kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәніндегі оқу мақсаттар жүйесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

В статье рассмотрены материалы инновационных технологии

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәніндегі оқу мақсаттар жүйесі»

Солтанаева Альфира Молотовна

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық

тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы


Орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәніндегі оқу мақсаттар жүйесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана — Мəңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек» дейді. Қазіргі заман талабына сай жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге бейімдеп даярлау, ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, сауаттылық, нақты дағдыларды қамтиды. Білім алушылар оқу үдерісіне тартылып, мектеп бітірген кезде қазіргі экономика жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын болуы қажет. Ұрпағымызды келешек өмірге дайындауда шығармашылық, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету мәселелеріне, сын тұрғысынан ойлауға үйретуге баса назар аудару керек. ХХІ ғасырда нақты нәтижеге жету үшін оқушылар ақпаратқа, мультимедиа мен технологияға қатысты көптеген функционалдық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын көрсете алуы қажет.

Бүгінгі күні жұмыс жағдайлары ойлау дағдылары мен пәндік білімді ғана талап етпейді. Сонымен қатар, күрделі тіршілік ету және жұмыс жағдайларын басқару қабілеті тиісті өмірлік маңызы бар және кәсіби дағдыларды дамытуға баса назар аударуды талап ететіні анық.

Қазақстандағы білім беру реформаларының басты мақсаты білім беру жүйесін әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, республикамыздың әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуын жылдамдату. Жаңартылған оқу бағдарламалары мен бағалау жүйесін енгізу осы міндеттерді шешу жолындағы қабылданған шаралардың бірі.

Жалпы білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін сүйетін, қадірлейтін, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін, еркін сөйлесетін және сауатты тұлға қалыптастыру. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға көмек тигізеді. Білім алушы келесі сыныпқа ауысқан сайын ақпаратты бағамдауға, дәлелдерді қабылдауға және өз дәлелдерін ұсынуға бейімделіп, аталған дағдыларды қолдануда шеберлігі артады. Олар алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайда қолданып, бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Өмірде туындайтын әртүрлі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік алады.

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Бағдарламада «оқу мақсаттары» сан мен әріптен тұратын кодтық белгімен белгіленеді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, әріппен берілген белгі сөйлеу әрекетінің дағдысын (тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, әдеби тіл нормалары), әріппен қоса берілетін сандар бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 8.Т/А2. кодында «8» - сынып, «Т/А» - дағды, «2» - оқу мақсатының реттік саны.

Мәселен, қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныптың «5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру» мақсатын алып қарастырар болсақ, біріншіден баланың тыңдалым дағдысы іске асады, ол мәтінді басынан аяғына дейін мұқият тыңдай отырып, есте сақтауға тырысады. Өзіне таныс емес жаңа сөздердің мағынасын біліп алуға ұмтылады, тыңдау арқылы сөздердің дұрыс дыбысталуын меңгереді. Мәтін мазмұнын ұғына отырып, сұрақтарға өз бетінше жауап іздейді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіруді үйренеді.

«5.О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу» мақсатына келер болсақ, білім алушылар тек оқулықта берілген материалдармен ғана шектеліп қоймай, қосымша білім көздерінен қажетті ақпараттарды ала білуге, өз бетінше ізденуге, оларды талғап пайдалануға, материал мазмұнынан қорытынды шығара білуге дағдыланады.

«5.Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу» мақсаты арқылы оқушылар іс-қағаздарын толтырудың негіздерін үйренеді, алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдануға төселеді. Қазіргі қоғамда кей адамдардың кемшін тұстары болып табылатын іс-қағаздарымен жұмыс істей алмауды болдырмау үшін осы мақсаттың тиімділігі өте жоғары.

«5.ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу» мақсаты халқымыздың ежелден келе жатқан сөйлеу мәнерін, дыбыстау ерекшеліктерін сақтап сөйлеуге көмектеседі. Мысалы, қазіргі балаларға үлгі болуға тиіс, қоғамның айнасы болып табылатын тележүргізушілер, өнер жұлдыздары, кино актерлерінің өзі қазақ халқының орфоэпиялық заңдылықтарын сақтап сөйлеуі осал болып жатады. Жасыратыны жоқ, кейде олардың сөз саптауы құлаққа түрпідей тиетіні бар.

Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттар жүйесінің берер пайдасы мол. Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерінің, тілдік-эстетикалық талғамдарының жоғары дәрежеде дамуына, интеллектуалдық және тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, өмірлік дағдыларының қалыптасуына, өз бетімен ізденуіне мүмкіндік туғызады. Әрі пән бойынша бағдарлама оқушыларды өз халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдеби мұраларын түсінуге, бағалай білуге үйретеді.

Орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы біздің қоғамға туындаған түрлі мәселелерді шеше алатын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өз пікірін ұсына алатын және ұжымда жұмыс істей білетін икемді, шығармашыл және бастамашылық қабілеті бар жастарды тәрбиелеуде зор пайдасын тиігеді.

Пайдаланылған əдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».

  2. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
    «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

  3. А.Алимов «Оқыту мен оқудың белсенді әдіс-тәсілдері» Астана, 2013ж.

  4. Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау» - Алматы, 2004ж. 








































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Солтанаева Альфира Молотовна

Дата: 20.11.2018

Номер свидетельства: 486647


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства