kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кәсіпорынның өндірістік қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кәсіпорынның өндірістік қызметі

Кәсіпорынның өндірістік қызметі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кәсіпорынның өндірістік қызметі»

Қызылорда облысының Білім беру басқармасы

Қызылорда «Қызмет» колледжі



«Бекітемін»

колледж директорының

оқу-әдістемелік ісі

жөніндегі орынбасары

__________





АШЫҚ САБАҚ


Оқу тобы: Қ-07, Э-07, Э-18


Пән аты: Кәсіпорын экономикасы


Тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік қызметі


Экономика пәндер


бірлестігінің оқытушысы:















Қызылорда, 2009 ж


«Бекітемін»

колледж директорының

оқу-әдістемелік ісі

жөніндегі орынбасары

__________Бектаева Ғ.Т.



Ашық сабақ жоспары


Күні: 2.04.2009

Оқу тобы: Қ-07, Э-07, Э-18

Қатысқан оқушылар саны: 22

Пәні: Кәсіпорын экономикасы

Сабақтың тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік қызметі

Білімділігі

Сабақтың мақсаты: кәсіпорынның өндірістік қызметі мен оны ұйымдастыру, кәсіпорын құрылымы туралы түсінік беру, экономикалық білімін қалыптастыру

Дамытушылығы: ойлау қабілеттері мен білімдерін тереңірек дамыту

Тәрбиелілігі: Алған білімдерін сабақ барысында меңгерту, оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, қаржы және несие, математика, бухгалтерлік есеп теориясы т.б.

Көрнекіліктері: сөзжұмбақ, карточкалар, тест тапсырмалары, есептер шығару, плакаттар, буклеттер, слайд, интерактивтік тақтамен жұмыс

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару, психологиялық даярлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.

Жаңа сабақ

Кәсіпорынның құрылымы: жалпы және өндірістік құрылым

Өндірістік үрдіс (процесс) және оның жіктелуі

Өндірістік құрылым типтері

Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы. Өндірістік қуаттылық ұғымы. Өндірістік қуаттылық түрлері.

















Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы


Кәсіпорынның құрамын бөлу өнімдерді дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар жұмысшыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру кәсіпорын құрылымы деп аталады.

Кәсіпорынның жалпы құрылымы:

  • өндірістік (ғимарат, құрылыс);

  • өндірістік емес (қойма, асхана, мәдениет сарайы, клуб, стадион) болып бөлінеді.

Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Бұл өндіріс алаңын дайын өнімді сатуға дайындау және өндірістік процесте қызметтер көрсету жөнінде бір немесе бірнеше жұмысты жүзеге асыратын операцияларды лайықты еңбек құралдарымен қамтамасыз етудің бөлігі. Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте өнім бөлігін дайындауда немесе технологиялық процестерді жүзеге асыратын өндірістік бөлімшелерде қылыптасады. Бірнеше бөлімшеден цех құралады.

Кәсіпорын құрылымына әсер ететін факторлар.

  • өнім өндірудің күрделілігі;

  • кәсіпорын өлшемі;

  • өндіріс процесінің сипаттары мен ерекшеліктері;

  • өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;

  • орналасқан жері.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үш түрі болады:

  1. өндірістік жеке дара түрі - өнімдердің алуан түрін және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді арнаулы жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы, кеме жасау, ірі турбиналар, кен қазу жабдықтарын дайындау.

  2. өндірістің сериялық түрінде – кезең-кезеңімен қайталанатын партия бұйымын дайындауды сипаттайды немесе кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериямен шығаруды көздейді.

  3. жаппай өндіріс түрі – ірі көлемде шектелген номенклатура бойынша көп мөлшерде шығарылатын өнімді сипаттайды. Жаппай өндірістегі кәсіпорынды басқа түрлерімен салыстырғанда онда еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, ең төменгі өзіндік құн және өндіріс циклының қысқа мерзімі, өндіріс жетістігі сияқты тиімді көрсеткіштерге қол жетеді.


Өндірістік құрылым типтері:

  1. Заттық құрылымда кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, я болмаса оның бөлігін немесе бөліктерінің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Заттық құрылымның мысалына автомобиль зауыттарының двигатель, шасси, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ киім өндірісінде – аяқ киімді құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Заттық құрылымның артықшылықтары көп. Ол цехтар арасындағы өндірістік өзара байланыстарды жеңілдетедіжәне шектейді, бөліктердің қоғалу жолын қысқартады, тасымалдау шығындарын азайтады және жұмысын жеңілдетеді, өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартады, жұмыс сапасын арттыруда жұмыскерлер жауапкершлігін арттырады.

  2. Технологиялық құрылым өндірістің технологиялық даралығын анықтайды. Мысалы оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады. Өндірістік құрылымның мұндай түрі цехты басқарушылардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезінде өндірісті қайта құруда жеңілдік туғызады. Ал оның кемшіліктеріне бұйымның қозғалуында қарсы маршруттарының пайда болуы, цехтардың өзара өндірістік байланыстарының қиындауы, құрал жабдықтарды қайта орналастыруда уақыт шығындарының едәуір көп жұмсалуы жатады. Мұның бәрі еңбек өнімділігінің артуына және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға кедергі жасайды.

  3. Аралас (заттық-технологиялық) құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы машина жасау кәсіпорындарындағы жалпы өндірістің дайындау цехтары (құю, ұсталық, престік цехтары) технологиялық қағидамен, ал механикалық құрастыру цехтары заттық қағида бойынша орналастырылады. Мұндай кәсіпорын түрлері тек машина жасау ғана емес, жеңіл өнеркәсіпте де қолданылады.

­Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары.

Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына мыналар жатады:

  1. Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның өндірістік цехтарының саны көп болады.

  2. Пайдаланылатын материалдарының сипаттамасы. Өндірістік үрдістің орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі.

  3. Өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен нысандары.

  4. Қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандары.


Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері


Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болуы керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет: егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы керек:

  • өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;

  • кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;

  • өндірістік барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;

  • өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;

  • өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең жұмыс көлемін орындау.







Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы


Кәсіпорынның жылдық өндіріс бағдарламасына сәйкес келешекте даму жоспарының негізінде мемлекет тапсырысы, тұтынушылармен шаруашылық келісім-шарттары және жабдықтаушы мекемелермен өндіріс қуаттылығын анықтайтын өнім номенклатурасы, өнімді дайындау мерзімі мен өндіріс көлемінің жобасы анықталады.

Өндіріс бағдарламасы төмендегідей жағдайға қарай анықталады:

  • жоспарланған жылы сатылатын өнімнің барлық номенклатурасы және ассортименті белгіленіп тұтынушылармен келісіледі;

  • жоспарланған мезгілде қоймадағы дайын өнім қоры (запасы), тиеліп жіберген өнім көлемі, сол сияқты керекті запастардың өндірісте өзгеруі, алдағы мерзімде күтілетін есептер мөлшері дайындалады;

  • аяқталып бітпеген өндіріс деңгейінің мөлшері және оны жоспарлау мерзімінде орын алатын керекті өзгерістер анықталады.

Өндіріс бағдарламасын жоспарлауда табиғи, еңбек және құндай өлшемдер қолданылады. Табиғи өлшемдер арқылы кәсіпорынның жұмысшылар күшіне, шикізатқа, отынға, электрқуатына, жабдықтарға қажеттілігі анықталады. Дегенмен, әртүрлі табиғи көрсеткіштерді жинақтау, біріктіру іс жүзінде мүмкін емес.

Табиғи өлшемдерді кеңейту шеңберінде шартты-табиғи көрсеткіші пайдаланады. Бұл жағдайда шартты бірлікте бірдей бұйымның бірін қабылдап, ал қалғанын еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы немесе басқадай белгісімен соған қарай теңестіріп қабылдауға болады, мысалы, майлылығы 40 пайызды құрайтын сабын, 1 тонна шартты белгідегі отын т.б.

Өндіріс көлемінде еңбек өлшемін айұқындауда, ереже бойынша, мөлшер-сағат және еңбек өнімділігін, еңбек ақы төлеу мөлшерін, өндіру мөлшерін және т.б. анықтау үшін табиғи жағымен үйлесуін пайдаланады.

Өндіріс көлемі құн өлшемінде жинақтаушы көрсеткіш ретінде кәсіпорынның барлық жоспарлар тарауларын бір-бірімен байланыстыратын әмбебап түрінде қолданады. Өндіріс көлемі тауарлы, жалпы және сатылған өнімдер көрсеткіштерімен сипатталады.

Жалпы өнім көлеміне, жалпы жұмыс көлеміне есепті жылы орындауға белгіленген және орындалған барлық өнім және қызмет түрлері жатады


Өндірістік қуатты қарқынды пайдалану факторлары


Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік – техникалық параметрлер негізгі кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.

Өндірістік қуат экономикалық категория ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері – машиналар мен жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарды қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер де оны еңбек құралдарының ұйымдасқан жиынтығының функциясы ретінде қарастыратын болса.

Барлық жағдайлары бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:

  • нақты жағдайларда ең жоғарғы экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін машиналар, техникалар және жабдықтарды сатып алу;

  • қажетті құрал-жабдықтардың қолайлы құрамын табу.

Қазіргі кезде қандай да болмасын жұмыстарды өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды. Сондықтан белгіленген жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз уақытында орындауын қамтамасыз еткен жөн.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді. Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту және қолданыстардағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл шарттасқан екі фактор ықпал ететін бірыңғай объект кәсіпорынның өндірістік қуаты (бөлімшелері). Бұлардың арасындағы айырмашылық - факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі – оны пайдалануды жақсарту резервін анықтайды.


Кәсіпорынның өндірістік қуатын пайдалануға ықпал ететін факторлар:


Өндірістік қуаттың мөлшеріне ықпал ететін факторлар

Өндірістік қуатты пайдалануға ықпал ететін факторлар

Машиналар саны (жұмыс орны) және олардың техникалық деңгейі

Өнімді қажетсіну

Өндіріс алаңдарының мөлшері

Кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтау

Машиналар топтары арасындағы өткізу мүмкіндігінің үйлесімділік деңгейі

Кәсіпорынның жұмысшылармен қамтамасыз етілуі

Үйлесімді технология

Жаңа қуаттарды кешенді түрде іске асыру

Механикаландыру және автоматтандыру

Энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі

Материалдардың сапалылығы, бұйымдарды жетілдірудің конструкциясы, стандарттау және сәйкестендіру дәрежесін арттыру

Жабдық жиынтығының құрылымы, өндірістік қызмет етуді ұйымдастыру

Жұмысшылардың техникаларды игеру дәрежесі

Жабдықтардың жөндеуде тұрғандағы нормативтен тыс бос тұруы


Еңбекті ұйымдастыру және оны ынталандыру




















С Ұ Р А Қ Т А Р М Е Н Т А П С Ы Р М А Л А Р

Әр ұғымға (аталымға) сай келетін анықтаманы тауып таңдаңыз


Аталымдар

Анықтамалар

1. Кәсіпорын құрылымы

А) Шикізатты өңдеп, тұтынуға дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар

2. Өндірістік процесс (үрдіс)

Б) Кәсіпорынның құрамын бөлу, өнімдерді дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара байланыстар жұмысшыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру

3. Жұмыс уақыты

В) өндірістік процесте белгілі бір бұйымды өндіруді бастау мен аяқтау арасындағы күнтізбелік уақыт аралығы

4. Жұмыс орны

Г) Еңбек заттарына тікелей әсер ететін, сонымен қатар жұмысшылардың аппараттық және автоматты тетіктердің жұмысын бақылауға жұмсайтын уақыты

5. Өндірістік цикл ұзақтығы

Д) Жұмысшы нақты өндірістік операцияны орындайтын жабдықталған өндірістік аудан бөлігі



Өз жауаптарыңызды кестеге толтырыңыз




1

2

3

4

5









Тест тапсырмалары:

  1. Өндіріс дегеніміз –

А) нарықтың дамуы мен өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді дайындау үрдісі

(процесі);

Б) операциялар арасындағы тоқтаусыз жұмыс істеу процесі;

В) мақсатты кешенді бағдарламалар жүйесі;

Г) кәсіпорын жұмыстарының басқа да экономикалық көрсеткіштерге әсер ету процесі.


2. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының неше түрі бар?

А) 2

Б) 3

В) 4

Г) 7


3. Шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған

жеке еңбек үрдістерінің (процестерінің) жиынтығы.

А) өндірістік құрылым;

Б) көмекші үрдістер (процестер);

В) өндірістік үрдіс (процестер);

Г) негізгі үрдіс (процесс).


4. Өндірістік цикл немен сипатталады?

А) операциялардың қалыпты ырғақтылығымен;

Б) сату көлемі мен өнім бағасымен;

В) еңбек жағдайының жақсаруы мен еңбек өнімділігімен;

Г) өнім өндіруге жұмсалған уақыт ұзақтылығымен және оның құрылымымен.



Есеп: Негізгі өндіріс қорының құрылымын анықтау қажет:


р/с

Негізгі қордың топтары

Құны, мың теңге

Құрылымы, %

1

Өндірістік үйлер

357543


2

Ғимараттар

63610


3

Беріліс қораптары

35784


4

Жұмыс машиналары

374430


5

Өлшеуіш приборлар

23889


6

Есептеуіш техника

21399


7

Көлік құралдары

21547


8

Күш машиналары

18460


9

Басқа да негізгі құралдар

15694


Барлығы






Кроссворд «Өндірістік қызмет»





Ө












Н














Д











І








Р










І









С










Т












І












К













Қ
















Ы
















З
















М
















Е
















Т



















Сұрақтары:

  1. Негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз ететін үрдіс түрі.

  2. Өндірістің технологиялық даралығын анықтайтын құрылым түрі.

  3. Кәсіпорынның өндіретін өнімінің күрделілігіне байланысты өндірістік үрдіс түрі.

  4. Еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдіс қалай аталады?

  5. Негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидағы негізделіп ұйымдастырылу құрылымы.

  6. Өндірісте өнімнің жеке түрінің өндірілуі, өндірісті ұйымдастырудың бір түрі.

  7. Негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдісінен шығып қалуы, тозу түрі.

  8. Негізгі өндіріс қорларын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуы және тозуының түрі.

  9. Белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

  10. Конкуренция сөзінің баламасы.

  11. Кәсіпкерлік қызмет түрі.


  1. Кәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, я болмаса оның бөлігін не бөліктердің бір тобын өндірумен айналысатын өндірістік құрылым түрі.

  2. Негізгі өндіріс қорының өндірісте қолданылуына сәйкес оның тозуын жыл сайын өнім құнына ақшалай көшіп отыруы.

  3. Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнының жалпы өнім құнына қатынасы.

  4. Өндірістік бөлімшенің бір түрі, кәсіпорынның негізгі өндірістік бөлігі.

  5. Нарық пен экономикалық коньюктураны, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін тұтынушылардың талабын ескере отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу және ғылыми-техникалық жұмысын басқарудың нарықтық тұжырымдамасы (ағылшынның market деген сөзі, нарық деген мағына береді).


Карточкалар:

Карточка № 1

1.Кәсіпкерлік ұғымы.

2.Кәсіпкерлік қызмет.

3. кәсіпкер құқықтары.


Карточка № 2

1.Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары.

2.Кәсіпорын түрлері.

3.Бюджеттік кәсіпорындар.


Карточка № 3

1.Өндірістік кәсіпкерлік.

2.Коммерциялық кәсіпкерлік.

3.Қаржылық кәсіпкерлік.


Карточка № 4

1.Өндірістік құрылым типтері.

2. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.

3. Кәсіпорын құрылымы.


Үйге тапсырма: Лекцияға дайындалу. Қосымша әдебиеттерден конспект дайындау. Көрнекілік құралдар дайындау: буклет, карточка, БАҚ-нан тақырыпқа қатысты мақалалар қарастыру.


Қорытынды: Сабаққа белсенді қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалау. Уақытты тиімді, ұтымды пайдалана отырып сабақ барысына қорытынды жасау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кәсіпорынның өндірістік қызметі

Автор: Аскарова Гулфайруз Сапабековна

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 415014

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Өндірістің тиімділігін көтеру бойынша іс -шаралар"
    ["seo_title"] => string(50) "ondiristin_tiimdiligin_koteru_boiynsha_is_sharalar"
    ["file_id"] => string(6) "626682"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1677476397"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Өндірістік кәсіпорынның түрлері"
    ["seo_title"] => string(32) "ondiristik_k_siporynnyn_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "403532"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490547105"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Кәсіпорынның айналым құралдарын басқарудың теориялық негізі"
    ["seo_title"] => string(61) "k_siporynnyn_ainalym_ku_raldaryn_baskarudyn_teoriialyk_negizi"
    ["file_id"] => string(6) "508387"
    ["category_seo"] => string(9) "ekonomika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1556175787"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Конспект урока Менеджмент ж?не маркетинг."
    ["seo_title"] => string(44) "konspiekturokamieniedzhmientzhniemarkietingh"
    ["file_id"] => string(6) "304893"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457811243"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Менеджмент ж?не маркетинг негізі."
    ["seo_title"] => string(38) "mieniedzhmientzhniemarkietinghnieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "304899"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457812351"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства