Просмотр содержимого документа
«Интеллектуалды білім сайысы. "Тарихтағы қазақ хандары"»
«Тарихтағы қазақ хандары»
интеллектуалды ойыны.
Сайыстың мақсаты:
Білімділік:қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру.
Тәрбиелілік:тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.
Көрнекілігі:Компьютер, интерактивті тақта, нақыл сөздер, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері.
Интеллектуалды жарыс барысы:
Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Ойынға 3 топ қатысып, білім додасына түседі.
Пәнаралық байланыс: Тарих, құқық.
Ойынға қатысушылар: әділқазылар,
жүргізуші,
оқушылар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды, мұғалімдерді орналастыру)
ІІ. Ойынның мақсаты мен жоспарын айту.
ІІІ. Ойынды кезең бойынша өту.
ІV. Оқушыларды топқа бөлу арқылы жарыстыру.
V. Қорытынды.
Жоспары: І кезең «Шындық па? Жалған ба?»
ІІ кезең «Тарихи деректер»
ІІІ кезең «Тарихи оқиға»
ІV кезең «Ерлікті таба білу, ерді тани білу»
V кезең «Көрермен көзайымы»
«Тарихтағы қазақ хандары»
интеллектуалды ойыны.
Жүргізуші:
Ассалаумағалейкум ұстаздар мен оқушылар.
«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» — деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс.
Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарихтағы қазақ хандары» атты атты интеллектуалды ойынымызға қош келіпсіздер.
Жүргізуші:
Ендігі кезекте білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Бір заманды, кері заман алмастырды, Күштілер әлсіздерді жалмап тынды, Білге қаған, Күлтегін қағанатын Керей менен Жәнібек жалғастырды - деп «Хандар» тобын ортаға шақырамыз
Жүргізуші:
Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп, Кім оның жарлығынан мойын бұрған. Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ, Халық соны кетіпті "би" деп атап - деп «Билер» тобын ортаға шақырамыз
Жүргізуші:
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған.
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қашпаған…
Қарсыласқан асылдар -
Қорғасындай балқыған, деп «Батырлар» тобын ортаға шақырамыз
Ендігі кезекте қара қылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті, әділ қазылар алқасымен танысыңыздар. 1._______________________________ 2. _______________________________ 3. _______________________________ 4._______________________________
Жүргізуші: Ойынның барысына тоқталсақ ойын 5 кезеңнен тұрады І кезең «Шындық па? Жалған ба?»
ІІ кезең «Тарихи деректер»
ІІІ кезең «Тарихи оқиға»
ІV кезең «Ерлікті таба білу, ерді тани білу»
V кезең «Көрермен көзайымы»
Міне, құрметті ұстаздар, ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
1-кезең. «Шындық па? Жалған ба?».
Жүргізуші:
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүл деп жататын
Құштарлықтың толғағы мен толқыны- деп Төлеген Айбергенов ағамыз жырлағандай өмірдің өзі сайыс, өмірдің өзі ойын – деп сайысымыздың алғашқы кезеңі «Шындық па? Жалған ба?» деп аталады.
Ережесі:Берілген сұрақтың жауабы дұрыс болса, «шындық» деп жауабын дәлелдейді, ал сұрақтың жауабы дұрыс болмаса «жалған» деп дұрыс жауабын айтып, дәлелдейді.
«Хандар» тобы
1. ХІV-ХV ғғ Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан - ғайыр жерді алып жатты. (Жалған. Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға дейінгі кең – байтақ жазық даланы қамытған еді.)
2. 1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады. (Шындық. Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұқарға қашып, Созақ пен Сауран қазақ хандығының құрамына кірді.)
3. 1582 ж. маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандап, Баба сұлтанды өлтіреді. Тәуекел сұлтанның бұл ісіне ризашылық білдіріп Абдаллах хан Ходжент деген жерді сыйға тартты. (Жалған. Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты.)
«Билер» тобы
1. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретіп алды. (Шындық. Кіші жүзді –Әбілқайыр, орта жүзді – Қайып хан, ұлы жүзді – Жолбарыс басқарды.)
2. Орта жүздің де кейбір билеушілерінің өзін қолдай бастағанын аңғарған Әбілқайыр солтүстік аймақтарда көшіп жүрген рулар мен тайпаларға өзінің ұлдарын билеуші етіп тағайындап, Тәуке әулетінен шыққан сұлтандарды биліктен ығыстырды. (Шындық. Осылайша, ХVІІІ ғ 40-жж басында Әбілқайыр бүкіл қазақ даласына аға хан болуға лайықты дара тұлға ретінде көрінді.)
3. Абылай қытайлықтардың сеніміне кіру үшін тіптен өзінің ұлы Әділді қытай билеушісіне аманат етіп жіберді. (Шындық. Мұның өзі Қытайды Түркістан мен Самарқанға жорық жасау ниетінен бас тартқызды.)
«Батырлар» тобы
1. Ресей үкіметі біріккен қазақ мемлекетінің өркендеп дамуына құштарлық таныта қоймаса да 1778 ж 24 мамырында Абылайды Үш жүздің ханы етіп бекітті. (Жалған. Орта жүзге бекітті.)
2. Тәуке хан билігінің бір бөлігін өз ұлына беру арқылы өз ұлын мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. (Жалған. Билерге беру арқылы «Билер кеңесінің» құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды.)
3. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.(Шындық. Хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оңашалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін көптеген іс – шараларды іске асырады.)
2-кезең. «Тарихи деректер».
Жүргізуші:
Батырлары үш жүздің бірігеді,
Сыналған барлығы да ірі еді.
Жәңгір хан, Жалаңтөс пен Бөдес болып,
Бас қосып барлығы да жүріп еді.
— дей отыра «Тарихи деректер» деп аталатын екінші кезеңімізді бастаймыз.
Ережесі: Әр топқа екі сұрақтан беріледі. Жауап беруге қиналса, көмек сұрай алады. Көмек алған жағдайда бір ұпайлары кемиді.
«Хандар» тобы
1-сұрақ: Қазақтар, олар дүниежүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған кім?
Көмек: Өзбек ұлысында үш халықтың өмір сүргенін айтқан ХV ғ. өмір сүрген тарихшы
Жауабы: Фазаллах ибн Рузбихан.
2-сұрақ: Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жер Қозыбасы мен Шу аумағы болғандығын хабарлаған кім?
Көмек: Қазақстан жайлы құнды деректер қалдырған халқымыздың тұңғыш ғұлама, көрнекті тарихшысы.
Жауабы: Мұхаммед Хайдар Дулати
«Билер» тобы
1-сұрақ: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасымхан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған»,- деп жазған кім?
Көмек: Орта ғасырда 1530-1605 жж өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы.
Жауабы: Қадырғали Жалаири
2-сұрақ: Есімханның 1620ж. ойраттарды жеңуіне өзінің үлесін қосқан және өз алдына тәуелсіз хандық құрмақ болған Тұрсын ханның бүлігін басуға көмек көрсеткен жырау кім?
Көмек: ХVІ ғ соңғы ширегінде ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде өмір сүрген алшын руын ертеден билеп келе жатқан атақты рубасыларының әулетінен шыққан жырау.
Жауабы: Жиембет Бортоғашұлы
«Батырлар» тобы
1-сұрақ: Есімханның ең жақын жорық жырауы. Есім ханға «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жыр арнаған жырау.
Көмек: Бұл жырауда Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысып:
«Ей, қатағанның хан Тұрсын
Кім арамды ант ұрсын…» -деп оны жазалауға Есім ханның келіп тұрғанын хабарлайды.
Жауабы: Марғасқа жырау.
2-сұрақ: Ауыз әдебиетінде қазақ ханы Жәнібекпен бірге болғандығы айтылады. Жәнібекпен Керейдің Жетісуға ауған кезінде халықпен ақылдасып, кеңес құрамағандығын кінәлап,
«Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің»-деп ханды жазғырған кім?
Көмек: ХV ғ. Қазақ хандығы құрылған кезде Қотан ақын, Қазтуған Сүйіншіұлы есімдерімен қатар оның есімі белгілі болды.
Жауабы: Асан қайғы.
3-кезең. «Тарихи оқиға».
Жүргізуші:
Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ, Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ. Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгің, Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ! деп- «Тарихи оқиға» кезеңін бастаймыз
Әр топқа әр түрлі екі оқиғадан беріледі. Сол оқиғаны алгоритм бойынша анықтама құрайды. (Яғни, уақыты, тарихи адамдар, себептері, фактілері және оның салдары)
«Хандар» тобы
1. Орбұлақ шайқасы
Уақыты–1643 жылы
Тарихи адамдар –жоңғар ханы Батыр, Жәңгір хан, Жалаңтөс батыр.
Себептері – Жоңғарлар қазақ жеріне баса көктеп кіреді.
Фактілері —жоңғарлардың әскер саны – 50 мың, оған қарсы тұрған Жәнібек ханның әскер саны 600 адам. Алғашқы шайқаста жоңғарлар 10 мың әскерінен айрылады ал екінші соғыста көмек келіп жоңғарларды толық жеңеді.
Салдары- Жоңғар әскерін ойсырата жеңіп, қазақ жерін жоңғарлардан азат етеді.
2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама.
Уақыты-1723 – 1725
Тарихи адамдар –Тәуке хан,швед шебері Ренат, тарихшы Алексей Левшин
Себептері – 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады
Фактілері —Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан.
Салдары - Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды
«Билер» тобы
1. Аңырақай шайқасы
Уақыты-1729 ж., кей деректерде 1730 ж.
Тарихи адамдар –Әбілқайыр хан Жолбарыс хан, Төле би, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Тама Есет, Шекті Тайлақ Саурық батыр, Шапырашты Наурызбай
Себептері – Жоңғар шабуылына тойтарыс беру
Фактілері —Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды
Салдары- Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
2. Бұланты шайқасы
Уақыты -1727 ж.
Тарихи адамдар – Әбілқайыр хан
Себептері – Қазақ жасақтарының жоңғар әскеріне қарсы шайқас.
Фактілері —Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды. Бұл жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды
Салдары - Нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Ол тарихқа Бұланты шайқасы деген атпен енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауға жеткізбей тоқтатылды. Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе «Қалмаққырылған» атанды.
«Батырлар» тобы
1. Шаңды жорық
Уақыты - 1771 ж
Тарихи адамдар – Абылай хан, Нұралы хан
Себептері –1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 – 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді.
Фактілері —Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды
Салдары - Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандырды.
2. Қатаған қырғыны.
Уақыты - 1627 ж.
Тарихи адамдар –Есім хан, Тұрсын хан, Марғасқа жырау
Себептері – Тұрсын ханның Түркістанды шабуы
Фактілері —«Ей, Қатағанның ханы Тұрсын, Кім арамды ант ұрсын! Жазықсыз елді еңіретіп, Жер тәңірісіп жатырсың. Хан емессің, қасқырсың, Қара албасты басқырсың Алтын тақта жатсаң да, Ажалы кеткен пақырсың! Еңсегей бойлы ер Есім, Есігіңе келіп тұр: Алғалы тұр жаныңды, Шашқалы тұр қаныңды!»
Салдары - Есім хан бүлікші бауыры Тұрсын ханның басын алды. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан Қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі. Шығыс Түркістандағы Қатаған руы жазаланудан қашып, ұйғыр халқының арасына барып паналады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деп аталды.
4-кезең «Ерлікті таба білу, ерді тани білу» туры (ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)
Жүргізуші:
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен
Тағдыры шыншыл аталар.
«Ерлікті таба білу, ерді тани білу» кезеңімізді бастаймыз.
(ел билеген хандар қай ұрпақтан екенін табу)
«Хандар» тобы
1. Керей хан – Болат сұлтанның ұлы
2. Жәнібек хан – Барақ ханның ұлы
3. Қасым хан — Әз Жәнібектің ұлы
«Билер» тобы
1. Хақназар хан – Қасым ханның ұлы
2. Тәуекел хан – Шығай ханның ұлы
3. Есім хан – Шығай ханның ұлы
«Батырлар» тобы
1. Жәңгір хан — Есім ханның ұлы
2. Әз -Тәуке хан — Салқам Жәңгірдің ұлы
3. Кенесары хан - Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі)
5- кезең. «Көрермен көзайымы» көрермен сайысы
Арманы жүзеге асып бабалардың, Рухы асқақтады даналардың. Есімі қайта қауышты ұрпағымен, Нақақтан шәйіт болған ағалардың.
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Көрермен көзайымы»Жанкүйерлермен ойын.(Қазақ хандығы 550 ж, Ұлы Жеңіске 70 жыл, Ата Заңға – 20 жыл жайында сұрақтар болады).
Қазақ хандығы 550 ж –
1 – ХV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында қоңыраттар қай жерде мекендеді? (Түркістан, Қаратау, Арал)
2 – «Қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөніндегі «ант беріскен шарт» қай хандар арасында болды? ( ІІ Абдоллах пен Хақназар)
3 – Қытай қолбасшысы Фу Дэ қай жылы Қазақстанға басып кірді? (1757ж.)
4 – Әбілхайыр хан Ресей империясының құрамына кіру туралы өтінішті алғаш қай жылы жіберді және ол неге қабылданбады?
(1726ж. Солтүстікте соғыс жүріп жатты)
5 – Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы шыққан кім? (Петр Иванович Рычков)
«Ұлы Жеңіске 70 жыл»
1 – «Блицкрик» құпия жоспарының мақсаты
(Ресейді 8—9 аптада басып алу)
2 – Ұлы Отан соғысында бірінші болып өз жанған ұшағын жау тобына бағыттап ерлік көрсеткен қазақстандық ұшқыш
( Бақтыораз Бейсекбаев)
3 – Екі мәрте Кеңес Одағы Батыры атағын алған ұшқыштар (Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский )
4 – 1941-1945ж. барлығы неше завод, шахта салынды және соғыс жылдары өндіріс неше пайызға өсті? (460 завод, шахта, 37 пайызға)
5 – Ленинград қоршауы (блокада) неше күнге созылды және қай жылдар аралығында? (900 күн, 1941ж. қыркүйек -1943ж.қаңтар)
«Ата Заңға – 20 жыл»
1 – Қазір қолданып жүрген Конституция қай жылы, қай күні қабылданды?
( 1995ж. 30 тамыз)
2 – Ата Заң бойынша Қазақстан қандай мемлекет?
(демократиялық, зайырлы, құқықтық)
3 – ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттің қайнар көзі (халық)
4 – «Унитарлы» сөзінің мағынасы ( заң кіріспесі, біртұтас.)
5 – Ата Заңымыздың І бөлімі қалай аталады? (Жалпы ережелер)
Жүргізуші:
Білім жинау мақсатында сайысқа шыққан осы оқушыларымыздың алған ұпайларын әділ-қазылар алқасы есептеп біткенше кезекті әнге береміз ________________________________
Жүргізуші:Рахмет!
Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным-жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы менің тілегім.
— дей отыра ендігі сөзді әділ-қазыларға берейік.
Жүргізуші:
Тарихта Есімханда болды ескі жол, Тұсында Қасымханның бар қасқа жол. Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз, Даму үшін бірліктен қуат табамыз. Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет, Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.
- Осымен бүгінгі «Тарихтағы қазақ хандары» атты интеллектуалды ойынымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын, ағайын.
Тыңдағандарыңызға рахмет
Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген.
Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген.
Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.
Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген.
Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген.
Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.
Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.
Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.
Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.
Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.
Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.
Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.
Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.
Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.
Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.
Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.
Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.
Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.
Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1613-1627ж – Тұрсын хан билігі
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы
1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы
1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды
1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі
1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы
1. ХІV-ХV ғғ Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан - ғайыр жерді алып жатты.
2. 1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады.
3. 1582 ж. маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандап, Баба сұлтанды өлтіреді. Тәуекел сұлтанның бұл ісіне ризашылық білдіріп Абдаллах хан Ходжент деген жерді сыйға тартты.
4. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретіп алды.
5. Орта жүздің де кейбір билеушілерінің өзін қолдай бастағанын аңғарған Әбілқайыр солтүстік аймақтарда көшіп жүрген рулар мен тайпаларға өзінің ұлдарын билеуші етіп тағайындап, Тәуке әулетінен шыққан сұлтандарды биліктен ығыстырды.
6. Абылай қытайлықтардың сеніміне кіру үшін тіптен өзінің ұлы Әділді қытай билеушісіне аманат етіп жіберді.
7. Ресей үкіметі біріккен қазақ мемлекетінің өркендеп дамуына құштарлық таныта қоймаса да 1778 ж 24 мамырында Абылайды Үш жүздің ханы етіп бекітті.
8. Тәуке хан билігінің бір бөлігін өз ұлына беру арқылы өз ұлын мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты.
9. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды
10. Абылайдың үш арманы: 1. Елдің жағдайын жақсарту арқылы беделін көтеру; 2. Ұлдарын билікке тарту; 3. Жоңғарларды жеңу.
11. Қазақтар, олар дүниежүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған кім?
12 Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жер Қозыбасы мен Шу аумағы болғандығын хабарлаған кім?
13 «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасымхан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған»,- деп жазған кім?
14 Есімханның 1620ж. ойраттарды жеңуіне өзінің үлесін қосқан және өз алдына тәуелсіз хандық құрмақ болған Тұрсын ханның бүлігін басуға көмек көрсеткен жырау кім?
15 Есімханның ең жақын жорық жырауы. Есім ханға «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жыр арнаған жырау.
16 Ауыз әдебиетінде қазақ ханы Жәнібекпен бірге болғандығы айтылады. Жәнібекпен Керейдің Жетісуға ауған кезінде халықпен ақылдасып, кеңес құрамағандығын кінәлап,
«Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің»-деп ханды жазғырған кім?
17. Орбұлақ шайқасы
Уақыты
Тарихи адамдар
Себептері
Фактілері
Салдары
18. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама.
19Аңырақай шайқасы
20. Бұланты шайқасы
21. Шаңды жорық
22. Қатаған қырғыны.
Керей хан, Әз-Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан,Момыш хан, Тайыр хан, Бұйдаш хан,
Тоғым хан, Ахмет хан, Хақ-Назар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәнібек хан, Салқам Жәңгір хан, Батыр хан, Тәуке хан, Қайып хан, Болат хан, Әбілмәмбет хан, Абылай хан, Кенесары хан, Қасым сұлтан ұлы,