kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад по предмету НВП на тему: "Әскери қызмет- қастерлі міндет, қадірлі мамандық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Ұлы ойшыл Әл –Фараби: «адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.  тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оны барлық өміріне апат әкеледі» -деген.

Білім беру мен тәрбие ісін етене бірлікте алып, біртұтас жүйе ретінде қолдану керектігін меңзеген.Тәрбие адам тағдырын, оның рухани өмірінің негізін сақтайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол,тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан әлемдік қауымдастықта өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды. Еліміз үшін жаңа жетістіктер мен өршіл міндеттердің уақыты туып отыр. Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз-бәсекеге төтеп беру.Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты; күшті рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу. Бұл- Қазақстанды өз жүрегіне ұялату. Өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет.Әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін  тұрғызылып келе жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін  жауаптылықтың жоғары сезімі»,- деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»-деп жазды.

«Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» тәрізді мақал –мәтелдерінен Б. Момышұлының патриоттық тәрбиеге жоғары талап қойғанын байқауға болады. Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад по предмету НВП на тему: "Әскери қызмет- қастерлі міндет, қадірлі мамандық"»

Әскери қызмет- қастерлі міндет, қадірлі мамандық



Ұлы ойшыл Әл –Фараби: «адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек. тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оны барлық өміріне апат әкеледі» -деген.

Білім беру мен тәрбие ісін етене бірлікте алып, біртұтас жүйе ретінде қолдану керектігін меңзеген.Тәрбие адам тағдырын, оның рухани өмірінің негізін сақтайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол,тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан әлемдік қауымдастықта өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды. Еліміз үшін жаңа жетістіктер мен өршіл міндеттердің уақыты туып отыр. Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз-бәсекеге төтеп беру.Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты; күшті рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу. Бұл- Қазақстанды өз жүрегіне ұялату. Өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет.Әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып келе жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі»,- деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»-деп жазды.

«Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» тәрізді мақал –мәтелдерінен Б. Момышұлының патриоттық тәрбиеге жоғары талап қойғанын байқауға болады. Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз.

Әскери қызметке тәрбиелеудің бірден- бір белгілері төмендегідей жіктеледі;

-жоғарғы сынып оқушылары үшін Отан қорғаудың негізгі теориясын меңгеру, дүниежүзілік соғыстардың тарихы, олардың себептерін білу, қазіргі әскери саяси жағдай, еңбексүйгіштік, жауаптылық, өзінің іс- әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әскери-спорт түрлеріне қатынасу, әскери орындарға саяхат, Президенттік сынамалар нормативтерін орындау.







-мектеп бітірушілер үшін өз еркімен әскери борышын өтеудің қажеттілігін сезіну, сенімді түрде әскери қызметке саналы дайындық, өмірде болып жатқан саяси-әскери жағдайларға талдау жасау, әскери талаптарды түсіну, АӘД сабақтарында терең және нақты біліммен қарулану, әскери-патриоттық шараларға белсене қатысу міндетті.



Отанымызды қорғау ісі - Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ардақты парызы.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Республика Қарулы Күштерінде қызмет ету Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекет алдындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген.

Қазіргі уақытта армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді, қысқа мерзім ішінде қазіргі қаруды меңгеру, өзінің тәуелсіз демократиялық Отанының лайықты қорғаушысы болу –жауапты іс,сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны –Тәуелсіз Қазақстан халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс. Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және бүкіл іс деп санайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауын ұлттық білім беру жүйесін одан әрі дамытудағы ұзақ мерзімді бағдарламалық құжат ретінде қабылдауымыз керек»-деді. Онда Мемлекет басшысы «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық»- деп атап көрсеткен.

Жолдауда ұлттық білім беру жүйесінің алдына нақты міндеттер,соның ішінде әскери жоғары білікті кәсіби кадрларды даярлау мәселесі қойылып , «барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» деп жазылған.

Әскери кадрлар–армияның негізгі жетекші күші,оның жауынгерлік дәстүрлерінің жеткізушілері. Қазіргі заманғы жағдайда әскери кадрлардың әскерді нығайтудағы және оны күшті,техникалық жарақтанған қарсыласпен соғысуға дайындаудағы рөлі бұрынғыдан да өсті.





Әскери кадрларды даярлау Үкімет басшылығының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қойып отырған талаптарына сайма-сай жүзеге асырылуда.

Біздің әскерде жоғары білікті жақсы білім алған және идеялық тұрғыда шыныққан, Отанға берілген офицер кадрлары бар. Қазақстан офицерлері бүкіл жеке құрамды егемен мемлекет төңірегіне топтастыруда,оны бүкіл халықтың даңқты жауынгерлік дәстүрлері, жауынгерлік әзірлікті үздіксіз арттыру,Отанды жанқиярлықпен қорғау және интернационалдық парызды орындау рухында үйретіп, тәрбиелеуде, жауынгерлерге қару мен ұрыс техникасын меңгеруді үйретуде, оларда биік моральдық-саяси және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруда, әскерлерде тәртіп пен ұйымшылдықты нығайтуда.

Қазақстан офицеріне ең алдымен саяси кемелділік,сенім беріктігі, демократиялық мемлекет құру ісі мен халыққа қалтқысыз берілгендік,тындырымдылық пен тәртіп, шыншылдық,ерлік,батылдық және жақсы ұйымдастырушылық қабілет көрсете отырып ,орынды тәуекелге баруға әзірлік тән.

Ұлттық әскери білім жүйесі қазіргі заманғы талапқа сай дамып келеді.

1991жылы тәуелсіздік алған уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағында бір ғана жоғары әскери оқу орны бар еді.

Ол әскери мамандық бойынша ғана офицерлер дайындайтын және шамамен жылына 140 офицер бітіріп шығатын Алматы жоғары Әскери Жалпы Әскери командалық училищесі болатын.

Сол тұста істің мұндай жағдайы ҚР Қарулы Күштерінің басшылығын қанағаттандырмады.

Ұлттық әскери кадрларды даярлау базасын құруға деген жоспарлы және дәйекті қадамдар жасаудың арқасында 1998 жылдың өзінде елімізде 5 әскери оқу орны әрекет етті.

Ал бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігінің қарамағында 9 әскери оқу орны бар.

Ұлттық қорғаныс университеті;

Құрлық әскерлері әскери институты;

Әуе қорғанысы күштері әскери институты;

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты;





Әскери теңіз институты;

ҚР ҚМ кадет корпусы;

«Жас ұлан» республикалық мектебі;

«Арыстан» мамандандырылған лицейі.(Алматы).

Қазіргі таңда Отан қорғаушыларды өз елінің патриоттары етіп тәрбиелеудегі басты мақсаттарының бірі;

-Қазақтың қаһарманы қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу,

-Қарулы күштеріне жан-жақты жетілген жастарды тәрбиелеу;

-халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мән- мағынасын түсіндіру;

-Ұлы Отан соғысына қатысқан батырдың ерен ерліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру;

-оқушылардың патриоттық сезімін ояту;

-Отанын сүюге,елінің қорғаны болуға тәрбиелеу;

-тарихи көркем шығармалар арқылы ой-өрістерін кеңейту.

Осылайша, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беретін әскери мамандар даярлай отырып,Егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған,рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан,«сегіз қырлы, бір сырлы қазақ азаматын» тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр.





АӘД-қ пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ж.Құпияев

Байқоныр қаласы №275 мектеп


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Доклад по предмету НВП на тему: "Әскери қызмет- қастерлі міндет, қадірлі мамандық"

Автор: Купияев Жайых Искакович

Дата: 03.04.2017

Номер свидетельства: 405987


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства