kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана тілім – мәртебесі асқан тіл Орыс тілім - тамсандырар дастан-жыр, Ағылшыным – болашаққа өріс-нұр

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілім – мәртебесі асқан тіл Орыс тілім - тамсандырар дастан-жыр, Ағылшыным – болашаққа өріс-нұр»

Қазақ тілі

1. Жұрт алдында сөйлеуге дайындық сатылары.

A) Қызықты, мәнді мәліметтер жинақтау.

B) Көз қанықтыру, ой жүгірту.

C) Психологиялық, күнделікті және нақты сөзге дайындық.

D) Сырлы, сұңғыла сөз маржандарын табу.

E) Толық жоспар жасау, хатқа түсіру.

2. Радио мен теледидардан жүргізілетін саяси, ресми хабарлар тіліне қатысты шешендік сөз түрі.

A) әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз.

B) діни шешендік сөз.

C) академиялық (білім-ғылым негізді) шешендік сөз.

D) әлеуметтік-саяси шешендік сөз.

E) соттағы шешендік сөз.

3. Жаңашылдық сипатымен ерекшеленетін шешендік сөз түрі.

A) соттағы шешендік сөз.

B) әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз.

C) әлеуметтік-саяси шешендік сөз.

D) академиялық (білім-ғылым негізді) шешендік сөз

E) діни шешендік сөз.

4. Әлеуметтік­саяси шешендік сөз.

A) Көңіл айту, көңіл сұрау.

B) Ғылыми шолу.

C) Жоғары оқу орнындағы дәріс.

D) Адвокаттың қорғау сөзі.

E) Съездерде, сессияларда сөйленетін сөздер.

5. Жазба мәтіндегі кіріспе сөздің сипаты.

A) кейінгі айтылар ойға хабарлама секілді берілуі тиіс.

B) кейінгі айтылар ойдың алғашқы ұшқыны секілді берілуі тиіс.

C) кейінгі айтылар ойдың алғышарттары секілді берілуі тиіс.

D) кейінгі айтылар ойдың бір бөлігі секілді берілуі тиіс.

E) кейінгі айтылар ойдың мазмұнына қосымша секілді берілуі тиіс.

6. Тыңдаушының қажеттігіне сай мысалдарды, оларға етене таныс мәселелерді, жаңа қырынан ашып, анық сөйлеу.

A) Кез келген сұраққа бірден жауап береді.

B) Ресми стильге тән арақашықтықты сақтайды.

C) Тыңдаушының саяси көзқарасын қалыптастырады.

D) Адамдардың санасын жаулап алады.

E) Екі жақтың интеллектуалдық байланысын нығайтады.

7. Әлеуметтік­тұрмыстық шешендік сөзге биік пафос, мөлдір романтика дарытатын стиль.

A) Ауызекі сөйлеу.

B) Көркем әдебиет.

C) Публицистикалық.

D) Ресми.

E) Ғылыми.

8. Академиялық (білім-ғылым негізді) шешендік сөзде шешеннен талап етілетін мәдениет.

A) психологиялық-педагогикалық мәдениет.

B) психологиялық-эстетикалық мәдениет.

C) психологиялық-этнопедагогикалық мәдениет.

D) психологиялық-логикалық мәдениет.

E) психологиялық-этикалық мәдениет.

9. Академиялық шешендіктің басты ерекшелігі.

A) Жеке тұлғаның сіңірген еңбегін бағалау.

B) Қарсы жақтың осал жағын да, мықты жағын да дәл тани білу.

C) Тыңдаушылардың саяси көзқарастарын қалыптастыру.

D) Шешендік сөздің ғылыми, танымдық негіздерінің мықты болуы.

E) Діни қағидаларға сүйену, оларды жетік білу.

10. Нақты бір затқа тән қасиеттерді ашудың жүзеге асу мүмкіндігі.

A) анализ тәсілін меңгергенде, дұрыс қолданғанда.

B) дедукциялық тәсілді меңгергенде, дұрыс қолданғанда.

C) индукциялық тәсілді меңгергенде, дұрыс қолданғанда.

D) синтез тәсілін меңгергенде, дұрыс қолданғанда.

E) аналогиялық тәсілді меңгергенде, дұрыс қолданғанда.

11. Туынды зат есімді белгілеңіз.

A) күрек, белбеу

B) қуаныш, білгіш

C) аялдама, тазала

D) ашудас, сабыр

E) теңіз, айтыс

12. Есім сөзден етістік тудырушы жұрнақтар

A) -ы, -и

B) -шаң, -шең

C) -шақ, -шек

D) -ла, -ле

E) -шы, -ші

13. Біріккен сөздерді белгілеңіз.

A) бұзаубас, кеше

B) түйеқұс, барыс

C) қосаяқ, шекара

D) жаздыгүні, кәсіп

E) қарақұрт, баспа

14. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласқа қойлатын тыныс белгісі.

A) Сұрақ белгісі, леп белгісі

B) Сызықша, көп нүкте

C) Сұрақ белгісі, көп нүкте

D) Үтір мен сызықша

E) Жақша мен үтір

15. «Шатұқ» сөзінің мағынасын белгілеңіз.

A) Әкімшілік сөз.

B) Теңіз балығының мүйізі.

C) Мата атауы.

D) Қару-жарақ атауы.

E) Бұрынғы ай атауы.

16. Тура мағыналы тіркесті белгілеңіз.

A) дәптердің беті

B) кітаптың беті

C) адамның беті

D) судың беті

E) көлдің беті

17. Көп мағынаға ие болатын сөзді белгілеңіз.

A) теледидар

B) қарбыз

C) таңқурай

D) шөп

E) тұтқа

18. Неологизмге тән емес қатарды белгілеңіз.

A) Кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады.

B) Уақыт өте келе қолданыстан шығады.

C) Сөздік құрамға енеді.

D) Уақыт өте келе жаңа сөз болудан қалады.

E) Жаңа ұғымдарға сай пайда болады.

19. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер.

A) термин сөздер

B) диалект сөздер

C) кірме сөздер

D) көнерген сөздер

E) архаизмдер

20. Қысаң дауысты дыбысты сөздерді белгілеңіз.

A) қасық, жастық.

B) жаңа, ескі.

C) мысық, күшік.

D) тана, ешкі.

E) бесік, есік.



Қазақ тілі

1. Туынды сын есім тудыратын жұрнақтар

A) -ла, -ле

B) -шы, -ші

C) -ған, -ген

D) -шаң, -шең

E) -ма, -ме

2. Ауыспалы мағыналы тіркесті белгілеңіз.

A) биік мақсат

B) биік үй

C) биік тау

D) биік шың

E) биік ағаш

3. Синоним сөздер қатары

A) батыр, жолдас

B) мұрат, мақсат

C) мысқыл, мысал

D) қарулы, құнды

E) амандасу, қоштасу

4. Негізгі түбірді белгілеңіз.

A) аспаз

B) мұғалім

C) сатушы

D) дәрігер

E) сауыншы

5. Тура мағыналы тіркесті белгілеңіз.

A) дүниенің кілті

B) қонақ күту

C) ащы шындық

D) қазанның құлағы

E) жылы су

6. Орфоэпия нормасы бойынша дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.

A) қара ағаш

B) сақ адам

C) боз жирен

D) көп бала

E) қашша

7. Есім сөзден етістік тудырушы жұрнақтар

A) -ы, -и

B) -шақ, -шек

C) -шы, -ші

D) -ла, -ле

E) -шаң, -шең

8. Екі түбірден жасалған қала атауын белгілеңіз.

A) Өскемен

B) Марқакөл

C) Ақтөбе

D) Атырау

E) Алатау

9. Есімдіктердің түрлерін анықтаңыз.

Бұл ұрыста біз жеңеміз.

A) өздік, жалпылау

B) белгісіздік жіктеу

C) сілтеу, жалпылау

D) сұрау, өздік

E) сілтеу, жіктеу

10. Туынды үстеуді белгілеңіз.

A) тезірек

B) соншалық

C) жылдамырақ

D) ілгерірек

E) жоғары


11. Ғылыми баяндамалар мен ғылыми дәрістерге қатысты шешендік сөз түрі.

A) академиялық (білім-ғылым негізді) шешендік сөз.

B) соттағы шешендік сөз.

C) діни шешендік сөз.

D) әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз.

E) әлеуметтік-саяси шешендік сөз.

12. Прокурордың айыптау сөзіне қатысты шешендік сөз түрі.

A) әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз.

B) діни (уағыз) шешендік сөз.

C) академиялық шешендік сөз.

D) әлеуметтік-саяси шешендік сөз.

E) соттағы шешендік сөз.

13. Діни шешендіктің тамаша үлгілері табылатын кітап.

A) «Кабуснама».

B) «Күлтегін».

C) «Қорқыт ата кітабы».

D) «Диуани хикмет».

E) «Құран кәрім»

14. Академиялық шешендік сөздің стильдері.

A) Публицистикалық, ғылыми.

B) Публицистикалық, ауызекі сөйлеу.

C) Ғылыми, ресми, публицистикалық.

D) Ресми, көркем әдебиет.

E) Көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу.

15. Сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуын қажет ететін көріктеуіш құрал.

A) антитеза.

B) теңеу.

C) эпитет.

D) градация.

E) метафора.

16. Жаратылыстың заңдары мен заңдылықтарын түсіндіруді мақсат ететін шешендік сөз.

A) Әлеуметтік­саяси шешендік.

B) Академиялық шешендік.

C) Соттағы шешендік.

D) Әлеуметтік­тұрмыстық шешендік.

E) Діни шешендік.

17. Пікірталастың анықтамасы.

A) адамның ақыл-ой қабілеті дамуының басты тетігі.

B) адамның ақыл-ой қабілеті дамуының басты белгісі.

C) адамның ақыл-ой қабілеті дамуының басты сипаты.

D) адамның ақыл-ой қабілеті дамуының басты мазмұны.

E) адамның ақыл-ой қабілеті дамуының басты көрінісі.

18. Академиялық шешендік сөз үлгісі.

A) “Өз қолыммен жасаған бір теріс қылық, бар қылмысым осы ғана.”

B) “Ислам діні – Адаматадан бері бүкіл адамзат үшін берілген дін.”

C) “Ендеше, оларды ақтығына дейін аман сақтап қалуға тырысқанымыз жөн шығар.”

D) “Біздің жыл санауымызға дейінгі IV–III ғасырлардың өзінде­ақ, тек жылқы малының өзі төрт­бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады.”

E) “Өз қадір­қасиетін білмеген ұлт басқа ұлттарға да, ұлыстарға да қадірсіз.”

19. Академиялық шешендік сөздің мақсаты.

A) Тыңдаушыларға ғаламды танудың жолын көрсету.

B) Жеке тұлғалардың қоғамдағы ісін дәріптеу.

C) Тыңдаушылардың қоғамдық пікіріне қозғау салу.

D) Адамдардың санасын жаулап алу.

E) Тыңдаушылардың саяси көзқарасын қалыптастыру.

20. Шешен сөзінің шындық сипатын арттырудың, тыңдаушының сенімін қалыптастырудың бір жолы.

A) сөз арасына пікірдің өтімділігін арттыратын дәлелдемелерді кіріктіру.

B) сөз арасына пікірдің өткірлігін арттыратын дәлелдемелерді кіріктіру.

C) сөз арасына пікірдің маңыздылығын арттыратын дәлелдемелерді кіріктіру.

D) сөз арасына пікірдің шынайылығын арттыратын дәлелдемелерді кіріктіру.

E) сөз арасына пікірдің нақтылығын арттыратын дәлелдемелерді кіріктіру.



Атырау облысы

Махамбет ауданы

Талдыкөл ауылы

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені







Ана тілім – мәртебесі асқан тіл,

Орыс тілім - тамсандырар дастан-жыр,

Ағылшыным – болашаққа өріс-нұр



(Ашық тәрбие сағаты)











Пән мұғалімі:Газизова Анар Табылдиевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі









Талдыкөл-2016жыл

Ана тілім – мәртебесі асқан тіл

Орыс тілім - тамсандырар дастан-жыр,

Ағылшыным – болашаққа өріс-нұр

(Тіл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты)


Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Түрі: Дәстүрлі

Көрнекілігі: буклет, нақыл сөздер, кроссворд

Кіріспе бөлім:

Мұғалім сөзі: Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

1-жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған мектебіміздің «Ана тілім – мәртебесі асқан тіл, Орыс тілім - тамсандырар дастан-жыр,

Ағылшыным – болашаққа өріс-нұр» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.

2- жүргізуші: Язык-это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек существует только в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли,желания,чувства.

Язык связан с мышлением, сознанием людей. Он возник в глубокой древности. Он тесно связан с жизнью общества.

Знать язык сегодня стало

Лишь один, не скрою, мало.

Если два- вопросов нет,

Ты для всех – авторитет.

Тех, кто три прекрасно знают,

Все за гениев считают.

Ну, а, если все четыре-

Нет людей богаче в мире

3-жүргізуші English is a West Germanic language that was first spoken in England and is now the most widely used language in the world. Kazakh is the official state language of Kazakhstan, in which nearly 10 million speakers are reported to live. It is the third most common native language in the world, after Mandarin Chinese and Spanish. It is widely learned as a second language and is an official language of the European Union. Approximately 375 million people speak English as their first language.


Ән: «Қазақ әні», орындайтын Серикова Дильназ


Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары:4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -қазақ тілі.Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

Дидар: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

Махамбет: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Нұрдәулет: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім.

Мақсат: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

Нұрай: В основном законе государства- Конституции РК- записано, что русский язык является языком межнационального общения. Во всех школах дети изучают кроме родного языка ещё и русский. Русский язык, один из мировых языков. Его изучает, знает почти все население Казахстана. Знание русского языка сближает народы нашей независимой республики, укрепляет дружбу с народами других республик и зарубежных стран

Но как родной люблю язык я русский:

Он нужен мне, как небо, каждый миг.

На нем живые трепетные чувства открылись мне.

И мир открылся в них.

Айман: Узнай родной язык

В нем сила и свобода

Узнай родной язык

В нем государства гордость

Родной язык в нем честь

И совесть человека

Учи чужую речь

Свою цени навеки.

Азима: Там где сладко пахнет смородиной

Там где дом и родная земля.

Это все называется Родина

Дорогая, родная Земля!

Аина: Какое веселое доброе слово

И солнышка светит так сладко

Мы скажем все вместе

Пусть слышит по всюду

3- жүргізуші. Today we are proud of our country. We celebrate the 20th year of our Independence in this year . since these years we got a lot of results and successes of our coutry.

Now, you are welcome to enjoy our party.

“the status of languages is the future of country”- « Ана тілім – мәртебесі асқан тіл, Орыс тілім - тамсандырар дастан-жыр,Ағылшыным – болашаққа өріс-нұр »


Би:Түрік биі , орындайтын қыздар тобы


3-жүргізуші:Kazakh is state’s language. Every nationality who lives in Kazakhstan must learn and speak in Kazakh. Our task is to learn three languages. The President said in his sending that we must know three languages-native Kazakh, Russian and English. The great German poet Geothe said:”he who doesn’t know of foreign language doesn’t know his own language”. That’s why we must learn different languages.

Жаннұр:The tongue of idle person is never idle

Жалқау ісін тілімен тындырады

Разговором сыт не будеш

Бағжан:Learn to say beforу you sing.

Ой ойласаң, кең ойла,

Алды-артыңды тең ойла.

Сначала подумай, а потом скажи,

Все осваивается постепенно.

Айбар:A shill tongue makes a wise heed.

Білмесең үндеме,білгірді күндеме

Говори меньше, умнее будеш

Молчанкой никого не обидешь

Айман:Action speak louder that words

Адамды сөзінен емес ісінен таны

О человеке судят по его делам, а не по словам.


Ән: «Ана туралы» орын. Құсайынова Гүлзира

1-жүргізуші:11 бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.

12 бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарындағы тіл

1- Оқушы: Сен ана тіл жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым.


Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды ұтытқаным емес пе,

Ана тілім егер сені ұмытсам?


Ербол:Жүзімнің нәзік, нәрлі сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақтап көзіңнің жанарындай.


Данажан : Бұл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны!

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны!

Бұл ғажайып мұратты

Халықтардың Отаны!

Алтын заман құратын

Алыптардың Отаны!

Сол алыптың бірімін-

Отанымның ұлымын!


Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын

Самғаудан еш уақыт жалықпасын

Өз алдында өмірден теңдік алған

Ана тілім көгімде қалықтасын.


Айдидар:Сүйесің өз тіліңді

Боласың білімді

Өз тілің үйретер

Өнерді ғылымды

Ардақта тіліңді


Арслан:Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.


2-жүргізуші:На земном шаре много языков: Русский, казахский, английский, немецкий, французский и др. Особую роль в развитии человечества сыграли так называемые мировые языки. Таких языков 6: английский, французский, русский, испанский, китайский, арабский. На любом из этих шести языков проводятся международные встречи, совещания на мировом уровне.Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники.

3-жүргізуші:A lot of people speak English in China, Japan, India, Africa and other countries. It is studied as a foreign language in many schools. So it is very useful to learn foreign languages. Knowledge of foreign languages helps us to develop friendship and understanding among people.


Көрініс: «Тіл құдіреті» Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы


Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Еуропада француздар мен орыстардан байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса,сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір де майда, шешен де тапқыр. В.Радлов


Ендеше: «Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп, Ж.Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл — қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.


Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.

Ақбота: Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.

Дастан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.

Кирилл: Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.Тіл – халықтың автопортреті…


Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. Шыңғыс Айтматов


Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын.


Расул Ғамзатов


Қасиетін сезем деп ана тілдің,

Қауырсыны қалмады қанатымның


Айнұр:Сөз асылы-мақал


Айман:Шешеннің тілі артық.

Шебердің қолы артық.


Мақал-мәтелдер сайысы:

1. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).

2. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

3. Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ).

4. Бал тамған тілден … (у тамған).

5. Тіл қылыштан … (өткір).

6. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінде).

7. Тілден артық … (қазына жоқ).

8. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).


Викториналық сұрақтар:

1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

2. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

Ән «Қазақстан» орын. Бекназым мен Самал

Мұғалім:

Қалың елің қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.


Осымен біздңі тіл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ғазизова Анар Табылдиевна

Дата: 21.11.2016

Номер свидетельства: 360930


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства