kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғылыми жобаның тақырыбы: « Жылқы – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұраны!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жылқы туралы ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жобаның тақырыбы: « Жылқы – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұраны!»»

ШҚО Өскемен қаласы « Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ














Ғылыми жобаның тақырыбы: « Жылқы – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұраны!»





Орындаған: Мақажанов Асанали Әлібекұлы

3-сынып оқушысы

Жетекші: Рахимжанова Данара Мусратовна



















2017жыл

Жоба мақсаты:


- Біз тақырыбымызға сәйкес жылқы малына байланысты символдарына тоқталу.

- Бұл дүние түгілі о дүниені де жылқысыз елестете алмайтын қазақ халқы үшін жылқы біріншіден, күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы.

- Сонымен бірге қазақ ұғымында жылқы – жоғарғы әлемнің символы екенін зерттеу.


Жоба міндеттері:

1.Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру

2. Жылқы - әлемнің жоғарғы бөлігі, ата-бабалар символы.

3. Жылқы - тәңірдің тірі бейнесі, нұры. Жылқы - күннің, қозғалыстың,

тұрақтылықтың символы.

4.Қазақ поэзиясында асқақ арманның, шабыттың белгісі.

5.Байлықтың, сән-салтанаттың да белгісі – жылқы екндігін дәлелдеу.



























Кіріспе

Жылқы! Осы бір ғана қасиетті де, қастерлі сөз жүрегімізді жылылық сезімімен жадыратып, көңілімізді көкке көтеріп және қиялымызды шартарапқа жетелейтіндігіне ешкім де күмән келтіре қоймас.

...Жылқы – құты ұлан-байтақ даламның,

Жылқымінез қанында бар бабамның.

«Дала», «Жылқы», «Қазақ» деген үш ұғым,

Іргетасы ұлттық рух, ұлттық намыс, сананың...

Рысбай Сәтімбеков

Қазақтардың жылқыға қатысты таным-түсініктерінен бастасақ. Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4 – 3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Арийлер кезеңі.

Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі – жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т.б. туралы толық мағлұмат алуға болады[1,23].

Сақтар кезеңі.

Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында,Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер – амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, – деп жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, – ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі – жыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т.б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік болады” деген сенімнен пайда болған.

Қазақ халқы үшін маңызы.

Қазақ халқы арасында әлі күнге дейін сақталған ат тұлдау, яғни, қайтыс болған адамның мінген атын тұлдап жіберіп, бір жылдан соң асында сою ғұрпын сақ заманынан сақталған дәстүрдің жалғасы деп есептеуге болады. Айбынды атты әскерінің көмегімен қаһарлы елге айналып,Еуразия құрлығында үстемдікке қол жеткізген, сөйтіп адамзат өркениеті тарихында өшпес із қалдырған кейінгі ғұндар, Түркі қағанаты, Шыңғыс хан империясында да жылқы малы қатты қадірленген. Осы мемлекеттерді құраған тайпалардың негізінде ұйысқан қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. “Адам – жылқы мінезді” дейді қазақ халқы. Бұған “жылқы – малдың патшасы”, “жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді”, “ат – ердің қанаты” т.б. жүздеген мақал-мәтелдерді қоссаңыз, қазақ халқының адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарағанына көз жеткізуге болады. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі – тоқым қағартойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған қазақтар біреумен жауласса “ат құйрығын кесіскен”, біреудің алдында кінәлі болып қалса “ат-шапан айыбын төлеген”. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер, атқамінер, атқосшы, атшабар, т.б. лауазымдар жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді[2,56].

Адам серігі.

Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар (мыс., “Ер Төстік”, “Алтын сақа”, т.б. ертегілерде), батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқа аты, бергі заман батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректер Ресей және Еуропазерттеушілері Н. Бахметьевтің (1870), С. Вогактың (1873), А. Гердердің (1875), А. Вилькинстің, т.б. еңбектерінде жазылып қалған. 19 ғ.-дың 80-жж. Австрия подполковнигі А. Дандевильдің Орынбор даласына арнайы сапар шегіп, Австрия армиясы үшін 3000 қазақ жылқысын сатып алғаны туралы дерек сақталған. Қазақ даласында өсірілген жықлылар 1-ші, және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған. 1945 ж.24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс парадын КСРО маршалы Г. К. Жуков Қазақстанның Луговой (қазіргі Құлан) жылқы зауытында өсірілген Араб есімді ақбоз ат үстінде қабылдауының өзінде символдық нышан бар еді (қ. Абсент).

Сендік шырай

Екіншіден, қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда (қ. Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Жорға жарыс, Көкпар, Аударыспақ, Ат омырауластыру, Ат үстінен тартыс, Жамбы ату, Қыз қуу, Салма ілу, Күміс ілу, т.б.) азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген. “Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақалдың мәні осыны мегзейді. Қазақ халқының алыс қашықтыққа шабатын аламан бәйгелер ұйымдастыратыны туралы орыс саяхатшылары тамсана жазады.

Байлық мөлшері.

Үшіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. “Біздің асыл дүниеміз бір ғана жылқымыз, – деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулат, – ләззат алатын асымыз – ет, сүйетін шәрбатымыз – қымыз... қызық көретініміз – өрістегі жылқымыз”. Халықтың жылқы малына қатысты осындай ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла алатындығы, т.б. факторлар қазақ даласында бұл түліктің көп өсірілуіне себеп болған. Қазақстанда 8 млн-нан астам жылқы қалғандығы туралы ресми дерек бар. Шын мәнінде, ұлттық байлық саналған осыншама жылқы Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан 20 ғ-дың 30 жж. қырғынға ұшыраған.

Атбегілік.

Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік), Атақты Толыбай сыншыдан бастап, Оңтүстік Қазақстанда ғұмыр кешкен Мақұлбек, Жетісуда ғұмыр кешкен Бақай сынды атбегілер туралы аңыздар әңгімелер халық жадында сақталып қалған[3,59].

Танымал жылқылар.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Мысалы, бүкіл Қазақстанға танымал Құлагер, Жетісуға мәлім болған Көкбайтал, Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстанның біраз жеріне даңқы жеткен Қараат, 20 ғасырдың 60-жылдарындағы Б. Кітапбаевтың Құланқарасы, Бұланқарасы, Желмаясы, т.б.

Зерттей келе қазақ халқының жылқы шаруашылығындағы белгілі бір жүйе болғандығы анықталды. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлікдеп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабыдеп аталған. Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабы жылқыдан 53 – 57%, кейде 60% ет алынған (230 – 250 кг). Қазақ халқы жылқы етінен қазы,қарта, жал, жая, т.б. дәмді тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған (қ. Тулақ, Жүн). Ал жабы жылқының биелерінен тәулігіне 18 – 20 л сүт сауылған (қ.Қымыз). Сүті мол бие мама бие деп аталған. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын мезгілін сауым дейді. Ол бас сауым (күні бойы сауылатын биенің ең алғашқы сауымы), жебей сауым(бас сауымнан жарты сағат өткеннен кейін биені қайта сауу), кенже сауым (биені өріске ағытар алдындағы соңғы сауым), т.б. болып бөлінеді. Ал құлындамай қалған биелерді қысырақдеп атайды.

Мыңнан тұлпар. Мың құлында бір құлын 13 пар (пар – қазақ сөзі – пар ат жеккен, ол оған пара-пар келеді деген сөз тіркестері бар) қабырғамен, яғни екі қанатымен туады екен. Сондай құлынды қазақтар ерекше күтіп, өсірген, баптаған. Ертегілерде, аңыздарда, жырларда айтылатын, қырық күншілік жерді бір күнде алатын, небір биік қамалдардан секіріп өтетін, тағы басқа да кереметтер жасайтын жылқылар осылар.

Жебе мініп жау алған. Өте ұшқыр, керемет жылдам, екпіні қатты, алысқа шабатын, төзімді «Жебе» деген қазақи жылқы тұқымы болған. Тақымы бос адамдар үстінде шыдап отыра алмаған. Батырлар жекпе-жекке осы тұқымның аттарын мініп шығатын болған. Бұндай аттар тұрған орнынан бірден үлкен жылдамдық алып, жекпе-жек уақытында өзінің иесіне оның жауының алдында көптеген артықшылық әперген.

Жауға мінбе Жабыны. Қазір «Жәбе» немесе орысша «Жабэ» деп жүрген «Жабы» деген қазақи жылқы тұқымы. Оның етті, сүтті, жұмысқа пайдаланатын түрлері болған. Сүті мол, қымызы дәмді және шипалы, еті көп, қазысы көзге ерекше көрініп және айландыруға ыңғайлы болып тұратын, мініс-тұрысқа көнпіс, мінезі жайлы, төзімді жылқылар. Сондықтан бұл жылқыларды соғысқа мінбеген, тек күнделікті тұрмыста пайдаланған. Қазіргі ғылым тілімен айтқанда «Жабы» жылқысының «Наймандық типі» деген түрі Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында сақталған. Осы облыстың Катон-Қарағай ауданында мал жейтін шөптер өте құнарлы, нәрлі, емдік қасиеті және күші бар шипалы болып келеді. Осы ауданда өсетін қазақ жылқысының қымызы дүние жүзіндегі ең керемет қымыз болып есептеледі. Өйткені, қымыздың қасиеті жылқының тұқымына және шөптің сапасына байланысты болады. Ал, қазақ жылқысының сүтті тұқымдарының кейбір түрлері қымыз өндіруге арнайы сұрыпталып шығарылған. Бұл ауданда өсетін маралдардың мүйізінің қасиеті мен сапасы да әлемдегі ең жоғары болып есептеледі.

Қазақ халқы салт мінуге немесе союға арналған еркек жылқыларды жас кезінен піштіріп (тарттырып деп атайды) жібереді. Қазақ тіліндегі ат ұғымы, көбінесе, осындай жас кезінен піштірілген, салт мінуге арналған жылқыға қатысты айтылады. Піштірілген жылқылар үйірге қосылмай, бөлек жайылады. Сондықтан оларды саяқ жылқылар деп атайды.

Жылқы жүрісі табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Табиғи жүріс – жылқыға адамның үйретуінсіз біткен жүріс (аяң, желіс, шабыс, жорға).

• Аяң жүріс – жылқының ең жай жүрісі. Мұнда ол алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғын кезек басады. Өгіз аяңда – алдыңғы аяқтың ізіне артқы аяқ жетпейді. Аяңшыл жылқыға кәдімгі ат бүкіл желіспен әрең ілеседі, аяңшыл жылқының артқы аяғы алдыңғы аяқтың ізінен асып түсіп отырады (сағатына 5 – 7 км жүреді).

• Желіс – аяңнан гөрі өнімдірек жүріс. Бұл бүлкіл, бөкен желіс, сар желіс болып бөлінеді.

1. Бүлкіл – желістің ең жай түрі (сағатына 13 – 15 км);

2. Бөкен желіс ұзақ жолға қолайлы (сағатына 20 км) - жолаушыға да, жылқыға да бөкен желіс тиімді.

3. Сар желіс – желістің ең шапшаң түрі (сағатына 50 км-ге дейін). Мұңдай желіс желгіш жылқы тұқымдарына ғана тән. Бірақ жылқы сар желіске ұзақ төзе алмайды.

Жылқыға арналған мәдени шаралар.

Халыққа жақсы танымал “Кербескер”, “Қара жорға”, “Бестай”, “Бозжорға”, “Тепеңкөк” тәрізді әндер мен күйлер, Ақан серінің “Құлагері”, “Маңмаңгері”, “Құлагердің желісі” әндері,Біржанның “Телқоңыр”, “Бурылтай”, “Керкекіл” әндері, К. Әзірбаевтың “Көкшолағы”, Е. Аязбаевтың “Шайтанқарасы”, т.б. жылқыны әспеттеудің үздік үлгілері саналады.

Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқы жабайы жықыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпан жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.

Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4 – 3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды.Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады.Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген.Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.



Қорытынды


Біз жүргізген зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе мынандай тұжырымдамаға тоқталдық. Қазақ халқының сүйікті жануары, әрі сенімді серігі, әрі айбынды құтқарушысы, есті жануар деп аталатын жылқыға арналуы қаны да, жаны да қазақ болып жаратылған ұлттық намысы, ұлттық рухы биік азаматтарды бейжай қалдыра қоймайтындығына сеніміміз мол. Жалпы алғанда, қазақ халқының күнделікті өмірінде ерекше орын алатын жылқы жануарына деген жанашырлық пен қасмқорлық сезімімізді сергіте түсетін мұндай ғылыми жұмыстың келешек ұрпақтар үшін әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәнінің зор екендігін ешқашан естен шығармау азаматтық борышымыз және перзенттік парызымыз деп түсінуіміз қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Керімбаев Д. Қазақстанның жылқы шаруашылығы, Алматы, Қайнар,1968ж.

  2. Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы, Қайнар, 1981г.

  3. Масатбаев О.Ж. Жылқы және рухани әлем. Алматы, 1991ж

  4. 1. Мир животных /Библиотека энциклопедий/ 32-35бет

  5. 2. С.Мұқанов “Жылқы”

  6. 3. Менің Отаным-Қазақстан /Салт-дәстүр/64-67 бет

  7. 4. ”Ат баптау, құс салу”

  8. 5. Анықтамалық “Жылқы малына байланысты единицалар”
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Окружающий мир

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ғылыми жобаның тақырыбы: « Жылқы – ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұраны!»

Автор: Макажанов Асанали

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437522


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства