kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1. Трансмиссияның негізгі түрлері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Автомобильдер трансмиссиялары – қозғалтқыштан берілген бұрылу моменттін, жетекші доңғалақтарға жеткізетін бірнеше агрегаттар мен механизмдердің біріккен жиынтығын айтады. Бұрылу моментінің берілуі, ұзындығы мен бағытына қарай бір мезгілде жетекші доңғалақтарға бөлінуі арқылы өзгереді.

Қозғалтқыш пен жетекші доңғалақтардың арасының жалғануына және бұрылу моменттінің берілуіне байланысты трансмиссиялар: механикалық, құрамалы (гидромеханикалық), электрлі және гидрокөлемдіболып бөлінеді.

Қазіргі кезде көп тараған түрі – механикалық трансмиссия, агрегаттар мен қозғалтқыштың және жетекші доңғалақтардың орналасуына байланысты әртүрлі болады.

 

Екі немесе бірнеше жетекші белдікті автомобильдерге үлестіргіш қорабын орнатады, қосымша айқартопсалы беріліс жалғанып, әрбір жетекші доңғалақтарда жекеленген басты берілісі, жартылай осі мен дифференциалы болады. Мұндай трансмисияны көбінесе белдікті трансмиссия деп аталады, өйткені, бұрылыс моменті бірінші белдікке беріліп, содан кейін сол мен оң жетекші доңғалақтарға беріледі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1. Трансмиссияның негізгі түрлері.»

Мазмұны:

  1. Трансмиссияның негізгі түрлері.

  2. Бір дискілі сығылмалы серііппелі ілініс.

  3. Қос дискілі ілініс.

  4. Беріліс қорабы.

  5. Төртсатылы беріліс қорабы.

  6. Төрт сатылы беріліс қорабының жұмыс істеуі.

  7. Көпсатылы беріліс қорабы.

  8. Автоматтандырылған беріліс қорабы

  9. Гидромеханикалық беріліс.

  10. Айқартопсалы беріліс.

  11. Бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы айқартопсалы беріліс.

Бақылау сұрақтары.

Пайдаланған әдебіеттер

ТРАНСМИССИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ.

Автомобильдер трансмиссиялары – қозғалтқыштан берілген бұрылу моменттін, жетекші доңғалақтарға жеткізетін бірнеше агрегаттар мен механизмдердің біріккен жиынтығын айтады. Бұрылу моментінің берілуі, ұзындығы мен бағытына қарай бір мезгілде жетекші доңғалақтарға бөлінуі арқылы өзгереді.

Қозғалтқыш пен жетекші доңғалақтардың арасының жалғануына және бұрылу моменттінің берілуіне байланысты трансмиссиялар: механикалық, құрамалы (гидромеханикалық), электрлі және гидрокөлемдіболып бөлінеді.

Қазіргі кезде көп тараған түрі – механикалық трансмиссия, агрегаттар мен қозғалтқыштың және жетекші доңғалақтардың орналасуына байланысты әртүрлі болады.

Екі немесе бірнеше жетекші белдікті автомобильдерге үлестіргіш қорабын орнатады, қосымша айқартопсалы беріліс жалғанып, әрбір жетекші доңғалақтарда жекеленген басты берілісі, жартылай осі мен дифференциалы болады. Мұндай трансмисияны көбінесе белдікті трансмиссия деп аталады, өйткені, бұрылыс моменті бірінші белдікке беріліп, содан кейін сол мен оң жетекші доңғалақтарға беріледі. Жекленген толық жетекті автомобильдерде, доңғалақ формуласы 6Х6; 8Х8; 10Х10; механикалық борттық трансмиссиясында, қозғалтқыштан берілген бұрылу моменті ілініс пен беріліс қорабы арқылы үлестіргіш қорабына беріліп, одан теңдей оң мен сол жақтағы жетекші доңғалақтарға бөлінеді. Үлестіргіш қорабынан бұрылу моменті борттық редукторға жеткізіліп, одан жетекші доңғалақтарға беріледі, мұнда әрбір жетекші доңғалақтың өзінің басты берілісі бар. Борттық трансмиссияның құрылысы күрделі болғандықтан , оны қолдану шектеулі болады.

Құрамалы (гидромеханикалық) трансмиссия-гидротрансформатор мен механикалық беріліс қорабынан тұрады. Гидротрансформатор іліністің орнына орнатылады. Бұрылу моменті гидротрансформатордан механикалық беріліс қорабына автоматты немесе жартылай автоматты түрде беріледі. Мұндай трансмиссияларды гидромеханикалық беріліс деп айтады.

Электрлі трансмиссиялар, жүк көтеру салмағы 70- 170 тонналық карьерлік аударғыш – автомобильдерде қолданады. Электрлі трансмиссия V – бейнелі турбоүрлеуішті дизельді қозғалтқыштан 770-1690 кВт қуат алатын жетекші электрліқозғалтқыштан және тұрақты ток генераторынан тұрады. Электрлі трансмиссия дизельдің механикалық энергиясын электр энергиясына айналдырып, генератордан жетекші доңғалақтармен бірге орнатылған жетекші электрлі қозғалтқышқа жеткізеді. Жетекші доңғалақтармен бірге орнатылған жетекші электрлі қозғалтқыш – электромотордоңғалақ деп аталады.

Электрлі трансмиссия жетекші доңғалақтардың жетегін жеңілдетеді, бірақ металдың көлемді болуы мен П.Ә.К (пайдалы әсер коэффицент) төмен болғандығына байланысты оны шектеулі қолданады.

Гидрокөлемді трансмиссиялар механикалық энергияны сұйықтық насостың қозғалысына айналдырып, бұрылу моментін гидроқозғалтқыштың білігіне жалғастырылған жетекші доңғалақтарға жеткізеді. Үлкен көлемділігі мен салмағына байланысты және П.Ә.К. төмен болуымен бірге бағасы жоғары, сондықтан көп қолданыста болмайды.

Ілініс қозғалтқыштан трансмиссияны аз уақытқа ажыратып, автомобильдің жүру алдында оларды өзара бірқалыпты қосуға және жүргеннен кейін беріліс қорабын берілістерге өзгерту үшін қызмет атқарады.

Сонымен бірге ілініс қозғалтқыш пен трансмиссия бөлшектерін автомобильді шұғыл тежеген кезде, күш түсу әсерінен ақау пайда болудан сақтайды.

Құндақ сермерге қаттылап бекітілген, жетекші дискімен шарнирлі жалғанады. Шарнирлер, жетекші дискіні ось бағытында жылжуына және құндақтан берілген бұрылу моментін қабылдауға мүкіндік береді. Сермер мен жетекші диск араларына жетектегі диск қойылған.

Жетекші мен жетектегі дискілер серіппелер арқылы сермерге сығылып, бұралу моментінің үйкеліс күшінің әсерін, беріліс қорабының жетекші білігінің шлицасына орнатылған жетектегі дискіге береді. Бұл кезде ілініс қосылып, бұралу моменті жетекші білік арқылы трансмиссия агрегаттарына беріледі.

Егер педальді басатын болса, онда жетек арқылы қосқыш ашаны кері итеріп, іліністі сығымдағыш ішпек арқылы ажыратады. Сығымдағыш ішпек жылжып, рычагтың ұшын итерген кезде, оның сыртқы шарнирлі орнатылған жетекші диск оңға қарай қозғалады, құндақ пен жетекші диск арасындағы серіппе сығылады. Жетекші диск ажыратылып, беріліс қорабына бұралу моменті берілмейді. Бұл іліністі ажырату болады.

Егер педальді жіберетін болса, онда сығымдағыш ішпек қайтарғыш серіппенің көмегімен бастапқы орнына қайтарылып, жетекші диск мен құндақтың арасындағы серіппе, жетекші дискіні сермерге сығып қысады,

 ілініс қайтадан қосылады.

Сермерден бұралу моментін алатын бөлшектер іліністің - жетекші бөлігіне, бұралу моментін беріліс қорабының жетекші білігіне беретін бөлшектер- жетектегі бөлігіне жатады.

Жетектегі дискілердің санына байланысты фрикционды ілініс бір дискілі және екі дискілі болып бөлінеді.

Бір дискілі ілініс – сығылмалы серіппелі, сығылмалы мембраналы болып екіге бөлінеді.

БІР ДИСКІЛІ СЫҒЫЛМАЛЫ СЕРІІППЕЛІ ІЛІНІС.

Зил, ГАЗ, ГАЗ «Волга», ПАЗ, бір дискілі сығылмалы серіппелі ілініс орнатылған. Мұдай іліністің құрылымына жетекші дискі мен құндақтың айналасының арасына бірнеше цилиндрлі серіппелер орнатылған. Мұндай муфталар серіппенің әсерінен өте жоғары іліністе болып, техникалық қызмет көрсету жеңілдеу болады.

ЗиЛ автомобильінің ілінісі цилиндрлер қаңқасына бекітілген шойын картердің ішіне бекітіледі. Жетекші бөлігі сермер және сермерге бұрандалармен бекітілген жетекші диск мен құндақтан тұрады.

Жетекші дискіге ілініс құндағына ашалы тірекке инелі ішпектің көмегімен сомын арқылы рычагтар бекітілген. Құндақты айналдыра бірнеше сығылмалы серіппелер қойылған және жетекші диск жағынан серіппенің серпімділігі жойылмас үшін, жылу өткізбейтін шайба орнатылған.

Жетектегі бөлігіне – жетектегі диск, күпшек, беріліс қорабының жетекші білігі жатады. Жетектегі дискінің екі шетіне фрикционды жапсырма бекітілген. Жапсырма мыс – асбесті немесе металл – асбесті материалдан жасалынған. Күпшек жетекші дискімен серіппе арқылы жалғастырылған, серіппе фрикционды – серіппелі бөліктің негізгі бөлігі болып, бұратылу тербелісінің өшіргіші – демпферлі серіппелер деп аталады.

Бұратылу тербелісін өшіргіш қозғалтқыштың иіндібілігінің бірқалыпты айналыста болмауынан, иіндібіліктің айналу жиілігінің жылдам өзгеруінен, автомобильдің тегіс емес жолдармен жүргенде, іліністі жылдамдатып қосқанда пайда болатын бұралу тербелістерін азайтады. Бұралу тербелістерін азайту, трансмиссия механизмдерінің, айқартопсалы берілістердің және тістегерішті берілістерінің ұзақ уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Іліністі ажыратқыш – сығымдағыш ішпектен, үш немесе төрт ажыратқыш рычагтардан тұрады. Ішпекпен муфтаны жылжыту, іліністі ажыратқыш аша арқылы жүргізіліп, муфта тартқыш серіппемен жақындайды.

Осы кезде ішпек рычагтан 1,5 – 3 мм-ге қайтарылады, ілініс педалінің бос жүрісінің саңылауы 35 – 50 мм –ге тең болады. Ішпек саңылауының азайуы, қозғалқыштың жұмыс істеу барысында іліністің бос айналуынан фрикцион жапсырмалары мен ішпектің тез тозуына әсер етеді. Саңылаудың көп болуы, іліністің толық ажыратылмай, біріліс қорабының тісті тегеріштері бір берілістен екіншісіне толық қосылуын қиындатады.

Іліністің ажыратқыш механизм жетегі – механикалы, автомобиль рамасының сол жағындағы лонжеронына орнатылған, рычагтар мен жетекші тяга арқылы ажыратқыш ашаға жалғанады.

Мембрана серіппелі ілініс, жеңіл автомобильдерде және өте кіші көлемді жүк автомобильдерінің ілініс муфталарында қолданылады. Оның ерекшелігі, сығылу дискісінің ажырататын сығымдағыш серіппелері мен рычагтарының жұмысын жарғақ серіппелер атқарады. Бос тұрған кезде қиылған конусты табақша тәрізді. Конусты ұшындағы саңылаудан басталып радиальды қиықпен бөлінген 18 жапырақшалар іліністің сығымдағыш рычагтарының жұмысын атқарады.

 Мұның артықшылығы, сығылу дискісіне теңдеулі және тұрақты қысымды жеңілдетіп, белгіленген бұрылу моментін жақсартып, фрикционды үйкелістегі жетектегі дискінің жапсырмаларының тозуын бірқалыпта келтіреді.

Жарғақ серіппелі ілінісекі ажыратылмайтын бөліктен тұрады, біріншісіне, құндақ 7 және оған орнатылған жарғақты серіппе 8 мен сығымдағыш диск 3, ал екіншісіне- жетекші диск 2 мен бұрылу тербелісін өшіргіш орнатылған.

Құндақ 7 сермердің штифтісі арқылы орталықтанып, оған болттармен бекітіледі.

Бұралу моменті құндақтан 7 сығымдағыш дискісіне үш серпімді тілімшелер арқылы беріледі. Құндақтың 7 ішкі бетіне сатылы тойтарма 6 арқылы бекітілген мембрана серіппенің 8 тірегі болатын, екі таяныш сақинасы 5 бар. Сақиналар арасына орналасқан мембрана , сақинаның көмегімен иіліп тұрады.

Іліністің қосылып тұрған кезінде, мембрана серіппелер өзінің таяныш сақиналар арасына орналасуымен, сығылу дискісіне салмақ түсіру арқылы жетектегі дискіні сермерге қатты қысып, бұралу моментін беріліс қорабының жетекші білігіне жеткізеді.

Педальді 5 басқан кезде, ажыратқыш аша 11 муфтадағы сығымдағыш ішпегін 9 ортаңғы бөлікке жылжытып, арнайы тірек сақина арқылы мембрана серіппені сермерге қарай қозғалтады. Бұл кезде сыртқы бөлігі одан бөлектеніп, бекіткіштің 4 көмегімен сығымдағыш дискіні жылжытып жетектегі дискіні босатады. Бұралу моментінің беріліс қорабының жетекші білігіне берілуі тоқталады.

Жеңіл автомобильдерде іліністің көп тараған жетегі гидравликалық жетекті ілініс.Оны пайдалану кезінде ілініс бөлшектерінің фрикционды беттерінде автомобильдің қозғалысында және берілістерді ауыстыруда үйкеліс моменті өте баяу өткізіледі.

Іліністіңгидравликалық жетегі резервуардан 1, басты цилиндр поршенімен 3 жұмыстық цилиндрден 8, түрткіштен 6, ажыратқыш ашадан 11 тұрады. Басты цилиндр мен жұмыстық цилиндр түтікжетек 9 арқылы жалғастырылған. Басты цилиндр поршенінің 3 түрткіші 4 педальмен, пластмассалы төлке мен саусақ арқылы қозғалмалы жалғастырылған.

Ілініс педалін 5 басқан кезде, түрткіш 4 басты цилиндрдің поршенін қозғалтады, соның нәтижесінде цилиндр ішіндегі сұйықтықтың қысымы жоғарылап түтікжетек 9 арқылы жұмыстық цилиндрге 8 жіберіледі. Жұмыстық цилиндрдің поршені 7 түрткішті 6 жылжытады, сонымен бірге ажыратқыш ашаныда 11 қозғалтады. Ажыратқыш аша 11 шарлы тіректе 12 бұрылу арқылы сығымдағыш ішпекті қозғалтады. Педальді 5 босатқан кезде өзінің қайтарғыш серіппесі арқылы бастапқы орнына қайтарылады. Сонымен бір мезгілде жетектің басқа бөлшектері де серіппелердің 2 мен 10 әсерімен бастапқы жағдайына қайтарылып, ілініске қосылады. Іліністің қалыпты жұмыс істеуі үшін, поршеннің 3 бастиегі мен түрткіштің 4 сырығының арасының саңылауы 0,3 – 0,9 мм аралығында болуы керек. Жүйенің ішінде пайда болған ауаны жұмыстық цилиндрдің тұрқына орнатылған шығару клапаны арқылы ығыстырылып сыртқа шығарылад

ҚОС ДИСКІЛІ ІЛІНІС.

Қос дискілі фрикционды сығылмалы серіппелі ілініс МАЗ, КамАЗ, Урал – 4320 т.б. жүк автомобильдерінде қоланылады.

КамАЗ автомобилінің ілінісі құрғақ картерде 5 орнатылады.

Іліністің жетекші бөлшектері: сермерден 13, жетекші дискден 1, сығымдағыш дискден 4, құндақтан 6 тұрады.

Жетекші мен сығымдағыш дискілердің сыртқы беті төрт шабақты(шипы), сермердің цилиндрлі бетіндегі ойыққа енгізіп орнатылады және қозғалтқыштың бұралу моментін жетектегі дискіге жеткізеді. Жетекші мен сығымдағыш дискілердің 1, 4 бір мезгілде ось бойымен жылжуына мүмкіндік береді.

Іліністің жетектегі бөлігі: фрикционды жапсырмалары бар екі жетектегі диск 3 мен бұралу тербелісін өшіргіштің жиынтығынан тұрады. Жетекші дискінің күпшегі беріліс қорабының немесе бөлгіштің жетекші білігіне орналатылады. Құндақ 6 пен сығымдағыш дискінің 4 арасына сығымдағыш серіппе 12 орнатылып, оның көмегімен жетектегі дискіні 3 сығымдағыш дискі 4 мен сермердің 13 арасына қыстырылады.

Іліністің ажыратқыш механизмі,сыртқы ұштарымен сығымдағыш дискіге 4 жалғанған рычагтардан 8, ал ортаңғы бөлігі құндаққа орнатылған тіректі ашаға 7, ілінісу мен муфтаның 9ажыратқыш рычагтарының тірек сақинасынан 11, ажыратқыш ішпек пен ажыратқыш ашадан 10 тұрады.

 Ілініс қосылып тұрғанда, бұралу моменті сермерден шабақтар(шипы) арқылы ортаңғы жетекші мен қысқыш дискіге, сонан соң жетектегі дискінің фрикционды жапсымалары мен бұралу тербелісін өшіргіші арқылы оның күпшегіне, одан беріліс қорабының жетекші білігіне беріледі. Ілініс қосылып тұрғанда, ажыратқыш рычагтың таяныш сақинасы ажыратқыш ішпек муфтасынан шеткері болады.

Іліністі ажыратқан кезде, ажыратқыш муфта ішпегімен ттаяныш сақиналары арқылы рычагтардың ішкі ұштарынан басып, оны тірек ашасындағы инелі ішпектерде айналдырады. Рычагтың сыртқы ұштары қысқыш дискіні артқы жетекші дискіден босатады. Ортаңғы жетекші диск мен оған орнатылған автоматты рычаг механизмі, өздігінен қысқыш диск мен сермердің тең ортасына жылжып, алдыңғы жетекші дискіні босатады. Іліністің жетекші мен жетектегі дискілерінің араларында толық ажыратылған кезде саңылау пайда болып, жетектегі бөлшектерді жетекші бөлшектерден ажыратып тұрады.

Іліністің жетегідистанционды гидравликалық пневмогидрокүшейткішті жетек.

Гидравликалық жетектің күшейткішінің қосылуы іліністі ажыратуға және оны қатты қысып ұстатып тұруға жеңілдік береді. Педальға басқан кезде, ілініс ажыратқышнан күш рычаг пен шток арқылы басты цилиндрге беріліп, одан сұйықтық қысым арқылы түтікпен бақылағыш құрылғының корпусына беріліп, ауа түтігі арқылы пневмокүшейткішке берілетін қысымды ауаның келуіне көмектеседі. Басты цилиндрден бірмезгілде сұйықтық күшейткіштің жұмыстық цилиндріне беріледі. Бақылағыш құрылғы, пневмокүшейткіш цилиндрі мен жұмыстық цилиндр бір агрегатта – пневмогидравликалық күшейткіште орнатылған.

 Басты цилиндр(14.8. сур.) ілінісу кронштейнінде оранатылған тұрқыдан, оның екі цилиндрлі А, және көмекші Б қуыстары бар, онда жұмыстық тежеуіш сұйықтығы болады. Цилиндр тұрқы қорғаушы қақпақпен 2 жабылған. Цилиндрлі А қуысында тығыздағыш манжетамен 5 поршень 4 орнатылған.Поршньде 4 саңылау В бар, жұмыс жүрісі кезінде штоктың 3 ұшындағы тығыздағыш манжетамен 5 жабылып тұрады. Педальдің бос тұрған кезінде поршень 4 серіппенің 6 әсерімен жоғарғы қалпында болады. Цилиндрдің төменгі А қуысы тығынмен 7 бекітілген, оның ортасындағы бұрандалы саңылауға гидро жетектің түтігі жалғанады. Ілініс педалінің бос тұрған кезінде, цилиндрлі А қуысы мен көмекші Б қуысы В саңылауы арқылы жалғастырылып тұрады, өйткені штоктың 3 ұшы мен поршеннің арасында саңылау болады. Ілініс педалін басқанда шток 3 поршеньге 4 қарай қозғалады, саңылау В тығыздалып жабылып цилиндрдің А қуысынан поршеннің қысымының әсерінен гидро жетектің түтігімен пневмогидравликалық күшейткішке беріледі.

Пневмогидравликалық күшейткішті жетек (14.9 сур.)ілініс педальіне күш түсіруді жеңілдетеді. Күшейткіштің тұрқы екі бөліктен тұрады: алдыңғы 3 мен артқы 9 бөліктің арасына пневматикалық күшейткішті жетектің үстіндегі бақылаушы құрылғының мембранасы 5 орнатылған. Бақылаушы құрылғының ілініс педалін күшпен басқанда, пневматикалық поршеньдегі 8 ауаның қысымы автоматты түрде өзгеріп тұрады.

Бақылаушы құрылғының негізгі бөлігіне тығыздағыш манжетасы бар бақылаушы поршень 4, жіберу 6 мен шығару 7 клапаны, мембрана 5 мен серіппелер жатады.

Ілініс педалі бос тұрғанда, пневматикалық поршень 8 мен іліністі өшіргіш поршень 2 пневматикалық поршеньді қайтарғыш серіппенің әсерінен оң жағының шеткі қалпында болады. Поршеньнің алдыңғы мен артқы қуыстарындағы қысым атмосфера қысымына сәйкес болады. Іліністі өшіру поршенінің 2 қалыпты жағдайы, оның түткіші пневматикалық поршеньнің 8 түбіне тірелгенде анықталады. Бақылаушы құрылғыда бұл кезде шығару клапаны 7 ашық, ал жіберу клапаны 6 жабық болады. Ілініс педалін басқан кезде, қысымның әсерінен жұмыстық сұйықтық іліністі өшіру цилиндрінің қуысына және бақылаушы поршеньнің 4 шетіне қысым келтіріп, А қуысына түседі. Сұйықтықтың қысымының әсерінен бақылаушы поршень клапанды құрылғыны қозғалтады, соның нәтижесінде, шығару клапаны 7 жабылады, ал жіберу клапаны 6 ашылып, сығымдалған ауаны түтік жетегіменкүшейткіштің Б тұрқындағы тесікке жібереді. Сығымдалған ауаның қысымымен пневматикалық поршень 8 қозғалып, поршньнің штогына әсер етеді. Нәтижесінде түтркішке 1 іліністі өшіру поршенінің қосарланған күші әсер етіп, ілініс педалін басқан кезде іліністі толық өшірілуін қамтамасыз етеді. Ілініс педалін босатқан кездебақылаушы поршеньнің 4 алдында қысым төмендейді, соның нәтижесінде бақылаушы құрылғыдағы жіберу клапаны 6 жабылып, ал шығару клапаны 7 ашылады. Сығымдалған ауа пневматикалық поршньнің артқы қуысынан ақырындап сыртқы атмосфераға  шығарылады, поршеньнің штокқа берген әсері азайып, ілініс жәйімен қайтадан қосылады. Пневматикалық жүйеде сығымдалған ауа болмаған жағдайда іліністі басқару қиындық келтірмейді, өйткені іліністі өшіру күшейткіштің гидравликалық бөлігіндегі қысымның әсерімен жүргізіле береді. Бірақ бұл кезде педальға берілетін күш әсері артады.

БЕРІЛІС ҚОРАБЫ.

Беріліс қорабыбұрылыс моментінің көлемі мен бағытына байланысты өзгертуге, автомобильдің инерциямен келе жатқанда немесе тұрған кезде қозғалтқыш пен трансмиссияны ұзақ уақыт ажыратып тұруға, және автомобильді артқа қарай жүргізгенде бағытты өзгертуге қолданады. Автомобильді пайдалану міндетіне байланысты, жетекші – дөңгелектерге тартылыс күші көбейеді немесе аздау болып келеді.

Тартылыс күшін жетекші дөңгелектерге қозғалтқыштың белгіленген жұмыстық режиміндегі қуатын, иіндібіліктің айналу жиілігі мен жетекші доңғалақтың арасындағы қатынасының өзгеруі, беріліс қорабы арқылы орындалады.

Жұмыстық тәсіліне қарай бріліс қорабы сатысыз (гидромеханикалы, фрикционды) сатылы (механикалы) болып бөлінеді.

Сатысыз беріліс қорабы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне берілген тартылыс күш дипазонын автоматты түрде ауыстырады. Мұндай беріліс қорабтары күрделі конструкциялы болып, техникалық қызмет көрсету көп уақытты талап етеді.
Қазіргі кезде көп қолданысқа енгізілген гидромеханикалық беріліс қорабы жеңіл автомобильдер мен автобустарға орнатылған.

Гидромеханикалық беріліс қорабы гидродинамикалық сатысыз берілістерден (гидротрансформатордан) және тізбектеліп жалғанған механикалық сатылы беріліс қорабынан тұрады. Автомобильдерде сатылы, механикалы, беріліс қорабы ішінде тісті редукторы бар, бір- біріне бріліс саны әртүрлі тісті дөңгелектер жалғанып орнатылған.

Олар – тісті дөңгелек жұбын құрайды, дөңгелек жұбының кішісі – тістегеріш (шестерня), үлкені – тісті дөңгелекболып аталады.

Тісті берілістің беріліс саны деп – дөңгелектің тісінің санының, шестерняның тісінің санына қатынасын айтады немесе олардың айналу жиілігінің кері қатынасы.

Егерде, берілісте бірнеше тісті дөңгелек жұптары болса, онда барлық беріліс саны олардың барлығының беріліс санының қосындысына тең.

Механикалық беріліс қорабы екібілікті немесе үшбілікті паралел орналасқан біліктерден тұрады. Олар қиғаш, түзутісті беріліс дөңгелек жиынынан тұрады. Жекеленген берілістерге үйлестіргіштер орнатылған, тісті дөңгелектердің айналу жиілігі бірдей болғанша ілінісуге жол бермейді. Алдыға жүруге байланысты сатылы беріліс қорабы үш-, төрт-, бес-, көпсатылы , тісті дөңгелектің жүріс санына байланысты,екі-, үш-, төртжүрісті болады.

Көпсатылы беріліс қорабы беріліс сандарын сатыларға бөлу үшін, қосымша жалғастырылған редуктор – бөлгіш орнатылады. Мысалы, КамАЗ автомобиліндегі бессатылы беріліс қорабында бөлгішті пайдалану арқылы, он беріліс алдыға қарай жүрісті, екі артқа жүрісті болады. Жүріс санына байланысты, олардың қосылу берілістері бір- , екі- , үшжүрісті беріліс қорабтары болады.

ТӨРТСАТЫЛЫ БЕРІЛІС ҚОРАБЫ.

Төртсатылы төртжүрісті беріліс қорабы ГАЗ-33-14, ГАЗ-33-27, ГАЗ-66-11, автомобильдерінде көптеп пайдаланып келеді. Барлық автомобильдерде құрылысы бірдей, бірақ ГАЗ-66-11 автомобильінде спидометр жетегі үлестіргіш қорабына, ПАЗ-672 автобусында арақашықтағы жетекті қосу берілісінің механизмі орналасқан. ГАЗ-33-14 автомобильінің беріліс қорабы ГАЗ-33-27 автомобильінің беріліс қорабымен бірдей болғанымен, бірінші мен екінші берілістің берілу саны жоғары болады. Беріліс қорабы: картер 24, қақпақ 2, рычаг 1, қосу берілісінің механизмі,жетекші білік 21, жетектегі білік 10, синхронизатор 25, аралық білік 19, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелек тобынан 15, ашалардан 6, 7, 28, тұрады.

Жетекші білік 21 тістегерішімен 23 екі ішпекке орнатылған, алдыңғы ішпек иіндібіліктің фланцсының ұясына, соңғысы – картердің алдыңғы керегесіне орнатылған. Артқы ішпек ось тік жылжымауы үшін, оны сырқы ойығына

орнатқан тірек сақинамен бекітіп және беріліс қорабын ілінісумен орталықтандыру үшін қақпаққа 22 ұштық орнатады.

 Жетектегі білік 10 алдыңғы ұшымен жетекші біліктің 21 ойығына орнатылған аунақшалы ішпекте, артқы шеті картер 24 қақпағының 8 ішіне орнатылған шарикті ішпекте ұстатылған. Жетктегі біліктің шлицте бірінші беріліс пен артқы берілістің дөңгелегі орнатылған. Тісті дөңгелек пен үшінші берілістің шестернясы бронзалы втулкада бос орналасқан.

Екінші берілістің дөңгелегінің 4 күпшегінде тісті тәжі бар, ал үшінші берілістің тістегеріш 3 үйлестіргішке 25 қосылар шеті конусты болады.

Аралық білік 19 тісті дөңгелектермен біртұтас болып жасалған, аунақшалы және шарикті ішпектерде айналып тұрады. Осьтің бойлық жүрісін болдырмау үшін, артқы шарикті ішпектің қақпағымен 12 және тірек сақинасымен ұстатылған. Тісті дөңгелек 18, 17 пен шестерня 16, жетектегі мен жетекші біліктердің шестерняларымен 23, 3 және тісті дөңгелек 4 ажырамайтын іліністе болады. Түзу тісті тістегеріш 11 бірінші берілістің тісті дөңгелегімен 5 немесе артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер тобына қосылып, картердің артқы керегесінің және ішкі ойығының қуысына престеліп орнатылған осьте айналады.

Берілісті қосу механизмі тісті дөңгелектің толық қосылуына, қосылу мен ажыратылу орындарында орнықты бекітуге фиксатор қолданылып, бір мезгілде екі беріліске қосылуын болдырмайды. Берілісті қосу механизмі: рычаг 1, үш сырғыма 26 мен ашалар 28, 6, 7, үйлестіргіш муфтасы, бірінші берілістің дөңгелегі, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелек тобы, үш фиксатор 27 мен штифтан 29 тұрады. Жүргізуші берілісті қосу механизмінің рычагымен 1 белгілі орындары арқылы берілісті қосады. Бір мезетте екі беріліске қосылмауы үшін сырғыма мен штифт 29 арасына екі плужерден 31 тұратын құлып орнатылған.

 Автомобильдің алдыға жүрісінде, артқа жүру берілісне қосылуын болдырмау үшін, жылжыманың алмастыру қалпақшасына орналастырылған штифт пен серіппеден тұратын сақтандырғышы 30 бар. Артқа жүру берілісін қосу үшін рычагқа қосымша күш түсіріп қосу керек.

Үйлестіргіштердің инерциялық түрі - қосылатын тісті дөңгелектің айналу жиілігін теңестіріп, олардың тозуын азайтады, соққылы және дыбысты қосылуын болдырмайды. Үйлестіргіштер автомобильдерді пайдалану барысында көп қолданылатын берілістерге орнатылады.

ЗИЛ, МАЗ, КамАЗ, автомобильдерінде үйлестіргіштерді екінші мен үшінші, төртінші мен бесінші берілістерде орнатылған, жеңіл автомобильдерде барлық алдыңғы жүрістік берілістерге орнатылған.

Үйлестіргіштің құрылысы: күпшек 3, муфта 4, екі тосқауылшы сақина 1, үш сухарик 2, екі серіппе сақинадан 5 тұрады. Күпшек 3 жетекші біліктің 7 шлицасына орнатылып гайкамен бекітіледі, оның сыртына тісті кертігімен сухарикке 2 ойық істелген. Муфтаның 4 ішкі жағындағы тісті кертігі күпшектің тісті кетігіне киіледі. Муфтаның 4 ортаңғы белгісінде сухариктермен 2 ұсталып, серіппелі сақиналармен 5 қыстырылады. Тосқауылшы сақинаның 1 шетінде үшпазалы ойыққа сухарик 2 ұштары кигізіледі. Пазаның ені сухарик енінен 4 мм үлкен, бұл саңылау мен қиғаш муфта тістері, блоктау сақинасы мен қосылу тісті дөңгелегі берілісті қосуды жеңілдетеді.

ТӨРТ САТЫЛЫ БЕРІЛІС ҚОРАБЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ.

Үйлестіргіштің 15 муфтасының 20 тісті дөңгелегі 5 мен артқы жүрістің тісті дөңгелектерінің орындарын жылжытып ауыстыру арқылы, әртүрлі беріліс санындағы бес беріліске қосуға болады, төрт беріліс алдыға, бір беріліс кері қарай автомобильді жүгізуге арналған. Беріліс саны: бірінші берілісте – 6,55, екінші – 3,09, үшінші – 1,71, төртінші – 2,0, артқа жүріс берілісінде- 7,77 болады.

Берілісті ауыстыру рычагын 1, жылжымадағы пазаның 26 орындарында ашамен тісті дөңгелектерді қозғалту арқылы жүргізіледі.

Бірінші беріліске қосу кезінде, ашамен 6 тісті дөңгелекті жетекші біліктің шлицасымен жылжыту арқылы аралық біліктің тісті шестернясымен 5 бірігіп, айналады. Бұрылу моменті тістегеріш 23 пен дөңгелектің 18 тұрақты қосылу арқылы аралық білікке беріліп, бірінші берілістің тістегеріш 11 мен тісті дөңгелегі 5 арқылы жетекші білікке беріледі.

Екінші берілісті қосу кезінде, тісті дөңгелек жетекші біліктің шлицасымен жылжуы арқылы екінші берілістің тісті дөңгелек 5 тәжісінің сыртына ілінісіп, дөңгелек 4 жетекші білікке қатты жалғанып, оған тістегеріш 16 арқылы бұрылу моменті беріледі.

Үшінші берілісті қосу кезінде, синхронизатор 25 муфтасын 20 үшінші берілістің шестернясының 3 тісті тәжісімен ілінісуіне дейін жылжытады. Бұрылу моменті тістегеріш 23 пен тісті дөңгелек 18, 17, тістегеріш 3 пен үйлестіргіш 25 арқылы жетекші білікке беріледі.

Төртінші берілісті қосу кезінде, үйлестіргіштің муфтасын 20 жетекші біліктің тістегерішінің 23 тісті тәжісімен ілініске дейін жылжытады. Жетекші білік пен жетектегі білік үйлестіргіш арқылы тұрақты іліністе болып, бұрылу моменті жетекші біліктен жетектегі білікке беріледі.

 Автомобильді кері қарай жүру берілісіне қосу кезінде, артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер тобын жылжыту керек. Бұл кезде тісті дөңгелек 13 аралық біліктің тістегерішпен 11, ал тістітегеріш 14 жетекші біліктің тісті дөңгелегімен 5 ілініседі. Бұрылу моменті тістітегеріш 23 мен тісті дөңгелек 18 арқылы аралық білікке беріліп, сонан соң тістітегеріш 11 арқылы артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер 13 тобының тісті дөңгелегіне, одан кейін тістітегеріш 14 арқылы жетекші біліктің тісті дөңгелегіне беріледі. Қосымша ілініске қосылған артқа жүру берілісінің тісті дөңгелектер тобының дөңгелектері арқылы жетекші білік пен жетектегі білік қарама- қарсы айналып, автомобиль кейін қарай қозғалады.

КӨПСАТЫЛЫ БЕРІЛІС ҚОРАБЫ.

КамАЗ-5511, -4540, ЗИЛ -4331 тіркемелер тіркейтін автомобильдерде сегіз - он сатылы беріліс қорабы қолданылады. Мұндай беріліс қорабы екі негізгі бөліктен – төрт – бессатылы беріліс қорабы мен тісті редуктордан – беріліс бөлгішінен тұрады.

КамАЗ- 5511 автомобильінде механикалы онсатылы беріліс қорабынан, үшбілікті бессатылы беріліс қорабы мен екібілікті беріліс бөлгішінен тұрады. Мұндай беріліс қорабы, автопоезд құрамында жұмыс істейтін барлық КамАЗ автомобильдерінде қолданады. Тіркемесіз жұмыс істейтін автомобильдерде бессатылы беріліс қорабы орнатылады.

Бессатылы беріліс қорабы: картерден, жетекші және жетектегі біліктен, тісті дөңгелекті аралық білікте, беріліс қорабын қосу механизмінен тұрады.

Жетекші білік тістегерішімен біртұтас болып, екі ішпекке орнатылады. Алдыңғы аунақшалы ішпек бөлгіштің жетекші білігінің ұясына, артқы шарикті ішпек – беріліс қорабының картерінің алдыңғы керегесіне орнатылған.

Жетекші біліктің тістегеріші аралық біліктің тісті дөңгелегімен тұрақты іліністе болады. Тістегеріштің конусты сырты мен ішкі жағынан тісті тәжісі бар, оған төртінші мен бесінші берілістердің үйлестіргіштері жалғанады.

Жетектегі біліктің алдыңғы шеті жетекші біліктің ұясына орнатылған аунақшалы ішпекте, артқы шеті бріліс қорабының картерінің артқы керегесіне қақпақпен орнатылып, оның ішіне спидометр жетегі бекітіледі. Біліктің алдыңғы бөлігінде шлиц ойылып жасалған, оған үйлестіргіш муфтасы орнатылады. Біліктің тірек мойнына аунақшалы ішпектер мен втулка арқылы төртінші, үшінші, екінші берілістердің тістегеріші мен тісті дөңгелектері орналасқан. Тісті дөңгелектердің арасына біліктің шлицасына екінші мен үшінші берілістің үйлестіргіші орнатылған.

Аралық білік алдыңғы шетімен картердің алдыңғы керегесіне орнатылған аунақшалы ішпекте, артқы шеті картердің артқы шетіне орнатылған сфералық аунақшалы ішпекке орнатылған. Беріліс қорабының аралық білігінің алдыңғы ұшының шлицасы, бөлгіш қорабтың аралық білігімен жалғастырылған.

Кері жүру берілісі мен бірінші және екінші берілістері бір аралық білікке орналасқан, ал төртінші берілістің тісті дөңгелегі мен аралық біліктің жетегі білікке престеліп шпонка сегментімен бекітілген.

Бөлгіш автомобильдің беріліс қорабының жоғары беріліс санында жұмыс істеу арқылы автомобильдің тіркемесіз және жүксіз жүрісінде жанармай шығынын азайтуға көп әсер береді. Бөлгіш қорабы: жетекші және аралық біліктен, бір тісті дөңгелек жұбынан, үйлестіргіш пен берілісті қосу механизмінен тұрады.

Бөлгіш қорабы екі берілісте қосылады: біріншісі - тура беріліс қозғалтқыштың бұралу моментін өзгертпей жетекші дөңгелектерге береді, беріліс қорабының қосылған берілісінің беріліс санына пропорционалды өзгереді, ал екіншісі – жоғарлатқыш, беріліс қорабы қосылғанда бұралу моменті қосылған берілістің беріліс сандарының барлық қатынасына пропорционалды өзгереді. (беріліс саны-0,815)

Берілісті қосу механизмінің пневматикалық жетегі, бөлгіште рычагтың жоғарғы жағына қосқыш орнатылған және оны төмен қосқанда төменгі берілісте, жоғары қосқанда бөлгіштің жоғарғы берілісінде жұмыс істейді.

АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БЕРІЛІС ҚОРАБЫ

Үлкен қалаларда жеңіл автомобиль жүргізушісі әр 100 км жол жүргенде 700 рет ілініс педалін басады және 600 рет берілісте ауыстырып қосады. Орта есеппен әр 30 секундта бір рет ауыстырады.

Жүргізушінің жұмысын жеңілдетуге, құрамына гидро­трансформатор, планетарлы механизмі бар, басқару жүйесіне кіретін автоматтандырылған сатылы трансмиссия көмектеседі. Бүкіл әлемдегі осындай, автоматтандырылған қорабтар миллиондаған машиналарда, автомобильдерде және тағы басқа транспорттарда қолданылады.

«Easytronic» деп аталатын беріліс қорабты, жылдамдықты ауыстырып қосқыш механизмді, «Luk» және «Bosch» компаниялары General Motorsneн бірігіп жасаған. Ол гидромеханикалық трансмиссиямен және қолмен ауысты­рып қосатын беріліс қорабының көптеген « оңды жақтарын » біріктірді.

Құрылғының (конструкция) негізі: бес сатылы механикалық қорабтан, қосымша ауыстырып қосатын меха­низм, үш қадамды электромотордан тұрады. Үш қадамды электромотордың екеуі жылдамдықты ауыстырып қосуды қамтамасыз етеді, үшіншісі іліністі басқарады.

Жүргізуші қолдың немесе автоматты жұмыс режимін таңдай алады. Іліністің педалін баспай-ақ, қорабтың рычагын алға-артқа қозғау арқылы жоғары және төменгі беріліске өтуде қолдың режим пайдаланылады. Рычаг келесі беріліске қарай қозғалысын бастай берген кезде, сезгі (сезгі) бұл жайлы іліністі басқаратын жүйеге «хабарландырады». Ол автоматты түрде табақтарды (дискі) ажыратады және келесі сатыға ауыстырып, қосудың жұлқусыз жайлы жатықтығын (плавность) қамтамасыз етеді. Мотор және сезгілердің жұмысын ЭББ компьютері басқарады, сонымен қоса өз әрекетін компьютер басқа автомобиль жүйелерімен салыстырады. Автоматты режимде компьютер жылдамдықты қарапайым гидромеханикалық берілістегідей (ГМП) өзі ауыстырып қосады.

Мұндай автоматтандыру арқылы, бір жағынан, авто­матты қорабтың қолайлылығы (қозғалыстың аздығы), ал екінші жағынан, жүргізушінің өзі қолданып жүрген қорабтардағыдай автомобиль қозғалысын басқара алады. Дәстүрлі АБҚ-мен (ауыстырмалы беріліс қорабы) салыстырғанда, режимнің әрқайсысында ауыстырылып қосылу орта есеппен 300 миллисекунд уақыт ала отырып, тез әрі дәл жүзеге асады. Сонымен қоса ілініс табақшалары (диски) бір-біріне керекті уақытта нақты минимал күшпен сығылады. Берілген автоматты беріліс қорабының артықшылығы, оның автомобильдің басқа жүйелерімен электронды қатынасынан толықтай көрінеді. Мысалы, жедел тежеуді қажет ететін жағдай болғанда АБС қосылады, ол сол сәтте іліністі ажыратады. Керісінше, жылдамдықты жай ауыстырып, қосатын кезде автоматты беріліс қорабы (АКПП) моторды басқаратын жүйеге бұйрық береді, ал оның айналу моментін сәл азайтады. Осыған байланысты жұлқу жойылады, ыңғайлылығы жоғарылайды және берілісті қосқандағы жайлылығы артады.

Тағы бір артықшылығы — ААБҚ-ның (автоматты айнал­малы беріліс қорабы) жағдайды талдауға және қорытынды жасауға қабілеттілігінде. Сонымен жаңа қораб, тіркеме тіркегендегі немесе таулы жерде өрге қарай жүргенде автомобильге түсетін артық күшті реттейді. «Қыстың» режимді қосқанда, ол гидравликалық ААБҚ сияқты, орнынан, қозғалтқыштың оптимальды тарту күшін пайдаланатын режимінде қозғалуын қамтамасыз етеді.

Бірінші рет, автоматтандырылған қорапта, бірден аттап бірнеше жоғарғы немесе төменгі беріліске өту мүмкіндігі туады. Бұл, мысалы, басқа автомобильден басып озу үшін қажет. «Төменгі» екінші беріліске, үнемді бесінші берілістен тікелей ауысуға болады. «Автомобильді қою» режимінің мүмкіндігі бар немесе жүргізуші қажет деп тапса, өте ақырын қозғалуға болады. Осы жағдайда газ педалінен аяқты алған сәтте ілініс табақшалары бірден ажырайды.

Автоматтандырылған беріліс қорабы (АБҚ) ГБҚ-ға (гидравликалық беріліс қорабы) қарағанда елеулі машинаға жеңіл, бірақ механикалық беріліс қорабынан бірнеше кг-ға ғана ауырырақ. Ол іліністің жетегінде бос жүрістің (свободный ход) жоқтығына байланысты қозғалыстың теңдігін арттырады. Easytronica-ның негізі артықшылығы жанармайдың үнемді пайдаланылуында.

Автоматты режимде, қолмен ауырыстырылатын беріліс қорабымен салыстырғанда, жанармайды пайдалану орта есеппен 100 км-ге 0,1 литрге азаяды. ААБҚ-лы жүйелі механикалық қораптың құны төрт сатылы автоматтандырылған қорабтың құнының 50% құрайды.

Әсіресе, ААБҚ жүйелі механикалық қораб тәжірибесіз жүргізушілер мен әйел жүргізушілерге ыңғайлы. Осы тәрізді берілісті автоматты ауыстыратын қорабтар автомобильдерде ғана емес, басқа транспорттық көліктерде де қолданады.

ГИДРОМЕХАНИКАЛЫҚ БЕРІЛІС.

 Қазіргі кездегі механикалық трансмиссиялардың жұмыс істеуі сенімді және п.ә.к. (пайдалы әсер коэффиценті) жоғары (0,85 – 0,95). Механикалық трасмиссиялардың кемшіліктері, беріліс қорабын ажыратып, қайтадан қосу кезінде қозғалтқыштың қуаты кемиді, автомобильдің қозғалысы азаяды, бірқалыпты екпіні төмендейді. Беріліс қорабын уақытында дұрыс қосып – ажырату мен жүргізу міндеті жүргізушінің кәсіптілігіне байланысты болады. Үлкен қалаларда жүргізуші беріліс қорабын бірнеше рет ауыстыру оны шаршатады, сондықтан жеңіл автомобильдер мен автобустарға және үлкен салмақты жүк автомобильдеріне гидромеханикалық берілісті, ілініс муфтасы мен беріліс қорабын біріктіріп қолданады.

Гидромеханикалық беріліс екі негізгі бөліктен тұрады: гидромеханикалық трансформатор мен екі - , үш - , төртсатылы автоматтандырылған беріліс қорабы, автомобильдің жылдамдық қозғалысы мен жүктемелі режимді ауыструда көмектеседі.

Гидромеханикалық трансформатор автомобильдің қозғалтқышы мен трансмиссияның арасына орнатылып, қозғалтқыштан берілген бұрылу моментін беріліс қорабының жетекші білігіне байланысты өзгертіп тұрады. Гидротрансформатор үш қалақты дөңгелектерден: ортадан тепкіш насостан, ортаға ұмтылғыш турбинадан және реактордан тұрады.

Сұйық келтірілетін аралық құрылғыны пайдаланбау үшін және осыған қатысты, энергия шығынын азайту үшін насостың, реактордың және трубинаның жұмыстық дөңгелектерін мүмкіндігінше жақындатып, бір тұрыққа орналастырады.

Сорабтың дөңгелегін 1 қозғалтқыштың иінді білігімен тікелей жалғастырады, трубинаның дөңгелегін 2 айналу моментін автомобильдің жетекші дөңгелектеріне беретін трансмиссияның механизмдерімен жалғастырады.

Бағыттаушы аппарат функциясын атқаратын реактор дөңгелегін 3 трубинадан 2 кейін қозғалмайтындай етіп бекітеді. Гидротрансформатордың барлық дөңгелектері белгілі бір пішіндегі қалақтармен (лопасть) жабдықталған. Реактордың қозғалмайтын бағыттаушы аппараты, насостан келетін айналу моментін көбейтіп немесе азайтып, сұйық арқылы турбинаның қалағына 2 әсер етеді. Реактордың 3 қалағы, қозғалмайтын трубинада сұйықтық ағыны неғұрлым үлкен атқылау бұрышымен бағыттап, онда бұрылу момент келтіріп, ағымның қысымының көбірек болуын қамтамасыз етіп орналасады. Берілген сұйық трубина қалағына оның айналымымен бағыттас реактивті түрде әсер етеді.Ондағы момент реактордың моментінің берілу есебінен көбейтіледі.

АЙҚАРТОПСАЛЫ БЕРІЛІС.

 Айқартопсалы берілісті беріліс қорабының немесе үлестіргіш қорабының жетектегі білігінен берілген бұралу моментін басты берілістің жетекші білігіне жеткізу үшін қолданылады.

Өйткені бір-біріне жалғастырылған трансмиссия біліктері бір осьтің бойында бекітілмеген.

Беріліс қорабы мен үлестіргіш қорабы автомобильде жетекші белдіктен жоғары орналасқандықтан, айқартопсалы берілістің бұрылу моментін жеткізу бұрышы жазықтықта біршама өзгеріп тұрады.

БҰРЫШТЫҚ ЖЫЛДАМДЫҚТАРЫ ТЕҢ ЕМЕС

ТОПСАЛЫ АЙҚАРТОПСАЛЫ БЕРІЛІС.

Қарапайым айқартопсалы екі білікті 3, 5, жалғайтын екі ашадан 8, 10, шабақтан 9 (крестовинадан) тұрады.

 Артқы аша А – А осі бойынша айналуымен бірге Б – Б крестовина осі бойынша айналады, бір біліктен екінші білікке айналу моментін жеткізуі мен бірге бұрышы да өзгереді.

Мұндай шарнирлі айқартопсалы беріліс бұрыштық жылдамдығы тең емес қатты шарнир деп аталады. Бірінші аша екіншіге қарағанда тең айналмайды, сондықтан олардың бұрылу моменті кезінде шарнирлі байланыстың бөлшектері мен трансмиссияға қосымша күш әсерінен ерте тозады.

Тең айналмауын қалыпты болуы үшін, екі біркелкі айқартопсалы топсалар қолданады, бірақ олардың ашалары білікке қарама – қарсы орнатылып, бір жазықтықта болуы керек.

Автомобильдің жүрісінде оның рессоры иілуінің әсерінен беріліс қорабы мен жетекші белдіктің арасы шлица арқылы ұзарып тұрады. Жеңіл автомобильдерде бұрыштық жылдамдықтары тең емес қатты шарнирлі айқартопсалы беріліс пен бірге жұмсақ айқартопсалы берілістерде қолданылады.

Жұмсақ айқартопсалы берілістер серпімді элемент, эластикалы материалдан жасалған муфта, біліктің арасында серпімділігімен бұрылу моментін жеткізумен бірге трансмиссияны қатты соққылардан қорғайды.

 БҰРЫШТЫҚ ЖЫЛДАМДЫҚТАРЫ ТЕҢ ТОПСАЛЫ

АЙҚАРТОПСАЛЫ БЕРІЛІС.

Карданды берілістер жұмыс істеу міндетіне байланысты олардың біліктерінің бұрылу бұрышы өзгеріп тұрады, бұрыштарының бұрылуы үлкен болса, соншалықты жұмыс істеуі күрдерлі болады.

Өте күрделі жағдайда алдыңғы басқарушы жетекті белдікті автомобильдер жұмыс істейді. Олардың айқартопсалы берілістері бұрылу бұрыштары өзгеруі ұзындығы мен айналуына байланысты болады. Мұндай берілістерде бұрыштық жылдамдықтары тең топсалы айқартопсалы берілістер қолданылады, олар бұрылу моментін жеткізіп, жетектегі біліктің бірқалыпты айналуын және басқарушы дөңгелектің бұрылуын қамтамасыз етеді.

Мұндай айқартопсалы берілістер шарикті және жұдырықшалы болып келеді.

Кеңінен тараған түрі - бөлгіш ойықты шарикті шарнирлі берілістер.

 Бұл беріліске: 1. 4. Ашалар, 2. 3.Бөлгіш ойықтар, 5. Шлицалы білік,

6. Сүйір қада(шпилька).7. Штифт.8. Шарик. 9.Шариктің өкшесі жатады.

Шарикті топсаы айқартопсалы беріліс.

Жетекші біліктің айналу моментін бір ашадан екіншісіне жұмыстық шариктер арқылы беріледі. Бөлгіш ойықтарда тәуелсіз бұрыштық қозғалыстағы ашаларды, шариктердің жазықтықта орналасуы тең бұрышта болып, екі біліктің тең бұрыштық жылдамдықта айналуын қамтамасыз етеді.

Шарикті топсалы берілістермен бірге жұдырықшалы топсалы тең бұрыштық жылдамдықтағы берілістер де қолданылады.

Мұндай беріліске: 10, 14. ашалар; 11, 13. жұдырықшалар; 12. диск жатады.

Жұдырықшалы топсалы айқартопсалы беріліс. Диск жұдырықшаның ойығына орналасып, жетекші ашадан жетектегі ашаға бұрылу моментін жеткізеді. Тік бағыттағы жазықтықта ашалар жұдырықшаны айналады, ал түзу жазықтықта жұдырықша мен бірге дискіде айналып тұрады.

Жұдырықшалы топсалы берілістердің біреуі теңсіздікте айналады, ал екіншісі айналысын теңестіреді. Сол арқылы жетекші мен жетектегі біліктерді тең бұрыштық жылдамдықта айналдырады.

Басты беріліс берілген бұрылу моментін көбейтіп, оны дефференциал арқылы автомобильдің жартылай осьтеріне жеткізу үшін қолданылады. Құрылысы жағынан басты беріліс тісті жәнеиірек ( зубчатый, червячный) редуктордан тұрады.

Автомобильдерде көбінесе тісті басты беріліс қолданылады және сыңар берілісті, қос берілістіболып бөлінеді. Олардың беріліс саны айналу жылдамдығына, қозғалтқыштың қуатына, автомобильді пайдалануға және салмағына байланысты болады.

Беріліс саны негізінен басты берілісте жүк автомобильдерде 6,5 – 9,0 , ал жеңіл автомобильдерде 3,5 – 5,5 аралығында болады.

Сыңар басты беріліс иректелген бір жұпты конусты тісті дөңгелектен тұрады.

Мұндай берілісте бұрылу моменті айқартопсалы берілістен конусты жетекші

тістегерішке, одан жетектегі дөңгелекке беріліп, арнайы механизм (дифференциал) мен жартылай осьтар арқылы автомобильдің жетекші дөңгелегіне беріледі. Сыңар берілістің тісті дөңгелегінің осьтары қиылысып немесе араласып орнатылады, оны гипоидты беріліс деп аталады.

Басты берілістің, гипоидты тісті дөңгелегінің айқарьопсалы беріліспен жалғасуы шанақтың еденін төмен орнатуға мүмкін болып, автомобильдің ортаңғы тартылыс күшін азайтып, оның орнықтылығын арттырады. Сонымен қатар гипоидты берілісте тістері көп мөлшерде жалғанады, сондықтан тісті дөңгелек өте сенімді , жайлы, және дыбыссыз жұмыс істейді.

Қосарлы басты берілісқұрылысы бойынша бір картерде – орталықты немесе жекелеп бөлектелген болады. Ол екі жекеленген механизмнен : артқы белдіке орнатылған сыңарлы конусты тісті берілістен, цилиндрлі тісті берілістен – дөңгелек редукторынан тұрады.

Қосарлы орталық берілісконусты және цилиндрлі тістегеріштер жұбынан тұрады.

Бұралу моменті жетекші конусты тістегеріштерден бір білікке орнатылған

жетекші дөңгелекке, одан цилиндрлі тістегерішке беріледі. Қос берілістер механикалық төзімділігі және беріліс санын көбейтуге мүмкіндігі, сыңар беріліске қарағанда жоғары болады.

Дифференциал.Автомобиль бұрылғанда ішкі доңғалақтар кіші радиуспен, ал сыртқыcы үлкен радиуспен айналады, сондықтан доңғалақтар сырғанамауы үшін сыртқысының ішкі доңғалаққа қарағанда жылдамдығы артық болуы керек. Олардың бұрылыстарда сырғанауы шиналардың тозуына, автомобильді басқаруды қиындатады, жанармай шығынына да әсер етеді. Доңғалақтарды бұрылыс кезінде әртүрлі жылдамдықпен айналуы үшін, оларды жекеленген жарты осьтарға бекітеді, басты берілістен берілген бұралу моментін жарты остарғааралық доңғалақ дифференциал арқылы жеткізіледі.

Дифференциал бұралу моментін жетекші доңғалақтарға таратып, оң және сол жағындағы доңғалақтардың, автомобильдің бұрылыс кезінде әртүрлі айналу жиілігінде қозғалуы үшін қолданылады.

Автомобильдерде доңғалақ аралық конусты симметриялы, доңғалақ аралық конусты, жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.

 Конусты симмериялы дифференциал басты беріліске орнатылған тістегерішті механизм.

Басты берілістің жетекші тістегерішінен бұралу моменті жетектегі дөңгелек пен дифференциал қорабына, онымен бірге айналатын шабақ пен тістегеріш – сателлиттерге және жарты осьтар арқылы жетекші дөңгелектерге беріледі.

Ось аралық конусты дифференциалжоғары өткіштегі доңғалақ формуласы 6х4, 6х6 жетекті белдікті, жолдың әртүрлі жағдайында жұмыс істей алатын автомобильдерде қолданылады. Мұндай дифференциал құрылысына: флянец, картер, қорап, жетекші және жетектегі дөңгелектер, крестовина, сателлиттер, артқы белдік жетегінің тісті дөңгелегі, аралық белдіктің тісті дөңгелегі, жетекші тістегеріш, тісті муфта мен блоктау муфтасы жатады.

ЗиЛ автомобилінің жетекші белдігінің басты берілісі қосарланған, беріліс саны 6,32. ирек тісті конусты тісті дөңгелек жұбы мен цилиндрлі қиғаш тісті дөңгелек жұбынан тұрады. Жетекші конусты шестерня 11 білікпен 2 тұтасып жасалған,фланца 1 арқылы карданды білікпен жалғананып, білік екі аунақшалы ішпек 6, 9 арқылы айналады. Біліктің тұрқы 7 картерге 17 болттармен бекітілген. Жетектегі конусты тісті дөңгелегі 12 аралық біліктің 15 фланцасына бекітіліп, жетекші цилиндрлі тістегерішпен 16 тұтасып тұрады. Басты берілістің картері 17 мен жетекші біліктің тұрқының 7 аралық төсемі 10, жетекші тістегерішінің 11 тісі мен жетектегі тісті дөңгелектің 12 тістерінің байланысын реттеу үшін қойылады. Тұрқына 7 ішпек пен сальник қақпағы 3 бекітіледі.

Аралық білік 15 картер қақпағына 31 орнатылған конусты аунақшалы ішпекпен 14, 32 бекітіледі. Ішпектердің жетектегі конусты дөңгелектің 12 жетекші тістегеріштің 11 осіне қатысты қақпақ 31 астына төсемдер13 қойылуы арқылы реттеледі.

 Дифференциал қорабы жабық қақпақтағы 18 конусты аунақшалы ішпекте 24 айналып тұрады, гайканың 25 көмегімен реттеледі. Дифференциал табағының ортасына шабақ (крестовина)30 орнатылып, оның ұштығына сателлиттер 28 отырғызылады. Олардың жарты осьтерінің тісті дөңгелегі мен сателлиттерінің 28 арасындағы үйкелісті азайту үшін тірек шайбалары 19,29 қойылады. Басты берілістің жұмыс істеуі кезінде, жетектегі тісті дөңгелектен 21 дифференциал қорабына бұрылу күші беріліп, одан кейін крестовина 30 мен сателлиттерге 28 жеткізіледі. Сателлиттер жартылай осьтің тісті дөңгелегімен 22 бірігіп, жартылай осьтарды 4 айналдырады.

 Жарты осьтардифференциалдан берілген бұрылу моментін жетекші дөңгелектерге жеткізу үшін орнатылады. Әрбір жарты ось ішкі ұштарындағы шлица арқылы дифференциалға орнатылған жартылай осьтік тістегерішпен жалғастырылған. Сырқы жағымен фланц арқылы дөңгелек күпшегіне болт арқылы бекітіледі. Бұралу моменті жатылай осьтан жетекші доңғалаққа ішпекті түйін арқылы беріледі. Осыған байланысты жарты осьтар екі негізгі түрге : жартылай түсірілген жарты осьтар, толық түсірілген жарты осьтар болып бөлінеді.

Жартылай түсірілген жарты осьтар дегеніміз – құндақтың ішіне орнатылған тірек шарикті ішпекке 2 орнатылып, бұралу моментін жеткізуімен бірге бұратылу мен қисаю моментін де қабылдайды.

Толық түсірілген жарты осьтар дегеніміз – бұратылу мен қисаю моментінен арылып, тек бұрылу моментін жеткізеді. Мұндай осьтар доңғалақ күпшегі құндаққа 3 орнатылып, екі кеңінен қойылған роликті ішпекке 6, 7 бекітіліп, қисаю моментін құндақ қабылдап, жарты осьтар 4 бұралу моментін ғана жеткізеді.

Барлық жеңіл автомобильдер мен ең кіші классты автобустар мен ең кіші классты жүк автомобильдерінде жартылай түсірілген жарты осьтар қолданылады. Барлық жүк автомобильдерінде және орта, үлкен классты автобустарға толық түсірілген жарты осьтар қолданылады.







БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Трансмиссиялардың түрлері мен құрылымдары қандай?

2. Серпімді серіппелі ілініс пен мембрана серіппелі іліністің құрылымдарының

айырмашылықтары қандай?

3. Бұралу тербелісін өшіргіштің құрылымы қандай?

4. Беріліс қорабының қызметі?

5. Беріліс қорабында неліктен бір мезгілде екі беріліске қосылмайды?

6. Үйлестіргіштің қызметі мен жұмыс істеуі?

7. Гидротрансформатордың жұмыс істеу тәсілі?

8. Дифференциалдың қызметі және қалай жұмыс істейді?

Қолданылған әдебиеттер



  1. Алиев Б.А. Автомобильдер мен қозғалтқыштар теориясы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010. – 209б.

  2. Мусабеков М.О. Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 359б.

  3. Жүнісбеков П.Ж. Автомобиль құрылысы және пайдаланылуы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010. – 349б.

  4. Вахламов В.К. Автомобили. Основы конструкции. Учебник для ВУЗов. М.: Издательский центр «Академия», 2004.- 528 с.

  5. Стуканов В.А. Устройство автомобилей: Учебное пособие.- М.: «Форум», 2006.- 496 с.

  6. Роговцев В.Л., Пузанков А.Г. Устройство и эксплуатация автотранспортных средств: Учебник водителя – М.: Транспорт, 1991. – 432 с.

  7. Вишняков Н.Н., Вахламов В.К. и др. Автомобили: Основы конструкции – М.: Машиностроение, 1986. – 304 с.

  8. Литвинов А.С., Фаробин Я.Е. Автомобиль: Теория эксплуатационных свойств – М.: Машиностроение, 1989.- 240 с.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
1. Трансмиссияның негізгі түрлері.

Автор: Махаммедов Рузимат Бердиматович

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414973

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Автомобильдерді? жалпы ??рылысы"
    ["seo_title"] => string(30) "avtomobildierdinzhalpykurylysy"
    ["file_id"] => string(6) "314998"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459798381"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) "Тракторлар мен автомобильдерді? ж?рістік б?лігі ж?не бас?ару механизмі "
    ["seo_title"] => string(79) "traktorlar-mien-avtomobil-dierdin-zhuristik-bolighi-zh-nie-bask-aru-miekhanizmi"
    ["file_id"] => string(6) "246773"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446456152"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства