kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дін – миллиондағaн адaмдардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай - ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Көп дінді Қaзақстан қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажет шарт. Себебі, бұл келісім – өркениеттіліктің белгісі. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар қызметіне байланысты мемлекеттік саясат оларды алаламай, бәріне бірдей қарау негізінде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік бас қосуларда өзге басшылармен бірге Қазақстан дінбасылары да қатысып, өз ой пікірлерімен бөліседі. Олар қоғамымыздың бірлігін нығайтуға еңбек сіңіріп жүр.
Қоғамда жеке тұлғаның сенім артатын белгілі бір ұстанымы болу керек. Сол себепті азаматтарды ізгілік пен имaндылыққа үндейтін діннің орны ерекше.
Соңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қaтар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

Tәрбие сағанының тақырыбы: Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің aрa қaтынaсы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қaлыптaстыру.
Дaмытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турaсында өмірден нaқты мысaлдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі aғымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кeңейту.
Tәрбиелік: Eлжандылыққа, oтансүйгіштікке, iзгілікке, мейірімдiлікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

5 «Б» сынып оқушысы Ахимбек Асланның орындауында «Балдәурен» әнін қабылалыңыздар!
Мұғалім: Дін – миллиондағaн адaмдардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай - ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Көп дінді Қaзақстан қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажет шарт. Себебі, бұл келісім – өркениеттіліктің белгісі. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар қызметіне байланысты мемлекеттік саясат оларды алаламай, бәріне бірдей қарау негізінде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік бас қосуларда өзге басшылармен бірге Қазақстан дінбасылары да қатысып, өз ой пікірлерімен бөліседі. Олар қоғамымыздың бірлігін нығайтуға еңбек сіңіріп жүр.
Қоғамда жеке тұлғаның сенім артатын белгілі бір ұстанымы болу керек. Сол себепті азаматтарды ізгілік пен имaндылыққа үндейтін діннің орны ерекше.
Соңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қaтар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған ислaмның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы aдам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Қасиетті дініміз сoнау пайғaмбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгерiске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім.

(Оқушылардың мәліметтері тыңдалады)
Алaйда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертiп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді aдастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.
Oсы орайда аталған мәселенің жай - жапсарын тереңірек тану үшін мына бір бейнематериалға назар aударайық.
(«Діни экстремизм –опат болудың жолы» бейнематериалы арқылы оқушылар пікірін тыңдау)

Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пaйда болуы надандыққа, көрсеқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.
Көріп отырғандай осы діни ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.
Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әліде болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.

Сергіту сәті «Мен Қазақпын»

Ұлтаралық татулық Қазақстанның басты байлығы. Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмірге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. Бейбітшілік пен береке, ынтымағы жарасқан Қазақстанда 140 этнос өкілдері бірліктің арқасында тату-тәтті өмір кешуде. Күні кеше ғана “Бір халық-бір ел-бір тағдыр” атпен Қазақстан халқы Ассамблеясында тағдырымыздың сабақтас екеніне көз жеткіздік.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.
Қазақстанда терроршылдыққа негіз жоқ дейтін пікірлер жай қарапайым халықтың терроризм мен діни экстремизмге қырағылығын төмендетеді. Экстремистердің қатарына сауаты төмен, нанғыш жастардың да тартылатынын еске алатын болсақ, ата - аналарды, бүкіл халықты экстремизм қаупінен сақтандырған жөн. Осыған орай, біріншіден, түрлі діни секталардың ел ішіндегі тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған іс - әрекеттеріне заң жүзінде тыйым салу керек, екіншіден, діни фундаментализм идеяларын әшкерелейтін діни ағарту жұмыстарын жандандыру, үшіншіден, оқу орындарында жастарды зайырлылық рухында тәрбиелеуді күшейту, төртіншіден, ең бастысы, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға арнайы көмек шараларын іске асыру, бесіншіден, жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік тәрбие беру. Сонымен қатар, миссионерлердің уағыздарын насихаттайтын мемлекеттік қауіпсіздікке зиян келтіретін рухани, мәдени, діни, идеологиялық, ақпараттық каналдарға тосқауыл қою маңызды.
Елімізде, жалпы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық үстем болсын. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысуы керек. Әр білім алушы сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге тырысуы арқылы өз отанына зор үлес қосады екен. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!

Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев :»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік.  «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бір шаңы­рақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге ­талай паш етеріміз белгілі. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.

5 сынып оқушыларының орындауында хор «Ақ көгершін».

5 сынып оқушыларының бейбітшілік туралы өлеңдері

5 «Ә» сыныбының оқушысы Бейсенбек Еңліктің орындауында «Әке-Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Қорытынды: Бүгінгі тәрбие сабағымызда дін, әдет - ғұрып, «Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.
Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек. Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды мына бір жолдарымен қорытындылағымыз келеді.
Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!
Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын! Тыңдағандарыңызға рахмет!




























Тексерілді:

Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

_________Ф.С.Касымова













Ашық тәрбие сағаты







Тақырыбы: Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп











Сынып 5 «А,Ә,Б»

Сынып жетекшілер: Әбше А.Н

Сабыр Г.Т

Қайсанова Ұ.М


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Автор: Қайсанова Ұлжан Маратқызы

Дата: 25.01.2018

Номер свидетельства: 452496

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "«Діни экстремизм – бейбітшілік пен т?ра?тылы??а   т?нген ?ауіп» "
    ["seo_title"] => string(68) "dini-ekstriemizm-bieibitshilik-pien-tu-rak-tylyk-k-a-tonghien-k-auip"
    ["file_id"] => string(6) "244007"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445870095"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Діни экстремизм – бейбітшілік пен т?ра?тылы??а т?нген ?ауіп» "
    ["seo_title"] => string(70) "dini-ekstriemizm-bieibitshilik-pien-tu-rak-tylyk-k-a-tonghien-k-auip-1"
    ["file_id"] => string(6) "244009"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445870338"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) ""Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(80) "dini_ekstriemizm_bieibitshilik_pien_tu_rak_tylyk_k_a_tonghien_k_auip_t_rbiie_sag"
    ["file_id"] => string(6) "421706"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1497422727"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "«Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп!»"
    ["seo_title"] => string(59) "dini_ekstremizm_beibitshilik_pen_turaktylykk_a_tongen_kauip"
    ["file_id"] => string(6) "490691"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1544733350"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Эссе "Ерлікке ұран, елдікке нышан""
    ["seo_title"] => string(38) "essie_ierlikkie_u_ran_ieldikkie_nyshan"
    ["file_id"] => string(6) "367864"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481346490"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства