kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе(пайымдық). Рухани жетілген зияткер азамат тәрбиелеу-ұстаз парызы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эссе(пайымдық). Рухани жетілген зияткер азамат тәрбиелеу-ұстаз парызы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе(пайымдық). Рухани жетілген зияткер азамат тәрбиелеу-ұстаз парызы.»

Эссе(пайымдық).

Рухани жетілген зияткер азамат тәрбиелеу-ұстаз парызы.



«Адам көңілі шын мейірленсе,білім-ғылымның өзі де мейірленеді,тезірек қолға түседі... Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.Бахасқа бола үйренбе...»(Абай,32 қарасөзінде). «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл ,жылы жүрек ... Біреуінің күні жоқ , біреуінсіз.Ғылым сол үшеуінің тілін білмек».Ұлы ойшыл бар асыл ойын халқына арнап айтты. Адам бойындағы ең бағалы құндылық-білімділік екенін,әрбір жігерлі жанның ұмтылатын арманы-ғылым,білім үйрену болуы керектігін ашып айтты.Толық адам болуды мұрат тұтқан әрбір азамат алдына мақсат қойып ,соған жетуі үшін ізденуі,талпынуы,ерінбей еңбек етуі керектігін айтып кетті.Абай ой-пікірлерінің тағылымдық мәні қазіргі күнде де өз күшінде. Өз ұлтына жол көрсетер шамшырақтай қызмет етіп келеді.Ұлыларымыз қолымызға ұстатып кеткен сол шамшырақтай ғибратты өнегені қажетімізге жарату–қазіргі педагогика ғылымының аса маңызды міндеті.Егеменді елімізде болып жатқан тың ізденістер,түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп,білім мазмұнын,оқыту әдістемесін жетілдіруге жол ашты.Педагогикалық жаңаша ойлану,білім тәрбие беруді ізгілендірудің ,көркем шығарманы,әдебиетті оқытудағы ұтымды әдіс-тәсілдерді жетілдірудің қажеттілігін әрбір ұстаз жете түсіне бастады.Дәстүрлі сабақтар арқылы функционалдық сауаттылығы жоғары азаматтарды қалыптастырудың мүмкіндігі төмен екендігі айқындала түсті.Бүгінгі техниканың қарыштап дамыған заманында болашақ ұрпақтың ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін түсініп,саралай алатын санасының сәулелі,ізгілікті болуы-туған тіл мен әдебиетінен берілген білім нәріне тікелей қатысты.Білім саласындағы соны өзгерістер мен талаптар–болашақтың мұраты.Әр ұлттың басты ұлттық жоспары болашақтың мүддесіне арналуы-заңдылық.Бүгінгі күнде қоғамымыздың кез келген саласы өзі үшін де,елі үшін де өскелең эеономикалық және әлеуметтік жауапкершілік жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей білетін белсенді,қабілетті,ізденгіш азаматтарды талап етеді.

Елімізде қабылданған білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген мақсат- дене және рухани тұрғыда дамығанзияткер азаматты қалыптастыру,оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру,яғни оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Осыған орай қабылданған бес жылдық ұлттық жоспарда да көрсетілген функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмінің бірі-мұғалімнің оқушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзіреттіліктерді сіңіруі.Олар : басқарушылық(проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (ақпараттар көздері арқылы үнемі өз бетінше білімін көтеріп отыруы,сол арқылы танымдық қабілетін ұштауы);коммуникативтік(қазақ,орыс,ағылшынтілінде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда,өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);тұлғалық(өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім , білік , дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау,оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);азаматтық(қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы,әдебиеті,мәдениеті,ділі,тілін терең меңгеріп,Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); технологиялық (әр азамат өз мамандығына қарай ақпараттық технологияларды,сандық технологияны,білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Осы аталған құзіреттіліктермен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мазмұны беретін пәндік құзіреттіліктерді шәкірт санасына сіңіруді,әр шәкірт бойындағы қабілетті тануды, сол бағытта шығармашылыққа жетелеуді және білімді әрі ұлттық рухы жоғары ұрпақ тәрбиелеуді қоғам алдындағы ұстаздық парызым мен міндетім деп санаймын.Жоғарыда Ұлы Абайдың даналық тағылымдарының бірінде «адамның бойындағы адамшылық қасиеттің үш нәрсеге негізделіп тұрғаны» айтылды.Жылы жүрекпен қабылданған, нұрлы ақылмен санада қорытылған, ыстық қайрат иесінің көкірегіндегі білімнің нәтижелілігінің бір көрінісі танымдық мәтіндермен жұмыс жасауда деп санаймын. «Танымдық мәтіндермен жұмыс жасаудың тиімділігі» атты әдістемелік тақырыппен жұмыстанып келемін. Осы орайда ,қазақ тіл мен әдебиетінен берілетін білімнің ұтымды құралы –танымдық мәтіндермен жұмыс жасаудың нәтижелі білімге алып баратын түрлі сипаттарына тоқталып кетсем деймін:1.«Оқу мәтіндері тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытуға мол мүмкіндік береді»(Т.М.Пахнова. «Развивающая речевая среда как средство приобщения к культуре».«РЯШ»,№5,2003,14-б.).Тілдің тек ғылыми жүйесін меңгертуден арылудың бір жолы –оқушының сөйлеу іскерліктерін дамытатын жұмыстарға басымдық беру.2.«Мәтін-білімді дара тұлғаға бағдарлап оқытудың ұтымды құралы»(А.Аркин.Почему школьники не любят уроки родного словеснсти. «Нар.образования»,№2,2001,15-б.).3.«Мәтінмен жұмыс-оқытудың тәрбиелік сипатын күшейтудің бір факторы» (А.К.Маркова. Формирование мотивизации учения в школьном возрасте. М.,1983.). Мұнда мәселе тек мәтін мазмұнының дидактикалық қырында ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өзара пікірталасы үстінде қалыптасатын тыңдау мәдениеті мен өзгенің ойын сыйлай білу дағдысының қалыптасуында ,өз ой тұжырымдарын көпшілікке ұғымды етіп түсіндіре білу іскерліктерін жетілдіруге деген ішкі мүдделілігінің тууында жатыр. Танымдық мәтіндермен жұмыс жасау-бүгінгі таңдағы әлемнің озық елдері ұстанып отырған білім жүйесінің жаңа моделі -нәтижеге бағдарлай отырып білім берудің негізгі шарттарымен үндеседі.

Сонымен, жоғарыда айтылған мәселелердің түйіні- Абайша толғансақ ,туған тіліміз бен әдебиетімізден берілетін құндылық-құзіреттіліктер педагогика ғылымының ізгілендірілуі , нәтижеге бағытталуы , нақты мақсатпен меңгеруге ұмтылу арқылы тезірек қолға түсері,функционалды сауатты ұрпақтың сенімді қаруына айналары хақ екеніне көзіміз жетті. Бүгінгі әлемдік білім кеңістігінде оқушылардың әлеуметтендірілуі,қоғамдық ортада өзіндік ой-пікір мен көзқарасын еркін әрі дұрыс айта білуі талап етіліп отырылған кезеңде оның алғашқы қадамдары сабақ үстінде жүргізілетін танымдық, практикалық жаттығулардың жүйелі,ұйымдастырылуында,мақсатты нәтижені нақты қоябілуде, оқытудың жаңа технологиясы әдіс-тәсілдерінің ұтымды қолданылуында деп қорытындылағым келеді.

Сагындыкова Галия

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Эссе(пайымдық). Рухани жетілген зияткер азамат тәрбиелеу-ұстаз парызы.

Автор: Сагындыкова Галия Жолдыгалиевна

Дата: 21.01.2020

Номер свидетельства: 536751


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства