kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Инклюзивті білім беру қазақ тілі мен әдебиеті сабағында"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық  саясаттың негізі бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту болып табылады,ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуін еңсеруі,әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруі,әлеуметтік –тұрмыстық  және еңбекке бейімделуі және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуі  үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.Осы орайда соңғы жылдары кемтар балалардың  білім алуға қол жеткізуін кеңейту мақсатында арнаулы білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер жүргізілді.Соның бірі инклюзивті  оқыту.Инклюзивті оқыту –ерекше мұқтаждықтары бар балалардың  жалпы білім беретін мектептердегі  оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.Барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларқа арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.Инклюзивті оқытуда мына жағдайларды ескеру қажет.

-Сабақтар  жиынының мақсатын,міндетін,күтілетін нәтижені нақтылап алу керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Инклюзивті білім беру қазақ тілі мен әдебиеті сабағында"»

Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізі бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту болып табылады,ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуін еңсеруі,әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруі ,әлеуметтік –тұрмыстық және еңбекке бейімделуі және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.Осы орайда соңғы жылдары кемтар балалардың білім алуға қол жеткізуін кеңейту мақсатында арнаулы білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер жүргізілді.Соның бірі инклюзивті оқыту.Инклюзивті оқыту –ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.Барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету,сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларқа арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.Инклюзивті оқытуда мына жағдайларды ескеру қажет.

-Сабақтар жиынының мақсатын,міндетін,күтілетін нәтижені нақтылап алу керек.

-Оқыту формаларын,әдіс-тәсілдерін,құралдарын таңдау,жүйеге келтіру,оларды оқушылардың қабілетіне ,қызығушылығына,икеміне,біліміне қарай икемдеу.

-Оқушылардың жай-күйін,психологиялық ерекшеліктерін бақылап отыру керек.

-Сабақта оқушылардыңғ тілін,таным қасиеттерін ,тұлғасын қалыптастыруға көңіл бөлу.

-Екі жақты ата-анамен,екі деңгейдегі оқушыларды дұрыс ұйымдастыра алу керек.

Бірден сабақтың жүргізілу барысына тоқталсам.Бір сыныпта әртүрлі деңгейдегі оқушылар отырғандықтан олармен жүргізілетін жұмыстар даәртүрлі.Орта мектепте оқитын балалар бізге жиырма төрт күнге келгенде мектеп бағдарламасынан қалып қоймау керек.Сондықтан олар келген жерінен әрі қарай оқуын жалғастырады.Ал мүмкіндігі шектеулі баламен оңайдан күрделіге қарай жұмыс жүргізіледі және бұл балалар бір сыныпта бірге отырғандықтан,35 минутта барлық балалармен жұмыс істеп үлгеруіміз қажет.

-Тақтаға назар аударуларыңызды өтінемін.Сіздер қазақ тілі сабақынан үзінділер көрдіңіздер.Тақырып «Дауысты дыбыстарды қайталау.»Сыныпта орта мектепте оқитын балалар мен көмекші мектепте және үйде оқитын балалар қатар отыр.Орта мектепте оқитын балалардың бірі тақтада,қалғандары орындарында жаттығуды орындап отырса,ал көмекші мектепте оқитын оқушылар (1.2.3деңгей)алдарына берілген тапсырмалармен жұмыс жасап отыр.

-Тақырып дауысты дыбыстарды қайталау болғандықтан мен балаларға дауысты дыбыстан басталатын сөздерді атап шығуды тапсырдым.Көріп отырғандарыңыздай сыныптағы балалардың барлығы бір уақытта жұмыс жасап отыр.

-Келесі кестеге назар салсаңыздар,мұнда көмекші мектеп оқушыларына ауызша берілетін тапсырмалар көрсетілген.











Суреттерді атап айт

Буындарды оқы

Сөздерді оқы

Сөйлемдерді оқы


-шы,-ші,-ыс,-іс,

-до,-де,-ла,-ле

Ат,ет,от,өт

Күз келді.Оқу басталды.


-лар,-лер,-дар,-дер,

-тар,-тер,-ған,-ген

Ана,сан,нар,іні,аға

Балалар далада жүр.Сәкен доп ойнап жүр.


-қана,-ғана,-атын,-етін

Анар,әдеп,ағаш,әсем

Менің інімнің аты Серік.Ол бесінші сыныпта оқып жүр.



Сабақтың қызықты өткені балалар үшін маңызды,қазақ тілі мен әдебиет сабағында тақырыпқа сай ойындарды өткізсе болады,бұл ойын орта мектепте оқитын балалар үшін де,көмекші мектепте оқитын балалар үшін де маңызды,себебі біріншіден балалар білімдерін тиянақтаса,екіншіден бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі,бір-біріне көмектеседі,ойларын қортындылауға,қарым-қатынас жасауға ықпалы болады және танымдық қабілеттерін дамытады.

Мысалы Біздің отбасы ойыны.Суретте үлкен отбасы мүшелерінің жеке дара суреттері беріледі.Сол суреттерге сүйене отырып,Анарбек Айдардың атасы.Айдар Анарбекке кім болады? деген секілді жетекші сұрақтар арқылы балалардың сөйлеу тілін,ойын дамытуға болады.

Сонымен қатар, Жұбын тап ойыны.Үстелде мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың бір сыңары бір қағазда,бір сыңары екінші қағазда араласып жатады.Ойнаушы мақалдың, не жаңылтпаштың екінші сыңарын табу керек.Сөйтіп біріктіріп оқиды,оны қолданып сөйле құрайды.

Түсті тап ойыны. Мұнда оқушылар әр түрлі түстердің атауын меңгергендігін танытады.Түрлі түсті қағаз дайындалады.Әр қағаздың бетіне оның түсі әдейі қате жазылып қояды.Бала жазуды оқып,дұрыс бұрыстығын айтады.

Сұрақтардан әңгімеге көшу.Мұнда мұғалім бір мәтінді оқымай тұрып,мәтін мазмұнын толық қамтитын сұрақтармен таныстырып,әрбір бала оның жауабын өзінше жобалап жазады.Содан соң мұғалім мәтінді оқып береді.Оқушылар өз бетінше алдыңғы сұрақтар ізімен мұғалім оқыған мәтінді әңгімелеп жазады.

Мазмұндама жазып үйрен мұнда мұғалім оқушылардың деңгейлеріне лайық қызықты мәтін оқиды,оқушылар есте қалғанын жазып шығады.Өз беттерінше өзгертіп жазуға, не болмаса жалғастыруға мүмкіндігі бар екендігін ескертеді.

Қазақстанда инклюзивті білім беруге әлі де екі жақты көзқарастың қалыптасқанын білеміз.Бірақ біздің орталықтағы бес жылдық тәжірбиемізде бұл жүйенің тиімді екеніне көзіміз жетті.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама "Инклюзивті білім беру қазақ тілі мен әдебиеті сабағында"

Автор: Оспанова Жанат

Дата: 01.02.2019

Номер свидетельства: 498052


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства