kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Психологиялық тренинг. XXI - ғасыр ата-анасы қандай болу керек ?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психологиялық  тренинг.                                                                                                                                                                                                                                                       XXI - ғасыр ата-анасы қандай болу керек ?                                                                    Мақсаты: Ата-аналар  арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  
Қатысушылар категориясы:    Ата-аналар,  бөлім меңгерушісі,методист, кенесші,әлеуметтік қызметкерлер.                                                                                                                         Шебер- класс жоспары.                                                                                                                    Уақыты: 30 минут.                                                                                                                Барысы:                                                                                                                         Кіреберісте  «Шеберлер қалашығы», «Қош келдіңіздер!» деген жазу ілінеді. Ойнақы, көңілді  әуен ойналып тұрады.

Жүргізуші қонақтарды қарсы алады.                                                                                                                Шеберлік кластарын тамашалауға шақыру.                                                                                                                                                                          1. «Сұлу болудын кыр-сыры » өнерінен шеберлік класы.                                                                                           2. «Тырнақ бояу»   өнері бойынша шеберлік класы.                                                                                                                                       3. «Шаш сәндеу» салоны жұмысымен танысу.                                                          4.Ғаламторға кіру,шығу.                                                                                                        

    Құрал жабдық: Компьютер,экран, проектор, презентация слайд, маркерлер, ақ қағаздар, түрлі-түсті жүрекшелер, жануарлардың аты жазылған карточкалар,көк лента,

     Жоспары: 
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы. 
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 
3. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. 
4. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.     
5.Тест: Психологиялық жасты анықтайық      
6. Тест: Суреттен нені байқадыңыз?                                                                                 7.Тест: Қай алманы таңдайсыз?                                                                                             8.Тест: Жүрек түкпіріндегі қорқыныш.9. Қортынды. Мәңгілік ел жаттығуы. 
     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Психологиялық тренинг. XXI - ғасыр ата-анасы қандай болу керек ?»

Начало формы



Психологиялық тренинг. XXI - ғасыр ата-анасы қандай болу керек ? Мақсаты: Ата-аналар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Қатысушылар категориясы: Ата-аналар, бөлім меңгерушісі,методист, кенесші,әлеуметтік қызметкерлер. Шебер- класс жоспары. Уақыты: 30 минут. Барысы: Кіреберісте  «Шеберлер қалашығы» , «Қош келдіңіздер!» деген жазу ілінеді. Ойнақы, көңілді  әуен ойналып тұрады.

Жүргізуші қонақтарды қарсы алады. Шеберлік кластарын тамашалауға шақыру. 1. «Сұлу болудын кыр-сыры » өнерінен шеберлік класы . 2. «Тырнақ бояу» өнері бойынша шеберлік класы . 3. «Шаш сәндеу» салоны жұмысымен танысу . 4.Ғаламторға кіру,шығу.

Құрал жабдық: Компьютер,экран, проектор, презентация слайд, маркерлер, ақ қағаздар, түрлі-түсті жүрекшелер, жануарлардың аты жазылған карточкалар,көк лента,

Жоспары: 
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы. 
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 
3. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. 
4. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу. 
5.Тест: Психологиялық жасты анықтайық
6. Тест: Суреттен нені байқадыңыз? 7.Тест: Қай алманы таңдайсыз? 8.Тест: Жүрек түкпіріндегі қорқыныш.

9. Қортынды. Мәңгілік ел жаттығуы. 
Ұйымдастыру кезең

Психологиялық тренингтің мақсаты және міндетімен таныстыру. Тренинг ережесі: 1.Тыңдай білу. 2.Сөзді бөлмеу. 3.Белсенділік. 4.Шығармашылық. 5.Төзімділік. 6.Сыйластық. 7.Түсіністік қарым-қатынас

Құрметті ата-аналар, бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге,
өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізге сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған психологиялық тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Өздеріңізге белгілі, адамдар стресттік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Әсіресе, жаз, күз мезгілінде адамдар өте шаршағыш, эмоциялық күй - жағдайлары өте төмен болады. Сондықтан қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл - күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз .


2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. 
3.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы. 
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады). 
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз. 
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады. 
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.  
4.«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу. 
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады. 
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. 
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.  
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! 
Талдау:Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?  5.Тест. Психологиялық жасты анықтайық. Адамның нақты физиологиялық жасы оның психологиялық жасымен бірдей ме? Мамандардың айтуынша адамның шын жасын оның өмір сүріп келе жатқан жылдарының саны емес, психологиялық жағдайы мен өмірде көрген тәжірибесі анықтайды екен. Ал сіздің психологиялық сағатыңыз қандай жасты көрсетеді? Сіздерге тест сұрақтарын қолдарынызға береді соны төменде көрсетілген 25 тұжырымды оқып, қаншалықты келісетіндігіңізді анықтап, оған мынандай баға беріңіз: Егер тұжырыммен толықтай келіссеңіз – 4 ұпай; Егер жартылай тұжырыммен келіссеңіз – 3 ұпай; Егер тұжырымның бір бөлігімен ғана келіссеңіз – 3 ұпай; Егер тұжырыммен келіспесеңіз – 1 ұпай. 75 ұпайдан артық Биологиялық жасыңызға қарамастан, сіздің бойыңыздағы жігер мен күш, өзіңізге деген сенімділік жетіп жатыр. Сіздің достарыңыз көп, болашаққа сеніп, басқаларға мейіріммен қарайсыз. Психологиялық тұрғыдан сіз өте жассыз. Болашақта да осылай қала берсін. 50 – 75 ұпай арасында Өмір жолында сіз ерте есейіп, балалық шақтың кейбір қызықтарын жіберіп қойған сияқтысыз. Өмірлік қиындықтар мен уайымдаулар, күнделікті қажеттіліктер сізді қарапайым дүниелерден қуанту қасиетінен арылтады. Алайда ол бойыңызға салмақтылық пен жауапкершілік береді. Сіз психологиялық тұрғыдан қарағанда жас емессіз, алайда сізді «кәрі» деуге де болмайды. Сізге кішкене сергектік пен өмірге деген оң көзқарас жетіспейді. 50 ұпайдан кем Сізді өмірде көпті көрген, жасына қарамай ерте есейген адам деп айтуға болады. Сіз көп нәрсеге шын баға бере аласыз, бірақ осы себепті де көп қызығушылықтарыңыз артта қалды. Мұндай психологиялық жағдай үлкен кісілерге тән. Егер сіздің нақты жасыңыз әлі ондай болмаса, алдағы өмірді қызықсыз өткізбей, оны өмірге толтыруға тырысыңыз. Есте болсын, жасыңыз қанша екені емес, өзіңізді қанша жасқа сезінетіндігіңіз маңызды. 6. Суреттен нені байқадыңыз ? (психологиялық тест 30 сек ) Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз? Ай Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз. Ақ түсті келбет Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз. Қара түсті келбет Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз. 7.Тест: Қай алманы таңдайсыз? №1 алма
Бірінші алманы таңдадыңыз ба? Демек, сіз өте әділ жансыз. Сөзі мен ісі сәйкес келмейтін әрекет сізге мүлде жат. Бар ойыңызды ақтарып, жайып саласыз, ешнәрсені іште бүгіп қалмайсыз. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде болғанымен, сіздің ішіңіз қандай болса, сыртыңыз да дәл сондай болып көзге ұрып тұрады. Аузыңызды ашсаңыз, жүрегіңіз көрінеді. Өзімен өзі болу – сіз үшін нағыз адами қасиет. Туа біткен данышпансыз. Шетелге шықсаңыз да, өмір соқпағына салса да, тайғақ та тар жолға оңай бейімделесіз. Қандай жағдай болса да, соншалықты уайымдаудың қажеті жоқ деп ойлайсыз, осы ойыңыз сізге бақыт әкеледі. Сізге бір тістегенде айырылмай қатып қалатын, қарапайым қатты алма ләззат сыйлайды. Жақсы жері, алманы жаңа ғана ағаштан өзіңіз үзіп алдыңыз. №2 алма
Сіз ашық, ойнақы адамсыз әрі қуатыңыз мол. Егер өмірде тұзды мен тәтті қатар келетін болса, сіздің өміріңізде тұздалған тұсы көп. Шиеленіске толы тосын оқиғаларды ұнатып қана қоймай, қажет етесіз де. Қарап отыра алмайсыз, үнемі қозғалыста, әрекетте боласыз. Қайтпас қайсар әрі әсіре заманауи жансыз. Барлық жаңалық пен жаңа нәрсе асқан қызығушылығыңызды оятып, назарыңыздан тыс қалмайды. Сіз үшін барлық тәтті-дәмді себілген карамельдегі алмаға жетері жоқ. №3 алма
Сіз таңғажайып тұлғасыз. Өзіңізді әлемдегі ең қызықты адамдар санатына жатқызбағаныңызбен, өзгелер сізден қызығарлық өзгеше қасиет тауып алады. Өмірге деген құлшынысыңыз айналаңыздағы адамдарға жігер беріп, шабыттандырады. Келесі қадамыңызда, болашақта не істейтініңізді болжау мүмкін емес. Ешкімді таңдандыруға талпынбасаңыз да, басқалар сізге қарап таңдай қағудан талмайды. Атақ-абыройыңыз артық болған соң, барлығы кеңесіңізге құлақ түреді. Түрі тәбет ашып, дәмі тіл үйіретін, үйде пісірілген алма бәлішін бәрінен артық көресіз. №4 алма
Сіз өте сенімдісіз. Тұрмыстың кез келген сынағына байыппен қарап, пайымды пікір қалыптастырасыз. Өн бойыңыз сабырлылық пен ұяңдыққа тұнып тұр. Сөйлегенге қарағанда, тыңдағанды артық санайсыз, осы тепе-теңдікті бұзбайсыз. Сізге сенім білдіргендер, жетелеген жағыңызға ере береді. Сізбен бірге суға да, отқа да түсуден тайынбайды. Бастысы сіз оны батырмай да, күйдірмей аман алып шығатыныңызды жақсы біледі. Сізге рахат сыйлайтыны – бір шыны ыстық алма шарабы (сидр). Қолдан жасалған болса, тіптен жақсы. №5 алма
Сіз өмірге дән ризасыз. Тосын оқиға іздеудің қажеті жоқ, әдеттегі, бірсарынды өткен күннің өзі сізге шаттық сыйлайды. Әр күннің иісін, түрін, дыбысын, дәмін ғажайыптай сезінесіз. Үйреншікті дағдының өзін ерекшелендіруден рахат табасыз. Өмірдің әр сәтінен мағына тауып, әр минутты алтындай қадірлейсіз. Табада қызып тұрған алма құймағын тым жақсы көресіз. №6 алма
Сіз асқан ақылды жансыз. Миыңыз тоқтаусыз жұмыс істейтін зерек кісі сіздей болады. Барлығын іс барысында ойша елестетіп, тез шешім шығара білесіз. Аса тіл табысқыш болмасаңыз да, қажет жерінде кез келген адаммен оңай араласып, өмірсүйгіштік қасиетпен таныласыз. Өзгелер сізді көпшілік ортаның адамы санатына қосады, ал сіз, сәйкесінше, олардың ішін пыстырмай, көңілін көтеруге қабілеттісіз. Қызқы мінезділік те, зияткерлік те бір бойыңызға үйлескен. Уылжып піскен фермерлік алма жаныңызға рахат сыйлайды. Қарапайым әрі дәмді. 8.Психологиялық тест: Жүрек түкпіріндегі қорқыныш. Бұл – бес жасар кішкентай қыздың түсі. Кішкентай қыздың шешесі оны жетелеп жүріп келеді. Қыз шешесінің қолын қоя бере салып, жол шетіндегі қызғалдақты аламын деп қолын соза бергенде, шешесі одан ұзап кетеді. Қыз жан дәрменімен шешесінің соңынан жүгіреді. Неліктен екені белгісіз, оның екі аяғы өзіне бағынбайды. Дәл сол сәтті кішкентай қыз: «Шеше!» деп айғай салады. Ендеше, қыздың түсіндегі шешесі қандай әрекет жасауы мүмкін? А .Қыздың айғайлаған дауысына назар аудармай, алыстаған күйі кете барады. В. Дереу артына бұрылып, қызының қасына жүгіріп келіп, оның басын сипайды. С. Жүрісін тоқтатып, қызға қарап қолын бұлғайды. «Балам, тезірек жүр!» деп дауыстайды. «А» жауабын таңдаған адамдар: Сыңаржақты және көпшілік ортада үрейленгіштігі басым. Қол үзер, қош айтысып айырылысар сәтте өз-өзінен бұқпантайлап, жасырынғысы келеді. Сәби күніңізде омыраудан ерте шыққан болуыңыз мүмкін. Сондықтан, көңіліңіз қалайтын дүниеден айырылғанда үрей мен қорқыныш жаныңызды билейді екен. Басқа қарапайым адамдармен салыстырғанда, жалғыздықтан қатты қорқасыз, сол себепті, тіршілік етуге мол мүмкіндігі бар, еркін ортаға келгенде көңіліңізді алаң басып, жалғыздықты қатты сезінеді екенсіз. Өзіңізді қорғайтын, сізге тыныштық бағыштайтын адамның табылатынына сеніңіз, осыдан кейін ғана бұл үрейден айығуыңыз мүмкін. «В» жауабын таңдаған адамдар: Жалғыз қалғаннан қатты қорқасыз және оны сыңарезулікпен жасырасыз. Бала күніңізде анаңыз сізді қатты аялап өсірген. Ананың шектен аса мейірін төгуі әрине жақсы, бірақ, бұл құбылыс сізді өз субъективтік қасиетіңізден айырып тынған. Сол себепті, сіз іштей анаңыздың (немесе сондай жақын адамдарыңыздың) басқаруына өтіп кетемін бе деп алаңдайсыз. Мұндай жан күйі, сезініс сізді тіптен жалғыздыққа қарай жетелей түседі. Өзіңізді тәуелсіз болуға тәрбиелеңіз. Өзіңізге тән көзқарастар мен танымды қалыптастыруға құлшыныңыз. «С» жауабын таңдаған адамдар: Ішкі жан күйі қалыпты адам. Анасымен (немесе сол сияқты жақын адамдарымен) ара қатынасы қалыпты жағдайда. Балалық шағында ана мейірі мен туысқандар арасында аялау мен мәпелеу жүргізілген. Тағы бір сөзбен айтқанда, өз кеңістігіңізде сізде ешқандай ішкі үрей мен қорқыныш жоқ.

9. Қорытынды. Ата -аналар қандай бейнені көріп тұрсыздар?

-Мәңгілік ел логотипі

-Дұрыс айтасыздар, біз жолақтарды жапсыру арқылы логотип бейнесін құрастырдық. Белгіге назар аударсаңыздар, әр жолақ бір –бірін нық ұстап, бірлігімізді паш етіп тұр. Ол қазақ ұғымындағы бірігу мен тұтастық белгісін білдіретін заттардың жарасымынан көрініс беретін үйлесім мен бірлесу идеясын көрсетеді. 

Барлығымыз дөңгелене мына көк лентаны үстап Мәңгілік ел логотипін жасап барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!



10. Бөлім: Кофе брейг.



































Тест: Психологиялық жасты анықтайық

1.Мен қалжыңдарды жақсы түсінемін, әзілдерді көтере аламын.

2.Менің ішкі түйсігім (интуиция) жақсы дамыған, басқаларды да бірден түсінемін.

3.Менің болашағым көптеген қызықты оқиғаларға толы.

4.Басқалар менімен дос болуды қалайды, мен басқаларға ұнаймын.

5.Маған ұқсамайтын, менің көзқарастарыммен келіспейтін адам да мен үшін қызықты болып, маған ұнай алады.

6.Кішкентай балаларды жақсы көремін.

7.Түрлі қиын тапсырмаларды шешкенді ұнатамын.

8.Қандай да бір істі бастағанда, оны барынша жақсы істеуге тырысамын.

9.Түрлі оқиғалардың себептері мен үшін қызықты.

10.Жұмыстан басқа айналысатын хоббиім көп.

11.Өмірдегі кез келген өзгерістерді жақсылыққа деп болжаймын.

12.Менің жұмысым басқаларға пайда әкелетіндігіне сенімдімін.

13.Армандар мен қияли ойларға салыну мен  үшін үйреншікті іс.

14.Жақсы музыка менің көңілімді көтере алады.

15.Жаңашылдықты жақсы көремін, жаңа ойларды қуана қабылдаймын.

16.Қиындықтар алдында бой алдырмаймын, қайта тырысып, дегеніме жетемін.

17.Менің күлкім әр уақытта шын көңілімнен шығады.

18.Ең үлкен сырларым мен құпияларымды айта алатындай досым бар.

19.Физикалық белсенділік, спорт, жаттығулар өмірімнің таптырмас бөлігі.

20.Жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын.

21.Қазір қолымнан келмейтін жаңа бір іспен айналысқым келеді.

22.Мен әр уақытта тартымды, сымбатты болғым келеді, соған уақытымды бөліп, тырысамын.

23.Кішкентай қиындықтар менің көңілімді бұза алмайды.

24.Мен өмір сүріп жатқан кезеңім өзіме ұнайды.

25.Менің сәтім түсетін "жұлдызды" уақытым әлі алда.



Ұпайларды өзара қосып, нәтижені оқыңыз.

Конец формы










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Психологиялық тренинг. XXI - ғасыр ата-анасы қандай болу керек ?

Автор: Оспанова Жадыра Советхановна

Дата: 18.11.2018

Номер свидетельства: 486212


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства