kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үдерісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралынан өарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интелектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемдігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізілетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру»

Облыстық тамыз кеңесі -2015

Тақырыбы: Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру

Дайындаған: Мұнайлы ауданы №2 жалпы білім беру орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Бекжанов Бахытжан Тұрдыбайұлы

Ақтау қаласы 2015 жыл

Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың карқынды жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың карқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.

Тұжырымдаманың мақсаты білім беруді жаңғырту жағдайында Қазакстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды.Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудін енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді. Осы орайда алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндері бірлестігі мектеп оқушыларының дене қимылдарын дұрыс жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп бойынша өткізілетін әскери - патриоттық және спорттық жарыстардың өз мәнінде өткізілуін қадағалау, аудан көлемінде мектептің намысын қорғайтын оқушыларды іріктеу, мектеп оқушыларын алғашқы әскери дайындық пәні мен спорттық шараларға көптеп қатыстыруды жүйелі жолға қою керек. Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған талаптар мыналар:

  1. Отанын кез-келген уақытта қорғауға дайындау;

  2. Азаматтық пен елжандылыққа тәрбиелеу;

  3. Өз Отаны Қазақстан Республикасына шынайы берілгендік, Қарулы Күштерге деген сенім беріктігі мен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  4. Жеке адамның азамат ретінде Отанын қорғау жөнінде өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  5. Әлемдік және Отандық Қарулы Күштердің жетістіктеріне көз жеткізе отырып баулу;

  6. Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасымен таныстыру;

Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытуда осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, бағдарлама талаптары және ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары негізінде сапалы білім беру-өмір талабы екені даусыз. Ал сапалы білім берудің тиімді жолдары мыналар болмақ:

  1. Бағдарламаны басшылыққа алып сабақ жоспарын жасағанда ең негізгі берілетін ұғымдарды іріктеп алып сол ұғымдарды меңгерту;

  2. Алғашқы әскери дайындық пәніне деген қызығушылығын арттыру.Ол үшін теориялық сабақты практикамен ұштастыру.

  3. Оқушыны шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру(білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу,практикалық түрде жаттықтырып үйрету)

  4. Пәнаралық байланыс. Сабақты математика,физика, тарих, география, дене тәрбиесі,валеология т.б пәндерімен байланыстыра өткізу;

  5. Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялық бағыттарды,әдістер мен тәсілдерді енгізу;

  6. Пән бойынша хабарлама, баяндама, рефераттарды жазу, жұмыстарын қорғау арқылы оқушының өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына ықпал ету.

  7. Сабақтың тақырыбына қарай жергілікті жерді және материалдарын пайдалану;

  8. Әр тараудан соң тест алу;

Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу бағдарламасы бойынша саптық, тактикалық, атыс дайындығы, медициналық дайындық, әскери топография, азаматтық қорғаныс бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, алған білімдерін практикалық түрде көрсетіп дамытуға ықпал жасау, пәннің оқытылуын практикалық жаттығулар жағдайында байқап бақылау жасау, АӘД бойынша сыныптан тыс шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып өткізу, дене тәрбиесі пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына, сыныптар бойынша бағдарламаға сәйкес оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге ие болуын қамтамасыз ету, сынып аралық спорттық шараларды көптеп ұйымдастыру- алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәнінің негізгі басым бағыттары болып қала бермек. Алғашқы әскери дайындық пәнінің басқа пәндермен байланысы бойынша сабақтар, тәрбиелік шаралар өткізу- осы пән ұйымдастырушысының шеберлігі болып табылады. Мысалы, мектепте өткізілетін әскери патриоттық сайыстарда мен өз іс-тәжірибемде саптық, тактикалық, атыс дайындығы, медициналық дайындық, әскери топография, азаматтық қорғаныс және Қазақстан Республикасының ТМД елдері аумағындағы саяси, әскери ұйымдарға мүшелігі мен мемлекеттік рәміздерді қамтитын тест сұрақтары мен әр түрлі жаттығулар арқылы алғашқы әскери дайындық пәнінің физика, химия, география, Қазақстан тарихы пәндерімен тығыз байланысын оқушыларға түсіндіріп өтемін. Осы жұмыстарымның нәтижесі ретінде менің оқушыларым аудандық,облыстық, республикалық сайыстарда топ жарып, өз білімін, жеңіске деген күш жігерін көрсетіп жүр.

2014 жылы өткізілген аудандық «Отан қорғаушы-2015» әскери-спорттық сайысында 1 орынды жеңіп алып ,аталған облыстық сайыста және «Жас Ұлан-2015» сайысында жеңімпаз атанып, Республикалық сайысқа жолдама алды. Ақмола облысы Щучинск қаласында өткізілген Республикалық «Жас Ұлан-жаңа миссия» әскери-спорттық сайысында 9б сынып оқушысы Рахманов Жәнібек пен 11а сынып оқушысы Сарбасов Нұржан Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы құрама командасы сапында Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған әскериленген кросс сайысы бойынша жүлделі 3 орынға ие болды. Сонымен бірге мектебіміздің қыздары «Мерген Ару-2015» пневматикалық тапаншамен ату бойынша аудандық сайыста 2 орынға ие болып, аталған сайыстың облыстық деңгейінде 9а сынып оқушысы Абдулла Әсемгүл 1 орынды жеңіп алды.

Өз сөзімді қорытындылай келе, біздің алғашқы әскери дайындық пәні

оқытушы-ұйымдастырушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің

жан-жақты білімді, ұстамды, тәртіпті, әскери қызметке кез-келген уақытта

шақырылса да дайын, төтенше жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатын,

саналы, тәрбиелі азамат қалыптастырып шығару жолындағы қажырлы еңбегі

білім беруді жаңғырту жағдайында оқыту әдістерінің жаңа ұлттық моделін

жобалаудың стратегиялык міндеттері мен басым мақсаттарын табысты

шешуге зор үлес қосатынына сенімім мол екендігін

айтқым келеді.







Мұнайлы ауданы «№2 жалпы білім беру орта мектебі» ММ





Алғашқы әскери дайындық пәнінен

2017-2018 оқу жылына

арналған тақырыптық-күнтізбелік

жоспары









Мұнайлы ауданы «№2 жалпы білім беру орта мектебі» ММ





«Жас Мерген» үйірмесінің

2017-2018 оқу жылына

арналған тақырыптық-күнтізбелік

жоспары











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру

Автор: Бекжанов Бахытжан Турдыбайулы

Дата: 13.02.2018

Номер свидетельства: 457157

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Білім беруді жа??ырту жа?дайында А?Д саба?тарында патриотты?  т?рбие беру"
    ["seo_title"] => string(67) "bilimbierudizhangyrtuzhagdaiyndaadsabaktaryndapatriottyktrbiiebieru"
    ["file_id"] => string(6) "289120"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454742154"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру"
    ["seo_title"] => string(75) "bilim_berudi_zhang_yrtu_zhagdaiynda_a_d_sabaktarynda_patriottyk_t_rbie_beru"
    ["file_id"] => string(6) "567716"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1608382189"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "Доклад на тему "Білім беруді жа??ырту жа?дайында А?Д саба?тарында патриотты? т?рбие беру""
    ["seo_title"] => string(80) "dokladnatiemubilimbierudizhangyrtuzhagdaiyndaadsabaktaryndapatriottyktrbiiebieru"
    ["file_id"] => string(6) "278341"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453055885"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Патриотты? т?рбие"
    ["seo_title"] => string(16) "patriottyktrbiie"
    ["file_id"] => string(6) "289102"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454740518"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства