kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көпмәдениетті білім беру үрдісінде тұлғаны сыни тұрғыдан тәрбиеллеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көпмәдениетті  білім беру үрдісінде тұлғаны сыни тұрғыдан тәрбиеллеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көпмәдениетті білім беру үрдісінде тұлғаны сыни тұрғыдан тәрбиеллеу»


Көпмәдениетті білім беру үрдісінде тұлғаны сыни тұрғыдан тәрбиелеу


«Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге басқа, көрші ұлт тілдерінің де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал»

Бауыржан Момышұлы


Бүгінгі Қазақстан ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата-баба арманын жүзеге асырды. Егемендікке ие болған, арайлап атқан елдіктің ақ таңы бар,қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қауымдастық өкілдері құлақ асатын беделді мемлекет. Қазақстан әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасып, бәсекеге қабілетті, өзіндік даму жолын таңдаған қуатты мемлекеттердің біріне айналды. Егеменді еліміздің тірегі - білімді, тәрбиелі ұрпақ. Қазіргі таңда әр мұғалім сабағын жаңаша ұйымдастырып, әрдайым ізденісте болуы тиіс.Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер оқыту үрдісінде жаңа әдіс тәсілдерді енгізуді талап етеді. Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, көпмәдениетті білім беру үрдісінде тұлғаны сыни тұрғыдан тәрбиеллеу маңызды. Қазіргі қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда.Сондықтан осы қоғамға бейімделген көптілді меңгерген,көпмәдениетті тұлға қалыпастыру – өзекті мәселе болып табылады.

Көпмәдениетті тұлға дегеніміз-туған жерінің, халқының мәдениетін білетін,қастерлейтін, мақтан ететін, өзге халықтың мәдениеттеріне құрметпен қарайтын, еліміздегі өзге ұлтты халықтармен ынтымақтастықта өмір сүре алатын азамат.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай, әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз.Сондай биік белестердің бірі- Қазақстанның дүние жүзінде бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуы керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарын көрсетті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отыра, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді: қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін еркін білуі тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.

Көптілділік-көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі.Қарым-қатынас жағдайында шет тілдерінде сөйлей алатын, түсінетін және қолдана алатын адамды көптілді адам деп айтуға болады. Көптілділік ұлттардың өзара түсініктері мен әріптестігіне, туған тілдерінің дамуы мен байытылуына, сонымен қатар адамның жалпы мәдениетінің жоғарлауына әсер етеді. Тарихта көрсетілгендей ғылым, білім және мәдениеттің танымал өкілдері тек өз туған тілін білуімен ғана шектелмеген. Кең әрі бай көптілділік кеңістігі ұлттың өмірлік күшінің, оның шығармашылық потенциалының айқындалуы болып табылады.

Туған тілді шетел тілімен қоса оқыту практикасы мен ғылыми зерттеулерге сүйенсек, тілдердің өзара байытылуы мен оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына деген оң әсер еткенін дәлелдейді.

Көптілді білім беруді іске асырудың негізін қалаушы идеялар мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтінінде:

  • оқушылардың сұраныстары мен мүдделеріне сәйкес әртүрлі тілдерді қолдануды ынталандыру әрі уәждеу;

  • мәдениетаралық қарым- қатынас машықтарын қалыптастыру;

  • тіл арқылы тұрақты білу стратегиясы, нақты мәдениеттердің ерекшеліктері және олардың өзара әрекеттестігінің ерекшеліктері;

  • оқушылардың мәдениеті өзге сұхбаттасушыларымен бірыңғай кеңестік құру қабілеті;

  • мәдениеттердің айырмашылықтары туралы білім мен машықтардың негізінде орын алып жатқандардың маңызы;

  • мәдениеттер арасындағы делдал бола отырып, осы айырмашылықтарды талқылау керек, әрі оған деген көзқарасыңды өзгерту қажет;

  • көптілді білім беру сабақ және сабақтан тыс қызмет арқылы іске асыру.

Көптілді, көпәдениетті үйрену қиын да, қызықты жұмыс. Бүгінгі күннің талабы ұстаздарға жаңа технологиялық әдіс-тісілдерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру болып табылады.Мектепте жаңа технологиялар арқылы көптілділікті үйретудің сапасы мен мазмұны артады. Көптілді оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды.Ағылшын тілі пәні бойынша оқушы ережелерді жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет.Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгеру тиімді болып табылады.

Болашақтың кілті –білімде екенін түсінген оқушылар өздеріне қойылып отырған жауапкершілікті толық сезінеді. Көптілді білуге ұмтылыс пен әлемдік көпмәдениетке араласу үдерісіне әрқайсымыз өз ана тілімізді және болашаққа қалдыратын мұрамызды ұмытпауымыз керек. Басқе елдердің тілімен, мәдениетімен таныспай біз ұлттық мәдениетімізді толық түсіне алмаймыз.

«Тәрбие талбесіктен басталады» демекші халықаралық қатынас тілін бүлдіршін кезінен бойына сіңіргеніміз жөн. Заманның қажеттілігі, бүгінгі күннің талабы- тілді меңгерту. Көпмәдениетті білім беру бала-бақшадан, мектептен басталады. Өзге ұлт өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болу дағдыларын қалыптастыру әрбір азаматтың міндеті болып табылады.

Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды санайды. Сондықтан, біз де халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалыс қалмауы үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл- заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам болашақта қабілетті де қажетті тұлғаға айналады.

«Тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының» негізгі мақсаты білім сапасын арттыру болып табылады. Білім сапасын көтеру дегеніміз –ХХI ғасырдың жан- жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын қалыптастыру. Сондықтан, оқушыны осы деңгейге көтеру үшін әрбір мұғалім сабақтарында жаңа технологияларды тиімді қолдануы қажет.

Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру- мұғалімдердің алға қойған мақсаты. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-озық технологияларды жетік игеріп,оны өз тәжірибесінде күнделікті қызметінде пайдалана білу. Сын тұрғысынан ойлау-креативті тұлғаны қалыптастырудың бір жолы. Сыни тұрғысынан ойлану әдіс- тәсілін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артқаны байқалады. Бұл әдіс-тәсілдер оқушыларға:

- еркін ойлауға мүмкіндік береді;

- ақыл - ойын дамытады;

- шығармашылық белсенділігі артады;

- ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

- тіл байлығы жетіледі;

- жан-жақты ізденеді;

- өз ойын жеткізеді;

Сыни тұрғыдан ойлау модулі өте ерекше себебі, мұнда бінеше модулддер байланыс тапқан. Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді; диалогтық оқыту жолдарын пайдалана отырып, оқушылар әртүрлі ой толғаулар айтады, өз ойлау қабілеттерін машықтандырады. Сыни тұрғыдан оқыту бұл оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, өз ойын ркін жеткізуге үйретеді.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін дамыту үшін, диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушылардың тілдері ағылшын, орыс тілінде сөйлеуге төселіп қалды.

Әдебиеттік оқу, бейнелеу, музыка сабақтарында өзге ұлттың ақын жазушыларының өмірімен, тұрмыс тіршілігімен, мәдениетімен танысып, суретті тақырыпқа мазмұнды, шағын мәтін құрай алады.Әсіресе, оқушылардың қызығатыны жұмбақ шешу. Олардың жауабын үш тілде айтуға дағдыланды. Сергіту сәтін де үш тілде айта алатын дәрежеге жетті. Оқушыларды ойната отырып, ойлау, білу дағдысын қалыптастырып, үш тілді қатар меңгеріп келуде.Мен өзгерістерге толы сабақтарымда оқушыларымның әлеуметтенуіне жағдай жасау арқылы егеменді елімнің болашағына өз үлесімді қосатыныма қуаныштымын.

Ағылшын- қазақ тілін әлемге танытатын тіл .Әлем таныған ел болу үшін үш тұғырлы тілдің жұлдызын биіктетуіміз керек.Тіл қастерлі де, қасиетті ұғым. Бүгінгі алдымызда отырған бүлдіршіндер – ел ертеңі. Олай болса, «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл» қағидасын жадымыздан шығармай, алдымен ана тілімізді, содан соң өзге тілді игертуде аянбай еңбек етуіміз керек. Сонымен бірге ана тілімен, мәдениетімен байланыстар сақталып, тұлғаның көпмәдениетті қоғамға шиеленіссіз енуі мен көпмәдениетті кеңістікке бірігуі іске асады.

Мұндай жағдайда педагогтың кәсіби шеберлігі әрбір сабақта ерекше маңызға ие бола бастайды. Көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қызмет адамның бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге көмектесуі қажет.

Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар қойылады:

- жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;

- мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көұлтты еліміздің өмір жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір сапаларын арттыру;

- еліміздің білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, көпмәдениетті және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да көпмәдениетті тұлға:

  • өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін;

  • жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын;

  • дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс.

Үш тілде білім беру- көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.

Елбасының бастауымен қазақ халқы әлемге танылды.Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі- Тәуелсіздік. Ендігі ұрпақттың мақсаты- мол біліммен қаруланып, кең байтақ жерімізді қорғау.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда балаларымыздың биіктен көрінуіне жаңашылдығымыз бен жан- жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін, оның бойында төл тарихына, туған өлкесіне, бай мәдениетіне деген құрметін арттыратын адам-ұстаз.





Әдебиеттер тізімі:


1.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, Ақорда 2012 ж.

2. 2007 жылғы 27шілдеде қабылданған Білім беру туралы заңы, №319-III

3.Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №4 (112) 2016

4.Тренер –EDUCATION №1 (16) Ақпан 2016





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Көпмәдениетті білім беру үрдісінде тұлғаны сыни тұрғыдан тәрбиеллеу

Автор: Артикова Коммуна Зиядиновна

Дата: 05.01.2019

Номер свидетельства: 493822


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства