kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қарсы мәндес сын есім" тақырыбына ашық сабақ жоспары. 4 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қарсы мәндес сын есім" ашық сабақ жоспары. 4 сынып 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қарсы мәндес сын есім" тақырыбына ашық сабақ жоспары. 4 сынып.»

Сабақтың тақырыбы: «Қарсы мәндес сын есім»

Сабақтың мақсаты : қарсы мәндес сын есім жайлы түсінік беру; Мағынасы қарама – қарсы сөздерді мәтіннен таба білуге, оларды орнымен жұмсауға үйрету.


Дамыту: оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, сөздік қорын дамыту;


Тәрбиелік: Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдылыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемділікті сүюге тәрбиелеу.


Пайдаланылған көрнектілер: оқулық, тірек сызбалар, жұмбақ өлең. Сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, интерактивті тақта, слайд, деңгейлік тапсырма.



1. Ұйымдастыру. Қазақша сәлемдесу.

Жұмбақ

Шанаменен зыргып желдетіп,

Шаңғы коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсын?

1. Қазір жылдың қай мезгілі?

2. Қыс мезгілінде қандай айлар болады?

Ендеше балалар, осы айларға байланыстырып топтың атын қояйық.

1-ші топ Желтоқсан.

2-ші топ Қаңтар.

3-ші топ Ақпан.

3. Қыста не жауады?

4. Қарда қандай ойындар ойнауға болады?

5. Қардан не жасауға болады?

Аққала ойын арқылы сабағымызды бастаймыз.

Аққала жасаудың бірнеше бөліктері болады. Сол бөліктері бойынша тапсырмаларды орындаймыз.

Бірінші бөлігі:

1-тапсырма: Шанамен сырғанау ойыны

Үйге тапсырма 435 – жаттығуды сұрау. Мәтінді оқы.

Орман балықшысы деп аталатын құстың тұмсығы біз сияқты жіп-жіңішке, ұп-ұзын. Бұл құс жердегі жапырақты тесіп, ылғалды жұмсақ топыраққа тұмсығын соғып жібереді де, ондағы құртты суырып алып шығады. Балықшының тұмсығы осылайша, біздің де қысқаштың да қызметін бірдей атқарады.

1. Бұл жаттығу қай тақырыпқа берілген?

2. Тірек сызба арқылы сөз таптары ережелерін сұрау







Сонда қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

Осы сөз таптарының 4-уін ғана өттік.



Тапсырмалар:

1) Желтоқсан тобына: Өлең жатқа сұрап, сын есімдерді тауып, сұрағын айту.

2) Қаңтар тобына: Жұмбақ айтып сын есімді тауып, сұрағын айту.

3) Ақпан тобына: «жаңылтпаш» айтқызып, сын есімді тауып, сұрғын айту.

Жана сабақ:

Екінші бөлігі , денесі

2-тапсырма


Жұмбақ шешу


Ақ күшік күзетте,

Ас ішпейді, үрмейді.

Қара күшік есікте,

Ешкім үйге кірмейді.


Биік тал,

Аласа тал.

Самсап тұр алмасы,

Ол алқызыл,

Ол қанқызыл,

Боялғанша алмаша.

Сын есімдер ақ, қара, биік, аласа. Бұл сөздердің мағынасы қандай сөздер дейміз? (қарама-қарсы сөздер)

Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз қарсы мәндес сын есім.

Сөйлегенде жазғанда мағынасы қарама-қарсы сөздерді пайдалануды үйренеміз. Бұларды қарсы мәндес сөздер дейміз. Арасына сызықша қойылады.

Ендеше мына суреттерге қарайық:





қалың – жұқа ұзын-қысқа



Биік - аласа жуан - жіңішке


Басы


3-тапсырма

Сырғанақ ойыны.

436-жаттығу. Ауызша жұмыс.

Жұмбақты оқы, шешуін тап.

Ақ шапанын үстінен,

Алты ай бойы шешпейді.

Қара шапан үстінен,

Алты ай бойы түспейді.


Сын есімдерді тауып, олардың мағынасына назар аудар.



Шапан Бешпет бас киімдер

Қазақтың ұлттық киімдері


Қолы


4-тапсырма

Коньки тебу ойыны

437-жаттығу. Тақтамен жұмыс.

Берілген сын есімдерге, қарсы мәндес сыңарларын тауып жаз.

аласа – қиын – мейірімді–

жақсы– жарық– қымбат–


Сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра.




Мұрын

5-тапсырма

Топпен жұмыс. 438-жаттығу. Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сын есім қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.





сыпырғыш

6-тапсырма

Хоккей ойыны.

439-жаттығу. Сөздерді оқы, қарсы мәндес сын есімдерді жұптап жаз.


салқын– тәтті– жас–

ақ– сулы– лай–


кара, жылы, ащы, кәрі, құрғақ, тұнық


Сын есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жаз.






Шелек, бас киімі


7-тапсырма

Шаңғышылар ойыны.

440-жаттығу. Өз бетімен жұмыс. Мақалдарды көшіріп жаз.

1. Батырдың өмірі қысқа, даңқы ұзақ.

2. Үйрен жақсы әдептен, жирен жаман әдеттен.

Сын есімдерді тауып, оларды неліктен қарсы мәндес сын есімдер деп атайтынын түсіндер.

Мақалдардың мағынасын түсіндір.



Қорытындылау.

1. Бүгін не өттік?

Қарсы мәндес сын есімді өттік.

2. Тест

1. Қарсы мәндес сын есімдерді табыңдар:

а. ұзын, үлкен

ә. ауыр, жеңіл

б. кәрі, егде


2. Үлкен-кіші, арық-семіз қандай сөздер?

а. жаңа сөздер

ә. бір мағыналы сөздер

б. қарсы мәндес сөздер


3. Қарсы мәндес сөздерді табыңдар

а. биік-терең

ә. үлкен-алып

б. күйлі-көтерең


4. «Зиялы» сөзінің қарсы мәндес сөзін табыңдар

а. көреген

ә. надан

б. елгезек


5. Қарсы мәндес жұпты көрсетіңдер

а. ылди-төмен

ә. асыл-жасық

б. көреген-білгір


6. Зор сөзінің қарсы мәндес сөзін табыңдар

а. оңай

ә. кіші

б. үлкен


7. Қарсы мәндес сөздерді табыңдар

а. қызыл, жасыл

ә. мектеп, сабақ

б. терең, саяз


Бағалау: жинаған ұпай санына қарай бағалау.

Үйге тапсырма беру: 441-жаттығу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Қарсы мәндес сын есім" тақырыбына ашық сабақ жоспары. 4 сынып.

Автор: Атагараева Женис Изтургановна

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405443

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "П?ні: ?аза? тілі  Сыныбы: 4 «А»  Та?ырыбы: "Дара ж?не к?рделі сын есімдер""
    ["seo_title"] => string(57) "pnikazaktilisynyby4atakyrybydarazhniekurdielisyniesimdier"
    ["file_id"] => string(6) "302282"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457108341"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "саба? жоспары"?стеу""
    ["seo_title"] => string(21) "sabak-zhospary-ustieu"
    ["file_id"] => string(6) "325732"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463034671"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства