kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауылдың ажарын айқындайтын мектеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Құрық орта мектеп - гимназиясы жайындағы бірер ауыз сөз. Ой - толғау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ауылдың ажарын айқындайтын мектеп»





«Ауылдың ажарын айқындайтын мектеп»







Кіріспе..................................................................................................................
І тарау. Теориялық бөлім.

1.1 Жылыжай мен парниктің құрылысы мен түрлері......................................
1.2 Жылыжайда қолданылатын механизмдер...................................................
1.3 Жылыжайдағы микроклимат........................................................................
1.4 Жылыжайда өсірілетін көкөністердің түрлері мен биологиялық ерекшіліктері........................................................................................................
1.5 Көкөністі пленкалы жабық жерде өсіру......................................................
1.6 Көкөніс өсірудің жасанды әдісі.....................................................................
ІІ-тарау.Тәжірибелік бөлім
2.1 Құрық орта мектеп- гимназиясы жанындағы жылыжай орны

2.2 Бір тал кессең, он тал ек

2.3 Құрық орта мектеп- гимназиясы айналасын абаттандыруға арналған жұмыс жоспары


Қорытынды

Кіріспе

Тамақтанудың ғылыми негізіне сүйенсек, адам көкөністі жыл бойына бірқалыпты пайдалануы керек. Бүл мәселенің шешімі көкөністі ашық және жабық жайда өсіруді тиімді жүзеге асырғанда ғана мүмкін болмақ.Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылында Құрық орта мектеп- гимназиясының директоры Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлы ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп, өзінің көп жылғы ұстаздық жолын абыроймен жалғастырып келе жатқан жандардың бірі,ол өзінің ұстаздық жолында қаншама шәкіртті ұядан қияға ұшырып, оқушылары мен ата- аналарының сансыз алғысына бөленген бақытты ұстаз. Мектеп- гимназия жанынан 2015 жылы БҰҰ қолдаумен жылыжай, мектеп жанындағы канализация суларын тазалап фильтерден өткізетін, суды тазалап мектеп жанындағы тек ағаштарды суғаруға арналған үлкен жоба іске асырылып орнатылды,біздің ауылда егін, бау- бақша, ағаш көшеттерін суғаруға су тапшы. Орнатылған жылыжайда егілген көкөністер қаладан келетін су құбыры арқылы суарылады. Мектеп басшысы бұл жобаларды іске асыру мақсатында жылыжайда көкөніс, бау-бақша егіп көрсем, ағаш пен ағаш көшеттерін сумен қамтамасыз етсем деген қызығушылығы артып , жүгірген еңбегінің арқасында қол жеткізді. Мектеп айналасына 2012 жылдан бері 800 –ге тарта ағаш,12 түп жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды , мектеп- гимназия ауласын гүлзарлар алаңын абаттандырып, ауылдың ажарын, көшенің көркін кіргізу жіті назарында болды . Елбасымыздың «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жерге көң сеуіп ,топырағын құнарландыруды қолға алған еді, оның алды жазда көлеңке беретін кезеңге жетті. Директордың қызығушылығы, өзінің үйінің ауласында бау-бақша, көкөніс түрлерінің барлық түрі бар десекте болады. Біздің Маңғыстау жерінің топырағы құнарсыз, тастақты жер, еккен өнімдер өз өнімдерін бермейді деген ерінген адамдардың, еріншектігін дәлелдеу үшін үй ауласында экспримент жүзінде егіп көрген, яғни еңбегінде нәтиже бар екенін дәлелдеген. Табиғат- ортақ ана ,жасыл желек жанға сая. Сондықтан да , тыныстап білім алып отырған мектеп ауласын жақсартып, тазартып тұру үшін көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына, сабақ бөлмелерін кемі отыз гүлден толтырып жабдықтауды ұстаздар мен оқушылар алдына үлкен міндет етіп қойды.

Мектеп –гимназия жанынан 2015 жылы құрылған жылыжайға( қызанақ, қияр, көкшөп, сарымсақ), жылыжай сыртынан картоп, қауын – қарбыз, жоңыршқа жүгері, пісте(семечка) т.б бау- бақша өнімдерін эксперимент ретінде екті, яғни нәтижесі болды., бұл бау- бақша оқушылардың таза әрі табиғи өнімді тұтынуы, дендерінің сау болуы үшін пайдалану керек екендігін айтты оны «Хабар», «КТК» « Қазақстан – Ақтау» телеарналарынан тілшілер кем



қызығушылықтарын білдіріп телеарналардан көрсетті. Мектеп басшысы Келдімұрат Түгелбайұлы құрылған жылыжаймен , су тазарту құрылғыларының оң нәтиже беретінін оны тәжірибесінде көріп, Шығыс Қазақстан облысының ауыл, аудандарына шақырумен іс – сапарға барып өз тәжірибесін бөлісіп қайтты. Биыл жылыжайда егілетін бау- бақша, көкөніс түрлерін егуді жоспарлап қойдық. Келдімұрат. Түгелбайұлының мақсаты биология пәнінен оқушыларды тәжірибе жүзінде өздері егіп, шыққан өнімдерін жеп , оның қалай егілетінін, өскенін, қалай піскенін, қалай суару керек, арам шөптерін жұлу, күтіп баптау оқушылар үшін тәжірибелік сабақ деп айтқан бірауыз сөзі биология пәні мұғалімдерінің қызығушылығын артырды, белсенді оқушылар арасында ерікті топтар құрылып жұмыстарын бастап та кетті. Нәтижеслерін жаз, күз айларында көреміз.(автор) Мен мектеп-гимназиясында география пәнінен сабақ беремін жоғары санаттағы ұстазбын. Жүктемеме қосымша «Мектеп ауласын абаттандыру мен көгалдандыру» үйірмесін алып , биология мұғалімдерімен бірлесіп бау- бақшаны оқушылармен бірге суарып, зиянкестермен күресіп, арам шөптерді жұлып, ағаштарды қураған бұталардан тазартып, гүл көшеттерін отырғызу , мен үшін бұл еңбек, әрі демалыс, оқушыларды еңбекке баулу оның игілігін көрудің өзі бір ғанибет емеспе. Кеңге құлаш жетпеседе, мектеп ауласын абаттандыру менің алға қойған мақсатым. Көкөністен жаңа піскен өнім алудың негізгі көзі оны маусымнан тыс мезгілде қысқы жылыжайларда өсіру болып табылады. Маусымнаң тыс уақытта өсірілетін қызанақ өндірісін ұлғайту оның өнімділігін арттыру арқылы мүмкін болады. Көкөніс өнімін молайтудағы ең маңызды мәселе - көкөністің сортын немесе буданын дұрыс таңдай білу. Қысқы-көктемгі уақытга қысқы жылыжайларда көкөністін ерте және орташа мерзімде пісетін сорттары мен будандарын өсіру қажет.
Көкөністердің өнімін арттыру үшін ең алдымен бұл өсімдіктердің әрбір сортының биологиялық даму ерекшелігін, егістік жердегі топырақтың механикалық құрамын, оған қолданылатын органикалық, минералдық тыңайтқыштардың түрі мен мөлшерін, қолданылатын кезін, агротехникалық шараларды жақсы білу керек. Облыс әкімі А. Айдарбаев
іс-сапармен Құрық ауылына келген кезде Аудан әкімі Ә.Қ. Даурбаев жылыжай мен су тазартқыш құрылғыға, мектеп айналасындағы абаттандыру жұмыстарына оң баға беріп өз ұсыныстарын айтып құптап кетті.

Жұмыстың мақсаты. Жасанды ортада (жылыжайларда) өсімдіктерді өсіру биотехнологиясын зерттеу
Жұмыстың міндеттері.
• Мектеп жанындағы жылыжайда көкөніс өнімдерін өсірудің қазіргі жағдайын анықтау.
• Көкөністерді жылыжайларда өсіру технологияларын анықтау.
Көкейкестілігі: Елімізде ерте пісетін көкөніс түрлері өте аз. Ал теріскей өңірлерде, кейбір жекелеген

жылыжайларда ғана болмаса, ондай көкөніс түрлері өсірілмейді десе де болады. Сондықтан жылыжайлар құрылысын көбейту керек .Шет елдерден көкөніс сатып алу мемлекетіміздің экономикасына тұрақтандыруға мүмкіндік бермеуде,сондықтан өз елімізде көкөніс өсіретін жылыжайлар көбейту керек.
1.Жылыжай мен парниктің құрылысы мен түрлері
Жылыжай (теплица) жылу сүйетін жидек және көкөніс дақылдарын өсіруге арналады. Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатан белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр т. б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (форточка немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетілін тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған кұрылыс материалына байланысты жылыжайдың конструкциясы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі кеңістікті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі егісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық пленка (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланылады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіректерде (стел¬лаж) өсіреді.
Көкөніс өсіретін әуесқойларға ауа тұйық айналым жасайтын арқылы жылыжай салу ұсынылады. Мұндай жылыжайда электр желдеткіш (қуаты 25-30 Вт) орнатады, ол жылыжайдағы ауаны тартып алады да, оны топыраққа көметін жүргізілген құбырларға береді. Содан соң ауа қайтадан жылыжайға келеді. Желдеткіш пен топыраққа көмілген құбырлардың жер бетіне шығатын басы жылыжайдың бір шетінде ортақ каналмен біріктірілген, ал екінші шетінде құбырлар кішкене шұңқырга тіреледі.Мұндай айналым кезінде күн көзіне жылынған ауа топыраққа салынған құбырлар арқылы өткенде топырақты жылытады да, өзі салқындап (салыстырмалы ылғалдылығы 100 процент болып) жылыжайға енеді. Тұйық айналым жасағандықтан, күндіз жылыжайдағы ауа оптималды болып төмендейді де, онымен бір мезгілде топырақтың температурасы артады. Түнде кері процесс жүреді; топыраққа жиналған жылу жылыжайдың ауасын жылытады және салыстырмалы ылғалдылық төмендейді..Топырағы құмақ, ыза суының тереңдігі 1,5 метрден астам болатын учаскелерде топырақ төкпей-ақ олардың арасынан тереңдігін 40—50 см етіп қазылған өтпе жасауға болады. Бұл жағдайда жылыжайдың айналасынан қар мен жаңбыр суы ағатын жыра қазып қою керек. Жылыжайдың солтүстік маңдайы тұрғын үйге жалғасып жатады. мұның өзі жылыжай мен тұрғын үйді бір пешпен қосымша жылытуға мүмкіндік береді. Жылыжайға кіретін есікке полиэтилен пленка керіп тастау қажет.

Көкөніс, жеміс-жидек, гүл, көшеттер өсіретін, сондай-ақ, жылу сүйгіш тропиктік және субтропиктік өсімдіктерді өсіріп, оны көбейтетін, әйнекпен немесе жарық өткізетін материалмен жабылған арнайы құрылыс. Жылыжайда жыл бойы көкөніс дақылдарын өсіріп, өнімімен халықты қамтамасыз етуге болады. Онда өсімдіктерге аса қажетті су, қоректік зат, жарық, жылу, газ режимі сақталады. Жылыжайды ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын аз уақытта шығару үшін де пайдаланады. Ашық егіспен салыстырғанда Жылыжайда өнімділік бірнеше есе артық. Жылыжай құрылымына және пайдалану мақсатына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: Мақсатына қарай көкөністік жылыжай, көшеттік жылыжай, гүлбақтық жылыжай, өсіру технологиясы бойынша: сөресіз жылыжай, гидротонды жылыжай, фитотронды жылыжай, қозықүйрық өсіретін жылыжай, пайдалану мерзіміне қарай көктемдік жылыжай (пленка жабынды), қысқы жылыжай (әйнекті) болып бөлінеді; ал сыртқы пішініне қарай: бір иінді, екі иінді, көп иінді (блокталған), доға тәрізді және полигональді жылыжайлар бо¬лады. Күн сәулесімен, биологиялық (биоотын) және техникалық (су, бу, электр) жылумен жылытылатын жылыжайлар болып бөлінеді. Қазіргі кезде жылыжайды зауыттарда жасалған дайын бөлшектерден құрастырады. Бұл құрылыс жұмысын жеңілдетіп, еңбек шығынын азайтады.


Қыздырылатын топырақ қабатының 60 сантиметр тереңдігіне темір труба көміліп, жылыту жүйесі тартылады. Сонымен қатар мұндай жылыжай күн көзімен де жыли береді. Сөйтіп бұл ерте көктемде пайдалануға аса тиімді жылыжай¬лар қатарына жатады.

1.2 Жылыжайда қолданылатын механизмдер
Жылыжай мен парникте атқарылатын жұмыстарды қолмен істегеннен гөрі, механизмді қолдансақ жұмыс тез тынып, өнім бірнеше есе арзан түсетіні баршаға түсінікті. Өкіншішке орай біздің мектеп жанындағы жылыжайда қол күшімен жұмыс жасаймыз Айталық, тұқым себілетін жерге көң, шымтезек және минералдық тыңайтқыштар төгу үшін қол күшімен жасалады. Сол сияқты өсімдікті әр түрлі аурулар мен зиянды насекомнан қорғау үшін де бірнеше түрлі механизмді қолданамыз. Жылыжайда топырақ ішіндегі зиянды құрт-құмырысқаны жою үшін фумигацияны бүркеміз де оны 0,5х0,5 бүріккішімен топырақтың 18-20 сантиметр тереңдігіне сіңіре араластырып тасталады. Жылыжайның ішіне түтіндетуге темекі. жапырағын жағуға болады. 3-4 грамм темекі 200-300 текше метр жерді түтіндетуге жетеді.

Негізгі жұмыстың бірсыпырасы күзде және көктемде орындалады. Күзде егістік жер бапталып, тыңайтқыш беріледі.
Мұнан кейін егістік жер қар астында қыстап шығады да, көктемгі баптау жұмыстары басталады. Көктемде егістік жердегі қарды бульдозермен тазалап, белгілі бір қалыпқа келгесін, топырақтың үстіңгі беті культиватормен дискілі тырмамен майдаланып босатылады. Қияр және қызанақ егілетін жерге ауылдағы мал қоралардан малдың көңін, ал ағаш көшеттерін еккен кезде тамыр түбіне малдың жылқының қиын тастаймыз, себебі біздің жеріміз тастақты болғасын топырақ құнарлығы жоқтың қасы. Мысалы Шымкент қаласынан әкелінген роза көшеттері біздің маңғыстау жерін жерсінбейді Өсіп шыққан өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарьшда көпшілік жағдайда қол құралдарын пайдаланамыз. Ондай құралдар: маркерь, әр түрлі қопсытқыштар, тырма, тапауыш, ара, күрек, кетпен-шот, қол культиваторы. Парник пен жылыжайлар үшін қандай құрал, қандай механизм болмасын рет-ретімен және дер кезінде қолданылғаны жөн.

1.3. Жылыжайдағы микроклимат
Өсімдік егілетін жердің температурасы белгілі дәрежеде тұрақты болуы керек. Өсімдік тіршілігіне керекті жағдай, ашық егістікке қарағанда, жабық жерде бір қалыпты болса ол өсімдіктің дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Парник пен жылыжай ішіндегі жылу бір қалыпты болумен бірге топырақ ылғалдылығы 60-70 процент мөлшерінде сақталуы керек.Жылыжай ішінде микроклимат жасауда күннің радиация сәулелері маңызды орын алады. Әсіресе күннің жарық, жылу сәулелері өсімдік үшін аса пайдалы. Өсімдік жарық сәулелер арқылы ассимиляция жолымен көмір қышқылын қабылдайды, ал жылу арқылы өсімдіктің топырақ ішіндегі, сондай-ақ жер бетіндегі мүшелері жақсы дамиды. Көкөніс өсімдіктерінің жарықты талап етулеріие қарай, үш топқа бөлінетіндігін көрсеткен болатын. Олар көшеттің фазалық даму кезінде (8-10 сағат ішінде) 3-4 мың л. к. жарықты талап ететіндерді бірінші, 500-2000 л. к. жарықты (5-6 сағат ішінде) талап ететіндерді екіиші, ал жарықты мүлде керек етпейтіндерді үшінші топқа жатқызған. Күн немесе злектр жарықтарын көбірек талап ететіндерге тұқымынан себілген қызанақ, қияр, гүлді капуста, сәбіз, , қауын, қызылша, пияз, салат т. б. жатады. Алайда бұл осы аталған өсімдіктердің бәріне бірдей тән нәрсе емес. Мәселен, қызанақ жемістері пайда болған кезде ол жарықты бұрынғыдан 0,5 есе кем керек етсе, қияр бүрынғыдан 0,7 есе көбірек керек етеді. [2].
Желтоқсан, қаңтар айларының кезінде жылыжай ішіндегі жарықтың көп, не аз болуы жылыжайны жапқан әйнекке, пленкаға байланысты болады. Дегенмен жылыжай іші неғұрлым жарық болғаны жақсы.
Электр жарығымен көшет өсіру. Жылыжай ішіндегі көшеттер жер бетіне өніп шыққасын оған қосымша электр жарығын берсе оның жемісі мерзімінен 10-15 күн бұрын пайда болады. Жалпы жер бетіне өніп шыққаннан кейін қияр 20-25 күнде,қызанақ 36-48 күнде түйнектей бастайды. Бір тәулік ішінде өсімдікке электр жарығы 12-16 сағат беріп тұрылады.
Қолдан берілген жарық өсімдікке таңертең немесе кешке қарай жақсы әсер етеді.
Лампалар, рамалардың аралығына (бір шаршы мегр жерге 8-8 лампадан) өсімдіктен 8-10 сантиметр қашығырақ қойылады.

Б. С. Мошковтың анықтауы бойынша айналы лампаның бір шаршы метр жерге түсіретін жарық қуаты 4,8 квт. Мұндай жарық берілген жағдайда қияр 10-12 күн, қызанақ 20-25 күн бұрын жеміс береді. Агрофизикалық институттың (АФИ) зерттеулеріне қарағанда электр жарығын өсімдіктің өніп-өсу дәуірінде тек қияр мен помидорға ғана беріп қоймай, басқа да көкөніс өсімдіктеріне пайдалануға болатындығы
Пияз өсіру шаруашылығы б.ғ.б. 6000 жыл бұрын Ежелгі Египетте басталған.4 Жылыжайда өсірілетінкөкөністердің түрлері мен биологиялық ерекшіліктері

Пияз – кең тараған, екі-үш жылдық өсімдік. Пияздың төменгі бөлігінде жалпақтау келген сабақ-түбіртек (түрі өзгерген жапырақтар) орналасады. Түбіртектің бір немесе бірнеше өсу нүктелерінен ұрық ұяларынан пияз басы, жапырағы және гүл пайда болады. Ұрық ұяларының санына байланысты аз ұрықты немесе көп ұрықты пияздарды ажыратады. Ұрықтың жабық шырынды қабықшалары түтік тәрізді жапырақ алақандарының көбейген бөлігі-ашық шырынды қабықшалармен қоршалған. Пияз басының сыртын қырғақ қабықшалар жауып тұрады. (сыртқы кепкен жапырақтардың алақаны).
Басты пияздың жапырақтары жасыл, түтік тәріздес өзексіз. Тамаққа пияздың басы мен жапырақтары пайдаланылады. Дәмі өткір, жартылай өткір немесе тәтті болады.
Тамыр системасы нашар дамыған.
Жемісі құрғақшылықта төзімді болып келетін пиязшық. Шырынды қабықтарда пияздың энергиялық қоры – көмірсулар жиналады.
Еккен тұқымнан пиязшықтың өсіп-даму пияздық жапырақтарының саласына және өсуіне тікелей байланысты. Ұзақ күн мен жоғары температурада пиязшықтың дамуы тез болады. Осындай кезде пиязшықтың өсуін реттеп отыратын моносахаридтер, дисахаридтер айналу биохимиялық процестер үздіксіз жүріп отырады. Пиязшықтардың дамуы 30-40 күннен кейін басталады.
Пияз – суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымдары 3-50С температурада өсе береді. Жапырақтардың өсу фазасында 1-20С температура, ал пиязшықтың дамуына 3-40С температура жеткілікті. Пияздың ау оптимальды температурасы 19±70С. Егер жиналған пияз сақталынатын же4р 0-180С температура болса, онда одан жапырақтары мен мұтшалары өсіп, пияз жарамсыз болады. Осыған ұшырамау үшін пиязды +180С-тан жоғары, -10С-тан төмен температурада сақтайды.[3].
Пияз – жақсы құнарлы топырақты қажет ететін өсімдік. Жоғары өнімді сәл қышқылды немесе нейтралды (рН 6-7) топырақта өсірілген пияздан алады.
Пияздың жапырағы ауаның құрғақшылығына төзімді болса да, тамыры, яғни пиязшықтар суды көп қажет етеді. Тұқымды еккеннен кейін және жапырақты аппаратын дамуы негізінде суғаруды жоғарлатады, ал пиязшықтар дамып-өскеннен кейін суғаруды біртіндеп тоқтатады.






Пияз иістің өткірлігіне, шырынды және құрғақ қабықшалардың түсіне байланысты, ұрықтануына және өсіру технологиясына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Олар өткір жартылай өткір, сәл өткір және тәтті сорттарға бөлінеді. Өткір сорттар пиязшықтың 19-21% құрғақ заттық құрайды, 5-10% қантты, 2,5-2,8% азотты заттарды, 0,5-0,8% күлді құрайды. Жартылай өткір сорттарда құрғақ заттар азырақ 11-13% , қант 4-5%, ал тәттілерде 9-10% және 3-4%.
ә) Асханалақ сәбіздің биологиялық ерекшіліктері
Сәбіздіқ мәдени түрінің белгілі болғанына 1000 жылдан астам уақыт болды. Сонан бері мәдени көкөніс түрінде егіліп келеді. Сәбіз 5 қосымша түрге бөлінеді. Ол: жерорта теңіздік, ауғандық, жапондық, сириялық, киликиялық қосымша түрлері. Бұлардың ішінде көбірек тарағаны Жерорта теңіздік қосымша түрі. Мұның тамыр жемістері етті, бос, пайдалануға сүйкімді. Ауғандық қосымша түрдің көп тараған жері Азия мен Африка. Тамыр жемістерінің сырты үртік-бүртік, тегіс болмайды.


Мәдени дақыл түрінде сәбіз екі жылдық. Бірінші жылы тамыр жемістері өсіп, екінші жылы сабақтанып, гүлдеп, тұқымын береді.Жапырақ алақандары жалпақ, бірақ тілім-тілім болып таралып өседі. Тамыр жемістерінің сыртында майда тамыршалары болады. Онық саны 26—85-ке дейін жетеді. Тамыр ұзындығы 1,5-10,2 сантиметр, Мұндағы тамырға топырақ ішіндегі ауа еніп, тыныс алу қызметін аткарады. Сәбіздің жапырақ тақталарының ұзындығы -7-12 см , ені- 7-10 см. Бір түптен шығатын жапырағының саны 4-13-ке жетеді. Орташа жапырақ сабағының ұзындығы 9-13 см, диаметрі - 1,2-1,3 сантиметрге жетеді. Көпшілік жағдайда жапырақтары артық, не кем болуы егістік жердегі топырақтыңқұнарлылығына байланысты. Неғұрлым топырақ құнарлы болса жапырақтары ұзындығынан да, енінен де артық өседі.
Сәбіз егістік жерге себілгеннен кейін түқымынан тұтас алақанды тұқым жарнағынық жапырағы көктеп шығады. Алғашқы шыққан кезіндегі тұқым жарнақ жапырағының сыртқы түсі, пішіні жағынан қызанақ, мәдени шомыр, қызылша жапырақтарына ұқсас. Жабайы сәбіз жапырақтарының сыртқы түсі, мәдени сәбізге сәйкес келеді. Солғын жасыл түсті, жапырағы тілімді, жапырақ алақаны аз болады. Басқа дақылдар сияқты бұлар да әр түрлі өсу кезеңтдерін өткізіп өседі. Көктеу, жапырақтану, сабақтану, гүл түйінінің пайда болуы, гүлдеу, тұқымдану, пісу кезеңдерінде өседі.
В ) Қызанақтың биологиялық ерекшелігі
Қызанақтар көшет және көшетсіз әдістерімен өсіріледі. Парниктерге ақпанның шыққан кезде қатардағы өсімдіктің аралығында 4-5 см қалдырып, сиректейді, ал содан кейін түбіне шым қара шірінді топырақ төгіледі.
Өсімдіктің тамыр жүйесін жақсы сақтау үшін оны парниктен таңдап алған кезде ағаш ұнтақ төсенішке өсіру керек.
Өсу кезеңінде 9-10 суарылып, 2 рет үстеп қоректендіріледі: бірінші көң садырасы ерітіндісінің 1:5 қосапысмен және 100 г ерітіндіге 200 г суперфосфат қосып, екінші -100 л суға 200 г аммиак селитрасы және 300 г аммофос ерітіліп жүргізіледі. Жұмсау мөлшері -екі рамаға бір сусепкіш жетеді. [8].
Көшет ашық топыраққа сәуірдің аяғында, мамырдың басында отырғызылады. Көшет қатараралығы 75 см жалға отырғызылады және қатардағы қашықтығы 50-60 см болуы керек. Көшет отырғызудың ең таңдаулы схемасы Қазақстандық ауыл шаруашылығы институты ұсынған екі жолдық ленталық болып табылады: ленталардың арасының қашықтығы 90-100 см, лентадағы қатардың арасы 40-50 см, қатардағы өсімдіктің арасы 40-50 см, шұқырда 2 өсімдіктен болады. Вегетациялық кезеңінде екі рет: гүлдеу және жеміс байлау кезінде үстеп қоректендіріледі. Культивация жалға сабақ жайғанша жүргізіледі. Қызанақ тұқымы ашық жерге үшінші онкүндігінде ылғал топыраққа гектарына 2-2,5 мөлшерінде 2-Зсм тереңдікте себіледі. Көгі өсіп шыққан кезде шабықталып, ал нағыз 2-3 жұп жапырағы пайда болған кезде сирету және отау жүргізіледі. Аудандастырылған сорттар: талалихин 186, Колхозный 34, Глория, Советский 690.


Қызанақ жылу сүйгіш дақыл, оның тұқымы 12° өнім шығады. Қызанақтың Қазақстанда аудандастырылған сорттарына: актюбинский 85, белый налив 241, волгоградский 5/96, волгоградский скороспелый 323, колхозный 34, сорттары болады.
Қызанақтардан мол өнім жинау үшін тұқымды мұқият дайындау қажет. Тұқымды микроэлементтердің ерітіндісінде сулау -өнгіштігін арттырады. Ол үшін дәріленген тұқымды (1кг тұқымға 1-1,5 кг ерітінді жұмсалынады) 8 сағат бойы жылы ерітіндінің ішіне салып ұстайды. Тұқымды осы әдіспен өңдегенде қызанақ өнімі 15-20% артады.Сонымен қатар тұқымды қара шірінді топырақтың қоспаларымен дражирлеу де нәтижелі болмақ. Әсіресе қосапының құрамында 70% қара шірік және 30 % шым топырағы болса және оған 4-5 кг суперфосфат пен 0,5-1 кг калий тұзы қосылса өте жақсы. Қызаннан мол өнім жинау үшін оны жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру керек. Әртүрлі алғы дақылдар топыраққа түрліше тамыр қалдықтарын қалдырумен қатар, әртүрлі мөлшерде қоректік заттарды алып кетеді. Ол топырақтың қоректену тәртібіне әр алуан эсер етеді. Қызанақды бір жерге бірнеше рет өсіру кеселденуге ұшыратады. Әсіресе, бактериялық дақтану кеселіне шалдығады. Қызанақты ашық топыраққа тұқыммен өсіру үшін топырақта ылғалдың жиналуын қамтамасыз етіп, жақсы өңделген жыртылу қабатын жасау керек. Ал қызанақты көшеттен өсірсе, онда көшетті топыраққа отырғызар алдында терең қопсытқан жөн. Оңтүстіктің суармалы жерлерінде (сұр және сортаң қоңыр топырақты жерлер) топырақты 3-4 жылда бір рет терең етіп (40см) жыртылу қабатының астын қопсытып отыру керек. Сонда топырақтың су-физикалық қасиеттері жақсарады. Күзде, жерді зябьке өңдердің алдында, алғы дақылдарды жинап алғаннан кейін (арамшөптермен күрес мақсатында) екі қайтара сыдыра өңдейді. Алғашқысын 5-7 см тереңдікте, ал соңғысын 7-8 күн өткен соң, 10-12 см тереңдікте жүргізеді. Оңтүстік облыстарда жерді сыдыра өңдердің алдында суарады. Ондағы басты мақсат-егістікке төгілген арамшөптердің ұрығының өніп шығыуына жағдай тығызу. Ал арамшөптер жаппай өніп шыққанда оларды сыдыра өндеу арқылы және содан кейін жүргізілетін зябь жыртумен жояды. Ерте көктемде жерді тырмалайды, ал қызан тұқыммен өсірілетін болса, онда оған қосымша малалау және таптау жұмыстарын жүргізеді. Көшет отырғызу үшін оңтүстік аудандарда бороздалар тартылады. Көп жылдық шөптерден кейін жерді күзде терең қайырмалы түреңді соқамен жыртады. Тығыз шымды қабатты әуелі екі бағытта дискілейді. [2].


Қатараралықты өңдеу жұмыстарының тереңдігі қызанақтың қатар аралықтарының еніне және оны өсіру әдістеріне байланысты. Тұқыммен өсірілетін қызанақтың қатараралығы енін 70см етіп бірінші рет культивациялау 5-7 және 8-10 см терңдікте жүргізіледі. Егер топырақ ылғалмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген болса, гүлдену жеміс құрау кездерінде топырақты 14-16 см терең қопсытады. Қызанақты көшет арқылы өсіргөнде топырақты терең қопсыту және үю жұмыстарын өсімдік жақсы тамырланған кезде жүргізеді. Бұл-өсімдік жүйелерінің жақсы дамуына жағдай жасайды. Қатараралықтардағы өсімдіктің жапырақтарының басы түскенше 4-5 рет 8-12см тереңдікте культивация жүргізіледі.
Қызанақтың егістігіндегі арамшөптерге қарсы трефлан, солан, тиллам, дифенамил, амибен және нитрофор препараттарын қолданады. Трефлан препаратын бір жылдық қос жарнақты және астық тұқымдас арамшөптерге қарсы гектарына 1-2 кг мөлшерінде көшетті топыраққа отырғызғанға дейін қолданады. Бұл препараттан арамшөптер 90% дейін жойылады.
Астық тұқымдас және кейбір қос жарнақты арамшөптерге қарсы тиллам препаратын гектарына 4,5-6 кг мөлшерінде көшетті топыраққа отырғызбастан бұрын қолданады бүріккеннен кейін тырмалау арқылы топыраққа сіңіреді. Аса тиімді гербицидке дифенамил жатады. Препаратты гектарына 8 кг мөлшерінде жұмсағанда арамшөптер 90% дейін қысқарады. Ал қызанақтың өнім 10-15 % артады. [7].
Көшеті өсіру. Қызанақтың ерте пісетін сортының шетін қоректендіргіш қыш құмырада өсіреді. Оны 7 бөлік қара шіріндіге 1 бөлік шым топырағын және оған 4 кг суперфосфат пен 0,5 -1 кг калий тұзын қосып дайындайды.
Қиярдың биологиялық ерекшіліктері .
Қияр тұқымы көктемгі суыққа ұрынбай көктеп шығатындай мерзімде , гектарына 5- 8 кг мөлшерінде, 2-3 см тереңдікте себіледі . Қияр тұқымын себу тік бұрышты ұялы 70x60 см, ұяда немесе қатарда 2 өсімдіктен болатындай етіліп жүргізіледі. Тұқым себуге көкөніс, дәнді дақылдар және шаршы ұялы сеялкалар қолданылып, тұқымды майдалап жібермеу үшін себудің жоғары тетігіне орнатады. Қияр тұқымы қатарлап себу әдісімен себілсе, 2-3 жапырағы пайда болған кезде сиретіледі, қысқа пәлекті сорттарды 8-1 Осм, ал орташа және ұзын пәлекті сорттарды 10-14 см етіп сиретеді. Вегетация дәуірінде 10-14 суарылады, ен? кемі 3 рет үстеп қоректендіріледі. Бірінші рет 4-5 жапырағы шыққан кезде, содан әрі әрбір 15-20 күннен кейін үстеп қоректендіріледі. Трактормен культивациялау әр суарғаннан кейін пәлектері бірігіп кеткенше жүргізіледі.
Қиярды әр 2-3 күннен кейін жинап тұрады. Жинауды кешіктірсе, оның өнімі төмендеп және сапасы нашарлайды.
Облыста қиярдың мына сорттары аудандастырылған: Дружба 60, гибрид 220, Нежинский местный; теплица үшін Алма-Атинский 1 Многоплодный ВСХВ және парниктер үшін-Неросимый анықталды. [10].



1.5. Көкөністі пленкалы жабық жерде өсіру
Көкөніс өсімдіктерін жабық жерде де өсіруге болады. Соның ішінде кө-бірек есірілетіні қияр. Ғылыми-зерттеу институтының анықтауы бойынша (НИИАХ) колхоз-совхоздар үшін көкөністі пленкалы жабық жерде өсірудің тиімді екені анықталып отыр. Қазіргі кезде біздің еліміз мұндай мақсатқа пленканың екі түрін-полиэтилен және полиамидинді ПК-4 (перфоль) пленкаларын пайдаланып жүр.
Полиэтиленді пленканың қалыңдығы 0,05-0,2 милли¬метр, әр бөлімі 300 сантиметр, кеңдігі 70-100 сантиметр. Жарық өткізгіштігі шыны әйнекке жақын. Әсіресе ульт¬ра күлгін инфрақызыл сәулені еркін өткізеді. Алайда екі мерзімнен артық пайдалануға жарамайды.
Полиамидинді пленканың қалыңдығы 0,05-0,08 мил¬лиметр, кеңдігі 120 сантиметр. Мұның артықшылығы, жарық сәуле мен жылылықты тиісті мөлшерде ұстай алады. Сондықтан ол ерте көктемде көкөніс өсімдіктерін салқыннан, жауыннан сақтауға, яғни бір мерзімде ғана пайдаланылады. Полиамидинді пленка өсімдік үстіне екіқабат етіліп жабылады. Көпшілік жерлерде іші қуыс тун¬нель сияқты немесе шатыр сияқты етіп жабу әдістері көбірек пайдаланылып жүр. Туннель сияқты каркасты түрін пайдаланғанда диаметрі 5-8 миллиметрлік сым тәрізді полиэтиленді түтікше қолданылады. Полиэтиленді түтікшенің үстіне жабылған пленкалар 1 -1,5 метр жер¬ден ағаш қазыққа байланып бекітіледі. Пленка биіктігі 60 сантиметр, кеңдігі 80-90 сантиметр етіліп жабылады.
Кейбір жылыжайлар шатыр түрінде жабылатын пленканы пайдаланады. Мұнда әрбір 111,5 метр жерге биіктігі 60-65 сантиметрлік қазықтар қағылып, пленка соларға жіппен орап байланады. Бұл желге, дауылға төзімді келеді. Өсімдік өсірілетін пленка¬лы жер күзден бастап қолға алынып, әр түрлі агротехникалық баптаудан өткізіледі, Пленкалы орын айналасына бұталар мен ағаштар егілген, күн сәулесі еркін түсетін, ық жер болуы керек. Сонымен қатар мұндай жер шартты түрде көп жылдық шөп егіліп, зябьке айдалған, күзде көң мол берілген жер болғаны жөн.Соңғы кездерде елімізде пленкалы теплицаны пайдалану үрдіске айналып келеді. Жазғытұрымғы пленкалы жылыжайның ішінде көкөніс өсімдіктерін 2-3 рет өсіріп алуға болады. Бірінші рет көк өсімдіктер, екінші де қияр, үшінші кезекте қызанақ мен капуста өсіріп алуға дайындалады. Пленка ішінде өсірілген қиярларды қажетті тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріп отыру керек.

Тыңайтқыш берілгеннен кейін пленка ішіндегі өсімдіктің өсуі жақсарып, көк жеміс беру уақыты 4-8 күнге қысқарады, ал өнімділігі 20-35 процент артады. Дайын тыңайтқыш дайындалмай берілген тыңайтқышқа қарағанда өсімдікке тез әсер етіп, оның өсуін жақсартады.
Жыл бойына көкөністің бірнеше түрін бірнеше рет егіп, өсіру үшін жылыжай бірыңғай болмай универсалды болғаны жөн. Оңтүстік Қазақстан жылыжайына және басқа да жылыжайларға қарағанда үш звенолы жылыжай көкөніс өсімдіктерін өсіруге тиімді келеді. Мұндай жылыжайның әйнегі жанына іргесіне өсімдік қоюға болмайды, өйткені жылыжай қаншалықты мықты бекітілгенімен қыстың суық ызғары соғып, өсімдікті өсірмейді.
Төбесі, айнала жиектері каркастан жасалады. Металл трубаның ішімен газ немесе ыссы су жіберіледі. Трубаның диаметрі 1-1, 2-2-мөлшеріпде болады. Ол төрт метрлік звенолардан әр звено 3 палигоннан және де 5 прогоннан тұрады. Әр прагонның аралығы 0,67 метр мөлшерінде дайындалады. Металл трубалар темір-бетонды плиткалармен тіреуіш арқылы жалғастырылып бекітіледі. Төбесі, қабырғалары қалыңдығы 3 миллиметрлік, көлемі 1,28-0,67 метрлік әйнектер орнатылған ағаш рамалардан тұрады. Бұл ішке күн сәулесін тоқтаусыз өткізіп, жылыжайны жарықпен қамтамасыз етеді. Әйнектер рамаларға замазкасыз-ақ жіксіз бекітіледі. Жылыжай ішін қолдан желдетіп алып тұруға болады. Жылыжай ауасы темір трубаларға ыстық су айдау арқылы жылытылады. Мұндай дайындалған жылыжайлар өзге әріптестеріне қа¬рағанда өнімді артық береді. Бір шаршы метр жерден 15-18 килограмм қияр, 8-10 килограмм қызанақ жиналып алынады. [12].


Парник пен жылыжайда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінің сорттары да, өнімділігі де жергілікті жердің климат жағдайына байланысты әр түрлі болады, бірақ бұлар өнімді ашық жерде егілетін көкөніс сорттарынан артық бермесе кем бермейді.
Жылыжайның көктемде пайдаланылатын арнаулы түрлері бар. Ол қыста пайдаланылатын жылыжайларға қарағанда жеңіл жасалады.
Мұндай жылыжайлар Шымкент облысының шаруа қожалықтарында пайдаланылуда. Жылыжайның мұнан басқа ұзынша астау түрінде, ағаштан жасалған, күн арқылы қыздырылатын жылыжайлар да болады. [8].

1.6 .Көкөніс өсірудің жасанды әдісі
Соңғы уақытқа дейін Қазақстан жерінде көкөніс өсімдіктері, оның ішінде қияр мен қызанақ топыраққа егіліп, өсіріліп келсе, кейінгі кезде оларды топырақсыз өсіруге де болатындығы іс жүзінде байқалды. Бір жерге өсімдікті қайталап еге берсе, ол жерде жыл сайын есімдіктің ескі тамыры қалып отыратындықтан топырақ ескіріп, әр түрлі аурулар пайда болады, сорланып, арам шөптер кебейіп кетеді. Сондықтан ондай жердің топырағын екі жылда бір рет, тіпті жыл сайын ауыстырып отыруға тура келеді. Оған қыруар қаржы, қосымша еңбек ақы жұмсалады. Соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өсіп кетеді де, көкөніс өсімдіктері қымбатқа түседі. Ал көкөніс өсімдіктерін жасанды әдіспен өсіргенде негізінен механизмдер ойдағыдай қолданылады да, әлгіндей қиындықтар кездесе бермейді. [8].
Қиярды жасанды (топырақсыз) әдіспен өсіру. Алматы облысында дәстүрге айналып отыр. Бұл саймақтарда бір шаршы метр жерден 1217 килограмға дейін өнім жиналады. Жасанды әдіспен өсіруде ірілі-уақты тастар, ке¬рамзит, гальна, шеге құм пайдаланылады. Мұндай мақсатқа арналған жылыжай іші бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Су темір трубалармен келеді. Өсімдік есірілетін жердің едені цементтелген, оның бетіне ірі тастар, онан кейін майда тастар төселеді. Үстіңгі қабаттағы майда тастың немесе шеге құмның қалыңдығы 3-5 сантиметр болады.

ІІ-тарау.Тәжірибелік бөлім
Өсімдіктердің сыртқы пішішініне қарап қажетті элеметтермен қамтамасыз етілуін анықтау
Қоректік заттардың жетіспеі өсімдіктін морфалогиясынан құрылымынан және оның жапырақтарынан басқа да мүшелерінен көрінеді.Осының нәтижесінде өсімдіктің түсі, пішіні, көлемі, жапырақтарының түсі және олардың өркен бойында орналасуы өзгереді. Диогностиканың визуальды әдісі ең қарапайым және арзан болып саналады, бірақ нақты емес.
Азот (N) жетіспеуінің белгілері. Өсімдіктерде N жетіспеуі көп кездеседі.Оның белгілері төмендегідей: Жер асты мүшелерінің және тамырдын жәй өсуі, қысқа жіңішке буынаралықтар; жапырақтары ұсақ алғашында сарғыш-жасыл, кейін сары;хлорофил түзілу процесі төмендейді.Жапырақтар мезгілінен бұрын түседі.Өсімдіктерде бүйірлік бүршіктер аз түзіліп, олар өледі немесе ұйықтаған қалпында қалады, яғни бүршік жармайды. Гүлдерінің саны азаяды.Өсімдіктер әлсіз болады, бойының өсуі кешеуілдейді. N ұзақ уақыт жетіспесе төменгі жапырақтардағы хлорофил құрамы бұзылады және бос N өсу нүктелеріне қарай жылжиды.Қызанақта N жетіспесе, жас жапырақтарындағы жасыл түс жоғалады.Өсімдіктің бойының өсуі баяулайды жапырақтары майдаланып және өсімдік сарғылт –қызғылт түске боялады. Бұтақтары қатты ирек, жемістері майда болады, піскен кезде ашық түске айналады. Қиярда N жетіспесе бойының өсуі төмендейді және жапырақтарының түсі өзгереді, ақырында ашық-жасыл түске боялып жемісі ашық-жасыл болады.


Фосфор (Р) жетіспеуінің белгілері. Р жетіспеуі өсімдіктің жер асты мүшелерінің және тамырдың өсуін қатты тежейді.Бүршіктері қысқарып жұқарады да жапырақтары мерзімінен бұрын түседі:Гүлінің саны тез азайып, жас жапырақтар солғын түске , ал кәрілері хлороз ауруына ұшырайды екен.
Калий (К) жетіспеуінің белгілері. Өсімдіктерде калий жетіспесе, синтез процестері нашарлайды, көмірсу құрамы төмендейді әсіресе сахароза мен крахмалдың, жапырақтардағы пластикалық заттардың ағымы баяулайды және тынысалу кезінде көмірсу шығыны көп болады. Егер сіңірілетін ерітіндіде кальций мен магнидің, аммонидің мөлшері көп болса, онда да К жетіспеушілігі байқалады. К –дің органикалық заттармен тығыз байланысы жоқ және төменгі қартайған жапырақтардан жоғарғы жас жапырақтарға қарай қозғала алмайды.Сондықтанң К жетіспеуі алдымен төменгі жапырақтардан көрінеді. Егер сіңірілетін ерітіндіде К аз болса, қызанақтар өте баяу өседі, өсімдіктер аласа және әлсіз болады.Жас жапырақтарға ұсақ әжімдер түседі, ал кәрілері алғашында сұр кейін шеттері сарғылт-жасыл түстенеді.Түсінің өзгеруі жапырақтын шетінен ортасына қарай жүреді.
Зақымдалған жапырақтын бөліктері кейде, қызғылт-сары түске айналады.Қызанақтын сабақтары қатайып ағаштанады.Қияр өсімдігіне К жетіспесе жапырақтарының шеттері шіриді, төменгі жапырақтарына хлороз түседі.
Магний жетіспеуінің белгілері.Сіңірілетін ерітіндіде магний жетіспесе, өсімдіктерде хлороз пайда болады.Ол кезе өсімдіктердін жапырағы қошқыл түстеніп-сағақ аралығындағы бөліктері түссізденіп ,ал сағақ шетінде өзінің түсі сақталады: Бұл құбылыс дақты-хлороз деп аталады.
Магний төмменгі қартайған жапырақтардан жоғарғы жас жапырақтарға яғни хлорофилл түзілу процесі үздіксіз жүріп жатқан жерге оңайлықпен жылжий алады.Оның ағысы алдымен жапырақтын өткізгіш шоқтарынан басталады, бұл магнеийлік хлоразға әкеліп соғады.Ұлпалардың түсінің өзгеруі өсімдіктің түріне байланысты
Кальций жетіспеудің белгілері.
Кальций жетіспесе өсімдіктер хлрозға ұшырйды.жоғарғы жапырақтар түссізденеді, төбе бүршіктер қоңыр немесе қара түске айналып өледі.Тамыр қысқарады және жуандайды.
Егер ертінді де Са аз болса, қызанақтың жоғарғы жапырақтар түссізденеді, ал төменгілері түсін сақтайды,төбе бүршіктері өледі.Жылыжайдағы өсімдіктердің төбе бүршігінің өлуінің басты белгісі Са жетіспеуі.
Темір жетіспеуінің белгісі.
Сіңірлетін ерітінді де Ғе жетіспеуі,жас жапырақтардың хлорозына әкеліп соғады.Жоғары жапырақтар түссізденеді.Ол әуелі өткізгіш шоқтпрдан басталады.кейін сарғаяды немесе бүкіл жапырақ ағарады.Кәрі жапырақтар өзінің бұрынғы түсін сақтайды.Ғе өте қатты жетіспесе, жпырақтың ұшы немесе шеті күйеді.
Егер ертінді де Са-дің концентрациясы жоғары болса, Ғе жетіспеуі байқалалады,ерітіндінің еріткіш қасиеті болады.Фосфролық қоректенудің жоғарлығы және калийдің жетіспеуі де,Ғе жетіспеушілігін тудырады.
Марганец жетіспеудің белгілері.
Марганец жетіспеуі жапырақ хлорозынан байқалады.Өте көп жетіспесе жапырақ түгелдей түссізденеді.Өткізгіш шоқтарында майда қара дақтар пайда болады,олар әсіресе жапырақтың үстіңгі бетінде көп болады.Қатты жетіспесе барлық өсімдіктер қоңыр және сары түске боялады,ал әсіресе жас жапырақтар оралып қалады.
Бор жетіспеудің белгілері.Төбе бүршіктері өледі.өркендері және жапырақтары қалыпт түсін жоғалтады.Буынаралықтары қысқарады,бүршіктерінің ұшында жапырақ пайда болып,олар жетілмеген оралған болады.Жемісі қалыпты жағдйдан ауытқиды.
Мыс жетіспеудің белгілері. Мыс жетіспесе жапырақтар хлорозға ұшырап,тургор қысымын жоғалтады, солады,түйіндеуі мен жеміс беруі кешеуілдейді.
Мыс жетіспеудің белгілері өсімдітердің жас жапырақтарынан байқалады.Ыстық күндерідегі жоғарғы температура,жылыжайдағыөсімдіктерге мыс жетіспеуін арттрады.Ұзақ уақыт азотпен қоректендіруі де мыс жетіспеуін жоғарылатады.

Жапырақтарының түсінің өзгеруі жоғары аталған жағдайларда ғана емес,сонмен қатар ылғал және өсімдіктердің ауру жапырақтарының түсінің өзгеруі жоғары аталған жағдайларда ғана емес,сонмен қатар ылғал және өсімдіктердің ауруға ұшырауында,зиянкестермен зақымдалғанда да болады.
3.2.Өстік мүшелердің химиялық құрамына қарап,өсімдітердің қоректенуін қадағалау.
Минералдық элементтердің жетіспеуі немесе шамадан тыс көп болуы,сонымен қатар олармен улану,бір-бірімен өте ұқсас.Мысалы,азот,күкірт,фосфор жетіспеуінің белгілері бірдей;жалпы жапырақтар сарғаяды,бабының өсуі тежеледі.Демек,дұрыс диагноз жасаумен қатар,анлиз де ерек,күкірт көп болса,азот жетіспеуі, азот көп болса, күкірт жетіспеуі байқалады.Егер азот жетіспегенен жапырақтар сарғайып,бүршіктер үсісе,жапырақтафосфордың көп болғаны және керісінше,өсімдіктерде фосфор жетпесе,жапырақтарда азот көп жиналады. . [11].
Жапырақ хлорорзы және майдалануы минералдық қоректенудің бұзылуынан емкс,кейбір вирустық аурулардан,тамырдың зақымдануынан,төменгі температурадан болуы мүмкін.
Жапырақ анализі ,хлороздың нақты себебін анықтай алады.
Химиялық анализ,өсімдіктің қоректік элементтерді шығаруы мен өнімділігінің арасындағы тығыз байланысқанегізделеді.Өсімдік жасушасында жасуша шырынының көп болған кезінде ғана ,мол өнім алуға болады.Бірақ химиялық анализ өнімдерін қолдану,түрлі факторлардың әсерлерінен қиындайды;мәдени түрі,өсімдіктің жасы,сыртқы орта жағдайлары. Сыртқы орта жағдайлары. Түрлі элементтердің қоректенуіне үлкен әсер етеді.Температураның 10-20 0 С дейін төмендеуінен өсімдіктегі азот,магний ,әсіресе фтор көлемі төмендейді.
Жапырақ анализі-өсімдіктің топырақсыз жағдайда қоректенуін қадағалаудан кейін үлкен маңызға ие болып қалады.
Жапырақтың химиялық анализі-қоректену жағдайын және қоректік элементтермен қамтамасыз ентуін көрсетеді.
Химиялық анализдің қортындыларын өсімдіктің қоректенуіне, яғни төменгі шекара құрамы мен минимальді концентрациясына қарап бағалайды.Бірақ,өнімнің жоғары болуы,элементтердің жеткілікті болуынан счипатала бермейді.
Сондықтан өнімнің жоғарғы болуын қадағалайтындай қоректік заттардың минимальді концентрациясын нақтылау керек.
Қиярды және қызандағы қоректік заттардың қалыпты жағдайын Э.Алиев және басқалар бекіткен.
Анализдің мағынасы мен формалары.
Анализдің 2 түрі бар.,жапырақ және өсімдік.Жас өркендерде органикалық емес қосылыстарды анықтау

және элементтер жал құрамын орнату.
Осы сияқты өзгерістерге;жапрақтарының күннен күюі,жемістерінің төбесінен шіруі жылусүйгіш өсімдіктердің температураның төмендеуінен үсуі,т.б жатады.
Қияр жапырақтарының күюі,бұлыңғыр ауа райына жылдам өзгеруден,жылыжайдағы жоғары темпе,ратураның әсерінен болады.Жас жапырақтр ашық түстеніп,шетінде кепкен қабыршақтар пайда болады,жапырақ сарғаяды.Кәрі жапырақтртардың шетінің кебуі,бор жетіспегеннен жапырақтарының қолбырауына ұқсас болады.
Эдема немесе водянка (сусыздану),қызан өсімдігінде ерте көктемде немесе қыста,жарық жетпегенде,ылғал шамадан тыс және температура жоғарлағанда байқалады.
Н.А.Смугнов бойынша,жылыжайдағы қияр өсімдігі температура 8-10 0 С төмендегенде солады.Қажетмөлшерде ылғал жетпесе,қызанның жемістерінің төбесі шіриді,жапырақтары қошқыл-жасыл болып төменге салбырайды.
Қызан және қияр жапырақтары ылғал жетпесе ашық-жасыл түстенеді,ол азот жетіспегенде де солай болады.Жапырақтарының күюі,алдымен жасыл,кейін көптеген дақтары түрінде байқалады.Жас жапырақтар күйікке жиі ұшырайды,ал ертінді де тұздардың концентрациясының жоғары деңгейде болуынан.
Сондықтан өсімдіктерде қоректік заттардың жетпеуін,сыртқы пішініне қарап анықтағанда,оны дәлелдеп және нақтылау керек.Бұдан гөрі өсімдіктерге химиялық анализ жасаған тиімді.

Материалды механикалық ұсақтағышпен ұсақтайды.Сығындыны жас өсімдіктен дайындайды,экстрагирлеитін ертіндінісімен қатынасы1:20 болуы керек.Одан органикалық емес қосылыстардың құрамы анықтайды; нитратты ,азотты,Ғ,Сl ,Мg Nа. және Ca . Химиялық анализге төменгі жапырақтарды қолданады,өсуін тоқтатақан, бірақ физиологиялық активтелетін қоректену жағдайын жас жапырақтардан гөрі,кәрі жапырақтарықтарынан анықтайды.Бірақ, Са мен В жетіспесе қорытнды басқаша болып шығуы мүмкін. .



Қорытынды
Көкөністің жаңа піскен өнім алудың негізгі көзі оны маусымнан тыс мезгілде қысқы жылыжайларда өсіру болып табылады. Маусымнаң тыс уақытта өсірілетін қызанақ өндірісін үлғайту оның өнімділігін арттыру арқылы мүмкін болады. Көкөніс өнімін молайтудағы ең



маңызды мәселе - көкөністің сортын немесе буданын дұрыс таңдай білу. Қысқы-көктемгі уақытга қысқы жылыжайларда көкөністін ерте және орташа мерзімде пісетін сорттары мен будан¬дарын өсіру қажет.
Жылыжай (теплица) жылу сүйетін жидек және көкөніс дақылдарын өсіруге арналады. Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатан белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр т. б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (форточка немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетілін тұруы мүмкін.
Көкөніс өсірілетін қысқы жылыжайларда (қараша, желтоқсан, қаңтар айларында) негізгі және қосымша стеллаждардың барлық көлемі және стеллаж астындағы топырақтарға жарықты көп тілемейтін көк дақылдар егілгені жөн. Қаңтардың бас кезінен бастап жарық жақсы түсетін стеллаждарда (жарықты қолдан берсе тіпті жақсы) қияр мен помидордың көшеттері өсіріле бастайды, бұларды жылыжайларда ақпанда отырғызады.
Қызанақтың піскені екі түрлі жолмен анықталады. Егістік жердегі қызанақтар негізінен толық қызарып піседі. Алайда шала қызарып пісетін қызанда бар. Оларға сарғыш, қызыл түсті қызанда жатады. Мұндай пісу толық пісу емес. Бір түптен 2-3 түйір қызанда ғана осындай болып пісуі мүмкін. Қалғаны жасыл күйінде тұрады. Толық қызарып піскен жемісті қолмен ұстап көргенде бостау болып білінеді. Бұл толық піскені.
Қоректік заттардың жетіспеі өсімдіктін морфалогиясынан құрылымынан және оның жапырақтарынан басқа да мүшелерінен көрінеді.Осының нәтижесінде өсімдіктің түсі, пішіні, көлемі, жапырақтарының түсі және олардың өркен бойында орналасуы өзгереді. Диогностиканың визуальды әдісі ең қарапайым және арзан болып саналады, бірақ нақты емес.
Қызанақтар мен қиярлар жер бетіне көктеп шыққаннан кейін өсіп, дамып жетілем дегенше оларды әр түрлі аурулар мен зиянды жәндіктер залалдайды. Ал залалданған өсімдіктің өнімділігі 10-40 процентке дейін кемиді. Сондықтан өсімдіктер залалданбай тұрғанда алдын ала күрес шараларын ұйымдастыру керек. Ол үшін қызанақ мен қиярға қандай ауру түрлері қалай жұғатынын және оларға қарсы күресу шараларын жақсы білген жөн





Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайдаболып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамыр сабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердіңөсетінжерлерінанықтап, олардыжинаудыңмерзімінбелгілепжәнесақтаутәсілдерінмеңгеруқажетболған.

Қазіргіуақытта ботаника үлкенкөпсалалығылымболыпотыр. Ботаниканыңжалпыміндеттерінежекелегенөсімдіктердіжәнеолардыңжиынтығын, басқашаайтқандаөсімдіктержан-жақтызерттеужатады. Осы өсімдіктерқауымдастықтарыорманның, шалғынның, шөлейттіңөсімдіктержабынынтүзеді. Өсімдіктердіңструктурасы мен өсузаңдылықтарын, олардың қоршағанортаменбайланысын, жершарындағыжекелегентүрлердіңжәнетұтастайөсімдіктерқауымдастықтарыныңтаралуымен, солжерлердеқаншалықтыкездесетіндігін, өсімдіктердүниесініңшығутегі мен эволюциясын, оныңалуантүрлілігініңсебептерінжәнеклассификациясын, шаруашылыққақажеттілігіжағынанқұндыөсімдіктердіңтабиғиқорынанықтаужәнеолардыөндірістетиімдіпайдаланудыңжүйесін, мәденижағдайғаендірудің (интродукция) жолдарынқарастыруболыптабылады. Осы жоғарыдакелтіргендердіңөзі ботаника ғылымызерттейтінпроблемадардытолыққамтидыдепайтуғаболмайды.

























«Абаттандыру» үйірмесі



Түсініктеме

Тәуелсіз еліміздің дамуы мен келешегіне сәйкес келетін әлеуметтік экономикалық өзгерістер, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру саясатының жүзеге асырылуы алдымызға үлкен міндеттер қойып отыр.

Мектеп оқушыны бұрынғыдай өз талабына тәуелді ете оқытудан бас тартуы, бала қаблеті,сұранымына қарай ынтымақтастықпен жұмыс істеу керек. Үйірмелерге оқушыларды топтық, жұптық, жеке жұмыстар, танымдық, ізденуші, зерттеу бағытындағы жұмыстарға, ғылыми сипаттағы жұмыстарға баулу және оқушының білім мен іскерлік дағдыларын жетілдіру жолдары. Әрбір оқушы жылыжайда бау- бақша өнімдерін егу арқылы оның вегитациялық уақытын, қандай температурада сақталуын, биологиялық өсіп жетілуін, топырақ құнарлылығын, суғарылуын өз қолдарымен егіп, пісіп жетілгенше баптап қаралуын, мектеп айналасына гүлдер тұқымдастарын отырғызу сияқтыеңбекке баулуға тәжірибе жинақтайды.













Міндеті мен мақсаты



Арғы ата- бабаларымыз « Бір тал кессең, он тал ек», «Мың шыбық шаншып өсірсең, Халқыңа орман салғаның Халқыңа орман салғаның, Өзіңе қорған салғаның деген ұстанымызды оқушыларға дәріптеп тәжірибе жүзінде өз қолдарымен ерікті топ арқылы жүзеге асырып тәрбиелеу

-. Елбасымыздың «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру

- Экологиялық проблемалар

- Дұрыс ( витамин В1, В2 В3) т.с.с дәуірмендермен тамақтанудың пайдасын білуге

- Дұрыс таза өмір сүруге

- Мектеп бөлмелері мен үй бөлмелеріне гүлдер отырғызуға баулу

- Азық- түлік бағдарламасын насихаттауға















Пікір

Табиғат аясында еңбек етуге үйрету үшін жыл мезгілдеріне байланысты, баланы табиғат құбылыстарының сан алуан қасиеттерінбайқауға, түсінуге, өсімдіктер әлемінтаныпбілуге баулу керек. Осылайшажақсыкөру, жеккөру, аяу,аялау, қамқор болу сияқтыкарапайымадамгершіліксезімдеріоянадыжәнедамиды.

Мұғалім табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүние танымын қалыптастырып, акыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей ізденіп зерттеген. Оған дәлел мектеп – гимназия жанынан құрылған жылыжай, олардыңтәлім-тәрбиелікеңбекке баулунегізіболғандығынкөрсетіпотыр. Ұстаздардың қайсысыболмасынөздерініңоқыту,тәрбиелеужүйесінжасаубарысында, балағақарапайымтабиғатсырынұғындырудың қажеттілігінмойындайотырып, оныңмазмұнымен көлемінанықтауғаүлесқосқан.Биология және жаратылыстану пәндеріне әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ауылдың ажарын айқындайтын мектеп

Автор: Зейнепов Марат

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391377


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства