kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дифференциальное обучение по казахскому языку

Нажмите, чтобы узнать подробности

Обучение детей, разных не только по уровню подготовки, но даже по учебным возможностям, пожалуй, самая сложная задача, стоящая перед преподавателем. И решить ее невозможно без дифференцированного подхода к их обучению.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дифференциальное обучение по казахскому языку»

Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарындағы дифференциалды оқыту


Дифференциалды оқытуды жүзеге асыру үшін жүйелі түрде студенттерге күрделілігі әр түрлі жұмыстарды есептеуге беріп, оған қайтарылған жауаптарына назар аударуы, нәтижелерін арнаулы күнделік дәптерге жазу, басқа пән оқытушаларымен пікір алысып, студенттің өзімен сырласуы, ата-ананы одақтас етіп, ынтымақтастықты арттыру істің нәтижелі болуына мүмкіндік жасайды. Талапты, талантты студенттерге қосымша тапсырма беру, әдебиеттер, есептер жинағын, оқу құралдарын ұсыну, сонымен бірге талап-тілектеріне сай қосымша уақыт бөліп, бірлесе сынақ-тәжірибелер жасау, жаппай жасалатын зертханалық жұмыстар даярлауда көмекке шақыру, көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді жасауда жәрдемдесу, біріге еңбек ету – дифференциалды оқытудың маңызды міндеті.

Сондай-ақ, сыныптан тыс жұмыстарда пәндік апталықтар өткізуде негізгі көмекшілер тағайындауға, жалпы басшылықты талапты, ұйымдастыру қабілеттері бар жас жеткіншектерге беріп, оларға тек бақылау жасау, қажетті кезеңдерде ғана ақыл-кеңес беріп, үйрету назардан тыс қалмағаны жөн. Оқытушы студенттерге көптеген тамаша кештерден ең қызықтысын іріктеп алудың тәсілдерін үйретуі тиіс.

Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында әрбір тоқсанда оқу үлгерімдеріне сай кейбір студенттерді тереңдетіліп оқытатын курсқа ауыстыру мүмкіндіктерін қарастырудың, шәкірттердің еңбектерінің лайықты бағаға ие болуын ойластырып, оларды жүзеге асырудың берері аз болмаса керек.

Кез-келген колледж студенттері түрлі даму ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі, оқуға деген түрлі ынтасы мен қызығушылықтары бар, бірі-біріне ұқсамайтын дара тұлғалардан, түрлі  жеке-психологиялық ерекшеліктері бар тұлғалардан тұрады. Көбінесе педагог оқуды студенттердің дайындығы мен дамуының орташа деңгейіне сай жүргізеді.

Кейбір студенттердің осы жас үшін  икемділігі,  ойлау жылдамдығы, жиынтықтау қабілеті. Тапсырмаларды шешуге шығармашылық бейіммен келуі жеткіліксіз болады, олар оқу материалын өтуде қалып қоя бастайды. Ал басқа «мықты студенттер», педагог сабақты  «орташа» деңгейлі студенттерге бейімдеп өткізетіндігіне байланысты,  өз күштерін толық пайдаланбай жұмыс істеуге мәжбүр болады, оқу тапсырмаларының жеңілдігіне үйреніп кетеді, алғашқы қиындықтар абыржуға, өз-өзіне деген сенімділіктің жоғалуына әкеледі. Аталған барлық факторлар «мықты» студенттердің  өздерін дамытуда жасанды тежеуіне, оқуға деген қызығушылықтарының жоғалуына алып келеді, ал «әлсіз» студенттер үнемі оқудан қалып жүреді.

Бұл талаптар оқытуды жеке саралап оқуға бейімдеу  қағидасы деп аталатын  педагогикалық теориядан көрініс табады. Аталған міндет жалпы білім беретін колледждің қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында саралап оқытуды тиімді жүзеге асырғанда мүмкін болып, шешімін табады, бұл оқыту  жүйесі студенттердің  қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып  оқу жоспары мен бағдарламаласын бөлуге мүмкіндік береді.

Саралап оқыту - бұл бір бағдарлама бойынша жұмыс, бірақ сынып-сағат жүйесі аясында  қиындықтың түрлі деңгейінде әр студенттің тұлғасын дамыту мақсатында жұмыс жасайды. Саралап оқытудың басты мақсаты – бұл, оқытуды студенттің тұлғасын қалыптастыруға бағыттау, бұдан әр студентке ерекше назар аударылады, оның шығармашылық даралығы әр сабақта байқалады.

Колледж студенттеріне саралап оқытуды енгізу жұмысында, біз танымдық тапсырмаларды  ретімен қиындатуды көздейтін және студенттердің дағдылары мен қабілеттерін, білім деңгейлерін ескеріп ұсынылатын игерімді оқу тапсырмаларын студенттерге беру мысалында  жүзеге асырамыз. Алғашқы меңгеруден берік қалыптасқан дағдыға жету жолы түрлі студенттерде бірдей емес.  Педагогтың тәрбиеші ретіндегі басты міндеті -  басқаларына қарағанда  ұзақтау тапсырмалары бар  студенттердің тапсырмаларын қысқарту.

Колледжде түрлі деңгейлі оқыту негізінде саралап оқыту әдісін ұйымдастыру үшін біз студенттерді топтарға бөлуге мәжбүрміз. Студенттер бір-бірінен тапсырмаларды шешуді орындау кезінде байқалатын ойлау қабілеті сипатымен ерекшеленеді. Студенттердің басым бөлігі оқытушымен бірге  тапсырманың мазмұнын түсінуге енді кірісе бастаған кезде, басқа, азғана топ  оны қалай шешуді біліп отырады. Бір студенттер  шешімнің бірнеше тәсілін таба білуге қабілетті болса, басқаларына тапсырманы жай ғана түсініп шешу үшін айтарлықтай көмек қажет болады. Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында студенттердің мүмкіндіктеріне сәйкес келетіндей жұмысты ұйымдастыра отырып, біз бұл мәселені қалай шешеміз? Тапсырманы орындаудың келесідегідей қабілеттілік деңгейлерін анықтаймыз: төмен, орташа, жоғары және осыларды толықтай сипаттаймыз.

Қабілеттіліктің төменгі деңгейінде тапсырманы қабылдау үстіртін орындалады, толық түсініп болмай студент орындауға кірісіп кетеді, сондықтан көбіне тың шешімі ретсіз орындалған тапсырма болып шығады.

Орта деңгелі студенттер тапсырманы түсінуге тырысады, талдайды, деректер мен ізделінетін шаманы анықтайды. Бірақ олардың арасындағы тұтастық байланысты орнатуға мұндай студенттер қабілетсіз,  шамалар арасындағы бірыңғай байланыс жүйесінің жоқтығынан есепті шешудің келесі қадамын табуға қиналады. Бұл желі көбірек тармақталған сайын, қате шешім шығу мүмкіндігі де көбейе береді.

Жоғары деңгейлі студенттер  ізделінетін шама мен деректер арасындағы өзара байланыстың тұтастық жүйесін анықтай алады. Бұл оларға есепті шешуді толықтай тұтас жоспарлауға мүмкіндік береді, яғни студент есепті шешудің түрлі тәсілдерін табу мен ең оңтайлы және барлық мүмкіндіктердің ішінен тиімдісін анықтауға қабілетті.

Тапсырмаларды орындауда саралау әдісімен жұмыс жасауды ұйымдастыру үшін,  үш деңгейде, үш нұсқада алдын-ала жасалатын  жеке тапсырма-парағын дайындап алу керек. Әр студент үшін өзі үшін ыңғайлы қиындық деңгейін таңдау ұсынылады, сонымен қатар есепті шығаруда іздеу жұмысын саралау жүзеге асырылады.

Мұндай оқытуға бейімдеуде  сабақтағы жұмысты ұйымдастыру туралы сұрақ маңызды болып табылады. Тапсырмалардың нұсқалары студенттердің мүмкіндіктеріне сай болғандықтан, тапсырманы ұсынудың баспа формасы  ресімдеудің қиындығын болдырмайды. Бұл тапсырма уақытында  кейбір тәрбиеленушілерге жекелей көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған.  Қажеттілікке қарай,  басқалары өздігінен жұмыс жасап жатқанда деңгейлердің біреуінің студенттеріне жетекшілік етуге және басқа деңгейдің студенттерімен қайталатуға болады.   

Сабақта студенттердің топтық жұмысын жиі ұйымдастырып тұру ұсынылады: әр топтың студенттері тапсырманы бірге орындайды және талқылайды. Мұндай топтардың құрамы бірдей деңгейлі немесе түрлі деңгейлі болуы да мүмкін.

Бір тапсырманы шеше отырып, оны шешкеннен кейін бірден талқылауға қолайлы жағдай жасаймыз. Бұл бір жағынан педагог үшін қажетті кері байланыс болып табылады, осылайша сабақ үстінде студенттердің жұмысты орындауы туралы жалпы түсінік алады. Екінші жағынан, кері байланыс студент үшін де маңызды.  Ол есепті шешу барысына қандай қиындықтар мен күмәнге кездескенін біледі және өз шешімінің немесе нәтижесінің  дұрыс екенідігіне немесе қателігіне көз жеткізеді. Сонымен қатар, нәтижелерді талқылау барысында және жұмыс шешімін табу жолында студенттер өзі жұмыс жасаған деңгейден жоғары деңгейде  жұмыс жасай алу мүмкіндігін көреді. Осылайша, студент өзіне ұсынылған деңгей аясында шектелмейді.

Күрделілік деңгейі бойынша жеке топтармен дербес парақшалар көмегімен тапсырмаларды орындау және топтық жұмыстар  күнделікті сабақ барысына оңай үйлеседі, студенттердің өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттырады  және өздеріне ыңғайлы күрделілік деңгейінде  деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл колледж студенттеріне тапсырманы орындауға үйретуді жетілдіріледі. Біздің пікіріміз бойынша, мұндай сараланып ұйымдастырылған  танымдық бейімділікпен әлсіз студенттермен  жұмыс жасалса, сабақтан кейін қосымша дайындалу қажет емес. Осылайша, балалардың бос уақытының жетіспеушілігі мәселесін де шешеміз.

Жұмыста саралап оқытуды қолдану табысты оқытуға мүмкіндік беріп қоймай, студенттерді тәрбиелеу мен дамытуға да (ойлауын, қиялдауын,еске сақтауын, жігерін дамыту) мүмкіндік береді.

Қорыта келе айтқанда, дифференциалды оқытуда талдап-жинақтай баяндау элементтерін пайдалану, ұқсастықтар, қорытындылаулар, нақтылаулар, модельдеу және ой елегінен өткізулер арқылы өздігінен білімдерін жетілдірулер, оқу материалдарын қысқаша конпектілеу, тірек конспектілер жасау, негізгілерін ықшамдап жазу, келелі мәселелер ұстанымын пайдалану табысқа жеткізетінін ескеру нәтижесінде студенттерді сенімді көмекші ете білу мен табыс көзі болып саналады. Дарынды студенттерді даралауда дифференциалды оқытуға баса назар аудару – болашақ ұрпақтың білікті маман болуына жол ашылады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дифференциальное обучение по казахскому языку

Автор: Каиркенова Майгуль Ериковна

Дата: 21.12.2020

Номер свидетельства: 568078


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства