kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғабиден Мұстафин

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғ.Мұстафиннің  өмір жолы мен жазушылық қызметі,шығармашылығынан мағлұмат беру.Жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғабиден Мұстафин»



Турысбекова Жанар Кажимовна

ШҚО, Үржар ауданы,Таскескен ауылы

«Үржар колледжі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы


Пән аты: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғ.Мұстафиннің өмір жолы мен жазушылық қызметі,шығармашылығынан мағлұмат беру.Жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Студенттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін,рухани жан дүниесін байыту.Пікірін ашық білдіру,еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ типі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық зерттеу.

Пәнаралық байланыс:тарих,театр,өнер.

Көрнекілігі: Ғ.Мұстафиннің портреті,кітаптар көрмесі,азаматтық шығармашылығына арналған презентациялық слайдтар, «Аңыз адам» журналы,бүктемелер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, дайындығына назар аудару

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Мұғалім:Ғ.Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді.Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады.1916 жылы зауыттағы орысша-қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп,бір жылдан кейін бітіріп шығады. «Қайтып оқуға мұрша болған жоқ»,-деп өкінеді кейін жазушы.1918-1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады.Жазушының көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жылдары оянады.Өзінің алғашқы қадамы туралы: «Көргенімді,сезгенімді жазатынмын»,-дейтін Ғабең.өзінің алғашқы қалам тартысынан-ақ өзекті тақырыбын-бүгінгі қайнаған өмірді,қызу күресті дәл тапты.Тұңғыш кітабы «Ер Шойынға» (1929) арқау болған да өзінің өзекті тақырыбы-бүгінгі қайнаған өмір,қызу күрес.Тұңғыш кітабы «Ер Шойынға» арқау болған да өзі жақсы білетін қилы-қилы ауыл өмірі,кедейдің сана-сезімі,таптық күрес еді. «Ер Шойын»-жазушының ғұмырлық тақырыбын белгілеген,өзінің талабы мен талантына сенім туғызған ерекше мәні бар жинақ.Күрес-тартыс әлі толастамай,бұрқ-сарқ қайнап тұрған кезінде шыққан «Ер Шойын» жинағының әлеуметтік,тәрбиелік мәні ерекше болғанын түсіну қиын емес.Ер Шойын-қайнаған еңбек,қатты күресте шыңдалған ауыл кедейінің жиынтық бейнесі.

Жаңа кітаптың қуанышы басылмай жатып,өмірді терең зерттеу қажеттігін түсінген қаламгер Қарағанды қаласындағы қайнаған еңбек майданына (1930) араласып кетеді-үш жыл шахтада жұмыс істейді,кен қазады,токарь мамандығын игереді».





Мен келгенде,-дейді жазушы,-Қарағандыда бес-алты жаман барак қана,30-40 жұмысшы ғана бар еді.Олар көмірді қайламен қазып,сыртқа темір шелекпен қол бұрау арқылы шығаратын.Шахта дегендері-бір ғана құдық».

1933 жылы Ғ.Мұстафин «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалады.»Қызыл ту» атты жаңа газеттің ашылуына байланысты Новосибирь қаласына ауыстырылады.1938 жылы газет жабылысымен Алматы қаласына көшіп келеді. «Бұл менің тоғыз жыл бойы жазушылықтан қол үзіп кеткен,қайта оралған шағым»,-деп жазады Ғабең.1939 жылы шахтылы Қарағанды өмірінен «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады.Бұл-үлкен жолдың бастауы еді.

Он жыл(1939-1948) «Әдебиет майданы»(қазіргі «Жұлдыз»)журналыында қызме істей жүріп,ел өмірімен кең танысып,жазушылық еңбекке біржолата бет бұрады.1942 жылы «айғақ»атты шағын пьеса, «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Құлаған құз», «Керуен» секілді әңгімелер жазады.

1940 жылы Ғ.Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы-«Өмір мен өлім» романы жарыққа шықты.Бұл қазақ әдебиетіндегі ауыр өнеркәсіпте еңбек еткен жұмысшы табы мен техника маманы бейнеленген тұңғыш шығарманың бірі еді.

«Өмір мен өлімнен»кейін қаламгердің сәтті кезеңі басталды.Ауылдағы өзгеріске арналған «Шығанақ»(1945) пен «Миллионер»(1948) жарық көреді. «Шығанақ»романының бас ейіпкері-Шығанақтыңөмір жолы-адам деген ардақты атты,түсте көрген арманын,бақытынеркін еңбек-өмірден тапқан қазақ кедейінің жолы.

Ауыл шаруасының ғұмыры ешқашанда оңай болмаған.Жазушы ауырды жеңген,қиындыққа төзген еңбек адамын жырлай отырып,өмірге нәр,тірлікке сән беретін сана-сезімді жаңғыртатын жасампаз еңбекті дәріптейді.Олжабек соқпағы-колхоздастырудың алашапқынын қамтыса,романның негізгі оқиғасы-екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы еңбек адамының ерлігі.Барлық оқиғаның ортасында –«ақ тарының атасы» Шығанақ Берсиевтің өмірі мен ерлігі,әлемді таңқалдырған рекорды.

«Қарағанды» романын жазушының өмірлік тәжірибесінің шырынындай десек.артық айтқандық болмас. «Қарағанды»-қою оқиғалы,кең тынысты роман.қазақстанда жұмысшы табы мен ұлттық техника мамандарының қалыптасу жолын бейнелеген,30-40 жылдар арасын қамтитын роман.Ірі оқиғалы,көп салалы,тұлғалы романдағы негізгі күш-халық,негізгі өріс-еңбектегі ерлік.Романның бас кейіпкері Мейрам үнемі рухани өсу үстінде қанат жая өзгереді,өседі.

Өрнек тілі. «Тартысуға әл жете ме? Бас сауғаға ар жете ме ?», «Піскен асқа жеуші көп,біткен іске сыншы көп», «Жалғыз жүріп жол тапқанша,көппен бірге адас», «әр тасқанға-бір тосқан,әр азғынға бір зауал», «Бабын таппаған еңбек құмға құйған сумен тең».

Ғабиден Мұстафин-социализмге сенген жазушы.ол заманын,қоғамын мақтап,мадақтап өтті.Жазушының таза жүрегі,арайлы арманы,елінің,жерінің бақытын аңсағаны-оның мұрасынасәуле төгіп,нұрландырып тұр.

4.Бекіту.

1.Жазушының өмір жолы мен шығармашылығының арақатынасы қандай?

2. «Шығанақ» романы туралы не түсіндіңдер?

3.Шығанақ пен Олжабек бейнелерінің жақындығы туралы әңгімелеңдер?

4. «Қарағанды» романының жазылу тарихы туралы әңгімелеңдер.

5.Үй тапсырмасы.

Ғ.Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы жайында оқып келу.

6.Бағалау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ғабиден Мұстафин

Автор: Турысбекова Жанар Кажимовна

Дата: 21.12.2019

Номер свидетельства: 532969

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "?аза?  ?дебиетінен  саба?ты?  та?ырыбы :?абиден М?стафин 9  сынып"
    ["seo_title"] => string(68) "k-azak-diebiietinien-sabak-tyn-tak-yryby-g-abidien-mu-stafin-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "248933"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446806235"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ашы? саба? "?абиден М?стафин «Дауылдан кейін» романы""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyksabakgabidienmustafindauyldankieiinromany"
    ["file_id"] => string(6) "277996"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453028928"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "?абиден Мустафинні? шы?армашылы?ы "
    ["seo_title"] => string(39) "g-abidien-mustafinnin-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "154926"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421227596"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "" Тар?а?ан ?кпе" Т.?бдірайым . "?абиден ата ?ибраты" А.Жа?сыбаева."
    ["seo_title"] => string(53) "tarkaganokpietbdiraiymgabidienatagibratyazhaksybaieva"
    ["file_id"] => string(6) "283052"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453784048"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ашық сабақ тәрбие сағат;Ұлт мақтанышы"
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_t_rbiie_sag_at_u_lt_mak_tanyshy"
    ["file_id"] => string(6) "450571"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516189058"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства