kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы "Мәңгілік ел" идеясы атты ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы "Мәңгілік ел" идеясын ашу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы "Мәңгілік ел" идеясы атты ғылыми жоба»

(1893-1938) Қазақ тіл мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Р.А.Баимбетова Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы “ Мәңгілік ел” идеясы

(1893-1938)

Қазақ тіл мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Р.А.Баимбетова

Мағжан Жұмабаев

шығармаларындағы

Мәңгілік ел” идеясы

Зерттеудің мақсаты : М.Жұмабаев шығармаларындағы  ұлттық рухани құндылықтарды көрсете отырып, “ Мәңгілік ел” идеясын насихаттау  Зерттеудің міндеттері:  М.Жұмабаев шығармашылығының зерттелуіне арналған ғылыми ақпараттарды және қазіргі тіл білімі ғылымындағы “ тілдік тұлғаны”, зерттеуге бағытталған теориялық, әдістемелік тұжырымдарды қарастыру;  М.Жұмабаев шығармалары тілі негізінде ол өмір сүрген кезеңдегі әлеуметтік жағдай мен қоғамдық ахуалды , оларға деген ақын көзқарасын, ұстанымын анықтау;  М.Жұмабаев шығармаларын талдай отырып, көтерілген мәселелерді сараптау.

Зерттеудің мақсаты : М.Жұмабаев шығармаларындағы

ұлттық рухани құндылықтарды көрсете отырып,

“ Мәңгілік ел” идеясын насихаттау

Зерттеудің міндеттері:

М.Жұмабаев шығармашылығының зерттелуіне арналған ғылыми ақпараттарды және қазіргі тіл білімі ғылымындағы

“ тілдік тұлғаны”, зерттеуге бағытталған теориялық, әдістемелік тұжырымдарды қарастыру;

М.Жұмабаев шығармалары тілі негізінде ол өмір сүрген

кезеңдегі әлеуметтік жағдай мен қоғамдық ахуалды ,

оларға деген ақын көзқарасын, ұстанымын анықтау;

М.Жұмабаев шығармаларын талдай отырып, көтерілген

мәселелерді сараптау.

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш арысы, көрнекті жазушы, публицист, қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақын – Мағжан Жұмабаев халықты жаңашылдыққа бет бұрып, тәуелсіз ел болғанын көруді аңсады. Мағжанның жалынды жырларына ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық сезім, тарих, тіл арқау болды. Ол – ұлттық мүддені жеке басының мәселесінен жоғары қойды. Не көрсем де алаш үшін көргенім,  Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! - деп ұлтына деген шексіз махаббатын жалындаған жырларында бейнеледі .

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш арысы, көрнекті жазушы, публицист, қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақын – Мағжан Жұмабаев халықты жаңашылдыққа бет бұрып, тәуелсіз ел болғанын көруді аңсады.

Мағжанның жалынды жырларына ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық сезім, тарих, тіл арқау болды. Ол – ұлттық мүддені жеке басының мәселесінен жоғары қойды.

Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! - деп ұлтына

деген шексіз махаббатын жалындаған жырларында бейнеледі .

Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін – мемлекетті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру болса, ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетіліп, елдігімізді сақтап қалу мақсатында « Алаш идеясы» дүниеге келді. Алаш идеясының баянды болуына бар ынтасымен еңбек еткен арқалы ақын Мағжан Жұмабаев өз жырларында ел болуды көкседі. Тіршіліктің көркі ерік, Адамдыққа ол серік. Бір түскен соң қақпанға,  Қалар бұрынғы еркелік. Ойламай барып, ұрынып,  Өкінген аз ба ертелік,-деп еркіндікті, тәуелсіздікті аңсайды .

Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін – мемлекетті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру болса, ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетіліп, елдігімізді сақтап қалу мақсатында « Алаш идеясы» дүниеге келді.

Алаш идеясының баянды болуына бар ынтасымен еңбек еткен арқалы ақын Мағжан Жұмабаев өз жырларында ел болуды көкседі.

Тіршіліктің көркі ерік,

Адамдыққа ол серік.

Бір түскен соң қақпанға,

Қалар бұрынғы еркелік.

Ойламай барып, ұрынып,

Өкінген аз ба ертелік,-деп еркіндікті, тәуелсіздікті аңсайды .

Мағжан ақын жырлағандай “Мәңгілік ел” болудың алғы шарттарының бірі – ауызбіршілікте өмір сүру. ХХ ғасырдың басындағы алаш зиялылары халықты ауыз- бірлікке шақыра отырып, ғылым, білім үйренуге насихаттады. Мағжан «Жауға түскен жанға» (Міржақып Дулатұлына хат) деген өлеңінде:  «Оян ! – дедің жұртыңа,- Бас көтеріп тірлік қыл!” Ақыл айттың ұлтыңа: “ Таста талас, бірлік қыл!”- деп қазақ ұлтына “оян” деп шыбын жаны шырылдады.

Мағжан ақын жырлағандай “Мәңгілік ел” болудың алғы шарттарының бірі – ауызбіршілікте өмір сүру. ХХ ғасырдың басындағы алаш зиялылары халықты ауыз- бірлікке шақыра отырып, ғылым, білім үйренуге насихаттады. Мағжан «Жауға түскен жанға» (Міржақып Дулатұлына хат) деген өлеңінде: «Оян ! – дедің жұртыңа,-

Бас көтеріп тірлік қыл!”

Ақыл айттың ұлтыңа:

Таста талас, бірлік қыл!”- деп қазақ ұлтына “оян” деп шыбын жаны шырылдады.

Көп жағдайда тәуелсіздіктен айырылу- сыртқы жағдайға байланысты болғанымен, надандықтың да , алауыздықтың да салдары бодан ел болуға әкелгендігін Мағжан Жұмабаев:  Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,  Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.  Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,  Надандық шәрбәтіна қаныппыз ғой,- деп ашына жырласа, «Бостандық» , «Есімде… тек таң атсын» өлеңдерінде ақынның тәуелсіздік жолындағы жанын құрбан етер ерекше  қайраты сезіледі: ...Көк есігі ашылды,  Жұмақ нұры шашылды.  Келді ұшып бостандық,- деп қуанады, бостандықты ізгі періштеге теңейді.

Көп жағдайда тәуелсіздіктен айырылу- сыртқы жағдайға байланысты болғанымен, надандықтың да , алауыздықтың да салдары бодан ел болуға әкелгендігін Мағжан Жұмабаев:

Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,

Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.

Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,

Надандық шәрбәтіна қаныппыз ғой,- деп ашына жырласа, «Бостандық» , «Есімде… тек таң атсын» өлеңдерінде ақынның тәуелсіздік жолындағы жанын құрбан етер ерекше

қайраты сезіледі:

...Көк есігі ашылды,

Жұмақ нұры шашылды.

Келді ұшып бостандық,- деп қуанады,

бостандықты ізгі періштеге теңейді.

“ Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыру ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры – ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел”,-деді Президент.

Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыру ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры – ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел”,-деді Президент.

Еліміздің ертеңі мен болашағы - жастардың қолында. Олай болса, өмір бойы “алаш” ұранын көтеріп өткен Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Өзінің “Мен жастарға сенемін” деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббаты көреді. Соған мақтанады, шабыттана жырлайды. “Мен жастарға сенемін!”- деп асқақтай сөйлейді.

Еліміздің ертеңі мен болашағы - жастардың қолында. Олай болса, өмір бойы “алаш” ұранын көтеріп өткен Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Өзінің “Мен жастарға сенемін” деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббаты көреді. Соған мақтанады, шабыттана жырлайды. “Мен жастарға сенемін!”- деп асқақтай сөйлейді.

Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болуымыздың өзі - ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы!  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі- жас толқынның бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады.Осы мәселені шешу үшін болашаққа, яғни жастарға сену керек. Сеніп қана қоймай, сол сенімді ақтайтын Мағжан айтпақшы, “Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты...” жастарды тәрбиелеу керек. Сонда ғана сенім ақталып, білімі парасатына сай, елдің ары мен намысын абыроймен алып жүретін ,жанарында жалын бар жастар өседі.

Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болуымыздың өзі - ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі- жас толқынның бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады.Осы мәселені шешу үшін болашаққа, яғни жастарға сену керек. Сеніп қана қоймай, сол сенімді ақтайтын Мағжан айтпақшы, “Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты...” жастарды тәрбиелеу керек. Сонда ғана сенім ақталып, білімі парасатына сай, елдің ары мен намысын абыроймен алып жүретін ,жанарында жалын бар жастар өседі.

Мағжан мен Елбасының ойлары бір-бірімен үндесіп жатыр. Ел болуды арман еткен тұлғалар халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймады. Іс жүзінде жүзеге асыра білді. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Ақынның жырлары “елім” деп соққан жүрекке қан жүгіртпей қоймайды. Мағжандай Алаш арыстарының рухы қашанда қазақ елін жебеп жүре бермек!

Мағжан мен Елбасының ойлары бір-бірімен үндесіп жатыр. Ел болуды арман еткен тұлғалар халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймады. Іс жүзінде жүзеге асыра білді. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Ақынның жырлары “елім” деп соққан жүрекке қан жүгіртпей қоймайды. Мағжандай Алаш арыстарының рухы қашанда қазақ елін жебеп жүре бермек!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы "Мәңгілік ел" идеясы атты ғылыми жоба

Автор: Баимбетова Раушан Аманжоловна

Дата: 01.12.2017

Номер свидетельства: 441698


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства