kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Әнімен әр жүректі әлдилеген»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Белгілі  сазгер  Шәмші   Қалдаяқовтың    өмірі  мен  шығармашылығы  жан-жақты  зерттеліп,  нақты  талданды.   Ғылыми  жоба  жұмысы  бойынша  құрылымы,  жоспары  жасалады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Әнімен әр жүректі әлдилеген»»

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Ақсу қаласы, М.Омаров атындағы селолық округінің

Еңбек ауылының орта мектебі» КММ-і

















Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Әнімен әр жүректі әлдилеген»












Авторы: Абдуов Рахат.

5 орыс сынып оқушысы

Жетекшісі: Рахымбаева Рысжан Оралбекқызы


Ақсу қаласы. 2015 жыл

Мазмұны:





  1. Аннотация

  2. Кіріспе

  3. Зерттеу бөлімі

  4. Қорытынды

  5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі




































1



Аннотация



Белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерттеліп, нақты талданды. Ғылыми жоба жұмысы бойынша құрылымы, жоспары жасалды. Аудан және ауыл кітапханаларынан, интернет жүйесінен материал жинақталды. Жинақталған материал бойынша қазақ музыка өнерінде, атап айтқанда ән жанрында өзінің шығармашылығы бүтін бір кезеңді құрайтын Шәмші әндері, сазгердің бірде жігер, бірде нәзік сезімге толы лирикалық туындылары нақты талданды. Шәмшінің қайталанбас әуендері халық өмірінде өзіндік мәні бар екені анықталды.

Зерттеу барысында халық әртісі, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы біршама мәліметтер жинақталды, сазгердің ән мәдениетінің ерекшелігіне ден қоя отырып, халқымыздың рухани байлығын байытуға, жақын-алыс шет елдермен қатар, түркі тілдес халықтарының да рухани дамуына өз ықпалын тигізгені байқалды. Шәмші әндерінің шығу тарихы зерттеліп, шағын кітапша құрылды. Жинақталған материал бойынша сазгер өмірі және шығармашылығы туралы кітапша дайындалды.












2



Зерттеудің мақсаты:



  1. Белгілі сазгер Шамші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу.

  2. Сазгердің әуендерін, шығармашылығын насихаттау.

  3. Шәмші Қалдаяқов – ұлы сазгер, бойына біткен дарынды тұлға екенін зерттеу арқылы дәлелдеу.





































3

Зерттеудің өзектілігі:



Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың қайталанбас әуендері әр адамның өмірінде өзіндік мәні бар екенін дәлелдеу. Зерттеуді сазгердің 85 жылдығына арнау.









Зерттеу әдістері:



  1. Нақты талданды, бақыланды.

  2. Шамшінің өмірі, шығармашылығы жан жақты зерттелді.

  3. Сазгердің әуендері халық өмірінде өзіндік мәні бар екенін анықталды.









Зерттеудің кезеңдері:



1.Жетекшімен жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалады.

2.Кітапханамен байланыс.





4

Кіріспе

Ән - ежелден келе жатқан рухани байлықтарымыздың бірі. «Ән – көңілдің ажары» дейді халық. Бүгін де өзінің рухани жан дүниесін өнердің қайнар бұлақтарымен сусындатып, қандырып отыруға құштар қалың оқырман қауымның ән әуендеріне деген ықылас ынтасы айрықша дер едім. Ән сүйер қауымның осындай өскелең талабын қанағаттандыру мақсатында Шамші Қалдаяқовтың 85 жылдығына орай «Әнімен әр жүректі әлдилеген» ғылыми жобаны таңдап, зерттеу жұмысын жүргіздім. Шәмші әуендерінен ән сүйер халық, шабыт табады, көңілін емдейді, мұңдасады.

Халық ішінде әншілер де, сазгерлер де көп болады. Алайда бір сазгердің әнін бүкіл халық – үлкен де, кішісі де, қарты да, жасы да – сүйіп айтуы сирек құбылыс. Осындай ән шығарған сазгер – ұлы сазгер. Шәмші Қалдаяқов – бүкіл қазақ халқына ән салдырған осындай сазгер болды.

Көзі тірісінде Қазақ вальсінің королі атанған, ұлтымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқов аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, қазақ халық әртісі. Осы саладағы қазақ эстетикалық негізін салушылардың бірі, қазақ халқының әншісі . Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...

Шәмші – қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар.

Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында Шәуілдір ауылында 15.08.1930 жылы туған. Бала кезінен бойында бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. Ол жас кезінен –ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әуендері ерекше жұмсақ , жылы сазымен ел назарын бірден аударды. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты . Әлемдік музыкада Штраус , Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальс ырғақтары да сондай әсем.

Шәмші Қалдаяқов 50-ші жылдардан бастап шығармашылықпен түбегейлі түрде шұғылданды. 1956-1962 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясында В.В. Великанов класында оқыды , сылдырап аққан бұлақ сусындай тап-таза сыңғырымен , лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық жағынан сіңірген еңбегі қазақ эстрадалық әндерінің әуенін ұлттық нақышпен құнарландыруына, яғни халықтық қайнармен қабыстыруында жатыр. Ал бұл оның қазақ жұртының музыкалық дәстүрі сүтін еміп өскендігіне дәлел. Осылайша баяғы мен бүгінгі мақамдарды керемет ұштастыруы Шәмші Қалдаяқов туындыларының даңқын дүрілдетіп шығарып, дүйім далаға кең жайлауға кепілдік береді.

Данышпан ғалым-жазушы Мұхтар Әуезов Шамші саздарын Ақан сері, Біржан салдан кейінгі «үздік құбылыс» деп бағалады . Шәмші әндері ойлылығымен, тазалығымен адам жүрегіне қуаныш, өмірге құштарлық, махаббат пен мейірім, туған елін, туған жерін шексіз сүю сезімдерін ұялатады. Жұрт аузында «Бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші» атауының сыры сонда. Сазгер әндері , әсіресе 60-70 жылдардағы жастардың аузында жүрді. Кешеулеген «Хрущевтік жылымық» дәуірінің жас адамдары шетел компазиторлары мен орындаушыларына , мәселен «Битлзге» қалай ынтықса, қазақстандық өз сазгерлерімізді де солай сүйіп тыңдады. Бұл соңғысы мен арасында, әрине, Қалдаяқов бірінші орында тұрды.

Шәмші Қалдаяқов қазақ музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде орны ерекше. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленді. Сазгер шығармашылығының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға , жарға, дос-жанға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының и басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырлаған туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Шәмшінің марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын әндері де баршылық. Шәмші Қалдаяқов артында мол мұра қалдырды.

Әсем да ақылды көкірім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық елшілдік нотасын тап басқан «Менің Қазақстаным» туындысы айырықша мәшһұр болды. 1986 жылы желтоқсан көтерілісіне қатысушыұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар.

Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.
2005 жылы «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді. Оның ән мұрасы өте бай. Қазақ халқына кең тараған әндері «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Әнім сен едің», «Кешікпей келем деп ең» , «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Қайықта», «Менің Қазақстаным», «Бәрінен де сен сұлу», «Ақ бантик», «Ана туралы жыр», «Сағынышым менің», «Ақ маңдайлым», «Ақ ерке – Ақ Жайық», «Жарқырайды Жезқазған» , «Қарқаралы», «Байқоңыр», « Өмір өзен», «Отырардағы той», «Талдықорған – әнім менің», «Мойынқұмда», «Ырысты өлке Шардара», «Фосфорлы Жамбыл», «Көгілдір көше» т.б.

Шәмші әндерін белгілі артистер Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Рашид Абдуллин, Р. Мұсабаев, З. Қайшыбаева репертуарларынан берік орын алған. 1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Шәмші Қалдаяқовтың атындағы халықаралық байқау фестивальі дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, компазитор туған өлке - Шәуілдір музыка мектебі Шәмші Қалдаяқовтың есімімен аталды. Шымкент филармониясының алдында Қалдаяқовтың ескерткіш бюсті орнатылған. 1991 жылы Шәмші Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жылдарым менің» деген деректі фильм түсірілді. (Режисері: Т. Ахметов). 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» ескерткіштер мен мақалалар жинағы жарық көрді. 1965жылы комсамол сыйлығының иегері. Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы.

Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бахыт туралы тамаша әндер шығарып, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен - қайран Шәмші! Бірақ, біздер - оны сүйер қауым, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесінің әнін тыңдаудан жалыққан емеспіз.

Шәмшінің көз жұмғанға дейін үш жылында қасынан қалмай, қуанышы мен күйінішіне куә болған, қажет кезінде сенімді сүйеніші болған нағыз жанашыр да айнымас досы Оразбек Бодықовтың естелік кітабынан сазгер өмірі мен шығармашылығы туралы біршама деректер алып, зерттедім. «Шәмші қалай Шәмші атанды?» әңгімесінде Шәмшінің қалай дүниеге келгендігі жайлы былай деп жазыпты .

Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Міне осы көл жағасында 1927 жылы Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып , осында мекендеп қалады. Қалдаяқтың шын аты Әнапия екен. Оның аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап, содан оған осы ат сіңіп кетіпті. Татарлардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді.

-Оу, Қалдаяқ ұлды болдың! -деген хабарды алып, үйіне асыға келген әкеге жыртық шүберекке ораған нәрестені қолына ұстата қойыпты.

Нәресте болса да ересек адамның қарулы қолын сезе қойған бала шыр етеді. Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап:

-Мен сені хиссадағы Жамшид патшаның атыменатағалы жүр едім. Бірақ мына дауысың патшаның дауысы емес, әншінікіне көбірек ұқсайды екен, - депті Қалдаяқ .

-Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса да тақияңа тар келмес, - депті оған Құдайберген деген құрдасы.

-Айтқаның келсін . Жамшид болсын, - депті сонда баладан басқа байлығы жоқ әрі кедей, әрі өнерпаз әке.

Жамшид деген ат алған сол бала содан аттай отыз жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, «вальстың королі» атанатынын сол тұрғандар білген жоқ. «Король» деген аты дардай болғанмен, бұл өмірдегі басқа бақыттан жұрдай болып өтетінін де білген жоқ олар.

Оразбек Бодықов ән туралы Шәмшінің пікірін сұрағанда Шәмші сәл ойланып қалып, бетіне қан жүгіріп , кескіні ажарланып кетті. Соннан соң ән туралы өзінің жан сырын айтты.

-Менің анамның ең сүйікті әні «Қорлан» еді. Ол оны тек махаббат жыры деп емес, өмір жыры, тіршілік әні деп қабылдаушы еді. Мен де анама ұқсап бала жастан асқақ әнді мадақтап, соған үйір болып өстім... Менің білетінім: ән – адал жүректен туады... Ән жарқын болашаққа деген сенімді паш етеді. Асқақтата салған ән... Сені әлде қайда алысқа, қиын шетке, сонау төскейде көрінген қырат басына жетелейді. Сол қыратта қыран отырар. Анда-санда қанатын қомдап-қомдап, бар дауысымен шанқ еткенде, ол да енді қайтып ешқашан қайталанбайтын ерекше ән ғой... Табиғат әсер етпесе, қыраннан ол тумас еді. Қыранның көзін шетсіз-шексіз жатқан кер дала ашты. Дала оның көңілін оятты... Жүрегін тербеді... Қыран бұлбұл секілді сұңқылдай бермейді. Ол өзінің ең ғажап, ең айбынды әнін анда-санда бір-ақ рет айтады.

Расында да Шәмші әндері тақырыптық жағынан да, мазмұндық жағынан да, әуендік жағынан да қайталанбас , жүректі тебірентетін, жұртшылық ерекше қабылдайтын әндер. Содықтан болар 1986 жылы жастар азаттықтың туын көтеріп, Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнін айтып, орталық алаңға шығуы. Бұдан кейін Шәмші «тек вальс жазады, әндері лирика болып келеді», деп қалай айтуға болады? Шәмшінің көзі тірісінде сол ән ұранға айналды деп есептеуге болады.

Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнінің хикаясы : досы Шәмшімен өмірінің ақырғы жылдары тығыз қарым-қатынаста болған Оразбек Бадықов естеліктерінен.

-Әр адамның өз өмірі секілді әр әннің өз тарихы бар, - деді Шәмші біраз нәрсені есіне түсіріп. - Мен сендерге «Менің Қазақстаным» қалай туғанын айтайын.

Ол тұс Ақмоланы « Целиноград » атап, сол жақтағы бес облысты бір өлке етіп, оны Ресей жаққа бермекші болып жүрген кез еді. Қазақ жері осылайша бөлшектенгелі жатқанда, оның асқақтығын жырлайтын әнұран қажеттігін сездім. «Менің Қазақстаным» солай туды. Өлеңін Жұмекен Нажімеденов жазды. Әнді радиоға Жамал Омарова жаздырды да, ол ән біздің өтінішіміз бойынша күніне бірнеше рет беріліп тұрды. Бұл менің қасиетті қазақ жерін бөлшектеуге білдірген қарсылығым еді.

Бірақ көп ұзамай бұл әннің өлеңі жөнінде дау шықты. Әнді баспасөзде жарияламақ болып, біз оны «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі Парасат) журналына апарған едік, оның бір дөкейі бізге дүрсе қоя берді.

-Коммунистік партия туралы бір ауыз сөз жоқ. Қазіргі басты ұранымыз – жетіжылдық жоспар жайлы да ештеңе айтылмаған, - деді ол дауысын қатайтып.

-Мен әнімді қайран елім - Қазақстаныма арнап отырмын. Өз елімді, өз жерімді ешбір саясатсыз, адал көңіліммен жырлағым келеді, - дедім мен.

-Жоқ, болмайды! Партия заманымыздың ары, ожданы, ол біздің бастаушымыз. Жетіжылдық жоспар оның ұраны. Біз алдымен соны жырлауымыз керек.

-Ал Қазақстанды ше?

-Партия туралы ештеңе жазбағаныңнан сенің аяғыңа түскен тұсау аз емес. Сен немене партияға қарсысың ба? – деп ежірейді.

Әңгімені қисайтып алмайық деп, амал жоқ, өлеңнің бір шумағын былай деп жөндедік:

Жеті жыл жоспары,

Жеті қыр асқаны

Думанды бастады,

Қазақтың жастары.

Журналға осы өлең басылғанымен, радиодағы мәтінді өзгерткеніміз жоқ , халық арасына сол нұсқа тарады.

«Менің Қазақстаным» хикаясы мұнымен біткен жоқ. Бұл әнді «Әлемнің ән ұраны болды» деп Шәмші біліп айтқан екен. 1986 жылғы 17-желтоқсанда бостандықты аңсаған қазақ жастары Алматыдағы Республика алаңына «Елім-аймен» бірге осы әнді айтып шықты. «Менің Қазақстаным» деп шырқаған айналайын жастардың арманы орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Қазақ халқының үш жүз жылға созылған бостандықтан босануына Шәмшініңәні осылайша септігі тиді. Бірақ, азаттық үшін өз әнімен күрескен Шәмшінің есімі еш жерде аталған жоқ. Ешқандай ұйым ресми қолдау көрсетпеген соң, Шәмшінің алпыс жылдық мерейтойын Шымкентте , Алматыда билет сатып, концерт ретінде Республиканың жаңа ән-ұранына конкурс жарияланғанын білесіздер. «Қайнар» баспасының ұжымы осы конкурсқа Шәмшінің әнін әнұран болсын деп ұсынды. Әні лирикаға жақын екен деген сылтаумен оны, тіпті, Мемлекеттік комиссияға да жібергізбей қойды. Алаңға шыққан жастар ол әнді желтоқсан оқиғасы кезінде-ақ өздеріне әнұран еткенін білсе де білмеген болды. Ол ол ма, кешегі «Желтоқсан партиясы, бүгінгі «Желтоқсан жаңғырығы» қозғалысын ұйымдастырушылар сол желтоқсанға рухани қару болған Шәмшінің әнін

де, өзін де ауыздарына алған жоқ. Шәмші қайтыс болысымен шымкенттік біреулер оның атындағы ән-жыр фестивалін өткізген еді. Соған қатысушыларға сыйлық бергенімен, «Менің Қазақстаным» әнінің желтоқсандағы атқарған қызметі тағы да ескерусіз қалды. Мен осыларды айтып, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға Ашық хат жазған едім. Ол хатымда Қазақстанның дербес мемлекет болуына септігі тиген «Менің Қазақстаным» әніне Мемлекеттік сыйлық беру мәселесін қозғадым. Бұл хатымды ешбір газет жарияламай қойды. Аталмыш әнге байланысты қысқаша әңгіме осы.

«Ана туралы жыр» әні.

Шәмші өзінің құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көретін әкесіне ол өлген соң моласының басына үлкен кешене ғимарат салдырды. Ал өзін ақ сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол - «Ана туралы жыр» .

Жамшид Шәмші атанып, оның сазгерлік атағы шартарапты шарлап кеткенде, оның анасы қайта айықпастай кеселге ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін айқын сезген ол Алматыдағы Шәмшіні шақырады.

-Балам, - дейді кіреуге тартқан көздеріне қос тамшы үйіріліп. - Бұл өмірден жас кеттім демеймін, арманда кеттім деймін... Жазмыш маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді бұйыртпады. Тағдыр солай да... Қайтейін?... Жалғыз тілеуім – сен аман бол... Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа кетсін. Бақытты бол, балам.

Ананың ақтық лебізін естігенде ғана Шәмші өзінің отызға тақалып қалғанын, ән соңында жүріпүйлі-жайлы болуды да еске алмағанын бір-ақ білді. Бетінің ажары тайса да, көзінің нұры жоғала қоймаған анасы өзіне ұмсына қарағанда Шәмші бірден талай жасқа кері шегініп, өзін нәрестедей, сәбидей сезінген еді. Ойлап қараса, анасы оған әлемнің жарығын сыйлапты, даланың ең әсем гүлін жинапты, самсаған құстардың қанатын беріпті, мол дүниенің жаннатын ұсыныпты. (Сөзі: Ғафу Қайырбековтікі)

О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, ең асыл адамынан мәңгілік айырылғалы тұрғанын сезген Шәмші оның ыстық төсіне басын қойып еркінен тыс өксіп жылап жібергенін де сезбей де қалды.

-Апа, Қарыздармын саған... қарыздармын, апа! Сенің басыңа мавзолей орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең сұлуы, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын... – деді Шәмші даусы үзілді – кесілді шығып, көз алдындағы бар дүние тұманға сүңгіп.

Бұл 1957 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уағдасын 1961 жылы орындады. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» әні дүниеге келді. Бұл ән – қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән – ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді... Бұл ән есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді... Бұл аналар туралы гимн еді.


Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған

Балалық құштарым,

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы: Әлдилеп, аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ,

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін,

Көңіліңді көктемдей,

Көзіңнен танимын.


Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын,

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем, ай, күнін,

Қолыма түспеді.

Қайырмасы:



Қазір «Ана туралы жырды» білмейтін бірде-бір қазақ жоқ десем мұным өтірік бола қоймас. Бұл, ән, тіпті, башқұрт ағайындардың да төл әніндей болып кетті. Монғолиядағы қазақ мектептерінің оқушылары сабақ басталмастан бұрын алдымен Монғолдың мемлекеттік әнұранын, соннан соң осы әнді айтады екен. Шәмші сонау бір жылдары өнер делигациясымен бірге Қазанға барғанда, татар достар аэропорттың маңдайына: «Хош келдің, қазақтың ұлы комозиторы!» - деген плакат іліп қарсы алған еді.

«Қазақ вальсінің» королі атанып кеткен Шәмші Қалдаяқұлының адам жанын тебіренте сергітетін, жиын-тойдың сәнін кіргізе елітетін құдіретті туындылары, жарты ғасырдан бері халқымыздың рухани қажетін өтеп, таусылмас қазынасына айналып келеді. Тәй-тәй басқан қарадомалақ қандастарымызШәмші әнімен шуақты нұрға бөленіп, қиянға қанат қақса, желкілдеген жастығын өткен ғасырдың еншісіне қалдырған ақсақал-қарасақалдарымыз «бала күнін» сағынғандай Шәмші әнімен бозбала кезеңнің арайлы шуағына қайта бөленгендей күй кешеді. Қарағайлы-орманды өңірдің сандауғашындай немесе жусаны-бетегелі даланың бозторғайындай «енелерге қыз күнін сағындыртқан, аталарды қыздарға табындыртқан» Шәмші әнінің құдіреті неде дейтін күрмеуі қиын сұрақтың әлі күнге әркімді мазалайтыны рас. Шәмші Қалдаяқовтың бойына біткен табиғи таланттың тегін еместігін анық бағалауға болады. Өйткені ол қазақ халқының аса бай ән мәдениетіне сонау ерте заманнан бері орындалып келе жатқан халық әндері мен халық композиторлардың өлшемі ырғақты әндерін жаңа сипатта өмірге әкеле білді. Халқымыздың рухани байлығын байытуға, жақын-алыс шет елдерімен қатар, түркі тілдес халықтардың да рухани дамуына өз ықпалын тигізген.

Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.

Шәмшінің шығарылған әндері: «Бақыт құшағында» әндер жинағы, Алматы: 1967 жыл ., «Сағынышым менің» әндер жинағы Алматы: 1971жыл ., «Менің Қазақстаным» әндер Алматы: 1981 жыл Алматы., «Әнім сен едің» Алматы: 1988 жыл. «Шәмші әлемі» әндер. Алматы: 2000 жыл.

Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.

Қорытынды: Осы ғылыми жобамен жұмыс істеу барысында Шәмші әндерінің құдіреті, қайталанбас әуендері халық өмірінде өзіндік мәні бар екенін дәлелдедім. Сонымен қатар берілген «Шәмші – вальс каролі» тақырыбын жан-жақты талдадым, зерттедім , анықтадым.

Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер шығарып, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен - қайран Шәмші!.. Бірақ, біздер – ән сүйер халық, оның өмірі дәл осылай, бақытсыздау болып өткенін білдік пе?.. Білмедік, әрине. Сондықтан да ән әлемінің падишасы бірегей дарын иесі социалисттік жүйенің елеусіз құрбанына айналды.

Шәмші 1950 жылдардан бастап, дарынды ақын жазушылардың көп өлеңдеріне өшпес өмір, талмас қанат беріп, 300-ден артық Вальс-ырғақты ән тудыруының арқасында халқының құрметіне, сүйіспеншілігіне ие болуының сыры, музыкалы –эстетикалық , психологиялық , тәрбиелік , рухани құдіреті ХХІ ғасыр адамдарының да санасы мен жүрек сарайынан орын алды. Мен өзім де Шәмші әндерін сүйіп тыңдаймын, мерекелерде әндерін орындап жүрмін. Сондықтан оның әндерін халық жанымен, жүрегімен тыңдайтыны маған мәлім. Шәмшінің ән мәдениетінің облыстық, республикалық, әлемдік фестивалін өткізу дәстүрлі жыл, екі жыл санап өткізу қалыптасып қалды. Болашақта мен де сол фестивальға қатысқым келеді. бірі.
Жылдар өтеді, болашақ ұрпақ Шәмшінің ән мәдениетін дәріптеп, әлем халықтарының алдында вальс өнерінің өшпес туы етіп, Шәмшінің ән-би мәдениетінің құдіретімен мақтанары хақ!



ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ

ӨМІР ТАРИХЫНЫҢ ТІЗБЕСІ:



1930 ж - 15 тамызда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келді;


1947-1951ж - Сарыағаштағы мал дәрігерлік техникумда білім алды;

1951ж - Мұғалжар ауданында 8 ай зоотехник қызметін атқарды;


1951-1953ж - Ресейдің Сахалин портында әскери борышын өтеді;


1953-1954ж -Шымкент облысында бір жыл клуб меңгерушісі қызметін атқарды;


1954-1956ж - Ташкент қаласында музыкалық училищеде оқыды.

1956ж - 25 қазанда белгілі ақын Жұмекен Нажмиденовпен бірлесіп,

еліміздің қазіргі әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнін жазды;


1956-1961ж - Сазгердің жүзден астам тамаша туындылары дүниеге келді;


1965ж - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері атанды;


1973-1991ж - 18 жыл бойы Тараз қаласының маңындағы Дүнген ауылында оңаша өмір сүрді;


1991ж - Қазақстан халық әртісі атағын алды;


1992ж - 29 ақпанда Алматыда ауыр науқастан қайтыс болды. Сүйегі

«Кеңсай»зиратына жерленді










Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Тарихи тұлғалар. Алматыкітап, 2006ж.

Құрастырғандар: Тоғысбаев Б,. Сужикова А.

2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық

Аруна ЖШС 2005.


3. Ш. Қалдаяқов: хикаяттар. Оразбек Бодықов Алматы, 1992ж.


4. «Әнім сен едің» Әндер жинағы.Алматы: Өнер, 1988ж.

Құрастырған: Тұрсынбаев Ж.

5.Қазақ энциклопедиясы. Алматы, 2003.

Бас редакторы: Б. Аяған.

6.Парасат журналы №16. 2010ж.

7. Аңыз адам журналы №4. 2010ж















Пікір



Еңбек селолық округі орта мектебінің

5 орыс сынып оқушысы

Абдуов Рахаттың

орындалған жұмысы





  1. Белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы бойынша аудан және ауыл кітапханаларынан, интернет жүйесінен материал жинақталды.



  1. Ғылыми жоба жұмысы бойынша құрылымы, жоспары жасалды.



  1. Нақты талданып, зерттелді.



  1. Оқушы жұмыс барысында кітапханадан Шәмші туралы «Аңыз адам» журналын тауып, кітапшалар құру, буклет жасау кезінде өз үлесін қосты.

Оқушының талпынысын және білімге деген құштарлығын есепке ала отырып, оқушының өз білімін жетілдіруге және түрлі сайыстарға қатысып отыруын қадағалаймыз.





Мұғалім: Рахымбаева Р.О.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Әнімен әр жүректі әлдилеген»

Автор: Рахимбаева Рысжан Оралбековна

Дата: 17.10.2016

Номер свидетельства: 349936

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "« Вальс королі » . "
    ["seo_title"] => string(12) "val-s-koroli"
    ["file_id"] => string(6) "189171"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426833708"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашы? т?рбие са?аты: "?н падишасы - Ш?мші а?а" "
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk-t-rbiie-sag-aty-n-padishasy-sh-mshi-ag-a"
    ["file_id"] => string(6) "169880"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423481954"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Аялай біл.сен деп соққан жүректі"
    ["seo_title"] => string(41) "aialai_bil_sien_diep_sok_k_an_zhuriekti_1"
    ["file_id"] => string(6) "388919"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486461762"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?зін-?зі танудан саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(31) "ozin-ozi-tanudan-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "251841"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447307333"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(37) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "357890"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478884588"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства