kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен орта буын о?ушыларын тексеруге арнал?ан дидактикалы? тапсырмалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орта буын о?уышларына арнал?ан дидактикалы? тапсырмалар. Оны? ішіне м?тіндер, грамматикалы? тапсрымалар кіреді. 5-9 сынып о?ушыларына арнал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен орта буын о?ушыларын тексеруге арнал?ан дидактикалы? тапсырмалар»

  1. Мәтіннің мазмұнын айтып бер.


Алтыбақан


Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, қыз қуу, бәйге, тоғызқұмалақ, алтыбақан.

Алтыбақан - халқымыздың ұлттық ойын-сауығының бір түрі. Алтыбақан көшпелі халық үшін қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады. Жастар ауыл сыртындағы алтыбақанға жиналып, көңіл көтереді. Екі жас алтыбақанда тербетіліп, ән салады. Оларды жанында құрбылары тербетіп тұрады. Ойын көпшілікке арналған. Ойынның бұл түрі көп жерде кездеседі.



  1. Тәуелдік жалғау.

  2. Оқушы сөзін тәуелде.


  1. Мәтінді оқып, Менің отбасым тақырыбына әңгімеле.


Менің отбасым


Менің отбасымда 5 адам бар. Олар: әжем, әкем, анам, ағам және мен. Менің әжем зейнеткер. Әкем - дәрігер. Анам - мектепте жұмыс істейді. Ағам - студент. Мен - оқушымын. Біз Тараз қаласында тұрамыз. Біздің отбасымыз өте тату.



  1. Үндестік заңы.

  2. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса.

Біздің отбасымыз өте тату.


  1. Мәтінді оқып, өзің туралы әңгімеле.


Өзім туралы


Менің атым – Қайсар, фамилиям Досболов.

Мен 11 жастамын. Туған жерім – Қазақстан. Қазір Тараз қаласында, Жамбыл даңғылында, №52 үйде 4-пәтерде тұрамын. Мен қазір 40-мектепте, 5-сыныпта оқимын. Сыныпта Асқармен бір партада отырамын. Мен қазақ тілі пәнін ұнатамын. Менің бос уақыттағы ермегім – қызықты кітап оқу, музыка тыңдау


  1. Фонетика. Буынның түрлері.

  2. Мектепте сөзіне фонетикалық талдау жаса.







  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер.


«Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» деген ұғымды білдіреді. Әрине сендердің алғаш оқуға барған күндерің мәңгі естеріңде қалатыны сөзсіз.

Алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп директоры, ата – аналар құттықтап, жақсы тілектер айтты.

Мектепте «Оқушыларға арналған ереже» бар: жақсы оқу, үлгілі болу, белсене қатысу. Осы барлық ережені оқушы орындаса, келешекте сауатты, білімді, мәдениетті болады. Міне, бұл - мектептің ең басты міндеті.


  1. Қазақ тіліндегі сөз құрамы.

  2. Мектеп, сынып сөздерін тәуелде.

  1. Мәтіннің мазмұнын айтып бер.


Біздің гимназия

Біз қырқыншы гимназияда оқимыз. Ол 1981 жылы ашылды. Қырқынша гимназия алтыншы ықшамауданда орналасқан. Ол үлкен, үш қабатты.

Сынып бөлмелері кең, жарық. Мектептің екінші қабатында кітапхана бар.

Бірінші қабатта үлкен асхана бар. Асханада аспаздар бізге дәмді тағамдар дайындайды.

Мектепте компьютер кабинеттері бар. Ол кабинеттерде мұғалімдер интерактивтік тақтаны пайдаланып, қызықты сабақтар өткізеді. Және біз онда интернетпен жұмыс жасаймыз , презентациялар дайындаймыз.

Мектептің ауласында спорт алаңдары бар. Онда біз жаттығамыз.

Біздің гимназияда оқушылардың жақсы оқып, білім алуына барлық мүмкіндік жасалған.


  1. Қазақ тіліндегі жалғаудың түрлері. Көптік жалғау

  2. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді тап.

  1. Мәтінді оқы, мазмұнын айт.


Шахмат ойыны

Шахмат бұдан екі мың жылдан бұрын Үндістанда пайда болған. Шахматты алғашында төрт адам ойнаған. Бұл ойын Үндістаннан Қытайға, Малазияға, Иранға тараған. Одан кейін көршілес Шығыс елдеріне, Орта Азияға белгілі болған.

«Шах» - парсы сөзі , «мат» - араб тілінде өлді деген ұғымды береді. Қазақ тілінде шахмат – «патша өлді » деп аударылады.

Қазақ жастарының арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер - Болат Асанов.


  1. Етістік. Етістіктің шақтары.

  2. Төмендегі етістіктерді шақтарға байланысты бөліп жаз.

Аударды, аударады, айтып жүр, ойнаған, айтып жатыр.




  1. Мәтінді оқып, аудар.


Шахматшы Берік

Шахматта қазақ жігіттерінің арасынан тұңғыш рет спорт шеберінің атағын алған – Берік Әнетбаев. Берік 1952 жылы туылды. Орта мектепті бітірген соң Мәскеудегі орталық мемлекеттік дене шынықтыру институтының шахмат бөліміне оқуға түсті. Институтта оқып жүргенде «Буревестник» қоғамының намысын қорғады. Дарынды жас талап өзінің еңбек сүйгіштігімен шахмат шеберлерінің назарын аударды. Солардың ақыл кеңесімен шеберлігін шыңдай түседі. 1971 жылы Ташкент қаласында өткен аймақтық жарыста Берік жүлделі орынға шығып, спорт шеберінің нормасын орындады.


  1. Етістік. Болымсыз етістіктің жасалуы. Мысал келтір.

  2. Берілген етістіктерден болымсыз етістік жаса, сөйлем құр.

Бол, ойна, бер, қатыс


  1. Мәтінді оқып, аудар.


Мектеп

Мектеп өмірі тамаша. Өзіңе жолдас табасың. Мектеп қабырғасында оқушылар көп нәрсеге үйренеді. Оқушылар жақсы оқуға тырысады.

Олардың жандарында әрқашан мұғалім болады. Әр оқушының сауатты, білімді, тәртіпті болуына ұстаздар көп еңбек етеді.

Ал оқушылар жақсы азамат болуға тиісті. Ол үшін мектепте ұқыпты, үлгілі оқушы болу керек.


  1. Есімдік. Есімдіктің түрлері. Мысал келтір.

  2. Мына сөйлемнен есімдікті тауып, оны септе.

Бұл көл «жасыл көл» деп аталады.


  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып бер.



Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Бұл күн – Қазақстан тарихына «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды.

Сондықтан да 16 желтоқсан – бүкілхалықтық мереке. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.


  1. Сан есім. Сан есімнің түрлері. Мысал келтір.

  2. Берілген сан есімдерді мағынасына қарай бөліп жазыңдар.

Біреу, жетінші, оннан екі, алтау, жүз елу.



  1. Мәтінді оқып, жалғастыр.


Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жыл басы, көктемнің бірінші айы. Наурызда күн жылына бастайды. Қар ериді, сайларға су тола бастайды. Өзен, көлдердің мұздары бұзылады. Құстар ұшып келеді. Қыста ұйықтайтын аңдар, жәндіктер оянады. Көк шығады, далада бәйшешек гүл жарады.

Наурыз айында аналар мерекесі, Жаңа жыл мерекесі болады. Біз Наурызды асыға күтеміз


  1. Сын есім. Туынды сын есімнің жасалуы. Мысал келтір.

  2. Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды сын есім жаса. Әр сөзбен сөз тіркестерін құра.

Күш, көктем, мемлекет, тәртіп, пайда, өнер, тарих.


1. Мәтінді оқып, мәтіннің мазмұнын айтып бер.


Алматы

Алматы – Қазақстандағы сұлу, әсем қала. Ол Алатаудың баурайында, Кіші Алматы өзенінің жағасында орналасқан. Ол еліміздің ең үлкен қаласы. Алматыда екі миллионнан астам тұрғын тұрады. Алматы қонақжай, меймандос қала. Мұнда қонақтарды қарсы алатын мәдени орындар, зәулім қонақ үйлер көп. Соладың бірі «Қазақстан » қонақ үйі. Ол 25 қабатты, 472 қонақ бөлмесі бар мейманхана.

Қаланың көрнекті жерлерінің бірі « Медеу» мұз айдыны. Оның трибуналары 12 мыңнан астам көрерменге арналған.


  1. Етістік. Туынды етістіктің жасалуы. Мысал келтір.

3. Берілген сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдырып жаз. Бір етістікті пайдаланып, сөйлем құра.

Би, ой, бас, бейне, сан, бас.


  1. Мәтінді оқып, аудар.

Тәуелсіз Қазақстан

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды.

Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Туған жерімізде көптеген өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.

Қазақстандағы әрбір азаматтың борышы – еліміздің тыныштығын, халқымыздың бірлігін сақтау.

  1. Синоним, антоним. Мысал келтір.

  2. Төмендегі сөздердің синонимін тап, сөйлем құра. Әдемі, тамақ, мереке, әділ




  1. Мәтінді оқы. Осы мәтінді негізге ала отырып, өз отбасың туралы әңгімеле.


Біздің отбасымыз


Біздің отбасымызда алты адам бар. Менің атым – Олег, 5-сыныптың оқушысымын. Жасым 11-де. Отбасымыздың басшысы - әкем. Ол зауытта жұмыс істейді. Жасы 45-те. Анам 40 жаста. Анам мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ағам ауыл шаруашылығы институтында оқиды. Жасы 19-да. Інім 8 жаста. № 19 орта мектептің 2-сынып оқушысы. Қарындасым бастауыш мектепте 1-сыныпта оқиды.

Менің екі атам және әжем бар. Олар - әкем мен шешемнің ата-аналары. әкемнің әке-шешесі ауылда тұрады. Нағашы атам мен әжем қалада тұрады. Олар – зейнеткерлер.

Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және құрметтеймін.



2.Фонетика. Дыбыс үндестігі. Мысал келтір.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, олардың жалғану себебін түсіндір.

-(-ның, -нің , -дың, -дің, -тың, -тің) орындық.... аяғы, пәтер..... нөмері, әжем..... әні, қоңырау... үні.


  1. Мәтінді оқып, мәтіннің мазмұнын айтып бер.


Спортзал .

Мектепте үлкен спортзал бар. Спортзал бірінші қабатта. Залдың оң жағында киім шешетін бөлме бар. Сол жақ қабырғада басқыштар бар. Есіктің қасында үстел тұр. Үстелдің үстінде журнал және кітап жатыр. Спотзалда басқа да спорт бұйымдары бар. Сәрсенбі күні сағат сегізде бізде бірінші сабақ – денешынықтыру. Денешынықтыру сабағы спортзалда өтеді.

  1. Шылау. Мысал келтір.

  2. Ұстаз сөзіне фонетикалық талдау жаса.


  1. Мәтінді оқып, аудар.

Менің сүйікті пәнім

Мен бесінші сыныпта оқимын. Менің сүйікті пәнім қазақ тілі. Бұл пән маған қиындау, бірақ оны сүйіп оқимын. Болашақта бұл қиындықты жеңемін. Қазір мен берген сұрақты түсінемін, оған жауап бере білуге тырысамын. Өзім де достарыма қазақша сұрақ қоя алатын болдым. Сабақта біз жаңа сөздермен танысамыз, бір- бірімізбен қазақша сөйлесеміз. Сөзжұмбақтарды шешеміз. Мен үйде қазақ тіліне көп әзірленемін, себебі көп тілде сөйлегім келеді. Қазақ тілі менің сүйікті пәнім.

2.Етістіктің шақтары. Осы шақ. Мысал келтір.

3. Мәтіннен келер шақта тұрған сөздерді тап.






Мәтінді оқып, мәтіннің мазмұнын айтып бер.


Немересі мен атасы.


Нұрланның атасы қартайды. Ол жүре алмайды, көзі көрмейді, құлағы естімейді. Нұрлан атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығады. Оның беті- қолын жуғызады, сүлгісін әпереді. Нұрлан атасының төсегін салады, көрпесін жабады.атасы немересіне алғысын айтады.



2.Етістіктің шақтары, келер шақ. Мысал келтір.

3. Көп нүктенің орнына келер шақтың жұрнақтарын қойып жаз.

Ол ерте тұр...ды. Елімізде жаңа мектептер салын…ды. Мұғалім оқушылармен әңгімелес…ді. Асқар келешекте жақсы оқ...ды.




1. Мәтінді оқып, мәтіннің мазмұнын айтып бер.


Көктемгі демалыс .


Мен көктемгі демалыста Астанада болдым. Астана - үлкен, әсем, жас қала. Астана – мәдениеттің қаласы. Онда мемлекеттік мұражай, «Конгресс холл», «Салтанат сарайы», «Синема сити» кинотеатры бар. Көктемгі демалысымда Астананың «Бәйтерек», «Достық кешенінде» болдым. Астанада биік, әсем, зәулім үйлер салынып жатыр екен. Есіл өзенінің жағасын араладым. Демалыс кезінде су бетіндегі керемет шоуды тамашаладым. Маған Астанадағы болған көктемгі демалысым ұнады.


2. Зат есім. Жалқы есім.

3. Мәтіннен жалқы есімдерді тап.


  1. Мәтінді оқып, мәтін мазмұнын әңгімеле.


Қазақ тіл білімінің атасы.


Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының атақты ақыны, дарынды ұстазы, қазақ тілі білімінің атасы. Ол 1873 жылы Торғай облысы. Торғай уезінде туған.

Ахмет Байтұрсынов еңбек жолын бала оқытудан бастаған.

Ол қазақтың тұңғыш әліппесін, оқулықтарын жазды. Ахмет Байтұрсынов жазған мектеп оқулықтары 1914 жылдан 1928 жылға дейін пайдаланды. Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог ғалым болған.


  1. Жіктік жалғау.

  2. Мына сөздерді сөз құрамына талда

Оқушысынан, емтихандарға



  1. Мәтінді оқып, мәтіннің мазмұнын айтып бер.


Сенің ана тілің


Біздің елімізде қазақтар, орыстар, немістер , ұйғырлар, татарлар тұрады. Немістің ана тілі – неміс тілі, орыстың ана тілі – орыс тілі. Кейбір адамдар бірнеше тіл біледі. Ол – дұрыс. Бірақ ана тілімізді басқа тілдің бәрінен жақсы білуге тиіспіз . «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте !» деген белгілі ақын Қадыр Мырза Әли.


  1. Жалғау түрлері. Септік жалғау.

  2. Сынып сөзін тәуелдеп, бір сөйлем құра.




  1. Мәтінді оқып, әңгімеле.


Сүт тағамдары


Сүт тағамдары- айран, қымыз, шұбат, ірімшік, қаймақ, май, құрт, т.б.. Сүт тағамдары дүкенде және базарда сатылады. Сүттен көп тағамдар әзірленеді. Бие сүтінен қымыз әзірлейді.Ал түйе сүтінен шұбат әзірлейді. Қымыз бен шұбат жасау үшін сүтті ұйытады. Сүт ақ, дәмді және пайдалы тағам.



2. Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай

3. Берілген сөздерден салыстырмалы шырай жаса. Үлкен, тар, дәмді, қатты


  1. Мәтінді оқып, 5 сұрақ қой.


Жазғы демалыс


Мен жазғы демалыста «Балдәурен» деп аталатын лагерьде болдым. Ол табиғаты тамаша Көкше жерінде орналасқан. Біз үшін мұнда бүкіл жағдай жасалған. Тобымыздың жетекшісі - Әсел Маратқызы. Жетекшіміз бізбен әр түрлі ойындар, жарыстар өткізді. Біз жетекшімізбен тауға шықтық, өзенге шомылуға бардық. «Балдаурен» лагерінде болған демалысым өте қызықты өтті.


2. Фонетика . Дауысты дыбыстардың классификациясы.

3. Берілген сөзге фонетикалық талдау жаса. Жетекшіміз









































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза? тілі п?нінен орта буын о?ушыларын тексеруге арнал?ан дидактикалы? тапсырмалар

Автор: Баталова Самал Куатовна

Дата: 06.06.2016

Номер свидетельства: 332843


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства