kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қанғожин Мүтәллап Мұхамәдиұлы 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Көргендерім – көнілге түйгендерім» атты әдеби кештің өткізілу жоспары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Қангожин Мүтәллап  80 жылқа толған мерейтойына арналған әдеби кеш

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қанғожин Мүтәллап Мұхамәдиұлы 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Көргендерім – көнілге түйгендерім» атты әдеби кештің өткізілу жоспары.»

Қанғожин Мүтәллап Мұхамәдиұлы 80 жасқа толған мерейтойына арналған

 «Көргендерім – көнілге түйгендерім» атты әдеби кештің өткізілу жоспары.

Шараның тақырыбы:  «Көргендерім – көңілге түйгендерім» 

Мақсаты:   Мүтәллап Қанғожинның   өлеңдерін жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымын,  ұлттық ой – санасының қалыптасуына ықпал ету.

Міндеттері: мектеп оқушыларының  ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның өлеңдері жайлы терең зерттеуге ынталандыру.

Көрнекілігі:  Мүтәллап Қанғожинның портреті. Шығармалары бойынша әдеби көрме.Презентация. МТРК – ның жаналықтарынан бейнесюжет.

Өтілу формасы: әдеби кеш.

 

Барысы:

1 – жүргізуші: Көрнекті ақын Ғафу Қайырбеков Мүкең (Мүтәллап)жайлы:

Жазайын мына сөзді Мүтәллапқа,

Тараған абыройы шартарапқа.

Ағашы ат байлайтын Солтүстіктің,

Тапсырдым сені, қалқам, жеті аруаққа!..

-                     деп  жазып, батасын берген екен. «Баталы құл арымас» деген. Міне, Мүтәллап ағамыз алшаң басып, жетпіс үш асуын артқа қалдырып, желе жүріп жетпіс бесінші биігі – мерейтойына беттеп келеді.

2 – жүргізуші:  Мүтәллап Қанғожин  -  Қызылжар өңіріндегі көзі тірі қаламгерлердің арасында ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың есімі мен артына қалдырған асыл мұрасын айрықша ардақтап, насихаттау ісіне айтарлықтай белсенділікпен атсалысып келе жатқан қайраткер азамат, журналист, белгілі ақын, мағжантанушы.

Қанғожин Мүтәллап Мұхамәдиұлы 80 жасқа толған мерейтойына арналған фильм корсетіледі.


1 – жүргізуші: :  Мүтәллап Қанғожин  1937 жылы  17 желтоқсанда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданына қарасты Қараағаш ауылында туған. 

    Ол Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, отыз жылдан астам облыстық телевидениеде табан аудармай еңбек етті. Қатардағы тілшіден телекомпания төрағалығына дейінгі шығармашылық жолдан өтті. Өлеңнен де бір қол үзбей, бірнеше жыр жинағын шығарды.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі атанды.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді.

«Есіл ауданының және Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағына да ие болды.

Кощагулова Алина өмірбаянын ай тады

2– жүргізуші:   Алғашқы «Ақ қайыңдар аралы» атты өлеңдер жинағы «Жазушы» баспасында (1969) жарыққа шықты, кейін «Қызылжар» (1974), «Көкорай шалғын», «Полноводное русло», «Жыркеруен», «Өмірім менің» (1979) жинақтары жарық көрді.

1– жүргізуші:

         Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, ақын Мүтәллап Қанғожин Мағжанның шығармаларымен бала кезінен бері таныс. Халық жауы атанып, есімін атауға тыйым салынғанына қарамастан, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар Мағжанның өлеңдерін жатқа айтып, біліп жүріпті. Мүтәллап аға да өмір бойы Мағжанның шығармашылығын бойтұмар етіп, зерттеп жүріп, 1993 жылы жерлес ақын Владимир Шестериковпен бірлесіп, "Сарыарқаны сағындым” атты жинақ шығарған екен. Осылайша, жергілікті тұрғындарға ұлы ақынымыздың өлеңдерін екі тілде жария еткен.

4 Б сынып оқушысы – Көбеген Самира «Сарыарқаны сағындым »

2 – жүргізуші:  Өз естеліктірінде Мүкең - Мен Есіл ауданындағы Қарағаш атты өнерпаз ауылда туып – өскем. Кеңес үкіметі ұлы Мағжанның атын айтуға тыйым салғанына қарамастан, біздің ауылдың кісілері оның өлеңдерін жатқа білетін.  Әсіресе, бір кезде жауапты партия қызметінде істеген Жүніс Мағзұмов ақсақал Мағжан жырларын керемет білуші еді. «Батыр Баянды» бірінші рет сол кісіден естіп, аузымның суы құрығаны жадымда. Содан Мағжанға еліктедім. Мағжанды өмір – бақи пір тұттым... – дейді.

                       Мағжан – жыр

8 А сынып оқушысы Бакка Оксана :

Мағжан – жыр көз сарғайтқан елін аңсап,

Жұлдыздай шықты көкке керім самсап.

Алатау, Қаратау мен қарт Маңғыстау,

Сарыарқа, алтын Алтай – жерім қарсы ап.

Халқынның құрақ – құрақ көңілі де,

Қырық патша жүрегі де, өмірі де,

Оралып құйын қуған аққу – жырлар,

Құлпырды Жолдыөзектің өңірі де.


8 А сынып оқушысы Насс Анастасия :


Бөліскен өзіңменен азабыңды,

Сайқал сөз, сақ сындырар мазақ үнді,

Мағжан – жыр тасқындай бер, толастамай,

Сусыңдат, нұрына ора қазағыңды.

Алайда өжет жырды ел сағынады,

Қырандай қанаттарын қағынады.

Мағжан – жыр жарқ – жұрқ етіп құйылғанда,

Қазағың құдіретіңе табынады!

1 – жүргізуші: Мүтәллап Қанғожинның естелігінен:  Қызылжар тұрғындарының өтініш – тілегі бойынша Коммунист көшесі Мағжан Жұмабаев атымен аталатын болып шешілді. Қуанышымызға шек болған жоқ. Өзім де аталмыш көшенің бойында тұрушы едім. Осы мақтаныш сезімінен туған жыр еді.   

                     Мен Мағжан көшесінде тұрамын

Антонова Ксения

:

Мен Мағжан көшесінде тұрамын,

Жаз дидарлы жарқыраған тұрағым.

Көңілімнің келтіреді ол хошын да,

Көкірегіме құйылады жыр – ағын.

Жұмабек Сұлтан

:

Мен Мағжан көшесінде тұрамын,

Таңды қарсы ап, Күнге сәлем қыламын.

Нұр бақытты халқыменен ақынның

                    Тәуелсіздік салтанатын құрамын.

2 – жүргізуші:   Ақынның естеліктерінен  тағы бірнеше сөз: Әйелім ұл тапса, атын Мағжан деп қоямын деуші едім, ойлағанымды алла берді деп есім қалмай қуандым. Сөйтіп, 1974 жылдың жазынжа Мағжаным келген еді өмірге. Бұл да Мағжан ақынға деген ерекше сағынышымнан, жүрекжарды сүйіспеншілігімнен туған шешімі еді. Ол, шүкір, бүгін орындалып отыр, - деп, Мағжан ұлына арнап өлең жазыпты.

               Кішкентай ұлыма 

4 Б сынып) Боревич Валерия және Айтбай Диана :


Түспесін ботам, көлеңке,

Жүзіңе нұр ойнаған.

Сен тұрған маздақ – гүл ерке,

Қызыққа жаның тоймаған.

Атаңның әкең түр – түсін,

Жадыңа сақтай алмаған.

Оның күміс күлкісін

Соғыстың өрті жалмаған.

Балалық шақтың базарын

Сен көре бер шаттанып.

Соғыс кездің азабы

Әкеңде қалсың қақталып.

Қалтырап кейде, жон арқан,

Өксігің шықса, ей, балам,

Қозғалып арда Сары Арқа,

Күңіреніп кеткендей болам.

1 – жүргізуші:  Ұлы Мағжан толық ақталып, артында қарған өшпес мұрасы халыққа қайтарыла бастаған тұста бөркін аспанға атқандардың бірі – Мүтәллап аға еді. Ақиық ақын жырларын жинастырып, белгілі жерлес ақын Владимир Шестериковке аудартып, қазақ және орыс тілдерінде жинақ етіп бастырып шығарды. Мағжан есімі Петропавлдың бір үлкен көшесіне беріліп, ескерткіші орнатылуына, жүз жылдық мерейтойы салтанатпен аталып өтуіне де ел зиялыларымен бірлесе ұйтқы болды.

Осы 2012 жылдың  30 тамыз айында, Конституция   мерекеде вокзал маңы алаңына жұрт  жиылды. Өйткені, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың биіктігі бес метр, қоладан құйылған еңселі ескерткішінің тұсауы қиылды. Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, ақын, мағжантанушы Мүтәллап Қанғожин қария өңірдегі ақсақалдар атынан сөз алып, өзінің жүрекжарды тілегін жыр жолдарымен өрнектеді.

 Ақын Мүтәллап Қанғожин   халықтың Елбасына деген сүйіспеншілігін екі шумақ өлеңмен жеткізіп, мемлекет басшысына қос жинағын тарту етті.

                                                                                    (МТРК – ның бейнесюжеті)

              Халқымның маңдайында жанған жұлдыз     (Гладких Анна )

Қазақтың маңдайында жанып тұрған,

Жұлдызы өзіңсің ғой алып тұлғаң.

Халқыңды өрге сүйреп, шыңға бастап,

Елдігін барша әлемге таныстырған


































Мүтәлләп Қанғожин - 1937 жылы 17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысындағы Қараағаш ауылында туған.

Орта мектептен кейін өзі туған ауылда жұмысшы болған. 1958—1962 жылдары облыстық комсомол ұйымдарында түрлі қызметтер істеген. 1963—1966 жылдары Қараағаш орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болады. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетін 1966 жылы бітіріп, Петропавл телестудиясында редактор, бас редактор, Солтүстік Қазақстан облыстық телерадио компаниясының директоры болып қызмет істеген.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «КСРО телерадиосының үздігі», Бүкілодақтық және республикалық телебайқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы, Солтүстік Қазақстан облысының және Есіл ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 


Шығармалары

  • Ақ қайың аралдары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;

  • Қызылжар. Өлеңдер. «Жазушы», 1974;

  • Көкорай шалғын. А., «Жазушы», 1976;

  • Айдын шалқар. А., 1979; Өмірім менің. А., 1997;

  • Язаглянулза горизонт. А., 1997; Моп горизонты А., 2003;

  • Сарыарқаны сағын дым. 1993;

  • Мен Мағжанның көшесінде тұрамын. Қызылжар. 2007;

  • Рухыңды қондырдық кеудемізге. Қызылжар. 2009.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Кабдушева Айман Сериковна

Дата: 06.02.2018

Номер свидетельства: 455121


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства