kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдана отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдана отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ


  • «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудағы жүргізілетін жұмыстардың маңызы жөнінде баяндалады.

  • «В этой работе излагается развитие творческих способностей учащихся на уроках казахского языка и литературы с применением технологии критического мышления через чтение и письмо»

  • «Using the technology of critical thinking through reading and writing documents the operations, development of creative abilities»

«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін
осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»
Н.Ә. Назарбаев

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Қаншама қиынықты бастан өткеріп, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсат – болашаққа ұмтылыс. Қазақстанымыз үшін ерінбей еңбек етіп, еліміздің ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай тер төгу. Ол үшін жас ұрпақты терең біліммен қаруландырып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгертіп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойларына сіңіруіміз қажет. Қазіргі кезеңде мұғалімдер түрлі технологиялармен жұмыс жасаудамыз, ақпараттар кеңістігі қалыптасқан заманымызда оған мүмкіншілігіміз мол.

Таңдап алынған технология жүйелі түрде жүргізілсе ғана нәтиже жемісті болады. Мұндай жұмыс үдерісінде мақсат өзгереді: әр оқушы өздігінен бағдар алады, мұғалім тек бағыттаушы және бақылаушы ғана. Осы жүйелі қалыптасқан кезеңнің өз міндеттері бар: мұғалім оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына бүкіл жағдайды жасап, сыныпта дұрыс психологиялық кезеңдерін жүйелі жүзеге асыра білу керек.

Сол тұрғыда «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы» тіл дамытумен қатар тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту – жаңа білімге апарар жол. Бұл кезеңде оқушылар белгілі бір тақырып төңірегінде бірнеше сөздер атап, оларды байланыстырып сөйлеуге, мағыналық жағынан топтастыруға, жаңа ұғым жасауға үйренеді. Бірін-бірі қайталамауға үйренеді. Ойлау, оқу арқылы жазуды жүзеге асыра отырып, бірте-бірте шығармашылық жүйеге түседі.

Мысалы, Б.Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» тақырыбын өткенде оқушыларға «Жауынгер тұлғасы қандай болу керек?» деген сұрақ берілді.

Топтастыруды оқушылар жарыса отырып өте қызық, сәтті орындады. Бастысы енжар оқушылар да өз ойларын айта білді, жұмыс барысында оқушылар бойынан әртүрлі өзгерістер байқалды.

Мағынаны тануда оқушы әртүрлі болжам жасау, бұрынғы білетіндерін жеке және топта айту арқылы жаңа білімге деген қызығушылықтары артады. Олар «Мені түсін» әдісі арқылы мәтінді өз беттерінше   оқу, тезис құру арқылы көлемді материалдарды өздеріне керек тұстарын ғана алуға, екі жақты түсіндірме күнделігін жасау, талдау, зерттеу, салыстыру, терминдермен жұмыс, бірін-бірі толықтыру арқылы оқушы жаңа білімді өздігінен меңгеріп, жаңалық табу, шығармашылықпен жұмыс істеу сатысына көтеріледі.

Толғаныс кезеңінде оқушылар алған білімін қолдана отырып, ой-сезіміне, қиялына қозғау салады. Өтілген тақырыпқа байланысты білімін, алған әсерін ашық пікір, эссе, диалог, монолог түрінде қағаз бетіне түсіреді.

7-сыныптың қазақ тілі сабағында «Арамдық адамның ажарын бұзады» деген мақалды сөйлем мүшесіне талдатып, соңынан осы мақалды негізге ала отырып, эссе жазуға тапсырма берілген болатын.

Бір оқушы өз эссесінде:

«Адам дүниеге келгесін әртүрлі болып қалыптасады. Адамдар бірі оқымысты, әнші, күйші, мұғалім, дәрігер немесе қылмыскер болуы мүмкін. Қылмыскер мен үшін арам адам. Ол біреуді тонайды, қиянат жасайды, аяусыз адам өлтіреді. Күндердің күнінде ол адам түрмеге түседі, түрмеге түскесін денсаулығы бұзылады. Қандай көркем болса да түрмеден азып, ажары бұзылады» - деп жазыпты.

Екінші оқушы былай деп қысқа қайырыпты: «Түлкі – сұлу аң. Бірақ, ол қанша сұлу болса да, оның ішіндегі арамдық оның ажарын бұзып тұр.» Міне, осындай әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар да, өздеріміз де сабаққа жаңаша көзқарастамыз.

«Мектептегі тірегі де, тіреуі де оқыта білетін мұғалім» деп А.Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес.

Әрбір ұстаздың ғылыми негізділік және түсініктілік принциптері талаптарын да сақтай отырып, пәнді оқыту негіздерін бірізділікте жүзеге асыруы тиіс.

«Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең мүмкін есіме сақтармын. Қатысушы болсам мен түсінемін.» деген Қытайдың даналық сөзіне сүйене отырып, оқушылардың оқу, жазу сауаттылықтарын және шығармашылықтарын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мынадай әдіс-тәсілдерді қолдану да тиімді болып есептеледі.

1. Топтастыру, категориялық топтастыру. Бұл әдістер арқылы оқушылардың білімі туралы түсінік алуға немесе басқа да әдістерді қолдануға болады. Жазушы өмірбаянымен тек оқып танысу олардың қызығушылықтарын тудырмайды. Сондықтан жазушы өмірбаянын меңгертуде мынадай тәсілдер қолданылады. Мысалы, 6-сыныпта Б.Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы» шығармасы. (Оқушылар бұл кестені қызыға толтырады, бірін-бірі толықтырады.)

Бауыржан Момышұлы

Менің дәлелім

Әскери қызметкер, ержүрек батыр

Дивизияның батальон, полк командирі болды.

Қазақ әскери прозасының негізін қалаушы

«Офицер күнделігі»

«Жауынгердің тұлғасы»

«Қанмен жазылған кітап» т.б.

Аты аңызға айналған жан

«Ел басына күн  туса» көркем фильмі,

Алматы мен Астана қалаларында батыр атындағы көшелер т.б.

Сөз бастаған шашан

Мақалдарын жазған

2. Семантикалық карта. Бұл әдіс арқылы оқушылардың барлық есте қалған білімдерін еске түсіріп, білімді жинақтап қорытуға болады. 5-сыныпта «Буын түрлері» тақырыбын өткенде мынадай семантикалық картаны қолдануға болады.

Мысалдар

Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын

Аралас буын

Ана

+

 

 

 

Ат

 

+

 

 

Дос

 

 

+

 

Аласапыран

 

 

 

+

Немесе 8-сыныптағы «Ежелгі дәуір әдебиеті» қорытындылағанда семантикалық карта өз тиімділігін көрсетті.

Әңгімелердің тақырыбы

Үш түрлі топырақ

«Жүсіп-Зылиха» дастаны

Тоқа баласы ержүрек Темірұлы

Түркіше Гүлстан

Үзінділер

«Ай ата, ұзын бойлы ақымақтан-қысқа бойлы ақылды артық»-деді.

 

 

 

 

Жеті жыл тоқшылық болады, қамбаға астық сыймайды.

 

 

 

 

О, ұлым, сен менің жанымның бөлшегісің. Сен менің алтын үйімнің тірегісің.

 

 

 

 

Бұдан былай адамның жанын алушы сен боласың!- деді Әзірейілге.

 

 

 

 

3. Проблемалық оқыту (диспут, дискуссия, оқыта үйрету, баяндама, мені түсін, тірек мәтін, тірек символдары, т.б. қолданылады) Оқушы мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыра алады, өзін жеке-дара тұлға ретінде тануға жол ашылады, өз ойын ашық еркін айтуға, пікір алмасуға, достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге, бір-бірінің пікірін тыңдап, шыншылдық, әділдік, өзгенің пікірімен санасуғаүйренеді, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланады. 7-сыныпта М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін өткенде «Құрмаштың қайғылы тағдырының себебі неде деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ айналасында дискуссия сабағы немесе Ж.Аймауытовтың  «Әнші» әңгімесінде «Ақтамақ» хикаясын қалай аяқтар едің? Деген сұрақтармен жұмыстанады. Немесе, 5-сыныпта Ыбырай әңгімелерін өткенде оқыған мәтіндеріңнен не түсіндіңдер? Ыбырай әңгімелерінің ерекшелігі неде? Мәтіндегі негізгі ойды қандай мақал-мәтелмен түйіндеуге болады? деген сұрақтармен жұмыстанып, бір-бірін толықтырып, ойларын басқа оқушыларға оқып береді.

4.  Синквейн әдісі: Оқушылар арасында белсенді шығармашылықты ойлауға, ойларын нақты, қысқа да нұсқа, тұжырымды жеткізе алады.

7-сыныпта С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» шығармасында, сабақтың толғаныс бөлімінде қолдануға болады.

1. Саятшы

2. 2 сын есім

3. 3 етістік

4. 4 сөзден тұратын сөйлем

5. Синоним. Осы тапсырма бойынша оқушылардың шығармашылық жұмысы:

Саятшы

Мерген, епті

Аулайды, құс салады, баптайды

Жүйрік аты, тазысы бар

Аңшы.

5. Ізденіс жұмыстары. Оқушыларға қосымша материалдармен, энциклопедиялармен, көркем әдебиет, түрлі сөздік жұмыстарымен, халық ауыз  әдебиетімен жұмыстану тапсырылады. Оқушылар өз бетінше жұмыстана алады, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленеді. Жаңа сабақтардың өздерін оқушылардың өздерінің ізденуіне жол беру арқылы семинар-сабақ етіп ұйымдастыруға болады.

9-сыныпта Ж. Аймауытовтың шығармашылығымен танысқанда алдын ала топтарға мынадай тақырыптар бойынша іздену тапсырмаларын беруге болады.

1. Ж. Аймауытов – психология ғылымының тұңғыш қарлығашы.

2. Жүсіпбек шығармаларындағы бала тәрбиесі.

3. Жүсіпбек шығармаларының көркемдік ерекшелігі.

6. Иллюстрациялық  бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба арқылы бейнелеп көріңіз. (5,6-сынып оқушыларына қолдануға болады.) Мысалы: С.Бегалин «Бала Шоқан» шығармасында Мысық жасаған мүсіндер. Мұнда оқушыларды басқа қырынан тануға, басқа да шығармашылығын байқауға болады.

7. Кубизм әдісі: 5-сыныпта қазақ тілінен дауысты және дауыссыз дыбыстарды өткенде қолдану

1. Салыстырыңыз. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды салыстыр.

2. Талқылаңыз. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін атаңдар.

3. Ажыратыңыз. Дауысты дыбыстарды түрлеріне ажырат.

4. Мысал келтір.

5. Қолданыңыз. Өлеңге қос не әңгіме жаз.

Зерттеңіз. Дыбыстарды зертте.

Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі формаларды – топтық, топтық-жеке, жұппен жұмыс, пікірталастар мен пікірсайыстар, дебат әдісін пайдалану уақыт талабына сай әдістердің бірегейі.

Бұл жұмыстар барысында оқушылар бірлесіп жұмыс жасайды. Өз топтарына берілген тақырыпты қорғау үшін намыс пайда болды. Ізденді, жинақтады, бір-бірін тыңдады, ықпал болды. Үлгерімі төмен оқушы да  жауапкершілікті сезініп, серпілді. Оқушыларда зор қызығушылық, ынта пайда болады.

Осы тәжірибелер негізінде мынадай қорытындыға келуге болады:

1.  Түрлі әдістерді пайдалану – сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.  Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.  Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

4.  Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.  Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретесің.

6.  Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7.  Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімі қалыптасады.

Мектеп табалдырығын аттаған әр бала өзінше дарынды. Ал жаңа педагогикалық технология негізінде оқыту – олардың сол қабілеттерін әрі қарай дамытуға үлкен көмек береді. Оқушының шығармашылықпен еңбектенуіне қозғау салу күнделікті сабағымызда дағдыға айналуы тиіс.

Нәтижесінде, біз оқушы жүрегіне жол салып, шығармашылығына жол ашарымыз сөзсіз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.  Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары. (2007-2016 жыл)

2.  Мирсейтова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»

3.  Қ.Ибрагимов, Б.Базарғалиева «Шың». Алматы 2008 жыл, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен.

4.  Қ.Әбдезұлы, Г.Д.Рыскелдиева, С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті»  әдістемелік нұсқау. 6-сынып

5.  Г.Т.Тұрсынова,  А.А.Қасымбек «Қазақ тілі» әдістемелік құрал. 6-сынып

6.  Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, Т.Қалиев, С.Дүйсенбаев

7.  С.Исаев, Г.Қосымова Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы. Алматы «Атамұра» 2007 жыл

8.  Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы» Алматы «Мектеп» 2003 жыл.

9.  Педагогика мәселері. 4/2014 жыл, 4/2015 жыл, 2/2015 жыл.

10. Қазақстан мектебі. 3/2007 жыл.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Каиркенова Майгуль Ериковна

Дата: 08.01.2021

Номер свидетельства: 569493


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства