kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Емдік қасиеті бар гүлдерді өсіру жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайында жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «Өсімдіктердің адамнан өзгешелігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырым жасап отыр.Әрине,біз үшін үлкен жаналық.Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «Өсімдіктерде көздің орнына ақуыздар бар,оларға кез-келген электр күштері әсер етеді,ал тамырында дән ферменттері анықталған,өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қорректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір – бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген, сондықтан гүлдеріңізбен сөйлессеңіз болады. Нәтижесінде сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз. Өсімдіктер музыканы да жақсы қабылдайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Емдік қасиеті бар гүлдерді өсіру жолдары»





Емдік қасиеті бар гүлдерді өсіру жолдары




Тасбулатова Раушан Адилгалиевна



Көптеген адамдар бөлме өсімдігін , тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайында жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «Өсімдіктердің адамнан өзгешелігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырым жасап отыр.Әрине,біз үшін үлкен жаналық.Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «Өсімдіктерде көздің орнына ақуыздар бар,оларға кез-келген электр күштері әсер етеді,ал тамырында дән ферменттері анықталған,өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қорректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір – бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген , сондықтан гүлдеріңізбен сөйлессеңіз болады. Нәтижесінде сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз. Өсімдіктер музыканы да жақсы қабылдайды. Тіпті әр өсімдіктің өзінің музыкалық қалауы бар екен. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаштар – Чайковскийдың шығармашылығын , флокс пен табак Вагнердың операсын ұнатады. Міне, қызық деп осыны айтуға болады. Өсімдіктер де қобалжуға бейім, адам мен өсімдіктің арасында көрінбейтін, белгісіз бір байланыс орнатылады. Сондықтан болар адамның көңіл – күйі жоқ кезде өсімдіктердің арасында жүрсе, жақсарып қалады. Адам ауырып қалғанда, сүйікті гүлінің де нашар болып кететіндігі немесе мүлдем өліп қалатындығы бір емес, бірнеше рет дәлелденген құбылыс. Міне осыдан барып, адам жаны мен өсімдіктердің байланысын бақылауға болады. Өсімдіктердің «миы» тамырында орналасқан, ол жүректің сіңірі сияқты жұмылып, ашылып тұрады деген дәлел бар».

Бөлме өсімдіктері де қолдан өсіріліп, мәдени түрге айналған. Олар тек сәндік мақсатта емес, өте қажетті қызмет атқару үшін де бөлмеде өсіріледі. Алоэ, кактус, бегония, бальзамин, қазтамақ, қытайлық раушан және т.б. өсімдіктер кабинеттерде көбірек өсіріледі. Бұлардың ішінде бальзамин, қазтамақ,қытайлық раушан әдемі гүлдерімен бөлмеге сән береді. Дәрілік мақсатта көбірек қолданылатын түрлері де бар.

4

Олай болса , әрбір жұлдызды белгілеріне сәйкес келетін гүлдерді қарастырайық.

Тоқты.

Осы белгінің өкілдері Марс планетасын басқарады. Олар әрдайым елдің назарында болуды ұнатады. Сондықтан тоқты жұлдызына туғандардың барлығы денелі келеді. Тоқты оттың белгісі. Осыған байланысарлық сезімін оятады. Олардың гүлдері тікенекті , қызыл , күлгін түсті болады. Тоқтының гүлдері кез келген белгідегі адамға шыдамдылық , сенімділік пен қайсарлық сезімін ұялатады. Егер аталған қасиеттерге ие болғыңыз келсе, осы гүлдерді өсіріңіз. Сонымен тоқты белгісіндегілердің гүлдері келесілер: азалия , қазтамақ, бегония, анар , гусмания, сүттіген , эхмея, колерия, хавортия. Егер сіз жиі ауыра берсеңіз , кірпігүл өсіргеніңіз абзал. Кірпігүлдер тоқтылардың иммунитетін көтеретін қасиетке бай. Тоқтылардың гүлдерін жаңадан кесіп бастап жатқандар үшін өсірген жағымды болады.

Торпақ.

Торпақ тұрақты және шыдамды, жердің белгісі. Әр нәрсеге өте ұқыпты.Торпақтардың гүлдерін үнемдеуді білмейтін адамдарға өсіру керек. Торпақтардың үнемділік қасиеттеріне байланысты, гүлдеріде аласа бойлы болып келеді. Олар әдемі гүлдейтін бегония, бертолония, глоксиния, дюшенея, қалыңқой, нертера, пеперомия, наурызгүл, синингия, цикламен, эписция, шегіргүл. Бұл гүлдердің барлығы мықты және әдемі гүлдермен баурайды. Торпақтардың гүлдері адамға күш – қуат беруге және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Шаян.

Шаяндар судың белгісі. Сол себепті шаяндарға сәйкес гүлдердің жапырақтары мен сабақтары етті,шырынды болады. Шаяндардың гүлдері : агава , шабдаргүл, алоэ, айр, диффенбахия, қамыс, түбіртек, пахифитум, сырғагүл, хойя, эхеверия, хавортия. Осы гүлдер жанұяның берекесін сақтап тұрады. Олар туысқандар арасындағы татулық кепілі, достықтың бұзылмас қамалы десе артық емес. Үй тұрғындарының арасындағы түсініспеушілікті жояды. Аталған гүлдерді басқа белгідегі адамдар да өсіре берсе болады. Адам бойындағы жомарттық, сезімталдық қызметін оятады. Оларды әсіресе үлкен мерекелерде, кеңселерде өсірген жақсы. Сонда әріптестердің қарым қатынастары әрдайым жақсы қалыпта болады.

5

Гүлдер ауаны тазартып, жасыл жапырақтарымен адам көзіне жақсы әсер етеді. Шаршағандықты басатыны да белгілі. Гүлдерге сыртынан өтіп бара жатқан жолаушылар да өз ризашылықтарын білдіртіп жатады. Мен халыққа осындай қуаныш сыйлап отырған гүлдеріме қуанамын. Гүл деген өмірдің ажары ғой. Олар тек жақсылық береді. Сондықтан барлық мекемелерде гүлдер көп болса екен деген арманым бар.

Ғалымдардың зерттеуінше ашуланған немесе қатты қорыққан адамдарға дәрігерлер жапырағы әдемі өсімдіктердің арасында демалуға кеңес береді екен. Олар: шапангүл, роджерсия, қырыққұлақ, функия немесе табиғи әдемі шөптер. Ғалым айтса , бекер айтпайды. Сондықтан аулаңызға тек сәндік үшін емес, емдік үшін де көптеген әдемі жақтары бар.

Негізінен көптеген ағаштар да, мысалы, терек, көктерек, мойылдар адамға операциядан кейін, радикулит және онкологиялық аурулар кезінде жағымды әсерін тигізеді. Емен, қарағай, қайың ағаштары адамға күш қуат береді. Сондықтан 3 – 4 минут осы ағаштардың жанында тұру керек, тіпті құшақтап алса да болады екен.

Бөлме ішіндегі атмосфераны жақсарту үшін кейбір өсімдіктердің эфир майын қолдануға болады. Эфир майы адамның ағзасына еніп, оның физикалық әсерін жақсартып , түрлі бактерияларға қорған болады. Сонымен қатар , қан құрамында лейкоциттердің көбеюіне әсер етеді. Қазтамақтар бүйрекке түскен салмақты жеңілдтіп, адамға тыныштық күйін бере алады. Өсімдік арқылы адам табиғаттан ала алмаған әсерін толтырады. Сондықтан экологтар кеңсеге, үйге міндетті түрде гүл өсіруге кеңес береді. Себебі, өзінен ауадағы зиянды микробтарды жоятын фитонциттер бөледі. Яғни, өсімдік өскен бөлмеде ауа үздіксіз тазартылып отырады.

Ғалымдар зерттеу жүргізіп , амарилис, агапантус, гиппеаструм, зифферантес гүлдерінің фитонцидтері, сарымсақтың фитонцидтеріне қарағанда, микроптарды тез өлтіргендігі дәлелденді. Бөлмеде хлорафитум, мирт, шабдаргүл, аспарақұс өсімдіктерін өсірген пайдалы, олар ауадағы ауыр металдарды сіңіріп алады. Ауадағы ылғалдылық айналымын үлкен жапырақтар атқара алады. Олардың қатарына диффенбахия, филодендрон, антириум, монстера, пілқұлағы, каучукты фикус гүлдері жатады. Тазарту процесінде өсімдік жапырағы негізгі қызмет атқарады.

6

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп – оңай тыныс алуға болатынын байқайсыз. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса , cіздің көңіл – күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Адамның көңіл – күйіне байланысты өсіліп , жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс – керіс , жанжал , келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса , олар да өздігінен солып , сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ , домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс , ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтың тікенек, тік (мысалы, кактус, алоэ) болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс -керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса , кез - келген дәріханада алоэны сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн.

Гүлдер ауаны тазартып, жасыл жапырақтарымен адам көзіне жақсы әсер етеді. Шаршағандықты басатыны да белгілі. Гүлдерге сыртынан өтіп бара жатқан жолаушылар да өз ризашылықтарын білдіртіп жатады. Мен халыққа осындай қуаныш сыйлап отырған гүлдеріме қуанамын. Гүл деген өмірдің ажары ғой. Олар тек жақсылық береді. Сондықтан барлық мекемелерде гүлдер көп болса екен деген арманым бар.

Ғалымдардың зерттеуінше ашуланған немесе қатты қорыққан адамдарға дәрігерлер жапырағы әдемі өсімдіктердің арасында демалуға кеңес береді екен. Олар: шапангүл, роджерсия, қырыққұлақ, функия немесе табиғи әдемі шөптер. Ғалым айтса , бекер айтпайды. Сондықтан аулаңызға тек сәндік үшін емес, емдік үшін де көптеген әдемі жақтары бар.

Өсімдіктердің табиғатпен биологиялық байланысы
Ғылыми қорытындыларға арқа сүйесек, өсімдіктер өмірінде уақыт пен биологиялық жиілікке бағынатын таңғажайып заңдылық бар. Мысалы, таңғы сағат үште «ешкісақал» дейтін гүл бүр жарып ашылады, түн жарымында «түн патшасы» деп аталатын кәдімгі кактус қауызын қайта жабады. Өсімдіктердің осындай қасиеті барын XVIII ғасырда француз астрономы Мэран байқап, зерттеген.

Ол жердің өз осінен айналуына бақылау жүргізген кезінде кейбір өсімдіктердің бір тәуліктің ішінде біресе жапырақ пен гүл жарып, біресе қауызын қайта жауып отырғанын, оның уақыттың белгілі бір мерзіміне дәлме-дәл келетінін

7

анықтаған. Ғалымдар бұл күннің сәулесіне қатысты шығар деп ойлап, әлгі өсімдіктерді жарық түспейтін қараңғы бөлмеге қойып, бақылағанында олардың бір мезгілде жапырақ пен гүл жарып, бір мезгілде қауызын қайта жабатынының куәсі болған. Содан олар «өсімдіктерде сыртқы ортаға байланыссыз уақытты өлшегіш жүйе бар» деген қорытынды жасаған.
Өсімдіктерде де сезім бар...

Ғылыми басылымдардағы зерттеулер бойынша ой қорытсақ, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаң, ол да саған солай жауап береді екен. Егерде саған біреу гүлді құмырасымен сыйға тартса, сен ол адамға әлгі гүл үшін аз болса да ақы төлеуге тиіссің. Себебі, құмырадағы гүл оған «мені бағалады»- деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсетін көрінеді. Ал, үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады. Яғни, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмайсың. Мұны жазып отырғандар өсімдік өсіруші ғалымдар, мамандар болған соң сенбей көр.
Сезімтал өсімдіктер туралы аңызға ұқсас мамандардың ғылыми қорытындылары көп. Солардың кейбіріне тоқталсақ: кактустар адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді. Кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді... Ал бұл зат адамды ішімдікке итермелейді. Осындай сөз айтамын деп кактустың улы заттарын ағзасына сіңіріп, адамдардың ішімдікке әуестеніп кететін кездері болатынын ғалымдар тәжірибе жүзінде талай рет анықтапты да. Ғалымдар емес, қарапайым танысың айтса, сенбейтін оқиға.
Өсімдіктерге қатысты қызық көп. Кейбір өсімдіктердің қожайынын басқа бір адамнан қызғанатыны да белгілі болып отыр. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасын зерттеген ғой. Ағылшын физиологы А. Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған.

Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Бойына бала біткенінде итжерік болып, дәрігерлердің сан алуан ем қолданғанына қарамастан түсік тастайды. Осы кезде әлгі ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түсіп, әйелінің ауруға шалдыққанын содан көріп, оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Сол күннен бастап әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, оны аман-сау өмірге әкеледі.
Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспалы заттарды

8

бөле берген, тек ол Мейсонға зиянын тигізбеген. Әрине, өсімдіктердің бәрі зиянды емес. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын

жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Гүлді әркімнің өз қолымен егіп, күтіп-баптап өз үйіне өзінің орналастырғаны дұрыс, дейді мамандар. Гүлді сәбиіңді баққандай күтсең, ол өскен соң денсаулығыңа, отбасыңа оң әсерін тигізеді. Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң, көңіл күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласың. Бала кезімізде ауылдың бір абыз қариясы: «Ағаш, гүлдің де жаны бар. Оларды тектен-текке сындырып, жұлып, обалына қалмаңдар»,- дейтін еді, мүмкін, шын шығар. Әйтеуір, табиғаттың жамандықты да, жақсылықты да сезіп, біліп, соған сай жауап қайтаратынын көріп те, естіп те жүрміз.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.
Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар. Біз енді соған тоқталсақ.













9





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Емдік қасиеті бар гүлдерді өсіру жолдары

Автор: Тасбулатова Раушан Адилгалиевна

Дата: 19.04.2022

Номер свидетельства: 605154

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "?йірме жоспары "
    ["seo_title"] => string(16) "uiirmie-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "246054"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446288501"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства