kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қылмыстық құқық ұғымы, белгілері және түрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қылмыстық құқық ұғымы, белгілері және түрлері туралы жан-жақты мәліметтер беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қылмыстық құқық ұғымы, белгілері және түрлері»

Сабақтың мақсаты: Қылмыстық құқық ұғымы, белгілері және түрлері

Сабақтың мақсаты: Қылмыстық құқық ұғымы, белгілері және түрлері туралы жан-жақты мәліметтер беру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Студенттерге қылмыс және оның түрлері, қылмыстық жауапкершілік, жаза және оның түрлері туралы кең көлемде түсінік беру.

Дамытушылық: Студенттердің құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік:Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету.

Әдістемелік мақсат: Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқық туралы тиянақты білім беру және жалпы түсініктер қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алысу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның Конституциясы, ҚР Қылмыстық кодексі, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме материалдар

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, саясаттану, адам және қоғам

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) Тест тапсырмалары

ІІІ. Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІҮ. Бекіту бөлімі

а) «Құқықтық домино» ойыны

ә) Ой қозғау. Жағдаяттарды талқылау

б) Құқықтық сынақхат.

в) «Мені түсін» ойыны.

г) Не? Қайда? Қашан?.

Ү. Қорыту, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма. «Қылмыстық құқық», «Қылмыс қайдан шығады» тақырыбында материалдар жинақтап келу.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушыларға 15 сұрақтан құралған I, II, III нұсқада көрсетілген тест тапсырмалары беріледі. Мақсаты: барлық оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын бір уақытта тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Қылмыс ұғымы және оның белгілері

2.Қылмыстық жауапкершілік және оның негіздері

1. Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады». Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1қаңтарында күшіне енді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.












Жалпы бөлімінде: қылмыс пен жаза туралы ұғым,жазаның түсінігі,жазадан босату жағдайлары қарастырылады.

Ерекше бөлімінде: нақты қылмысы үшін жәнесол үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.

Қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

  • Қылмыс әр уақытта белгілі бір іс-әрекеттердің көрінісі, нәтижесі



Әрекетті қылмыс - заң тыйым салған жағдаяттар

Әрекетсіз қылмыс - заң, нормативтік кесімдер, жарлықтар бойынша жүктелген міндеттерді орындамау










Қылмыстың жіктелуі. Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады.



Қылмыс санаттары

Қылмыстық белгілеріне байланысты

  • Ауыр емес - абайсыздағы әрекеттер

  • Ауырлығы орташа - қасақана және абайсызда

  • Ауыр - қасақана, кек алу мақсатындағы

  • Аса ауыр - ойластырылған және алдын ала жоспарланған қауіпті


2. Қылмыстық жауапкершілік –құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.

Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық –құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.


Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:


а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;

ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;

б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.

Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады. Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық. Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамының элементтері



      • Қылмыс субъектісі-жай, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс болғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабілеті бар адам болуы керек.

      • Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.

      • Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.

      • Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.






\







Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті. Кез келген қылмыс белгілі бір кезеңдерден немесе сатылардан өтеді.


Қылмыс жасау сатылары


1. Қылмысқа дайындалу; 3. Аяқталмаған қылмыс.

2. Қылмысқа оқталу;


Жаза түсінігі:


Жаза

соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады

Жазаның белгілеріне мыналар жатады:


1. Қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды;

2. Жаза тек қана жеке сипатта әке-шеше, туған-туыс емес тек қылмыскер ғана жазаға тартылады;

3. Ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан шектейді.

Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларына бой бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тоқтатуға тура келеді

.

ІҮ. Бекіту бөлімі

а) «Құқықтық домино» ойыны.

Жеке-жеке сөздер домино ретінде берілген, дұрысжауабын тауып қою керек.

  1. Әрекет- 5. Рақымшылық-

  2. Кінә- 6. Алаяқтық-

  3. Тонау 7. Деликт-

  4. Ұрлық- 8. Бұзақылық-


ә) Ой қозғау. Жағдаяттарды талқылау

1. Азамат Е. Камаз автомобилінің жүргізушісі кеден бекетінен өтіп бара жатқанда өзі автомобильдің салонындағы заттар заңсыз екенін біле тұра кеден бекетіне тоқтамай қолына тапанша алып, кеден қызметкеріне оқ атып кетеді. Оқиға болған жерде жарақат алған қызметкер ауыр жарақаттан өліп кетеді. Қылмыс жасалуына қарай қай түрге жатады?

2. Азамат Ю жұмыстан қайтып келе жатып, Альбина козиносының жанында жаралы адамды көреді. Ауыр жаралы адамды ауруханаға жеткізу үшін азамат Р-дың көлігін рұқсатсыз айдап кетеді. Азамат Ю қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?

3. Бірнеше рет сотталған З.деген азамат дүкенді тонап қашып бара жатқан кезде полиция сержанты Қасымовтың қолына түссе де жұлқынып сауда саттық базарына қарай жүгірген. Қылмыскерден айырылып қалмау үшін Қасымов атысты бастаған.Қасымовтың іс -әрекетінің нәтижесінде З. Алған жарақаттан ауруханада қайтыс болды.Полиция сержанты Қасымовтың іс- әрекетін сараптаңыз.


б) Құқықтық сынақхат.

«Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет –қылмыс деп танылады».Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан тұрады. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар,орташа ауырқылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар. Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.


в) «Мені түсін» ойыны.

Терминдік сөздер жазылған карточкалар таратылады. Әр оқушы өз карточкасындағы сөздің мағынасын түсіндіріп беру керек. Қалған оқушылар мағынасына қарап, не туралы айтылғанын табу керек.

Құқық бұзушылық. Кешірім беру. Қылмыстық құқық. Заң алдындағы жауапкершілік. Тағылық. Садизм. Эвтаназия. Деликт қабілеттілік. Заңды міндет. Терроризм.


г) Не? Қайда? Қашан?.

1.Қылмыс дегеніміз не?

2.Қылмыстың жасалу себебі неде?

3.Қылмыстық құқықтың функцияларын атаңдар

4.Құқық жүйесіне қандай салалар жатады?

5.ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?

6 .Қылмыстық құқықтың негізгі заңдылық базасы?

7.Қылмыстық құқық қандай қатынастарды реттейді?

8.Қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері?

9.Қылмыстық құқық қағидалары


Y. Студенттердің білімін бағалау

Сабаққа белсене қатысып отырған студенттердің білімін бағалау.


YІ.Үйге тапсырма:«Қылмыстық құқық», «Қылмыс қайдан шығады» тақырыбында материалдар жинақтап келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қылмыстық құқық ұғымы, белгілері және түрлері

Автор: Сагимбеков Нуржан Ашимович

Дата: 27.03.2017

Номер свидетельства: 403730

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Зорлы? ж?не зомбылы? "
    ["seo_title"] => string(22) "zorlyk-zh-nie-zombylyk"
    ["file_id"] => string(6) "233682"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1443193185"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "???ы?ты? сауаттылы?-заман талабы"
    ["seo_title"] => string(38) "k-u-k-yk-tyk-sauattylyk-zaman-talaby-3"
    ["file_id"] => string(6) "312174"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459315855"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Жас?спірімдер арасында?ы ???ы? б?зушылы?ты? алдын алу"
    ["seo_title"] => string(64) "zhasospirimdier-arasyndag-y-k-u-k-yk-bu-zushylyk-tyn-aldyn-alu-1"
    ["file_id"] => string(6) "290206"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454932711"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? ?мірі мен ?рпа??а ?алдыр?ан м?ралары"
    ["seo_title"] => string(80) "kudierin-zhu-makhan-mausymbaiu-lynyn-omiri-mien-u-rpak-k-a-k-aldyrg-an-mu-ralary"
    ["file_id"] => string(6) "326097"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463103878"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Әкімшілік жауапкершілік.10 сынып"
    ["seo_title"] => string(35) "kimshilik_zhauapkiershilik_10_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "403128"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490426574"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства