kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушы ?рекетін белсенділендірудегі ?ылыми ж?мысты? р?лі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушы ?рекетін белсенділендірудегі ?ылыми ж?мысты? р?лі

 

                            Кокина Акзер Зарыкбековна,

                                                        ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ндеріні? м??алімі,

         ?ара?анды ?аласы, ?азыбек би ауданы,

        «?.М?стафин атында?ы №83 ЖББОМ» КММ

 

Кейінгі жылдарда заманауи мектептерде к?п д?ние ?згерді. Б?л ??былыс білім беру саласында ?ызмет етіп ж?рген педагогтар мен ?діскерлерді? назарынан тыс ?ала алмайды. Б?гінгі та?да к?птеген педагогтар мен ?діскерлер жоба т?сіліні? ?олданылуын ?ажетті деп есептейді, к?бінесе б?л орта буын мен жо?ар?ы мектепке ?атысты. Осы т?ста айтыл?ан жоба т?сілі бастауыш мектепке ?ажет пе деген с?ра? туындайды. Бірінші сынып о?ушысына ?арап заманауи ?о?ам т?л?асын к?ре аламыз. Зерделей ?ара?ан жа?дайда на?ты осы жас буынны? бойынан уа?ытымызды? жа?аша а?ымдарын бай?ау м?мкіндігіне ие боламыз. Болаша? о?ушыларымызды? ?андай да бір б?лігін еркін, зияткерлік т?р?ыда ана??рлым дамы?ан, о?у?а тілек білдірген ынтасы жо?ары балалар ??райды. Заманауи «ілгерінді» ?леуметтік-т?рмыс жа?дайында ой-санасы дамымай ?ал?ан балалар саныны? артып келе жат?анды?ы да жасырын емес. Осындай ты?ыры?тан шы?у жолдарыны? бірі ретінде, бастауыш сатыда о?ыту кезінде білім алушыларды? интеллектуалды? де?гейін арттыру ма?сатында  жобалау ?дісін ?сынуды? ж?ні бар.

Жобалау – «proicere» деген латын с?зі. Б?л с?з «жоспарлау, дайындау» сия?ты ма?ынаны немесе жоспарды? ж?зеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ??ымы педагогика саласында ?ана  емес экономика, бас?ару, зерттеу салаларында да ке?інен ?олданылатыны белгілі.

Бізді? т?жірибемізде жобалау ?дісі деп о?ушы мен о?ытушыны?  бірігіп, белгілі бір м?селені шешуге ж?не ?орытынды жасау?а  негізделген о?у немесе бас?а да ?рекеттерін айту?а болады. Мектеп м??алімдеріні? арасында жобалау ж?мыстарына байланысты жобалау саба?тары, жобалы? апталы?тар, жобалы? ж?мыстар т.б  тіркестер ?олданылып ж?р. Жобалы? ж?мыстар орындалу мерзіміне ?арай ?за?, орташа ж?не ?ыс?а мерзімді болып б?лінеді. ?азір мектеп о?ушылары мен м??алімдері бірігіп ?за? мерзімді ?ылыми жобаларды орындап, ?орытындысы бойынша ?ала, республика к?лемінде белгілі ?алымдарды? ?атысуымен ?ткізілетін конференцияларда келелі м?селелерді? шешілу жолдары туралы ойларын  орта?а салып, к?пшілікті м?селелерді шешу ж?ніндегі ?сыныстары  та? ?алдырып ж?ргені б?рімізге белгілі.

Білім ке?істігінде жобалы? ?рекет о?ытуды? (т?рбиені?) ??ралы ретінде орын алады. Жобалы? т?сілдер негізіне о?ушыларды? танымды? да?дыларын, ал?ан білімдерін ?з бетімен ??ра білу шеберліктерін дамыту, а?парат ке?істігіне орны?у, сын т?р?ысынан ойлауын ?алыптастыру жатады. Заманауи білім беруде т?рлендіру объектісі, ма?сатты? ба?ыты ж?не н?тижелері жа?ынан айырмашылы??а ие жобалауды? ?ш т?рі басым:

  • ?леуметтік-педагогикалы? жобалау. Б?л т?рі ?леуметтік ортаны? ?згеруіне немесе ?леуметтік м?селелерді педагогикалы? ??ралдар ар?ылы шешуге ба?ытталады;
  • психологиялы?-педагогикалы? жобалау. Жобалауды? б?л т?ріні? ма?саты адамды ж?не білім беру ?рдісі ке?істігіндегі т?л?ааралы? ?арым-?атынастарды ?айта ?згерту;
  • білімдік жобалау. Білімдік жобалау білім сапасын ж?не білім беру ж?йесіндегі инновациялы? ?згерістерді жобалау?а ба?ытталады [1].

Гуманды? педагогикада жобалау ?рдісіндегі баланы? р?лі туралы м?селе аса ма?ызды. Ол тапсырыс беруші, жоба ?рекетіні? белсенді ?атысушысы, сонымен ?атар ?рекетті? ж?не оны? н?тижелеріні? сарапшысы да бола алады.

Дайын жобалар ?ойыл?ан талап?а с?йкес р?сімделуі тиіс (бейнефильм, альбом, компьютерлік газет, альманах).

Жобалы? о?ытуды? ма?саты тиісті де?гейде ж?зеге ас?ан жа?дайда о?ушы т?мендегі ?рекеттерге ?ол жеткізе алады:

  • ?зіне ?ажетті білімді ?з бетімен т?рлі а?парат к?здерінен ала алады;
  • ал?ан білімдерін танымды? ж?не практикалы? міндеттерді шешу ?шін пайдалана біледі;
  • топтасып ж?мыс жасау н?тижесінде коммуникативтік да?дылар?а ие болады;
  • о?ушы бойында зерттеу да?дылары (проблеманы аны?тай білу, а?парат жина?тау, ба?ылау, эксперименттер ж?ргізу, талдау, гипотеза ??ру, жалпылау) дамиды;
  • ж?йелі ойлау ?абілеті жетіледі.

Баланы? бойында жобалау т?жірибесі бастауыш мектептен бастап-а? жина?тала бастайды. ?алымдарды? пайымдауынша, балалар мен ересектерді? жобалау ж?мысында?ы ?рекетінде басым айырмашылы?тар бар. Г.П.Бедерханова «балалар к?бінесе ?иял д?ниесінде ж?мыс істейді, егер ересектер ?ткеннен болаша??а ?арай ?оз?алатын болса, балалар ?оз?алысы болаша?тан осы уа?ыт?а ?арай ж?реді» дегенді айтады [2].

Бастауыш мектеп о?ушысыны? жасы – баланы? ой-санасыны? дамуы ?шін ана??рлым жа?ымды кезе? болып табылады. На?ты осы кезе?де баланы? бойында ?зіне ж?не ?зін ?орша?ан д?ниеге деген саналы к?з?арасы ?алыптасады. Жобалы? ?рекет т?л?аны? ?зіндік дамуымен байланысты болып келетін келесі шеберлік т?рлеріне ?сер етеді:

  • зерттеулік (ты? ойларды орта?а салу ж?не ?андай да бір проблемадан шы?уды? т?рлі жолдарын та?дай білу шеберлігі);
  • ба?алау (о?ушы ?з ?рекетіні? н?тижесін ба?алай алады ж?не оны бас?аларды? ж?мыс н?тижелерімен салыстыра біледі);
  • а?паратты? (?ажетті а?паратты іздеуді ?з бетімен ж?зеге асыру, жетіспеген м?ліметтерді аны?тау шеберлігі);
  • т?саукесерлік (балалар жобалы? ж?мыстарын ?здеріні? сыныптастары алдында ?ор?ай алады, ?ойыл?ан с?ра?тар?а жауап бере біледі; шама-шар?ынша ?ртістік ?абілеттерге ие);
  • рефлексті («Мен нені ?йрендім?», «Мені? нені ?йренуім керек?» с?ра?тарына жауап бере білуі).

Жо?арыда айтыл?андарды? барлы?ын, ?рине, бастауыш мектеп о?ушыларыны? жас ерекшеліктерін ескере отырып ?арастыру ?ажет. Бастауыш мектеп о?ушысыны? жобалау ?рекетіне дайын екендігіні? бір ай?а?ы оны? ойлау ?абілетіні? («интеллектуалды? жетілу») дамуы [3].

Бастауыш мектеп о?ушыларыны? ?зінділігі, ты??ылы?тылы?ы мен ойлау вариативтілігі оларды? «Интеллектуалды? жетілуін» к?рсетеді. О?ушылармен ж?мыс жасау барысында жобалау ?дісін ?олдану ?зін-?зі таныту де?гейін арттырады, балалар ата-аналары мен м??алімдерді? к?мегіне сирек ж?гінеді.

О?ушыларды? жобалау ?рекеті арасында оларды? о? мотивациясын ту?ыз?ан ж?мыстарды? басым к?пшілігі экологиялы? та?ырыптар?а байланысты болып келеді. Бастауыш мектепте о?ушылар ?здеріні? «?ызыл кітабын» ??растыр?ан жа?дай да орын алды. Б?л ж?мыс та?ырып?а сай материалдар жиынты?ымен ?ана емес, сонымен ?атар форматты? та?далу ?лгісімен, кітап дизайныны? бас?а да элементтерін ?амтуымен ерекшеленді. Экологиялы? та?ырып саба?та болсын, саба?тан тыс уа?ытта болсын аса ?зекті болып отыр. Б??ан биологиялы? ж?не зоологиялы? м?ражайлар?а, ?лкетану м?ражайына, хайуанаттар ба?ына саяхат жасаулары, ?орша?ан орта мен таби?ат?а ?атысты м?селелер мен м?ліметтер жайында?ы білімдері бойынша ?ткізілген викториналар да енеді. 

Жобаны ?зірлеу барысында балалар ата-аналары мен м??алімдерді? к?мегіне ж?гініп ?ана ?оймайды, сонымен ?атар ?зі ?атарлас ??рбы-??рдастарымен ?здері тап?ан ?ызы?ты заттары туралы а?паратпен б?ліседі.

Жобалы? ?діс бастауыш мектеп о?ушыларын ?зіндік даму?а ынталандырады, болаша? ?рекет жоспарын ??деуге ж?не оны та?ырыппен, жоба міндеттерімен с?йкестендіруге жа?дай ту?ызады, о?ушыларды? бойында т?рлі а?парат к?здерінен на?ты бір та?ырып?а материал іздеу ?ажеттілігін дамытады, табыл?ан материалды? ?з ж?мысы ?шін ма?ыздылы?ын ба?алау?а м?мкіндік береді.

 

?ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Білім беруді? жа?а ??ндылы?тары. Психологтар мен м??алімдерге арнал?ан тезаурус. М: Академия, 2011ж.
  2. Г.П.Бедерханова. Бастауыш мектеп педагогикасы, Алматы, 2008ж.
  3. Педагогикалы? жобалау. Жалпы білім беретін о?у орындарына арнал?ан ?дістемелік о?улы?, 2009ж.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушы ?рекетін белсенділендірудегі ?ылыми ж?мысты? р?лі »

Оқушы әрекетін белсенділендірудегі ғылыми жұмыстың рөлі


Кокина Акзер Зарыкбековна,

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы,

«Ғ.Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ» КММ


Кейінгі жылдарда заманауи мектептерде көп дүние өзгерді. Бұл құбылыс білім беру саласында қызмет етіп жүрген педагогтар мен әдіскерлердің назарынан тыс қала алмайды. Бүгінгі таңда көптеген педагогтар мен әдіскерлер жоба тәсілінің қолданылуын қажетті деп есептейді, көбінесе бұл орта буын мен жоғарғы мектепке қатысты. Осы тұста айтылған жоба тәсілі бастауыш мектепке қажет пе деген сұрақ туындайды. Бірінші сынып оқушысына қарап заманауи қоғам тұлғасын көре аламыз. Зерделей қараған жағдайда нақты осы жас буынның бойынан уақытымыздың жаңаша ағымдарын байқау мүмкіндігіне ие боламыз. Болашақ оқушыларымыздың қандай да бір бөлігін еркін, зияткерлік тұрғыда анағұрлым дамыған, оқуға тілек білдірген ынтасы жоғары балалар құрайды. Заманауи «ілгерінді» әлеуметтік-тұрмыс жағдайында ой-санасы дамымай қалған балалар санының артып келе жатқандығы да жасырын емес. Осындай тығырықтан шығу жолдарының бірі ретінде, бастауыш сатыда оқыту кезінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру мақсатында жобалау әдісін ұсынудың жөні бар.

Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана  емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі.

Біздің тәжірибемізде жобалау әдісі деп оқушы мен оқытушының  бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға  негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Мектеп мұғалімдерінің арасында жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстар т.б  тіркестер қолданылып жүр. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қазір мектеп оқушылары мен мұғалімдері бірігіп ұзақ мерзімді ғылыми жобаларды орындап, қорытындысы бойынша қала, республика көлемінде белгілі ғалымдардың қатысуымен өткізілетін конференцияларда келелі мәселелердің шешілу жолдары туралы ойларын  ортаға салып, көпшілікті мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстары  таң қалдырып жүргені бәрімізге белгілі.

Білім кеңістігінде жобалық әрекет оқытудың (тәрбиенің) құралы ретінде орын алады. Жобалық тәсілдер негізіне оқушылардың танымдық дағдыларын, алған білімдерін өз бетімен құра білу шеберліктерін дамыту, ақпарат кеңістігіне орнығу, сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру жатады. Заманауи білім беруде түрлендіру объектісі, мақсаттық бағыты және нәтижелері жағынан айырмашылыққа ие жобалаудың үш түрі басым:

  • әлеуметтік-педагогикалық жобалау. Бұл түрі әлеуметтік ортаның өзгеруіне немесе әлеуметтік мәселелерді педагогикалық құралдар арқылы шешуге бағытталады;

  • психологиялық-педагогикалық жобалау. Жобалаудың бұл түрінің мақсаты адамды және білім беру үрдісі кеңістігіндегі тұлғааралық қарым-қатынастарды қайта өзгерту;

  • білімдік жобалау. Білімдік жобалау білім сапасын және білім беру жүйесіндегі инновациялық өзгерістерді жобалауға бағытталады [1].

Гумандық педагогикада жобалау үрдісіндегі баланың рөлі туралы мәселе аса маңызды. Ол тапсырыс беруші, жоба әрекетінің белсенді қатысушысы, сонымен қатар әрекеттің және оның нәтижелерінің сарапшысы да бола алады.

Дайын жобалар қойылған талапқа сәйкес рәсімделуі тиіс (бейнефильм, альбом, компьютерлік газет, альманах).

Жобалық оқытудың мақсаты тиісті деңгейде жүзеге асқан жағдайда оқушы төмендегі әрекеттерге қол жеткізе алады:

  • өзіне қажетті білімді өз бетімен түрлі ақпарат көздерінен ала алады;

  • алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалана біледі;

  • топтасып жұмыс жасау нәтижесінде коммуникативтік дағдыларға ие болады;

  • оқушы бойында зерттеу дағдылары (проблеманы анықтай білу, ақпарат жинақтау, бақылау, эксперименттер жүргізу, талдау, гипотеза құру, жалпылау) дамиды;

  • жүйелі ойлау қабілеті жетіледі.

Баланың бойында жобалау тәжірибесі бастауыш мектептен бастап-ақ жинақтала бастайды. Ғалымдардың пайымдауынша, балалар мен ересектердің жобалау жұмысындағы әрекетінде басым айырмашылықтар бар. Г.П.Бедерханова «балалар көбінесе қиял дүниесінде жұмыс істейді, егер ересектер өткеннен болашаққа қарай қозғалатын болса, балалар қозғалысы болашақтан осы уақытқа қарай жүреді» дегенді айтады [2].

Бастауыш мектеп оқушысының жасы – баланың ой-санасының дамуы үшін анағұрлым жағымды кезең болып табылады. Нақты осы кезеңде баланың бойында өзіне және өзін қоршаған дүниеге деген саналы көзқарасы қалыптасады. Жобалық әрекет тұлғаның өзіндік дамуымен байланысты болып келетін келесі шеберлік түрлеріне әсер етеді:

  • зерттеулік (тың ойларды ортаға салу және қандай да бір проблемадан шығудың түрлі жолдарын таңдай білу шеберлігі);

  • бағалау (оқушы өз әрекетінің нәтижесін бағалай алады және оны басқалардың жұмыс нәтижелерімен салыстыра біледі);

  • ақпараттық (қажетті ақпаратты іздеуді өз бетімен жүзеге асыру, жетіспеген мәліметтерді анықтау шеберлігі);

  • тұсаукесерлік (балалар жобалық жұмыстарын өздерінің сыныптастары алдында қорғай алады, қойылған сұрақтарға жауап бере біледі; шама-шарқынша әртістік қабілеттерге ие);

  • рефлексті («Мен нені үйрендім?», «Менің нені үйренуім керек?» сұрақтарына жауап бере білуі).

Жоғарыда айтылғандардың барлығын, әрине, бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру қажет. Бастауыш мектеп оқушысының жобалау әрекетіне дайын екендігінің бір айғағы оның ойлау қабілетінің («интеллектуалдық жетілу») дамуы [3].

Бастауыш мектеп оқушыларының өзінділігі, тыңғылықтылығы мен ойлау вариативтілігі олардың «Интеллектуалдық жетілуін» көрсетеді. Оқушылармен жұмыс жасау барысында жобалау әдісін қолдану өзін-өзі таныту деңгейін арттырады, балалар ата-аналары мен мұғалімдердің көмегіне сирек жүгінеді.

Оқушылардың жобалау әрекеті арасында олардың оң мотивациясын туғызған жұмыстардың басым көпшілігі экологиялық тақырыптарға байланысты болып келеді. Бастауыш мектепте оқушылар өздерінің «Қызыл кітабын» құрастырған жағдай да орын алды. Бұл жұмыс тақырыпқа сай материалдар жиынтығымен ғана емес, сонымен қатар форматтың таңдалу үлгісімен, кітап дизайнының басқа да элементтерін қамтуымен ерекшеленді. Экологиялық тақырып сабақта болсын, сабақтан тыс уақытта болсын аса өзекті болып отыр. Бұған биологиялық және зоологиялық мұражайларға, өлкетану мұражайына, хайуанаттар бағына саяхат жасаулары, қоршаған орта мен табиғатқа қатысты мәселелер мен мәліметтер жайындағы білімдері бойынша өткізілген викториналар да енеді.

Жобаны әзірлеу барысында балалар ата-аналары мен мұғалімдердің көмегіне жүгініп қана қоймайды, сонымен қатар өзі қатарлас құрбы-құрдастарымен өздері тапқан қызықты заттары туралы ақпаратпен бөліседі.

Жобалық әдіс бастауыш мектеп оқушыларын өзіндік дамуға ынталандырады, болашақ әрекет жоспарын өңдеуге және оны тақырыппен, жоба міндеттерімен сәйкестендіруге жағдай туғызады, оқушылардың бойында түрлі ақпарат көздерінен нақты бір тақырыпқа материал іздеу қажеттілігін дамытады, табылған материалдың өз жұмысы үшін маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Білім берудің жаңа құндылықтары. Психологтар мен мұғалімдерге арналған тезаурус. М: Академия, 2011ж.

  2. Г.П.Бедерханова. Бастауыш мектеп педагогикасы, Алматы, 2008ж.

  3. Педагогикалық жобалау. Жалпы білім беретін оқу орындарына арналған әдістемелік оқулық, 2009ж.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
О?ушы ?рекетін белсенділендірудегі ?ылыми ж?мысты? р?лі

Автор: Кокина Акзер Зарыкбековна

Дата: 16.10.2014

Номер свидетельства: 119468


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства