kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі пәнінен "Бастауыштан кейін қойылатын сызықша" тақырыбына ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это поурочный поан по казахскому языку. 3 класс. Тема: "Бастауыштан кейін қойлатын сызықша". 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен "Бастауыштан кейін қойылатын сызықша" тақырыбына ашық сабақ»

Қазақ тілі, 3-сынып



Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың бастауыш пен баяндауыш бойынша алған білім, дағдыларына сүйене отырып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіремін;

  2. Дамытушылық: бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауға дағдыландырамын; рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушыларды байланыстырып сөйлеуге машықтандырамын;

  3. Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге баулимын; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеймін.

Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «Ой толғаныс», «Пікірталас» стратегиялары.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сарапшы парақтары, постерлер, маркер, күйші,

Ж.Жабаевтың, биші, аспаз, шаштараздың суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

Оқушылар орындарынан тұрып сыныптың ұранын айтады.

Біз - бейбіт ел ұланы,

Өнер, білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады!!!

ә) Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын сұрау және бастауыш пен баяндауыш туралы алған білімдерін тексеру мақсатында тест жұмысы алынады.

ТЕСТ жұмысы

  1. Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін сөздер қалай аталады?

а) Сөздер

ә) Сөйлем мүшелері

б) Сөйлемдер

  1. Бастауыштың анықтамасын тауып, көрсет.

а) Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі

ә) Бастауыштың ісін, қиымылын білдіретін сөйлем мүшесі

б) Адамдар, жануарлар, құстар және заттар

  1. Аквариумде балықтар жүзіп жүр сөйлеміндегі бастауышты тап.

а) аквариумде

ә) балықтар

б) жүзіп жүр

  1. Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөйлем мүшесін не дейміз?

а) Бастауыш

ә) Тұрлаулы мүше

б) Баяндауыш

  1. Баяндауышқа қандай сұрақтар қойылады?

а) Кім? Не? Кімдер? Нелер?

ә) Кім? Не қылды? Не?

б) Не істеді? Не қылды? Қайтті?

  1. Болат сабақты жақсы оқиды сөйлеміндегі баяндауышты тап.

а) сабақты

ә) жақсы оқиды

б) болат

  1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері болатын қатарды көрсет.

а) Бастауыш, баяндауыш

ә) Анықтауыш, бастауыш

б) Баяндауыш, пысықтауыш


ІІ. Мағынаны тану кезеңі

а) Оқушылар 4 топқа бөлініп отыр. Әр топта 6 оқушы болады. Енді әр топқа өз тобының санына сәйкес сарапшы парақтары тартылады.


1 сарапшы парағы

Алма – жеміс.

Ақан – үлгілі оқушы.

Алма күзде піседі.

Ақан жақсы оқиды.

Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр. Бастауыш пен баяндауышты тауып, қандай сөз таптарынан жасалғанын айт. Бірінші бағандағы сөйлемдерде не себепті бастауыштан кейін сызықша қойылған?



2 сарапшы парағы

Сәбит Мұқанов – жазушы.

Кітап – білім бұлағы.

Сәбит Мұқанов жақсы жазады.

Көп оқу керек.

Бағандағы сөйлемдерді мәнерлеп оқы, салыстыр. Оқу кезінде дауыс ырғағындағы ерекшелікке назар аудар. Қандай ерекшеліктерді байқадың?



3 сарапшы парағы

Сәкен күйші.

Менің әкем жүргізуші.

Сәкен күйді жақсы тартады.

Әкем машина жүргізеді.

Екі бағандағы сөйлемдерді оқы, салыстыр. Бастауыш пен баяндауышты тауып, үстіне сұрағын жаз. Екі қатардағы сөйлемдердің қайсысына сызықша қоюға болады?




4 сарапшы парағы

зат есім


зат есім


бастауыш

баяндауыш


кім?


кім?







Ана – ең аяулы адам.

зат есім


зат есім


бастауыш


баяндауыш


не?


не?








Сазан – үлкен балық.

Мына сызба бойынша сызықшаның қойылу себебін қорытындылап айтып көр.

ә) Мұғалімнің түсіндіруі

  • Балалар, ендеше бүгінгі жаңа сабағымызды қорытындылайық. Бағанадан бері жасап жатқан жұмыстарыңның нәтижесі болатындай ережені өздерің айтып көріңдерші.

  • ЕРЕЖЕ: Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады:

Абай – халық ақыны. Сәуле – студент.


б) Оқулықпен жұмыс

  • Енді тақтаға назар аударыңдар. Мына сиқырлы сандықшаның тапсырмаларын орындап көрейік.


1-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қой.

Ғалия – үлгілі қыз. Құрманғазы – атақты күйші.

Алматы – жасыл қала. Дәулет – озат оқушы.


  • Сергіту сәті. Бойымызды жазайық, сәл демалып алайық,

Қаражорға билейік!


  • Балалар, оқулықтағы 2-жаттығуды орындайық. Мақалды жатқа жазу берілген екен. Кәне, жылдам жаттап алайық.


2-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.


  • Жазып болсақ, бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңдар.

  • Мақалдың мағынасын кім түсіндіріп береді?

  • Неліктен баланы құраққа теңеп тұр?


4-жаттығу. Сөйлемдерді баяндауышы да зат есім болатындай өзгертіп жаз.

Жамбыл Жабаев өлең жазды. Жандос күй тартты. Райгүл би биледі.

Анам ас пісірді. Раушан шаш қиды.


  • Жаттығуды суреттерге қарап та орындауға болады. Бірнеше бала тақтаға шығып жазады.

Үлгі: Жамбыл Жабаев – ақын. Жандос – күйші. Райгүл – биші. Анам – аспаз.

Раушан – шаштараз.


  • 75-беттегі 5-жаттығуды орындауда бізге сиқырлы тақта көмекке келмек.

  • Ол үшін берілген үш суреттің ішінен анықтамаға сәйкес біреуін таңдап аламыз да дәптерімізге жазамыз.


5-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жаз.

  1. ... – білім беретін мекеме.

  2. ... – жер қойнауын зерттейтін адам.

  3. ... – жасы жетуіне байланысты құрметті демалысқа шыққан адам.

ІІІ. Ой толғаныс

а) Әр топ сызбалар бойынша сөйлемдер құрастырады, сөйлемдерді толықтырып постерлерге жазады.

Қазақстан

құралы


қарым-қатынас


Әбу Насыр әл-Фараби



Париж


астанасы














ә) Толықтырылған сөйлемдер бойынша қорғайды. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіреді.


ІV. ) Қорытынды


а) Рефлексия

- Сонымен бастауыштан кейін сызықша қандай жағдайларда қойылады?

- Сөйлем мүшесіне талдау кезінде неге көңіл бөлген жөн?

- Ережемен олықтырып айтып көріңдерші.

- Бастауыштан кейін қойылатын сызықшаға мысал келтіріңдер.

- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?


ә) Үйге тапсырма: 74-бет – 3-жаттығу. Ереже жаттау.


б) Бағалау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Қазақ тілі пәнінен "Бастауыштан кейін қойылатын сызықша" тақырыбына ашық сабақ

Автор: Туленова Жанна Даукеновна

Дата: 03.12.2017

Номер свидетельства: 441861

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Бастауыштан кейін қойылатын сызықша."
    ["seo_title"] => string(40) "bastauyshtan_kieiin_k_oiylatyn_syzyk_sha"
    ["file_id"] => string(6) "369623"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481720775"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша"
    ["seo_title"] => string(60) "bastauysh_pien_baiandauyshtyn_arasyna_k_oiylatyn_syzyk_sha_1"
    ["file_id"] => string(6) "411167"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493009019"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства