kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бауыржан Момышұлы шығармалары негізінде патриоттық сезімге тәрбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бауыржан Момышұлы шығармалары негізінде патриоттық тәрбие беру туралы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бауыржан Момышұлы шығармалары негізінде патриоттық сезімге тәрбиелеу»

Бауыржан Момышұлы шығармалары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Гончарова Рината Тимуровна, ученица 9 класса

ГУСОШ №27 Города Павлодара


Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы - қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт – азаттық күресінің заңды нәтижесі.Қазіргі кезде халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.

Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды.Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы кезеңдерде қаланған болатын,сондықтан да азаттық жолындағы қасиетті де қасіретті күресте еңбегі ерен азаматтарымыздың артына қалдырған мол мұрасымен тарихын зерттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып тұр. «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін,Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз.», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай біздің алдымызда бабаларымыздың игі дәстүрін сақтайтын күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.

Ата-бабамыздың тәрбиеге өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға аян. Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ,қазақ халқындағы небір шешен, ақын, жыршы, зергер, сәулетші, қара қылды қақ жарған билер мен қазылардың атадан балаға мирас болған тәлімін көреміз.Кез келген халықтың тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшеліктері болатыны секілді, қазақ халқында да, сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен әлілеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім.

Кемеңгер ойшыл бабаларымыз Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашғари, Ахмед Иүгінеки, Сәйф Сараи, Қадырғали Жалайри, Дулати, Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім тағы басқа ғұлама-ғалымдар өздерінің шығармаларында ел мен жер, Отанды сүю, ар-ождан, намысты қорғау, ғылым, білімді халық игілігіне жұмсау секілді ұлттық рухтың өзекті мәселелеріне ерекше мән беріп келсе,XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген Асан қайғы, Жиенбет, Шалкиіз, Бұқар жырау, Дулат сияқты жыраулар өздерінің өлең мен жырлар, толғауларымен елдік пен ерлікті, әділдік пен адалдықты, сақилық пен серілікті жалықпай насихаттаған.Ал Доспамбет,Ахтамберді, Махамбет сынды әрі батыр, әрі ақын-жыраулар «ел намысы-ер намысы» деп қарап, дұшпанға өткір тілді өлеңінде де,алмас қылышын да жұмсай білді.Ерлік сын сағатта танылады.Елін,жерін шет ел шапқыншылықтарынан қорғауда,ерен ерлігі аңызға айналған,өлең-жыр, толғау-дастандарға арқау болған Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Едіге, Қамбар,Абылай, Ағыбай, Қабанбай,Бөгенбай, Кенесары, Баян, Наурызбай, Райымбек, Малайсары, Сұраншы, Саурық, Барақ, Сырым,Исатай сияқты батырлардың тәрбиешісі де – қазақ халқы.Жиырмасыншы ғасырдың Кеңес заманындағы әр түрлі соғыстарлың батырлары Амангелді Иманов, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Алия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигельдинов, Қасым Қайсенов және тағы басқалардың ерен ерлік іс – қимылдары да өлеңдері дастанға айналып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің білден-бір құралы. Осының бәрі халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы мұра болып жалғасып келе жатқан ерлік рухымен байланысты туындаған тәрбиенің дәстүрлі үлгі-өнегелік жемісі.

Оқушылырға патриоттық тәрбие беруде Ресейдің класик-педагогтары К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, үлкен үлес қосты.Олар өз еңбектерінде патриоттық тәрбиенің маңызды идеяларын қарастырып, бағыттарын көрсетті.

Советтік патриотизмді Н.П.Егоров қарастырса, Г.И.Щукина, Б.Т.Лихачев еңбектерінде патриотизмнің мән-мұзмұнын қарастырады.Бүгінгі таңдағы патриоттық тәрбиенің міндеттері,мазмұны мен әдістері И.Ф.Харламовтың оқу құралында көрініс алған.Сонымен қатар, И.Е.Кравцев, М.А.Терентий, А.В.Русецкий оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің ғылыми-теориялық, әдістемесін өздерінің зерттеу жұмыстарында қарастырған.

Қазақстан халқының патриоттық көзқарасын қалыптастыруда терең ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаңа бағыттар іздестірудің үлкен маңызы болды.Осы тұрғыдан алғанда Отандық ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше.Бұл туралы тарихшылар (М.Қ.Қозыбаев, М.Мұқанов), философтар (А.Айталы, Д.Раев, А.Қасабеков,Ж,Алтаев), психологтардың (Н.Елікбаев, Қ.Б.Жарықбаев, А.Темірбеков, Балаубаевтардың) еңбектерінде қарастырылды.Педагогика саласында зерттеулер жүргізген отандық ғалымдардың (С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Құнантаева, Л.Ә.Байсерке, Е.Ө.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, Р.А.Джанабаева) еңбектерінде патриоттыққа тәрбиелеудің тәлімдік маңызы туралы мәселелер қамтылған.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жеткіншектерді патриоттыққа тәрбиелеу мәселелеріне байланысты әртүрлі бағыттарда (Д.С.Құсайынова, Ғ.Базарғалиев, Л.Сейдахметова, К.Т.Әбілғазиева, Р.Н.Кенжебаева, У.К.Санабаев, Б.Сүлейменов, Ж.Н.Қалиев. А.К.Калимолдаева, Н.А.Мұхамединова, А.Қ.Дүйсенбаева, Р.М.Рысбекова, Ж.Қасымбеков, А.Қарпықбаева, т.б.) зерттеулер жүргізді.Зерттеуші-ғалымдар оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарының мазмұнына, міндеттеріне,оны шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар береді.Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиенің негізгі құрамдас бөлігі ретінде А.А.Бейсенбаева,А.Н.Ілисова, Р.К.Төлеубекова, Х.Қ.Жампейсова, А.Н.Көшербаева, Ш.Майғаранова, Г.Қ.Нұрғалиева тағы басқа еңбектерінде зерттелген.

Бауыржан Момышұлы – даңқты қолбасшы, КСРО-ның жоғарғы әскери академиясыныңпрофессоры,ұлтын сүйген патриот болуымен қатар қазақ халқының ұлттық рухын қорғауда қаламды қару еткен қайраткер жазушы.Оның өнегелі өмір жолы әскери портреті талай қаламгердің қаламымен өрнектелгені белгілі.Олардың ішінде әдеби көркем шығармаларымен қатар естеліктер, ғылыми еңбектер де кездеседі.Бұл тақырыпқа А.Бек, А.Кривицкийден бастап, М.Ауезов, М.Ғабдуллин,Ш.Мұртаза, Е.Ысмаилов, Ә.Нұршайықов, Ш.Елеукенов, М.Мырзахметұлы, Б.Момышұлы, З.Ахметова, М.Қалдыбаев т.б. ғалым жазушылар қалам тербеп, батыр бейнесін сомдауда үлкен еңбек сіңірді. «Бауыржантанудың» негізін салушы П.Ғ.Д., профессор Мекемтас Мырзахметұлының еңбегі осы салада жүргізіліп жатқан зерттеулерімен ерекшеленеді.

«Бауыржантану» саласын зерттеуде тарих ғылымының саласынан (М.Айтқазина) әскери саладан (Л.Н.Бақаев, Қ.С.Мұхамедқалиев) т.б. және әдебиет ғылымының саласынан (Ғ.А.Орынзанова, Ж.О.Иманалиев, Қ.Уразбаев т.б.)бірқатар ғалымдар зерттеулер жүргізді.Ал педагогика саласында зерттеуші Е.Жұматаеваның «Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру» атты кондидаттық десертациясында майдангер жазушылар:Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә.Шариповтердің еңбектері мен ерлік істерін бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану жолдарын қарастырған.

Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді, оқу әдістемелік құралдарды жан жақты талдау Б.Момышұлы шығармалары негізінде жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесінің жете зерттелмегенлігін көрсетті. Демек,Б.Момышұлы шығармалары негізінде жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің қажеттілігі мен оның теориялық тұрғыдан жүйелі зерттелмеуі арасында;Б.Момышұлы шығармаларының патриоттық тәрбиедегі мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында;оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама қайшылық анық байқалады.Осы міндеттердің тиімді жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Б.Момышұлының шығармаларының негізінде жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» деп тандаумызға негіз болды.

Еліміздегі ғылыми техникалық және әлеуметтік саяси өзерістер барысында қоғамдық өміріміздің барлық салаларында патриоттық тәрбие берудің қажеттілігі айқын сезіле түсуде және бұл қажеттің одан әрі өсе түсетіндігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.Тәрбиенің кең салаларының бірі патриоттық тәрбие екенін еліміздің тұңғын президенті Н.Ә.Назарбаев өзекті мәселелерлің қатарына қою тегін емес және Қазақстандық патриотизмнің теориялық негізін тереңдете түсті.

Біздің зерттеу нысанамыз болып отырған Б.Момышұлы шығармашылығы ұлттық рухтың жоғары болуына айрықша назар аударды.Осыған орай бірнеше еңбектерін жарыққа шығарды.Мәселен, «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Жонарқа», «Төлеген Тоқтаров», «Бір түннің оқиғасы», «Генерал Понфилов», «Москва үшін шайқас», «Олар менің есімде», «Елбасына күн туса» атты туындылары дүниеге келді.

Ойымызды түйіндесек Б.Момышұлының шығармаларының құндылығы бүгінгі таңда баға жетпес мұра болып табылады.Себебі,жастарды,жаңа ұрпақты сергек және өз ісіне сенетін, кедергілерден қорықпайтын оның қандайын болса да, және білетін күрескерлік рухта тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.Оқушыға патриоттық тәрбие беру Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді.Енді басты міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын көтеру.Қазақстанда Отанын деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.Осы мақсатқа жету жолында біздер оқушылар қауымы көп тер төгуімізге тура келеді.Ол дегеніміз болашақ жастар оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту.Отанын,елін,жерін, Ата заңын, Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлықұйымдарда көкейкесті болып табылады.Балаларды,Отанды, туған жерді ,өзінің халқын сүюге.тәрбиелеу мұғалімнің аса маңызды,аса жауапты да қадірменді парызы» деген еді.

Әр дәуірдің тарихи кездерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады.Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «Отан сүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқаты наным-сенімінен туындайды.Еліміздің егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы Қазақстандық патриотизм болды.Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу Насыр Әл Фараби, Хас Хажиб Баласағұн,Махмұж Қашқари,Жыршы жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау,Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын.Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен бапйланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп,бір жүйеге келтірілді.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» - дейтін еңбегінде мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар. «Әрбір адам біздің мемлекетімізге соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс қимыл жүйесін талдап жасауы қажет.

Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс.Әрбір адам бала кезіне Қазақстан менің Отаным,мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн».Міне,осы сөздің тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері.Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,Абай шығармаларынан да байқауға болады.Балаларға патриоттық рух беретін халық үшін қызмет етуге үндейтін өз Отан үшін қорғау керек десе,жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптын озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп,оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің маңызы балалар үшін ерекше.Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра.Абай халықтың болашақ жаңа қауымына жасөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды,нақыл сөздер айтты.Жастарды өнер-білімге шақырады.Абай өз өлеңдерін жастаға үлгілі өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді.Білімді ұрпақ,туған ұлт-халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды.Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді.Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған.Оның патриотизмі туған ел табиғатына,мәдениетіне,тіліне,озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты.Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты.Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор.Өйткені, патриотизм қашан да,қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін,маңызын жоғалтпайтын ұғым.

Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған деріне деген жылы сезімнен бастау алатын,тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық,әлеумет,мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

«Қазақстан-біздің ортақ үйіміз,біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді.Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ,оны жасампаздықпен жаңғыртып,бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп, өсіріп,отырмасақ,онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан алғанына, Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеудің атық борыш екендігін көрстеді.

Адамгершілікті,тәрбиелі адам-кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.Патриоттық тәрбие жүйесіндлегі бағыттарды анықтауға болады:рухани адамгершілік, тарихи-өлкелік-«Шежіре»-азаматтық-патриоттық тәрбие.Бұл бағыт құқықтыцқ мәдениет,заңгерлік,саяси және құқықтық өзгерістер мемлекетт пен қоғамдағы өзгерістер,заң орындау,қызмет ету арқылы ықпал етеді.

-әлеуметтік-патриоттық.Рухани адамгершілік және мәдени тарихи байланысқа бағытталып,үлкен кісілер сыйластық сезімдері.

-әскери-патриоттық.Балалар бойындағы үлкен патриоттық сезімді,Отанға деген сүйіспеншілікті,оны қорғауға,әскери дәстүрді,әскери тарихты қалыптастыру.

-спорттық-патриотизмді дене спорты және дене шынықтыру сабақтары арқылы шыдамдылыққа,ерлікке,тәртіптілікке бағытталған.

«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігіміз бен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде.Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ.Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс.Сол себепті Қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып,кейіннен қалыптаса келе береді.

Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өң бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан,мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін,яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың ұлы,ержүрек қолбасшысы,жазушы,Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр БауыржанМомышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып,кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.Мысалы,соғыс жылдарында Бауыржан ағамыз :

Атамекен жер үшін,

Қасиетті жер үшін,

Әзиз ана,қарт ата,

Ботакөз сұлу қарындас,

Күң,құл болмасын,-деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп ерлік істерге шақырады.

Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге ,ерлікке,батырлыққа байланысты біршама терминдерге анықтама берген.Енді соларға тоқталып өткім келеді:

Патриотизм дегеніміз-Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезу,ал мемелекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекеттік деген ұғымды жеке адаммен,яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Ерлік дегеніміз- табиғат сыйы емес, ең алдымен,ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу,опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып,адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзінмен сайысқа түсе отырып,тұтас ұжымын өмірінің игілігіне ғана емес,оның қауіп-қатерін де бөлісіп,жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.

Батылдық-қимыл ,әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

Табандылық-батырлардың қалқаны.

Өжеттілік, қайсарлық - адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.

Сондай-ақ Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал- мәтелдер,жақсы сөздерін қалдырған.

Мысалы:

  • Намысты нанға сатпа.

  • Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу-сатқындық.

  • Именіп жүріп көрген игіліктен – қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.

  • Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше – шындықтың уын ішін өлген артық.

  • Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік-жігіттің қасиеті.

  • Ешкім іштен батыр болып тумайды:батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасадлы.

  • Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс.Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады.Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.

  • Ерлік-тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.

  • Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады.

  • Белдескеннің – белін сындыр, тірескеннің – тізесін бүктір.

  • Ептілік те – ерлік.

  • Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол.

Осындай тағы да басқа батырлық,ерлік,тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге өсиет сөздер қалдырған.

Патриоттық тәрбие,ұлттық намыс,ұлттық сана-сезім,рухани байлықтан көрініс табады.

Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен,тілімізді, дінімізді,салт – дәстүрімізді жатқызсақ, тіл-қазақ болуымыз үшін,дін-адам болуымыз үшін,салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ сезімдерден,мақтаныш – сүйініштен бөле-жара қарауға болмайды.Ол елдің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына,әсем көркіне сүйсіну,атадан балаға жалғасып жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу.Осы сезімдерден туатын,санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып,азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сынайлы.Әрине,ол өздігінен бола салатын нәрсе емес,ол да нақты тәрбиенің жемісі.Бұл тәрбиенің жемісі еккен әрине,мектеп жасына дейінгібалалар үшін – тәрбиеші, ал орта білім мен жоғары білім алушылар үшін – ұстаздар қауымы деп айта алар едім.

Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу - тұлғаның патриоттық сана – сезімін қалыптастыру; патриоттық іс – әрекеттерін ұйымдастыру.Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,әрі ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау,ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениеті,прасаты,ар – ожданы мол,еңбекқор, іскер бойындағы игі қасиеттері бар,адамды тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда,оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай,патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек,үлгі көрсетсек онда заманға сай,қоғамға керекті азамат, отансүйгіш,елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.



























Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200//Қызылжар нұры-2006-24 қараша.

2. «Әдеби әлем». Қазақстандағы алғашқы әдебиет порталы.

3.Жастарды патриотизмге тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті//Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 – 7 – 9 бет.

4.Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы//Қазақстан мектебі – 2005-№8-72-73 бет.

5.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы//Егемен Қазақстан.-2005.\55

6.Қаратаев М. Шеберлік шынына. – Алматы:Қазақтың мемелекеттік көркем әдебиет баспасы, 1963жыл.-339-340 бет.

7.Момышұлы Б. Ұшқан ұя. – алматы: Жазушы,1975. -44 бет.

8.Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. - Алматы: Қазақ университеті, 2001.-51 бет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Бауыржан Момышұлы шығармалары негізінде патриоттық сезімге тәрбиелеу

Автор: Жангожина Эльмира Нурсултановна

Дата: 08.11.2017

Номер свидетельства: 437594

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Б.Момыш?лыны? ?мірі. "
    ["seo_title"] => string(21) "b-momyshu-lynyn-omiri"
    ["file_id"] => string(6) "156570"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1421440093"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Мен -?з елімні? патриотымын!" "
    ["seo_title"] => string(28) "mien-oz-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "164008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422555441"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Баяндама. Та?ырыбы: «О?ушылар?а патриотты? т?рбие беруді? ма?ыздылы?ы» "
    ["seo_title"] => string(75) "baiandama-tak-yryby-ok-ushylarg-a-patriottyk-t-rbiie-bierudin-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "172470"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423825569"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства