kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Научная работа Арынды а?ын - ?білхайыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ылыми жоба

Ауданды? білім б?лімі № 55 С.?ожанов атында?ы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

Ба?ыты:  «Ата-баба м?расын са?таймыз ж?не к?бейтеміз» ?ылыми жоба бай?ауы

Секциясы: « С?йлеші тілім, жосылып»

Орында?ан:   3 ?  сынып о?ушысы  Кешубай ?сел

Жетекші м??алім:  бастауыш сынып м??алімі Ертаева Айымк?л

Ке?ес беруші маман:  ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі    ?міржанова Алтыншаш.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Научная работа Арынды а?ын - ?білхайыр »

Аудандық білім бөлімі № 55 С.Қожанов атындағы орта мектеп













Бағыты: «Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» ғылыми жоба байқауы

Секциясы: « Сөйлеші тілім, жосылып»

Орындаған: 3 ә сынып оқушысы Кешубай Әсел

Жетекші мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Ертаева Айымкүл

Кеңес беруші маман: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әміржанова Алтыншаш.












Тақырыбы: Арынды ақын – Әбілхайыр.

Жоспары:

І.Кіріспе бөлім:

1.Сыр елі- жыр елі

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Ә.Сыздықов жайлы сыр.

2. Ел үшін еңбек етсең халқың сүймек

3. Бақыт табамын, жетемін десең мұратқа,

Ана тіліңді биіктен, сірә құлатпа.

(Ә.Сыздықов)

ІІІ. Қорытынды.

  1. Ақын өнеріне берілген баға.


Мақсатым:

Өз ұлың өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді,- демекші от ауызды, орақ тілді ақынның өнегелі өмірін бүгінгі достарымызға , өз құрбы -құрдастарыма , жұртшылыққа таныту.

Айтыс өнерінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін көрсету, айтыс өнерін насихаттау.

Міндеті:

Ұлттық құндылықтарымызды келешек ұрпаққа жеткізіп, жастардың санасына ұлттық құндылықтарға деген құрмет, ұлтжандылық, отансүйгіштік көзқарасты қалыптастыру.

Жаңалығы: Көзі тірі, бұрын соңды зерттелмеген ақынды жұртшылыққа паш ету.

Өзектілігі: 1. Ана тілінің құдыретін насихаттау.

2. Қазақ өнерінің қасиетті тармағы - Сыр мәдениеті үрдістерін қайта жаңғырту.


Нысаны:

Жерлесіміз дүлдүл, айтыс ақыны Ә.Сыздықовтың шығармашылығы.




Тәуелсіздігін қолына ту етіп ұстаған әрбір қазақ азаматы өз мәдениеті, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихын жан-жақты танып, өзінің қандай өнерлі халықтың ұрпағы екенін мақтан тұта білуі керек. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында ерекше рол атқаратын бай тарихы бар. Сыр өңірі - ұлт мәдениетінің де ұлы көшін жасаған өлке. Кеше мен бүгіннің алтын көпірі- дәстүрі мен салттың алтын сақадай сақталған отаны да Сыр бойы. Сыр топырағы - дүлдүл ақын, көкірегіне сұлу саз ұя салған тамаша сазгерлерді тудырған қасиетті жер. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Сыр-Алаштың анасы» деген қанатты сөз елдік қасиетін ұлықтаған киелі жердің бағасы екені анық. «Сыр елі –жыр елі»- деген сөз халықтың құлағына сіңісіп, ғасырлар қойнауынан, Қорқыт бабамыздан жеткен күмбірлеген күйдің үні, жыршы-жыраулардың інжу сөздері, суырып салма өнердің көрігін қыздырған айтыс ақындарының қылыштан бетер қиып түсер сөз маржандары осы өңірде-Сыр елінде туған. Сыр сүлейлерінің ізін жалғастырған бүгінгі ұрпақтары Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін асқақтатып, жер-жерлерден жүлдемен оралып жүр. Сыр елінің әуелден жыр елі екенін дүйім жұртқа мойындатып отыр.

Сыр сүлейлері салған соқпақ жолды жалғастырған бүгінгі ұрпағы руханият әлемінде жаңа ғасырдың табалдырығын үлкен жетістіктерімен аттап, ұлттық өнердің өміршеңдігін танытты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің баяндамасында «Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады» -дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып бағамдауға болады» деген болатын.

Біздің дана халқымыз қашанда ақын мен жыршыларды ардақ тұтып, солардың ішінен мыңнан озған саңлақ дара таланттарының асыл сөздерін ғасырдан ғасырға жеткізіп отырған.

«Ауылыңда дана қартың болса, жазылып қалған хатпен тең» деп кемеңгер халқымыз атап айтқандай өз дәуірінің тірі шежіресі іспетті ардақты ақын ағаларымыз бен аяулы аналарымыз шын мәнінде баға жетпес асыл қазынамыз. Қасиетті ақын ағаларымызды күмбірлеген кеуде пернесін бассаң сайрай жөнелетін сыр сандыққа немесе айтары көп тағылымы мол шежірелі кітапқа теңеуге болады.

«Өнер көпке де жеткізеді, көкке де жеткізеді» дегендей мен үшін ондай жан - өзінің ақындық өнерімен елге белгілі Әбілхайыр Сыздықов. Ел басымыз көтеріп, аға буын өкілдері қолға алған мәдени мұра бағдарламасына өз үлесімді қосу мақсатында «Сөйлеші, тілім, жосылып» атты ғылыми жобаға Республикаға танымал дарынды, талантты, отты сөздері мен ой ұшқынын лапылдатқан аға жайлы деректер жинап, зерттеу жүргізгенді жөн көрдім.

Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді- демекші, Әбілхайыр Сыздықов шығармашылығы туралы ғылыми жобаны қолға алғанда алдыма мынадай мақсат қойдым. От ауызды , орақ тілді, ақын ағамыздың өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа, бүгінгі өз құрбы-құрдастарыма үлгі –өнеге ету.

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дейді әруақты бабаларымыз. Рухани өмірдегі сондай сәйгүліктер халқымыздың ортасынан дара шыққан жазушылар, ақындар, жыршы-жыраулар, термешілер. Қазақ халқы ондай ерен жүйріктерге әмәнда бай. Сондай жүйріктің бірі- «Сыр елі- жыр елінде» дүниеге келген Әбілхайыр ағамыз. Бүгінде халық сүйіспеншілігіне бөленген айтыскер ақын Ә.Сыздықов 1971 жылы 23 қазанда Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Ә.Сыздықов 10 ұл,4 қыз тәрбиелеп өсірген отбасының 8-ші перзенті. Анасы Әбдірасилова Асма 14 баланың анасы атанған «Батыр ана», әкесі Әбілпатта бала кезінде кешкілік ауыл ақсақалдары жиналып әңгіме - дүкен құрған жерлерде «Мұңлық-Зарлық» , «Қобыланды батыр», «Жүсіп Злиха», «Алпамыс батыр», «Көрұғлы» көне жыр дастандарын әндетіп оқиды екен.

Жастайынан өлеңге құштар бала Әбілхайыр аудан орталығында №3 мектеп интернатын тәмәмдаған. 1991-92 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтейді. 1988 жылдан бастап аудандық, облыстық ақындар айтысына қатыса бастайды. 1992 жылы аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, әдіскер, қоныстық мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарады. 1995 жылдан бастап республикалық ақындар айтысына қатысып келеді. 2004 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін бітірген.

Ақындық мектеп қабырғасында жүргеннен бастап дари бастаған. Сол кездері мектеп ішіндегі түрлі сыныптар арасындағы байқаулардың таныстыруларын, қабырға газеттеріне өлеңдер жаза бастаған, Әбілхайыр кейін келе айтысқа бір жола бет бұрады. 1990 жылдан аудандық,облыстық ақындар айтысына қатысады. Оның ең алғашқы қатысқан айтысы аудан орталығындағы 1993 жылы өткен аудандық мұғалімдер айтысы болатын. Ол сол айтыста Төменарықтық ақын Батырхан Жолановпен, Қандөздік Бағлан Елеуовтармен сөз жарыстырып айтыстың бас жүлдесін қанжығасына байлайды. Әбілхайырды өзі оқыған мектеп интернатының атынан алғаш айтысқа қатыстырған сол кездегі білім бөлімінің бастығы Ж.Жәнібеков пен №3 мектеп интернат директоры А.Файзуллаевтар еді. Кейін Қармақшы ауданында өткен облыстық мұғалімдер айтысына қатысып ақтық сайыста Қызылордалық Зухра Төлеповамен айтысып,

1-ші жүлдені иеленді. Содан бастап облыстық ақындар айтысында Серік Ыдырысов, Кенжебай Жүсіпов, Лена Әбдіқалықова, Жұмабай Шерниязов, Айнагүл Әбуова, Мұхтар Ниязов, т.б. көптеген айтыс ақындарымен сөз бәсекесіне түсіп, өнерін шыңдай бастады.

1995 жылы Ақтау қаласында өткен Республикалық ақындар айтысына алғаш қатысып, ақтық сайыста Атыраулық Шынарбек Қабиевпен айтысып, жүлделі екінші орынды иеленді.

1998 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» фестиваліне қатысып, «Айтыс» номинациясы бойынша үздік өнерімен танылады. Республикалық ақындар айтысында Серік Құсанбаев, Әселхан Қалыбекова, Ақмарал Ілеубаева, Аманжол Әлтаев, Қуаныш Мақсұтов, Мұхаметжан Тазабеков, Дәулеткерей Кәпұлы, Бекарыс Шойбеков, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев, Оразәлі Досбосынов т.б айтулы айтыс ақындарымен сөз бәсекесіне түсті.

Айтыс ақынын тәрбиелейтін айтыс сахнасы екендігін алға тартатын Әбілхайыр 2000 жылдан бастап республикамыздың барлық облыстарындағы ақындар айтысына арнайы шақырулар алып, қалмай қатысып жүрді. Ол бірде Алматыдағы республика сарайында өткен Тараздық ақын Айнұр Тұрсынбаевамен 3 сағаттық жекпе-жек айтысқа түсті. Айтыстағы ақын қыздың «Қарасың» деп әзілдеген жыр шумақтарына Әбілхайыр:

«Қарамын оны қалай жасыра алам,

Ондайға біздің көңіл жасымаған,

Қарасың деп сен мені кінәлайсың,

Қара қазан халықты асыраған...» деп орынды жауап қайтарса, қыз бен жігіт айтысын қыздыра түскен ақын:

«Қалмағын жырларыма назаланып,

Назалансаң назыңды жазам анық,

Атам айтқан ертегі еске түсті,

Аққуға ғашық бопты қарға барып.

Қарғаныңда қулығын қарасайшы,

Құс ішінен аққуды таңдап алып.

Өзімнің өң түсіме қарамастан

Ұнатып тұрмын менде мазаланып..

Қап-қара қайдан келген адам деме,

Ағарып келген бетім тазаланып...» деп көсіле жырлап, делебесі қозған ақын төкпелей жөнеледі.

Шындықты айту арқылы халық көңілінен шығып, арқалы ақын атанған Әбілхайыр Тараз қаласында Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған ақындар айтысында қазақтың «сары тентегі» атанған Қарағандылық Қуаныш Мақсұтовпен сөз қағыстырып, осы жөнінде былай деген екен:

Өсиет өнегемен өнген артық,

Жаман болып жүргенше сөнген артық.

Шындықты шырқыратып айту керек

Орын алғың келсе егер төрден шалқып.

Бауыржан атам айтып кеткендей-ақ,-

Не пайда жүрер болсаң кердең тартып.

Өтіріктің балын жалап күн көргенше

Шындықтың уын ішіп өлген артық...

Айтыс ақынының негізгі мақсаты да айтыстың тақырыбын ашып, халықтың көкейінде жүрген мәселелерді жырына арқау етіп, қарсыласының осал тұсын дөп басып, елдің көңілінен шығып, тартымды, қызықты айтыс сыйлау. Осы ретте ақын:

Айтыс десе арқырап

Делебем қозып дес бермей

Сан қиқуға саламын.

Кіргізіп көркін даланың,

Сырымдай шалқып ағамын.

Топқа түскен жүйріктей

Көсіліп кетіп барамын

Ағайын сізді көргенде

Ет жүрегім елжіреп

Алаңсыз естен танамын.

Жүйріктің сенде бірісің

Таудай биік талабың.

Бақ сынасып көрейік

Келгенінше шаманың.

Інімін десең ағамын,

Ірімін десең шабамын.

Айтқан сайын әйтеуір,

Арқаланып барамын.

Сөйлей бер сенде мүдірмей,

Сені қайдам өзімнің

Қызып тұр бүгін табаным,- деп көсіле жөнелгенде залдағы көрермен шаттана шулап қоя беретін.

Халықтың көкейінде жүрген қоғамдағы негізгі мәселелер ақын жырынан тыс қалмайды. 1995 жылы Орал қаласында өткен республикалық ақындар айтысында Талант Арынғалидің «Әбеке саясаттан сөз қозғағын...» деген сөздеріне сол кездегі сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрестің өз дәрежесінде жүргізілмей жатқандығын, ел жағдайының аса мәз емес екендігін тілге тиек еткен Ә.Сыздықов:

«Қалып қоймай қиындық іргесінде,

Бұйыртып баянды өмір сүресің бе,

Саясаттың сорпасын сапырайын,

Шындыққа шындап көңіл түресің бе,

Жалған байлық кедейдің барында бар,

Қалған байлық байлардың үлесінде,

Бұл не сұмдық, бітпейтін бұл не кесел,

Жемқорлар жемқорлықпен күресуде,

Осындай саясатты көріп тұрып,

Ағайын жылайсың ба, күлесің бе» деп жырлайды.

Өнердегі қол жеткізген жетістіктері үшін 2000 жылы «Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты» атанып, «Облыстың үздік ақыны» номинациясын иеленді. Осы жылы «Ақпарат. Қоғам. Келісім.» министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталады.

Әбілқайырдың ақындық таланты көпшіліктің назарына ілініп, оның ақындық өнері мемлекет басшылығының назарына да ілінді. «Сіз – қалтқысыз қажырлы еңбегі осындай берік іргеге өрілген өрелі жанның бірісіз. Осынау қиындығы көп жолда жанымда өздеріңіздей замандастарымның болғанын мен мақтан етемін» - деп жазды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2001 жылғы Әбілхайыр Сыздықовқа жазған алғыс хатында.

2004 жылы Алматыда айтыстың айтулы жүйріктерінің бірі Оразәлі Досбосынов пен Әбілхайыр Сыздықовтың арасында 2 сағатқа созылған жекпе-жек айтыс өтеді. Сол айтыста көптеген мәселелер көтеріліп, ақындар жырына арқау болады. Оразәлі:

«Желдің басын жел алар,

Сеңнің басын сең алар,

Айналайын Әбеке,

Біздерде мынадай жоба бар,

Кешегі жүрген бас бұзар,

Депутаттық шен алар,

Саудасы жүрген саудагер,

Ертең министр боп алар,

Елді ойлаған адал ер,

Демі біткен күні демалар.

Әбілхайыр жинап есіңді,

Орны бар ортан жіліктей,

Сөзіңді айтқын кесімді»,-десе, Әбілхайыр табан астында елдегі келеңсіздіктерді жыр етіп:

«Шындықты айтам шырылдап,

Жақпаса да жақса да,

Құлағың сал сен де Ораз,

Байлықты беріп жатырмыз,

Инвестор деген қасқаға,

Шаша берсек байлықты,

Болашақ ертең ұрпаққа,

Қалары қу тас қана,

Батыстың көріп киносын,

Еліктейміз басқаға,

Немеремді бағам деп,

Базарда отыр қарт ана,

Қос қөзінен жас тама,

Еліміздің ертеңі,

Папка орнына дорба ұстап,

Пойыз бен базар жағалап,

Жаутаңдап жүрген жас бала,

Қазақтарға әлі де,

Берілмей жатыр баспана,

Көшеде халық босып жүр,

Жұмыс іздеп тосып жүр,

Бұл не деген масқара,

Ел тоқ болсын десеңіз,

Амандық беріп патшаға,

Сабыр беріп халыққа,

Патшаның жүрген маңында,

Ынсап берсін басқаға»,-деп қарымта жауап қайтарып, қайырады.

Ақын Әбілхайыр Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтің шығармашылық өнер мектебінің директоры ақын Адырбек Сопыбековтен дәріс алып, шығармашылығына бағыт-бағдар алып отырды. Мәдениет үйі жанынан ашылған осы шығармашылық өнер мектебінің ең алғашқы түлектерінің де бірі

Ә. Сыздықов болатын. Сол кездердегі жас ақынның өнерінің ұштала түсуіне жергілікті ақын А.Сопыбеков, ақын, жырау Н.Тастаевтардың да еңбегі зор болды. Шығармашылығын шыңдай жүріп, 1993 жылдан бастап Ә.Сыздықов ауданымыздың мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне өзіндік үлесін қоса бастады. Автоклуб меңгерушісі болып алғаш жұмысқа орналасқан Әбілхайыр өнер адамдарымен бірге елді мекендерден шалғай жерлерде қоныс тепкен қойшылардың шаңырақтарында болып, елдегі болып жатқан игі жетістіктер мен жарқын жаңалықтарды жыр жолдарымен жеткізіп, қойшылар қауымына:

«Бұйыртып талай жерді аралаған,

Әрқашан өлең-жырды паналаған,

Ауданның жаңалығын жеткізем деп,

Алдыңа келіп отыр қара балаң..», деп жырдан шашу арнайтын. Аудан көлеміндегі көптеген мәдени көпшілік шаралардың да басы қасында жүріп «Арнау» өлеңдерін арнады. Кейіннен аудандық мәдениет үйінің әдіскері, Қоныстық мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарды. 2004 жылы Түркістан қаласындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін тамамдап, жоғары білім алып, 2004 жылдан бастап ауданымыздың мәдениет саласын басқарып келеді. Ақындар айтысында өзіндік өнерімен танылған Ә.Сыздықов 2000 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, облыс әкімінің степендианты, «Облыстың үздік ақыны» номинациясын иеленді. 2003 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2003 жылы аудан әкімі Нажмадин Мұсабаев Әбілхайырдың өнердегі орнын бағалап «Жигули» автокөлігінің кілтін табыс етті. Республикалық ақындар айтысынан бас жүлдені жеңіп алып «Волга» автокөлігімен оралған Ә.Сыздықовқа аудан орталығынан тұрғын үй алып берді. Айтыс өнерінің айшықты белестерін бағындырған Ә.Сыздықов 3 мәрте республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін, бірнеше мәрте бірінші, екінші, үшінші жүлделі орындарын иеленді. Ақындар айтысынан 2 «Волга» автокөлігін еншіледі. Ақын поэзияға да зейін қойып, көптеген өлеңдер жазып жүр. Оның «Мұхтар Шақановқа» деген өлеңіндегі:

Бақыт табамын, жетемін десең мұратқа

Ана тіліңді биіктен сірә құлатпа

Мықтымын деген Мұхтарлар көп қой өмірде

Шырылдап жүрген Шаханов жалғыз бірақта...

өлең жолдары ақиық ақынның теңдесі жоқ екендігін жеткізеді. Сондай-ақ «Мен қазақпын» өлеңіндегі:

Мен қазақпын Қасымнан қалған қасқамын

Әз Тәукелермен жауымды қуып тастадым

Жәнібек, Керей, Есімхандармен ес жиып,

Абылай салған ақ жолды қайта бастадым...

деп тарихтан сөз қозғайды.

2003 жылы аудандық мәслихаттың депутаты болып, ауданымыздағы мәдениет саласының негізгі проблемаларын шешуге, атап айтқанда мәдениет ошақтарын күрделі жөндеуге, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржылар бөлгізуге едәуір ұсыныстар жасады. 2004 жылы мемлекеттік қызметке орналасқаннан кейін, депутаттығы тоқтатылды.

Ә.Сыздықов 1994 жылы өмірлік теңін тауып, жары Сабираға үйленеді. Қазірде бір қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған абзал әке. Балаларының бәрінің бойында ақындық қабілеттің ұшқындары байқалады.

Сонымен қорыта келгенде, айтыс халқымыздың ғасырлар бойғы кәсіп-тіршілк,әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты туып,ел өмірімен ертеден біте қайнасқан әдеби-мәдени мұра.Ол өзінің туды-бітті белгі-сипаттарымен әдебиетіміздегі басым сала- лиро-эпикалық, эпостық жырлармен қатар дамыды,тіпті, сол жанрларға түр мен мазмұны жағынан белгілі бір дәрежеде игі әсер – ықпал жасап келді.

Айтыс қашаннан ел жағдайында ақындықты ұштап жетілдірудің, ақын болып танылудың дәстүрлі мектебі саналған.Мұнда әйгілі суырып салма ақындардың әлденеше дүркін өкілдері өсіп жетілді.Осы табиғи ерекшеліктерімен айтыс халқымыздың рухани талап-тілектерін өтей отырып, елімізбен бірге ұзақ жасай берері сөзсіз.

Менің ойымша, Әбілхайыр – қарсыласын тап бастырмайтын, ойға жүйрік, сөзге шешен, қызба мінезді, суырыпсалма ақын. Ол ана тілінің құдіретін халқына жеткізе білетін, айтыс өнерінің шебері.

«Өнер алды қызыл тіл» дегенді бабаларымыз осындайдан кейін айтқан болар.

Ұсынысым:

1.Айтыс өнері облыс, аудан көлемінде жиі ұйымдастырылып, кеңінен насихатталса.

2.Аудан көлемінде мектеп оқушылары арасында «Жас ақындар» сайысы қолға алынып, белгілі бір тақырыптар бойынша айтыс ұйымдастырылса.

3. Барлық мектептерде аудандық білім бөлімінің үйлестіруімен «Жас ақындар мектебін» ұйымдастыру қолға алынса.

4. Жас ақындардың мәртебесін көтеру үшін арнайы марапаттаулар берілсе.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Сопыбеков Манаптың бір өзі-бір театр Алматы-2004ж

2.Қазақ халық әдебиеті ІІ том Алматы-1998ж

3.Сыр өңірінің мәдениеті Алматы-2009ж

4. Көкірегі күмбірлеген – Нұрберген Үш қиян-2009ж

5.Қазақ әдебиеті Мектеп-2009ж 9 сынып

6. «Айтыс» газеті №1 27 ақпан 2004 ж

7. Жаңақорған тынысы 18 қазан 2008 ж





















Маманның рецензиясы

Жерлесіміз ,айтыс ақыны Әбілхайыр Сыздықов туралы «Арынды ақын- Әбілхайыр» атты ғылыми жобаның тілі тартымды, алдына қойған мақсаты айқын, сауатты.

3 ә сынып оқушысы Кешубай Әсел ақынның өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, айтыста қол жеткізген жетістіктері мен ұтымды уәждерінен мысал келтірген.Айтыс кезінде ақын көтерген әлеуметтік мәселелер мен қоғамдағы келеңсіздіктерді сынаған ұрымтал тұстарына тоқтала отырып, жобаның ғылымилығына, тәрбиелік мақсатына ден қойған.

Ұсыныстары мен пікірлерін білдіре отырып, жоба жазудағы мақсатына жеткен.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: А.Әміржанова





Сынып жетекшінің пікірі

Оқушым Әсел Кешубаева «Сөйлеші, тілім, жосылып » атты ғылыми жоба байқауына өзінің «Арынды ақын - Әбілхайыр» атты зерттеу жұмысын ұсынып отыр. Жас зерттеуші Әсел жобада Сыздықовты сан алуан қырынан зерттеп, айтыскер ақынның сөз тапқырлығына, ұшқыр ойлылығына, сөз маржанын тереңінен терген от ауызды, орақ тілді ақын екендігіне көз жеткізеді. Оқушым Кешубаева Әсел келешегінен үміт арттырар дарынды шәкірт .

Ақын шығармашылығын насихаттау, зерттеу жұмысын жүргізу «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ғана емес, үнемі кеңінен зерттеліп, көпшілікке жеткізер ойлары жалғасын табады деп ойлаймын.



Сынып жетекшісі: Ертаева Айымкүл





Аннотация

Оқушы «Арынды ақын-Әбілхайыр» атты ғылыми жобасында жерлесіміздің шығармашылығы әлі зерттелмеген, Сыр Сүлейлерінің ізін жалғастырушы айтыс ақыны Әбілхайыр Сыздықов туралы біршама мәліметтер келтіреді.

Зерделі жас жобада ақынның өмір жолына, шығармашылығына тоқтала келіп, айтыста өнер сайысы, шешендік сөз сайысы ретінде қарастырып, Әбілхайырдың айтыс кезіндегі суырыпсалмалығын, қиыннан қиыстырар тапқырлығына, ұтымды уәждеріне ерекше мән береді.Жас зерттеуші газет материалындағы, қосымша әдебиеттердегі, жинақтардағы дәйектемелерді тиімді пайдалана отырып, Әбілхайыр Сыздықовты Сыр Сүлейлерінің ізін жалғастырушы екенін, айтыстың арынды дүлдүлі екенін дәлелдеуге тырысады.

Оқушы ақынның шығармашылығының әлі зерттелмегендігіне орай, өзінше ұтымды ұсыныстар мен өзінің ой пікірлерін жеткізе білген.

Бұл ғылыми жобада ауданымыздың төл перзенті арынды айтыс ақынын қадірлеуге, қастерлеуге шақырады. Қазақ тілі мен қазақ мәдениетіне деген шынайы жанашырлық айқын сезіледі.

Мектеп директорының ғылыми

істер жөніндегі орынбасары: Ә.Әділханов


Аннотация

Ученица в своем научном проекте «Могучий поэт Абильхайыр» дает немало сведений о нашем земляке, последовавшим по пятам знаменитых акынов Сыр, и чье творчество еще не исследовано.

Молодой знаток в своем проекте, остановливаясь на жизни и творчестве поэта, рассматривает айтыс как искусство слова, ораторское искусство также большое внимание уделяет игровому искусству на домбре во время айтыса, его своевременной находчивости, доказательствам.

Молодой исследователь, полезно используя основные источники из газетных материалов, дополнительных литератур, сборников, старается доказать, что Абильхайыр Сыздыков – последователь великих акынов Сыр, что он тоже относится к всемогущим акынам.

Ученица, не смотря на еще не исследовавшее творчество поэта, по-своему дает полезные рекомендации и делится своими мыслями.

В данном проекте призывает уважать, почитать нашего земляка, сына своей земли, Абильхайыра поэта айтыса.


Заместитель директора

по научной части: А.Адильханов.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Научная работа Арынды а?ын - ?білхайыр

Автор: Ертаева Айымкуль Бауыржановна

Дата: 02.02.2015

Номер свидетельства: 166005


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства