген құрылғы, ДК немесе басқа құралдармен басқаруды ұйымдастыруға тыйым салынады. Осындай жағдай анықталса команда байқаудан шығарылады.

5.2. Төрешіге немесе қарсыластарына жазбаша, ауызша немесе басқа формада сыйламаушылық көрсетсе тәртіп бұзушылық болып есептеледі. Команда мүшелерінен жәбірлеу, қорлау мінездері көрінсе, бірінші ескерту шығарылады, қайталанған жағдайда команда байқаудан шығарылады.

6. Жеңімпазды анықтау

6.1. "Кегельринг" категориясында жақсы уақытты анықтау үшін командаларға екі мүмкіндіктен беріледі (мүмкіндік санын төрешілер анықтайды, бірақ екеуден аспайды). Барлық мүмкіндік қорытындысы бойынша есебін шығару үшін жарыста ең жақсы уақыт көрсеткен, ең көп кегль итерілген мүмкіндік есептеледі.

6.2.Барлық кегльдерді аз уақыт ішінде итеріп шығарған команда жеңімпаз болады.

Ешбір робот толық тазалауды орындай алмаса, ең көп кегль итерген командалардың уақыты қарастырылады. Ең аз уақыт ішінде орындаған команда женімпаз болады.

7.ЖАРЫС РЕГЛАМЕНТІНІҢ ИКЕМДІЛІГІ

7.1.Ереже икемділігі жарысқа қатысушылардың санының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін, ол регламент мазмұнына болмашы әсерін тигізуі мүмкін, сондада оның негізгі компоненттері сақталуы тиіс.

7.2. Жарысты ұйымдастырушылар жарыс басталмас бұрын регламентке өзгерістер енгізе алады, бірақ одан кейін олар шара соңына дейін тұрақты болып қалады.

7.3. Жарыс регламентінің өзгерістері туралы қатысушыларға жарыс басталмай 15 минут бұрын айтылуы қажет.

7.4. Түзету енгізілген ережелер жарыс барысында өзгертілмейді.

8.ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ

8.1. Роботтардың еңбекке жарамдылығына, қауіпсіздігіне, команда мүшелерінің немесе олардың роботтарының іс-әрекеті негізінде туындаған жазатайым оқиғаларға ҚР Заңнамасына сәйкес команда мен жарысқа қатысушылар жеке жауапкершілікте болады.

8.2. Жарысты ұйымдастырушылар команда мүшелері мен олардың құрылғыларының іс-әрекеті негізінде туындаған апатты немесе жазатайым оқиға үшін жауапкершілік алмайды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН РЕСУРСТАРҒА СІЛТЕМЕ

1. www.roboland.kz

2. www.myROBOT.ru

3. robolymp.ru

4. www.rus-robots.ru




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Роботтардың "кегельринг бастаушылар үшін" жарысының ерекшеліктері

Автор: Марат Атаназаров

Дата: 17.09.2018

Номер свидетельства: 478046


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства