kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытудың маңыздылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарында қолданып жүрген "сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Оның мақсаты - оқушылардың ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытудың маңыздылығы»

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытудың маңыздылығы

"Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет", - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Жалпы әдіс дегеніміз - мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы.

Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарында қолданып жүрген "сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Оның мақсаты - оқушылардың ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйрету қажет. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасы бойынша ол:
- шындалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

- күрделі мәселерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джейнни Л..Стиль, Куртис.С, Мередит, ЧарльзТемпл. Жоба негізі Ж.Пиаже, Л.С Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

"Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері математика пәні барысында оқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Сондықтан да оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі анағұрлым жақсы болатынына көзіміз жетті.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Сол себепті, бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер барысында оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Бастауыш сыныптың математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу және дүниетану пәндерін оқытқанда сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:


  • Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;


  • Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;


  • Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;


  • Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;


  • Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;


  • Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;


  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
    өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет;

Тек сонда ғана олар: Мен осы мәселе туралы не ойлаймын? Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе? Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері баршылық. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі болуы үшін мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерінің дұрыс қалыптасуына көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды математика сабақтарында біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айта білуге, мәселені нақтылы шешуге үйрету керек.

Негізінен сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық оқыту барысында қолданылатын үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.

"Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясын бастауыш сыныптың математика, қазақ тілі және ана тілі сабағында қолдану арқылы оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану – шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады.

Мінекей, осы үрдісті басшылыққа ала отырып, бастауыш сыныптарда өтілетін сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану арқылы уақыт оқушылардың сабаққа деген белсенділігі мен қызығушылығын, тақырыпты толығымен меңгеру қабілеттерін қалыптастыралы екенбіз.

Математика сабағында қолданылатын логикалық есептер мен тапсырмалардың ерекшеліктері
Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл, қабілетті маман болу. Осы талапқа сай мамандарды дайындауды мектеп қабырғасынан бастау керектігі баршамызға белгілі.

Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық ақпараттарды техникада, медицинада, экономикада, биологияда т.б кең қолданылуы, түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.

Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек.

  1. Ақыл-ойды дамыту.

  2. Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.

  3. Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.

  4. Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.

  5. Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.

  6. Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.
    Осы мақсатты ескере отырып, оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру барысында ойлау қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешудің маңызы зор екеніне көзіміз әлдеқашан жеткен.

Жалпы логикалық есептерді көбінесе математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданады. Сол себепті арнайы оқушыларыма жинақтаған төмендегі логикалық есептер мен олардың шығару жолдарын ұсынбақпын.
Логикалық есептер және оларды тез есептеудің
жолдары.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз. Логикалық есептерді түрлі тәсілдермен шешудің жолдары бар.

• Логикалық есептерді таблицалық тәсілмен шешу

• Ребус түрінде шешу

• Сіріңке шырпысын қолданып шешу

• Әр түрлі есептер

Мысал: Есеп шартында Анар мен Маралдың көйлегі көк емес, олай болса Анар, Марал, Нұргүлге (-) қоямыз. Көк көйлекті Гүлнар. Олай болса Гүлнардың көйлегі көгілдір, қызғылт, ақ емес. Маралдың көйлегі көгілдір(+) қоямыз. Ақ көйлекті қыз қызғылт көйлекті қызбен Маралдың арасында тұр. Демек есеп шартынан ақ көйлекті Анар (+), қызғылт көйлекті Нұргүл (+) қоямыз. Есеп шешілді.

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешудің
жолдары мен тәсілдері
Математика пәніне қызығушылықты арттырудың негізгі бір жолы –ұлттық мазмұнды есептерді шығару. Жүйелі түрде ұлттық мазмұнды есептерді шығару ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстырып, салыстыратын асыл қазынамыз. Ендеше, ұлтық мазмұнды есептерді шығару - бұл адамның ойлау қабілетін дамытып, логикасын жетілдіріп, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, халқының өткен өміріне көз жібертеді.
Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару үшін:

  1. Есептің шартымен танысып, оны элементар шарттарға ажыратып, қандай талаптар қойылғанын анықтап есепке толық талдау жасау;

  2. Берілген есепті схема түрінде жазу;

  3. Есепті шығару тәсілін іздеу;

  4. Табылған тәсіл бойынша есепті шығару;

  5. Есептің нәтижесін тексеру;

  6. Есепті зерттеу;

  7. Есептің жауабын тұжырымдау керек.
    Мысалы-2 «Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»

Шешуі:2·8=16+8+6+6=36=6·6

Ұлттық мазмұнды есептер адамдарды аңғарымпаздыққа, алғырлыққа, ой ұшқырлыққа тәрбиелейді.

Ұлттық мазмұнды есептер шығаруда теңдеу құру арқылы

шығаратын есептерді шығару алгоритмі:

  1. Есептің құруға берілген есептерді шығару үшін;

  2. Белгісіз шамаларды анықтау.

  3. Теңдеу құру;

  4. Теңдеуді шешу;

  5. Теңдеудің шешімдерін зерттеу.

  6. Есепті тексеру;

  7. Есептің толық жауабын жазу, шарттарын орындау қажет.


Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық есептер үлгілері- тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де маңызын жоймаған халықтың ұлттық мұрасын тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру – біздің де асыл борышымыз. Сондықтан халқымыздың ауыз әдебиетінде, ертегілерде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-дәстүрінде оқушылардың ақыл-ой зердесін тәрбиелеуде ұлттық мазмұнды есептер шығарудың маңызы зор.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытудың маңыздылығы

Автор: Нургалиева Әсел Ахметқызы

Дата: 12.11.2019

Номер свидетельства: 526707

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(170) "«Физика саба?тарында о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын          арттыру ?шін сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету» "
    ["seo_title"] => string(100) "fizika-sabak-tarynda-ok-ushylardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru-ushin-syn-tu-rg-ysynan-oilaug-a-uirietu"
    ["file_id"] => string(6) "115025"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1411792844"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(224) "?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА О?УШЫНЫ? СЫН                  Т?Р?ЫСЫНАН  ОЙЛАУ  ДА?ДЫСЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП,                  С?ЙЛЕУ М?ДЕНИЕТІН ?АЛЫПТАСТЫРУ. "
    ["seo_title"] => string(115) "k-azak-tili-sabag-ynda-ok-ushynyn-syn-tu-rg-ysynan-oilau-dag-dysyn-damyta-otyryp-soilieu-m-dieniietin-k-alyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "157154"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421562434"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету "
    ["seo_title"] => string(32) "syni-tu-rg-ydan-oilaug-a-uirietu"
    ["file_id"] => string(6) "175829"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424329191"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "«қазақ тілі пәнінен сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tili_p_ninien_syn_tu_rg_ysynan_oilau_ark_yly_ok_ushylardyn_funktsionaldyk"
    ["file_id"] => string(6) "441575"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512062360"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "«Бастауыш сыныптарда о?ытуды? жа?а  технологиясын саба?та тиімді ?олдану” ма?ала "
    ["seo_title"] => string(88) "bastauysh-synyptarda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologhiiasyn-sabak-ta-tiimdi-k-oldanu-mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "210710"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431492441"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства