kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ыту орыс тілінде ж?ргізілетін жалпы білім беретін мектепті? 4 - сыныбына арнал?ан ?осымша дидактикалы? о?у ??ралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?датпа

Б?л ?осымша ?дістемелік ??рал 4-сынып  о?ушыларына арнал?ан. Осы ??рал орыс тілді мектептерде ?аза? тілін о?ыту ба?дарламасын  негізге ала отырып ??растырылды. ??ралда жалпы білім беретін мектептерде септік категориясын о?ыту мен ?йретуді? ?зіндік ерекшелігі ескерілді ж?не материал мазм?ны Еуропалы? ж?йеге с?йкестелген тілдік де?гейлер бойынша тізілді.

?осымша ??рал  с?йлесім  ?рекеттері: ты?далым, о?ылым, айтылым, жазылым, тілдесім бойынша  ??растырылды.

Септік жал?ау ?аза? тіліндегі грамматикалы? категорияларды? ішіндегі е? ма?ыздыларына жатады. Олар с?йлемдегі с?здерді? байланыстыру ?ызметін ат?арады, тілде е? жиі ?олданылатын ?осымшаларды? бірі болып табылады. Сонды?тан 4 – сыныптан бастап, ойын т?рін ?олдана отырып, септік жал?ауын бастаймыз. Осы о?улы?та орыс падежімен салыстыра отырып, ??растырыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ыту орыс тілінде ж?ргізілетін жалпы білім беретін мектепті? 4 - сыныбына арнал?ан ?осымша дидактикалы? о?у ??ралы»



Оқыту орыс тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 4 - сыныбына арналған қосымша дидактикалық оқу құралы

















Құрастырған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері:

Омарбекова Кулгадиша Калияровна, Каиргожина Людмила Петровна






Евгенньевка – 2014






Аңдатпа


Бұл қосымша әдістемелік құрал 4-сынып оқушыларына арналған. Осы құрал орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасын негізге ала отырып құрастырылды. Құралда жалпы білім беретін мектептерде септік категориясын оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және материал мазмұны Еуропалық жүйеге сәйкестелген тілдік деңгейлер бойынша тізілді.

Қосымша құрал сөйлесім әрекеттері: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім бойынша құрастырылды.

Септік жалғау қазақ тіліндегі грамматикалық категориялардың ішіндегі ең маңыздыларына жатады. Олар сөйлемдегі сөздердің байланыстыру қызметін атқарады, тілде ең жиі қолданылатын қосымшалардың бірі болып табылады. Сондықтан 4 – сыныптан бастап, ойын түрін қолдана отырып, септік жалғауын бастаймыз. Осы оқулықта орыс падежімен салыстыра отырып, құрастырылған.
























Мақсаты:


  1. Тұлғаны стандарт бағдарламаларына сәйкес ажырата білуге үйрету;

  2. Сөздік қорын молайтуға, өз ойын жатық сөйлемдермен жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Сөйлемде айтылған ойдың мәнін, мазмұнын жете меңгере білуге қалыптастыру.


Міндеттері:


  1. Өз бетімен іздене білуге үйрету

  2. Қосымша материалдармен сауатты жұмыс істей білуге үйрету;

  3. Өз беттерімен мәтіндер құрастыра білу

  4. Ауызекі сөйлеу барысында, түрлі жазба жұмыстарын орындау барысында сауатты сөйлеп, сауатты жазу машығын қалыптастыру


Күтілетін нәтиже:


  1. Сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады;

  2. Сөздік қорын өз бетінше толықтырады;

  3. Оқу материалдары бойынша ізденеді, шығармашылық жұмыспен айналысады


























Кіріспе


7 – киелі сан.сондық тан қазақ халқында ғажайыптар көп.Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді, аптада 7 күн бар, білімдар кісіні «жеті жұрттың тілін біледі»дейді, қауіп-қатерден аман қалған адам үшін 7 шелпек пісіреді не 7 түрлі нәрсе таратады. Даналық тұжырымдар: 7-ге келгенше жерден таяқ жейсің, 7 атасын білмеген – жетесіз.

Жеті жұт: құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала.

Жеті қат көк: ай, Меркурий(Шоқ жұлдыз), Шолпан, Күн, Марс(Өмірзая), Муштари(Юпитер), Сатурн

Жеті күн: бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, арғыкүні, азна, алдыңғыкүні т.б.


Септік аглюнативті тілдер тобында да флективті тілдер тобында да маңызы зор грамматикалық категория болып табылады. Түркі тілінде септік категориясы форма тудырушы категория болып есептеледі, тек қана сөздер арасында грамматикалық байланыс қызметін атқарады.

Қазақ тілінде 7 септік, орыс тілінде 6 септік бар. Қазақ тілінде Жатыс септігінен басқа септіктердің бәрі септеулік шылаулармен қатар қолданылады.

Қазақ тілінде септіктерді мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай екі топқа топтастырып қарастыруға болады: мекендік мағыналы және грамматикалық мағыналы септіктер. Мекендік мағыналы септіктерге Б.с., Ж.с.,Ш.с. жатады. Ал грамматикалық мағынадағы септіктерге А.с.,І.с., Т.с., К.с.жатады. бірақ мекендік мағынадағы септіктер грамматикалық мағына да білдіреді. Мысалы: Б.с. – шешеме, ойға т.б.

Ал орыс тілінде септіктер тек қана грамматикалық мағынада қолданылады.

Қазақ тілінде зат есімдер және олардың қызметін атқаратын басқа есім сөздер тәуелденбей де, тәуелденіп те септеле береді. Осыған байланысты септіктің екі түрі қолданылады: жай септеу,тәуелді септеу. Жай септеуде де, тәуелдеулі септеуде де 7 түрлі тұлға бар, 6 түрлі жалғау бар.













Атау септік(именительный падеж) от слово ат – имя, название

Сұрағы: Кім? Кімдер?Не?Нелер? Вопросы: Кто? Что?

Қосымшасы жоқ. Аффикса нет.

Абай – ақын. Кім ақын?

Атау септігі жекеше, көпше және тәуелді түрде де қолданыла береді. Сөйлемде негізінде бастауыш қызметін атқарады, тұрған орнына қарай баяндауыш та болады.

Мысалы: Балалар(кімдер?) келді.Менің оқушым(кім?) тұр.Мен студентпін.(кім?)

Ал басқа бір есіммен қосымшасыз тіркессе, анықтауыш та болады. Қабырға сағаты жоқ.

Орыс тілінде де Именительный падеж негізгі тұлға ретінде қаралады да, кто? Что? Деген сұрақтарға жауап береді. Тек род категориясына байланысты. –а,-я, -о,-е,жалғаулары тән:поле, дом, окно, тетрадь,земля

И.п. сөз сөйлемде негізінен бастауыштың қызметін атқарады.

Осы аталған ерекшеліктерге байланысты қазақ тілінде Атау септікте тұрған сөздер орыс тіліне басқа септіктермен берілуі мүмкін, яғни Атау септік пен Именительный падеждің тұлғалары сөйлемде сәйкес келе бермейді. Мысалы: Бірнеше адам болмады.-не было несколько человек.(А.с.-Р.с.)Абай туралы әңгіме тыңдадым.- Слушал рассказ об Абае.(А.с.-П.п.)


Жаттығулар:

  1. Мына сөйлемнен атау септігі бар сөздерді табыңыз:

Бұл кісі мені таниды. Таныс болайық, менің аты-жөнім – Әсия Серікқызы. Мені ағам шығарып салды. Айту- маған міндет. Әкем екеуіміз қалаға бара жатырмыз. Үлкендер үйге кірді. Оқығаны көрініп тұр.

  1. Атау септікті сөз қосып сөйлемді толықтырңыз:

Бұл кісі - ......... . ..........., кездескенше. .............. үйге бара жатыр. ................... 5 жаста. .................. болсын!



















Ілік септік(Родительный падеж)

(От слово іл – повесь, свяжи, связывает притяжательную форму, ІІІ лица)


Сұрақтары: Кімнің?Ненің? Вопросы: Чей? Чья? Чье? Кого? Чего?


Соңғы дыбыс

(конечный звук)

Дауысты, үнді м,н,ң

(гласные, сонорные м,н,ң)

Ұяң з,ж.үнді р,л,й,у

(звонкиез,ж.сонорные

р,л,й,у)

Қатаң, ұяң б,в,г,д

(глухие, звонкиеб,в,г,д)

Буын(слог)

Жуан( твердый)

  • ның

құрбымның

  • дың

Асқардың

  • тың

Ивановтың

Буын(слог)

Жіңішке( мягкий)

  • нің

көршімнің

  • дің

дәрігердің

  • тің

Альберттің

Қазақ тілінде І.с. тәуелдеулі есім сөзбен не субстантивтенген сөзбен байланысты болады: оқушымның қаламы, кеткендердің орны

Сондықтан ілік септіктің қосымшасы не меншікті, не басқа бір қатынасты білдіреді де, жалғау жалғанып та, жасырын да тұрады: студенттің бағасы, қала көлігі, ата-ана парызы, оқушының міндеті.т.б.

Ілік септік анықтауыш қызметін атқарады.Кейде І.с-гі сөз өзінен соңғы тәуелдеулі сөзбен тіркесіп, бір күрделі мүше болып та қызмет атқарады. Абай көшесі – ең әдемі көше.

Орыс тілінде Родительный падеж есім сөзбен де, етістіктермен де байланысты болып екіге бөлінеді: Родительный -определительный(бағалаушылық, өлшемдік,жасқа байланысты мағына береді) Она была очень красивой. Это был мужчина средних лет. Родительный - приглагольный(болымсыздық мағына білдіретін етістіктермен, заттың бір бөлшегінің іс-қимылын білдіретін етістіктермен, добиваться, ждать, желать, искать, требовать т.б. етістіктермен байланысады) Мы еще не видели этого парня. Будет добиваться любви, искать встречи.

Үстеумен байланысқан сөздер де: Любовь выше смерти.

Септеулік шылаулармен де жұмсала береді: Для меня это большая радость.

Тапсырмалар:

1 Ілік септік жалғауын сөз тіркесінде қолдану

Кімнің баласы? Асанның, Әлидің, Жақыптың, Әселдің

2 Келесі сөздерге Ілік септік жалғауларын қосып жазыңыз:

Өзен...., тау...., үй....., зауыт....., гүл...., мысық...., тігінші....., досым...., көл....., Болат....., Ыбырай....., тапсырма.....


  1. Кімнің? Ненің? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазыңыз:

Менің атым –Асқар. Әкемнің аты –Әли. Эльмираның әпкесі институтта жұмыс істейді. Институттың деканы оны мақтайды. Өмірімнің жалғасы осы оқумен байланысты.








Барыс септік - дательно-направительный падеж

от слово «бар» «иди» - дает направление

Сұрағы Кімге? Қайда?Неге? Вопросы: Кому? Куда? Чему?

Сөздің соңғы дыбысы

(последний звук слова)

Жалғау

(аффикс)

Мысалдар(примеры)

Дауысты, үнді, ұяң з,ж(гласные, сонорные, звонкие з,ж)

-ға, -ге

Қалаға, тауға, дәптерге,қызға

Қатаң, ұяң б,в,г,д( глухие, звонкие б,в,г,д)

-қа, -ке

Саматқа, Богдадқа, Ивановқа, тестке

Тәуелдік жалғау І,ІІжақ( І,ІІ лица притяжательной формы)

-а, -е

Анама, дәптеріңе, ініме, атаңа, мектебіңе, ойыма

Тәуелдік жалғау ІІІ жақ( ІІІ лица притяжательной формы)

-на, -не

Анасына, дәптеріне, інісіне, атасына, мектебіне, ойына

Қазақ тілінде Б.с.тегі сөз етістік мүшемен тікелей және жанай байланысып, іс-қимылдың бағытын, мақсатын, білдіреді.Біз ертең Алматыға кетеміз. Ол оқуға келді.

Мағынасына қарай Б.с-гі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та болады.Маған кітап керек. Ол су ішу үшін көлдің жағасына келді.

Бірыңғай мүше болса, септіктің қосымшалары бәріне бірдей,тек соңғысына ғана жалғанып қолдылады.Ол әке-шешесіне, туған-тысқандарына көмектесті.

1)Д. п. сөздер негізінен етістіктермен, кейде зат есімдермен де байланысады.

Они оказали большую помощь родителям. Пламенный привет всем соотечественникам! 2) Шылаулармен де жұмсалады. Подойти к другу, ехать по дороге, подъехать к маме.

Ерекшеліктері:қазақ тілінде Б.с. тұрған сөздер орыс тіліне басқа септік формалары арқылы берілуі мүмкін. Ол екеуіне кітап берді. – Он дал обоим книгу.(Д.п.) Су ішкен құдығыңа түкірме. – Не плюй в воду, из которого пил воду.( В.п.) Күлме досыңа, келер басыңа. – Не смейся над другом, беда придет к тебе.( Тв. п.) Жастарға бәрі қызық. – Для молодежи все интересно(Р.п.)

Тапсырмалар: І Барыс септігінің жалғауын белгілеңіз:

Сен ыдысты үстел... қой. Кел, диван.... отырайық. Сабақ... қатысу керек. Мына дәптерлерді сынып... апар. Кітапхана... кітап тапсырыңдар. Мұғалім... уәде бер. Бізді қонақ... шақыр.


ІІ Барыс септігінің сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазыңыз:

Балқаш көлі балыққа бай. Алтай таулары кенге бай. Анар әжеме орамал сыйлады. Арман інісіне альбом сатып әперді. Тамара қызыңа не әпересің? Қалаға дейін әлі жол алыс. Жазушы балаларға арнап кітап жазды.


ІІІ Мына сұрақтарға жауап беріңіз:


  • Сен қайда барасың?

  • ......

  • Дамир сағат нешеге он минут қалғанда оянады?



Табыс септік – Винительный падеж

Сұрақтары: Кімді? Нені? Вопросы: Кого?Что?

Объектілік сөз тіркесі(Объектные словосочетания): :Т.с.+етістік.


Сөздің соңғы дыбысы

(последний звук слова)

Жалғау

(аффикс)

Мысалдар(примеры)

Дауысты, дыбыс

-ны, -ні

Қаланы, Сәулені

Қатаң, ұяң б,в,г,д( глухие, звонкие б,в,г,д)

-ты, -ті

Саматты, Богдадты,

үнді, ұяң з,ж(гласные, сонорные, звонкие з,ж

-ды, -ді

Дәптерді, қызды

Тәуелдік жалғау ІІІ жақ( ІІІ лица притяжатель. формы)

-н,

Анасын, дәптерін, інісін

Қазақ тілінде Т.с.тегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. Адамды түзетуге болмайды.

Жалғау бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданылад ы. Дүкеннен кітап сатып алдық. Кітапты тастап кеттік.

Бірыңғай мүше ретінде келгенде, септіктің қосымшалары не бәріне бірдей қосылады, не соңғысына ғана жалғанады. Ата-анамды, туған-туысқандарымды, нағашы-жұртымды қатты сағындым. Ол кітап, қалам, дәптерлерін дайындады.

Орыс тілінде 1) В.п. сөз тікелей етістікпен байланысып, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады. Он написал сочинение.

  1. Шылаулармен де қолданылады. Он обратил внимание на ее скромность.

  2. Пысықтауыштық қатынасты білдіре алады. Он пришел под утро.

Ерекшеліктері:

Т.с. формасындағы сөздерге орыс тілінде В.п., П.п. формаларындағы сөздер және толықтауыш бағыныңқы сөйлем сәйкес келуі мүмкін.

Шын жомарт жоқтығын білдірмейді.(Т.с.) – Истинно щедрый не покажет своей бедности.(В.п.)Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер.(Т.с.) – Ворона говорит о своем дитя: мой беленький; ежиха говорит о своем дитя: мой мягонький.(П.п.)

Тапсырмалар:

І Т.с. сөздерді тауып, сұрақ қойыңыз:

Мен кітапты мұғалімнен алдым. Сен дәптерді Саматтан алдың ба? Мен апамды жақсы көремін. Ол әжесін сыйлап өсті. Сен тапсырманы орындаған жоқсың. Мен кітап сатып алдым.Сара қарындаш, дәптер, қаламын партаға шығарып қойды.


ІІ Сөйлемдерді қазақшаға аударыңыз:

Учительница вызвала ученика. Девочка взяла книгу. Мама положила сахар в чай. Я люблю Зою. Дай ручку. Открой окно. Вымой посуду. Съешь яблоко.


ІІІ Сұрақтарға жауап беріңіз:


  • Сен кімді жақсы көресің?

  • ..............

  • Сен қалам алдың ба?

  • ..............

  • Сен нені партаға қойдың?

  • ...........

  • Сен қай пәнді ұнатасың?

  • ..............

Жатыс септік Местный падеж

Сұрақтары Кімде? Неде? Қайда? Қашан?Вопросы: У кого? В ком? У чего? В чем? На чем? Где? Когда?



Сөздің соңғы дыбысы

(последний звук слова)

Жалғау

(аффикс)

Мысалдар(примеры)

Дауысты, үнді, ұяң з,ж(гласные, сонорные, звонкие з,ж

-да, -де

Қалада, дәптерде,көшеде

Қатаң, ұяң б,в,г,д( глухие, звонкие б,в,г,д)

-ты, -ті

Саматта,Богдадта,спортта,

Тәуелдік жалғау ІІІ жақ( ІІІ лица притяжатель. формы)

-нда,нде

Анасында, дәптерінде


Қазақ тілінде бұл септіктегі сөздер мезгілдік, мекендік, көлемдік мағына береді. Осыған байланысты сөйлемде толықтауыш, мезгіл пысықтауыш, кейде баяндауыш та бола алады. Университетте қазір ешкім жоқ. Байлық – денсаулықтьа. Бақытты балалық шағым есімде қалды.

Ж.с. сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болғанда, қосымшалары түсіріліп те, түсірілмей де қолданыла береді. Ол мектепте де, институтта да жақсы оқыды. Ол мектеп пен институтта жақсы оқыды.

Орыс тілінде шылаулармен қолданылатын В.п., Р.п., П.п. және когда жалғаулығы арқылы жасалатын мезгіл бағыныңқылы сөйлемдер сәйкес келеді.

Ол сағат бестерде келіп қалар. – Он может быть часов пять придет.(В.п.) Кішкентай кезінде ол ән айтқанды ұнататын. – В детстве ему нравилось петь.( П.п.) Олар оқып жүрген кезде, біздің үйде тағы бір қыздар тұрды. (временное придаточное предложение). Естіген құлақта жазық жоқ – У слышавшего уха нет вины.(Р.п.)

Тапсырмалар:

І Сөйлемдерді толықтырыңыз:

Сынып......( есть парты, стол, стулья). Сол жақ..... (дверь), оң жақ... (два окна). Қарлығаш ( сидит на первом ряду). Кітаптар, дәптерлер (лежат на столе).

Қыс.... ( идет снег).


ІІ Сызбаны толтырыңыз:

Қайда? Кімде? Қашан? Неде? Нешеде?

Керекті сөздер: мектепте, он бесте, Қайратта, жазда, шелекте, сенбіде, орындықта, мұғалімде, қалада, көшеде, дәрігерде, ауылда, күзде, отыз алтыда


ІІІ Диалогты толтырыңыз


  • Сен жазда қайда дем алдың?

  • ...............

  • Сенің кітаптарың қайда?

  • ..............

  • Сен қашан дем аласың?

  • .............

  • Кімде артық қалам бар?

  • .............

  • Сенің жасың нешеде?

  • ..........

Шығыс септік Исходный падеж

Сұрақтары:Кімнен? Неден? Қайдан? Вопросы:от кого? От чего? Из чего? Откуда?



Сөздің соңғы дыбысы

(последний звук слова)

Жалғау

(аффикс)

Мысалдар(примеры)

Дауысты, үнді р,л,й,у, ұяң з,ж(гласные, сонорные, звонкие з,ж)

-дан, -ден

Қаладан,үйдендәптерден,көшеден

Қатаң, ұяң б,в,г,д( глухие, звонкие б,в,г,д)

-тан -тен

Саматтан,Богдадтан,спорттан

Тәуелдік жалғау ІІІ жақ, үнді м,н,ң( ІІІ лица притяжатель. формы,сонорные м,н,ң)

-нан,нен

Анасынан, дәптерінен, орманнан

таңнан, Мейрамнан



Қазақ тілінде Ш.с. қимыл-әрекеттің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін т.б. әр түрлі мағыналарды білдіреді.

Сондықтан сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та қызмет атқарады.Алғашқы ұстазымнан үйрендім. Әр жерден кісі келді. Біз қаладанбыз.

Орыс тілінде из, с, от, после предлогтарымен тіркесіп, Р.п.; в,на, за, с предлогтарымен тіркесіп В.п.; по предлогымен тіркесіп Д.п.тұлғалары және с тех пор как тіркесі қазақ тіліндегі Ш.с. тұлғасына сәйкес келеді.Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады. – Если будешь говорить приветливо, змея из норы выползет(Р.п.) Пәуескеге төрт аттан! – По четыре лошади в повозку!(В.п.) Ол оны жақтан тартып жіберді. – Он ударил его по щеке.(Д.п.)Сол кеткеннен әлі келген жоқ. – Еще не возвращался с тех пор, как уехал тогда.( ш.с.(с тех пор как сөз тіркесі)


Тапсырмалар:


І Кімнен? Неден? Қайдан? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңыз:

Я пришел из школы. Ты пришла из библиотеки? Я взял книгу у мальчика. Ты взяла карандаш у Аси.

В магазине мы купили карандаши. Он взял книгу у Ермека.


ІІ Сұраққа жауап беріңіз:

  • Хатты кімнен алдың?

  • Хатты ағам..... алдым.

  • Орманшы қайдан келді?

  • Орманшы орман.... келді?

  • Дәрігер қайдан келді?

  • Дәрігер емхана..... келді.

  • Мұғалім қайдан келді?

  • Мұғалім мектеп..... келді.









Көмектес септік Творительный падеж

Сұрақтары: Кіммен? Немен? Қалай?Вопросы: с кем? С чем? Как?


Сөздің соңғы дыбысы

(последний звук слова)

Жалғау

(аффикс)

Мысалдар(примеры)

Дауысты, үнді

-мен, -менен

Қаламен,қаламмен,көшемен

Қатаң, ұяң б,в,г,д( глухие, звонкие б,в,г,д)

-пен, пенен

Саматпен,Богдадпен,спортпен

Ұяң з,ж ( звонкие з,ж)

-бен, бенен

пойызбен,мүізбен,қызбен

Қазақ тілінде К.с. іс – амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ұштасу, ортақтасу сияқты қатынастарды және басқа да түрлі мағыналарды білдіреді. К.с. –тегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та бола алады. Мен қызыммен қонаққа бардым. Көлдің жағасымен жүр.

Бұл формадағы сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері ретінде жұмсалғанда, қосымшалары олардың әрқайсысына не соңғысына жалғанады. Көкшетауға автобуспен, пойызбен, ұшақпен келуге болады. Ол өз жұмысын фломастер, бояу, түрлі қарындаштармен де түрлендірді.

Орыс тілінде Творительный падеж қазақ тіліндегідей сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Он нас удивил своим умом. Нужно идти берегом.

Ерекшелігі: орыс тілінің Т.п. формасы қазақ тілінің К.с. формасымен сәйкес келгенімен , кейбір жағдайда К.с. формасы орыс тілінің Д.п., Р.п., П.п. формаларына сәйкес келеді.Біз қайықпен жүздік – Мы плыли на лодке.(П.п.) Ол Айгүлмен жақсы араласады. – Она с Айгуль общается хорошо.( Т.п. )Сен тура жолмен жүр. – Ты езжай по прямой дороге.(Д.п.) Бүгін мен бас ауруымен ештеңе істей алмадым. – Сегодня я из-за головной боли ничего не смогла сделать.(Р.п.)

Тапсырмалар:

І Жақшаның ішіндегі сөздерді К.с. – не қойып көшіріп жазыңыз:

Мен (сіз)қазақ тілінде хат жазысып тұрайын деп едім. (Мені) бірге жүріңіз. Біздің тарихи (ескерткіш) танысқымыз келеді. Мен (Хасен) кездесейін деп едім. Біз (ұшақ) келдік. Мені өзіңіздің (досыңыз) таныстырыңызшы. Мына (кісі) сөйлесіңіз.


ІІ Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз:

1 Оқушы, жазды, қарындашпен. 2 Сүртті, кезекші, шүберекпен, тақтаны. 3 Інім, доппен, ойнады. 4 Әли, барады, мектепке, автобуспен. 5 Троллейбуспен, ағам, университетке, ал,барады.

ІІІ Сұраққа жауап беріңіз

  • Сіз немен жазасыз?

  • ..............

  • Сыныпта кіммен отырасыз?

  • ............

  • Астанаға немен барасыз?

  • ............

  • Медеу мұз айдынында немен сырғанайды?

  • .................


































«Септеу эстафетасы» ойыны


Ойынның тәртібі: Тақтада үш қатар сөздер тізбегі жазылуы тиіс. Оқушылар үш топқа бөлінеді де ойын жарыс түрінде өтеді.

Ойын міндеті: Тақтаға әр қатардан бір-бір оқушыдан кезекпен шығып, әр қатар өздеріне арнап тақтада жазылған сөздерді тез септеп шығулары керек. Бұл ойынды бірінші оқушы атау септігін, екіншісі ілік септігін, үшіншісі барыс септігін т.с.с. рет-ретімен әр оқушы сөзді белгілі бір септікке қойып септеп шығуларына да болады. Қай топ қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз атанады. Оқушылардан септіктердің орын тәртіптерін және олардың жалғауларын ауыстырып алмау талап етіледі.

Ойынның мақсаты: септік жалғауларын бекіту.


«Ақсүйек» ойыны


Ойынның тәртібі: Ойынға сынып түгелдей қатысуы керек. Әркім өз орындарында отырады. Тақтаға сөйлемдер жазылады. Бірақ сөйлем толық емес, кей сөздер түсіріліп, оның орнына көп нүкте қойылады.

Ойынның міндеті: тақтадағы көп нүктенің орнында «ақсүйек» жасырынған. Кім сол сөздерді тауып, қажетті грамматикалық тұлғада дұрысқолдана білсе, сол «ақсүйекті» тапқаны. Ал сол сөзді таба алмаса немесе грамматикалық тұлғада дұрыс қолдана алмаса, сол «ақсүйекті» көрмей аттап кеткені. Кімде – кім «ақсүйекті» көп жинаса, сол ойында жеңімпаз атанып көп ұпай ұтқаны. Яғни ойыншының бағасы да соған орай қойылады.

Ойынның мақсаты: Сөйлемді дұрыс құрастыра білуге, сөзге жалғауды дұрыс жалғай білуге дағдыландыру. Тілдерін дамыту.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Жүсіпова Д.З. Көркем әдебиет. – Алматы: «Аруана» баспасы.


  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. №8 2012 ж.


  1. Қазақ тілі. Бастауыш деңгейге арналған. – Астана, 2009 ж.


4 « Қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы » Ж.Мұсаұлы, Р.Әміренова

  1. «Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар» Ғ.Қ.Резуанова, В.А.Шнайдер







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Каиргожина Людмила петровна

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251223


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства