Қазақ әдебиеті әдістемесін зерттеуші - Қоңыратбаев Әлібек Қоңыратбайұлы
Қазақ әдебиеті әдістемесін зерттеуші - Қоңыратбаев Әлібек Қоңыратбайұлы
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихында өзінің өлшеусіз еңбегімен көзге түсетін ірі тұлға – Ә.Қоңыратбаев. Әдіскер-ғалым қазақ мектептерінің алғашқы оқулықтарын жазудан бастап қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихында үздіксіз еңбек еткен. Алғашқы мектепке арналған оқулықтар Қазақ әдебиетінің алғашқы оқу құралдары әрі оқулық, әрі әдеби, ғылыми, зерттеу еңбегінің нәтижесі болғаны белгілі. Алғашқы оқу құралдары жазылған тұста әдебиеттің тарихи курсы толық анықталмаған кез болатын. Қазақ әдебиеті оқулықтарының алғашқы қарлығаштары қатарында М.Жолдыбайұлы, Ә.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлының төрт жылдық мектепке арналған «Әдебиет хрестоматиясы» оқулығы, хрестоматияның оқушы-шәкірттердің білімін толықтыруға, әдеби эстетикалық танымын қалыптастыруға елеулі ықпалы болды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиеті әдістемесін зерттеуші - Қоңыратбаев Әлібек Қоңыратбайұлы»
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қазақ әдебиеті әдістемесін зерттеуші - Қоңыратбаев Әлібек Қоңыратбайұлы
Орындаған:Аманқосқызы А.
Тобы:ҚТӘ - 31
Тексерген:Тұрғаналиева Г.Г.
Орал, 2023 жыл
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихында өзінің өлшеусіз еңбегімен көзге түсетін ірі тұлға – Ә.Қоңыратбаев. Әдіскер-ғалым қазақ мектептерінің алғашқы оқулықтарын жазудан бастап қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихында үздіксіз еңбек еткен. Алғашқы мектепке арналған оқулықтар Қазақ әдебиетінің алғашқы оқу құралдары әрі оқулық, әрі әдеби, ғылыми, зерттеу еңбегінің нәтижесі болғаны белгілі. Алғашқы оқу құралдары жазылған тұста әдебиеттің тарихи курсы толық анықталмаған кез болатын. Қазақ әдебиеті оқулықтарының алғашқы қарлығаштары қатарында М.Жолдыбайұлы, Ә.Қоңыратбайұлы, М.Қаратайұлының төрт жылдық мектепке арналған «Әдебиет хрестоматиясы» оқулығы, хрестоматияның оқушы-шәкірттердің білімін толықтыруға, әдеби эстетикалық танымын қалыптастыруға елеулі ықпалы болды.
Әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаевтың көрсетуі бойынша: «Революциядан кейінгі әдебиет пен методикасының үш түрлі кезеңі болды:
1.1917-1927 жылдар арасындағы жік қойылмай, «қоғамтану» түріндегі оқу;
2.1928-1938 жылдардағы оқу мектептің типіне негізделмеген тарихи - әдеби курс болып өтті;
3. Бастауыш оқу, әдебиеттік оқу мен тарихи курс программасы. Сөйтіп І-ІV кластарда бастауыш оқу, V-VІІ кластарда әдебиеттік оқу жүйесі, VІІІ-Х кластардағы әдебиеттің тарихи курсы 1939 жылдан бастап түкпілікті орын алды».
1946 жылы «Халық мұғалімі»журналында жарияланған Ә.Қоңыратбаевтың «Мектепте Абайдың мысал өлеңдерін оқыту туралы» деген мақаласы – белгілі бір шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай оқыту жолдарын ұсынған алғашқы мақала. Оқушы түсінігіне жеңіл, қызғылықты шығармалар есебінде бағдарламадан мысал өлеңдері де орын алған болатын. Сондықтан бұл мақала өзекті мәселені қозғаған еңбектің бірі деп айтса болғандай.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихында 1960 жылдардың орны ерекше. 60-жылдардың екінші жартысында Ә.Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері», «Қазақ әдебиетінің методикасы», деген еңбектері жарық көрді. Аталған еңбектерді қазақ әдебиеті әдістемесінің іргелі мәселесін көтергендігі жағынан бағалы деп білуге болады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде оқу жоспарына ерте ілінгенімен, оқу материалдық базасы жағынан кенжелеп келе жатқандығы жасырын емес. Осы сала бойынша 60-жылдарда жарық көрген Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев сынды әдіскер ғалымдар жазған «Әдебиетті оқыту методикасы» оқулықтарын, 1997 жылы жазылған әдіскер Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті оқыту әдістемесі» мен 2009 жылы жазылған әдіскер-ғалым Т.Қ.Жұмажанованың «Әдебиетті оқыту әдістемесі» оқулығын атауға болады.
Ә.Қоңыратбаев әдістерді төртке жіктеп көрсетеді. Олар:
1.Түсіндірме оқу әдісі;
2.Баяндау әдісі;
3.Эксперимент әдісі;
4.Көрнекілік әдісі.
Автор өзіне дейінгі әдіскерлердің (Ц.П.Балтолон, А.Д.Альферов, В.Шереметовский, Д.И.Тихомиров, Ы.Алтынсарин) тәжірибесіндегі түсіндірме оқу әдісі туралы көзқарастарды саралай келіп, аталған әдістің орта буын сыныптар мен жоғары сыныптарда да белсенді жүргізілетінін айтады. Автор оқу кезеңінде әдістің жүргізілу ерекшеліктеріне ерекше мән береді: «Кейбір мұғалімдер әдеби оқу мен тарихи курс методикасындағы оқу, талдау сабақтары тұсында кей айырмашылық пен ұқсастықты жетік түсінбей, әдістерді шатастырып алады. Мысалы, кіріспе сөз (4-7) бен лекция (8- 10) арасы қосылып кеткен. Оның үстіне жоғары сыныптарда мәтінді үйде толық күйінде оқып келу ұйымдастырылмағандықтан, көптеген мұғалімдер әдеби оқу методикасын қолданып, 8-10 сыныптарда да мәтінді бөлшек бойынша бірте-бірте сабақ қуып оқытып жүр. Одан қалса, нақты мәтінді оқудан өткізуге мән бермей, кейбір мұғалімдер кіріспе сөз бен лекция тұсында шығарманың мазмұнын өзі айтып беріп, сол тұста оның образдарын да алдын-ала талдап береді. Дұрысында оқу, талдау балалардың өз тәжірибесіне негізделуге тиіс. Әйтпесе бала мәтіннен қол үзеді», – деп орынды ескертеді. Жасыратыны жоқ, мектеп практикасында бұл олқылықтар бүгін де жойылып кете қойған жоқ. Оқушының әдеби мәтіннен алшақтауының бір себебі де осыдан. Баяндау әдісіне байланысты да әдіскердің ерекше шегелей айтатын ескертпесі осындай: «Бізде өмірбаянға әуестік, мәтінді шығарманың мазмұнын, образдарын балаға оқытпай жатып, күні бұрын айтып беру әдеті бар. Сөзуар мұғалімдер «оқу-талдау-жинақтау» деген үш егіз жұмыс сатысын ақпармен айырбастайды. Бұл оқыту, үйрету әдісіне тиімсіз. Пән оқытудың бастысы баяндау мен бақылау емес, оқу, үйрету, жаттықтыру. Қай сабақ тұсында болса да сөз азайып, жаттығу, балалардың өзін істетіп дағдыландыру көбеюге тиіс. Жаттығу білімді дағдыға айналдырады»,– дейді.
Ә.Қоңыратбаев: «VІІІ-Х кластарда оқушы тексті лекциядан бұрын үйде толық не бөлімі бойынша оқып келуге тиіс. Бұл сабақ міндетін жаңартады. Әдетте методиканың бұл шарты орындалмай жүр. Соның салдарынан VІІІ-Х кластарда да текст класта, үйде жеке бӛлімдері бойынша оқылып, мазмұндалып, V-VІІ кластардағыдай әдебиет сабақтарына ұқсап жүр. Бұған тағы бір себеп — оқушылардың дайындығының тӛмендігі. Кейбір мұғалімдер үлкен романдарды да жеке бөлімдері бойынша талдауға, дәлірек айтқанда, мазмұндауға бейімделген. Дұрысында, жоғары кластарда, тарихи курс методикасында қандай үлкен роман болмасын ол әуелі үйде алдын-ала оқылып, лекция бағдарлаушы әңгіме, талдау сол негізде жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда ҮІІІ-Х кластарда текске тұтас талдау жүргізіледі» деп жазады.
Ә.Қоңыратбаев талдауға жататын құрамды элементтер ретінде бірнеше шығарма бірліктерін атайды:
-тақырыбы мен идеясы;
-басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі, мүддесі арқылы көрінетін немесе шешілуге тиіс болған проблемалар;
-шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен қарым-қатынасы;
-ұнамсыз образдар, солар арқылы көрінетін қайшылықтар;
-шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос, поэзия, драма бөлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте көрінетін орны;
-жазушының өзіндік стилі, әдісі, көзқарасы;
-дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы.
Әдіскер-ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Лирикалық өлең- жырлардың тағы бір ерекшелігі – көлемі шағын келіп, ой тұжырымдалып айтылатындықтан, сөздің мәндік және мағыналық қасиеті, салмағы арта түседі»,- дейді.
Ә.Қоңыратбаев мектептегі әдебиет пәнінің мақсат, міндеттеріне оқушылардың тіл мәтениетін жасауды жатқыза отырып, тіл мәдениеті сӛйлеу тілі мен жазба тілдің дамуы нәтижесінде қалыптасатынын айтады: «Сөйлеу тілі мен жазба тілі бірін-бірі толықтырады, бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ бұлардың қызметі, табиғаты бірдей емес. Сөйлеу тілі тыңдаушыға арналса, жазу тілі оқушыға арналады. Бұлардың өзіндік мәнін, мақсатын білу қажет. Мысалы, тыңдаушыға арналған сөйлеу тілінде ой-сезім толқыны, интонация, пауза, дене қимылы, дауыс қарқыны, жанды сөйлеу формасында, құлаққа әсерлі түрде, ойды бірден сөз, сөйлемге құрып, төгіп айту элементі басым болады. Ол – көп ойланып жатпайтын ойдың дәлдігі, жүйелілігі, сөйлемнің дұрыс құрылуы, зор лексикалық байлығы керек. Жазу тілінің табиғаты одан біраз басқалау. Жазу тілі баланың текст бойынша үңіле жұмыс істеуіне жол ашады. Ойды жүйелеп, дәлелдеп жеткізе айтуға баулиды» , – дейді.
Қорыта келе, жазба жұмыстарын әдебиет пәнін оқытуда шығарманы жазба жұмысының бipi ретінде қарастырған Ә.Қоңыратбаев жазба жұмыстарын пән бойынша жүргізу оқушылардың тілін дамытуға, көркем мәтінді жинақтап - саралауға және оларға өздігінен жұмыс жасатуға көмектесетінін көрсетеді. Ол орта буын мен жоғары сыныптарда жазылатын шығарма жұмыстарының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Әдіскер көркем мәтіннің танымдық рөлін жоғары қоя отырып, орта буында үш түрлі формада үйретілетінін айтады:
а) оқылған мәтін бойынша мінездемелік (публицистикалық);
ә) оқушылардың өзіндік тәжірибесіне негізделген еркін тақырыптағы шығармалар;
б) оқиғаны суреттеп жазу үлгісіндегі шығармалар.
Ал 8-11 сыныптардағы жазба жұмыстарын:
1) тақырыптық (талдау),
2) публицистикалық,
3) әдеби - творчествалық деп топтайды, бұлай сараптауда әдіскер жазба жұмысын жалпылама қарастыра отырып, оқушылардың мәтінді оқи отырып, сол негізде өздігінен ой толғам пайда болатындығын айтады. Ә.Қоңыратбаев сондай-ақ әдеби-шығармашылық мәтіннің көркем стильде жазылуына, бейнелі түрде суреттелуіне мән береді. Ол шығарма жазу алдындағы төмендегідей алғышартқа:
1) мәтіндегі белгілі бip эпизодты оқушының өзінше суреттеуі;
2) өлең мазмұнын қара сөзге айналдыру;
3) тыңнан сюжет ойлап шығаруға тоқталып, оқушылардың осы мәселелерді тәжірибе жүргізуде іске асыруын мақсат етеді.