kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экология негіздері. Тақырыбы: "Табиғат құбылыстарын қалай байқауға болады?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар сабақта әңгіме не жайында болатындығын кестедегі сурет бойынша болжамдайды. Сабақтың соңында қол жеткізетін мақсат айқын- далады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экология негіздері. Тақырыбы: "Табиғат құбылыстарын қалай байқауға болады?"»

ТАҚЫРЫБЫ: Табиғат құбылыстарын

қалай байқауға болады?

Мектеп:


Күні:

Педагогтың аты –жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың оқытылу


мақсаты





0.1.1.2. Табиғат нысандары мен құбылыстарына қысқа уақыт аралығында бақылау жүргізу.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

• бақылауға қатыса алады;

• күздің келуімен табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;

• 5-6 ағашты атай алады;

• жапырағына қарап, ағаштың атын анықтай алады.

Көпшілік балалар:

• бақылаушы адамның қасиеттерін анықтай алады;

• өсімдік тіршілігі маусымдық өзгерістерге тәуелді болатынын дәлелдей алады;

• тәжірибелік жұмысты орындай алады.

Кейбір балалар:

• бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.

Тілдік мақсат

Дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Көптілділік: кемпірқосақ – радуга – rainbow.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Бақылау, бақылаушы адамның қасиеттері, алтын күз, бақылауға арналған аспаптар.

Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар.

Күздің келуімен табиғатта не өзгерді?

Жапырақтар неге сарғаяды және түседі?

Өсімдіктерге түскен жапырақтары керек пе?

Ауа таза болу үшін біз сіздермен не істей аламыз?

Бақылаушы адамның қандай қасиеттері болуы керек?

Өткен сабақтардан

алған білім

Өсімдік тіршілігінің жағдайлары жөнінде қарапайым білімдер; су, жарық және жылу ұрықтың өсіп шығуына көмектесетіндігі туралы ұғымдар; қарапайым зерттеу дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.





II. Өмірлік

тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңін оқиды.

Алтын, алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Біз мектепке баратын,

Алақай-ау, күн жақын!

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

(Ұ) Бақылаушылар кімдер екенін еске түсірейікші. (Бақылаушы – қор- шаған орта мен табиғат құбылыстарын арнайы танып білуші адам). Ал бақылау дегеніміз не?

Бүгін біз сендермен бақылауға тағы бір қадам жасағалы отырмыз. Біздің сабағымызда әңгіме не жайлы болады деп ойлайсыңдар? Мақсатты бол- жам. (Бақылау туралы)

(Ұ) Балалар сабақта әңгіме не жайында болатындығын кестедегі сурет бойынша болжамдайды. Сабақтың соңында қол жеткізетін мақсат айқын- далады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).



Сабақтың ортасы

III. тақырып бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)

(Ұ) Өзекті мәселе.

Балалардан күз мезгілінің ерекшелігін сұрау.

Педагог топта отырып-ақ осыны біле аламыз ба деген қызығушылық білдіреді.

Педагогтің түсіндіруі. Ағаштардың қаншалықты сұлу екенін көру үшін, түрлі түсті жапырақтардың сыбдырын есту үшін, көк шөптің, иісін сезіну үшін күзгі саябаққа бару қажет.

Балалардан не істейміз деп сұрау (Бақылау).

(Ұ) «Бақылағыш» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс.

Табиғаттағы осы кезеңнің ерекшеліктерін білу үшін не қажет. Бақылағыш адамның қасиеттері бақылау барысында қалыптасады және карточкалар көмегімен белгіленеді:

• нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау епті- лігі;

• елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі;

• сұрақтарды қоя білуі;

• бақылау қорытындылары бойынша жазбаларды жүргізе білуі;

• бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

(Ұ) Бақылау

Педагог күздің келуімен табиғатта қандай өзгерістер болғандығы жайын- да балалардың еске түсіруін, жапырақтардың сыбдырын тыңдап, мынадай сұраққа жауап берулерін өтінеді: Саябақта тағы да қандай өзгеріс бар? (Жарық бола түскендей) .

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Қалайша жарық болып тұр?

Жапырақтар неге сарғаяды және түседі? Қазір жарық пен жылу жеткілікті ме? Түскен жапырақтар өсімдіктерге керек пе?

ҚОРЫТЫНДЫ: Жерге түскен жапырақтар құс төсек іспетті, шөпті және әртүрлі өсімдіктердің тамырларын суықтан қорғайды. Түскен жапырақтар- дың арқасында жер тереңінен мұздамайды, бұл топырақты қопсытып, оны құнарлы ететін топырақтағы түрлі тіршілік иелері үшін маңызды. Ал көк- темде түскен жапырақтар жаңбыр астында жатып шіріп, топырақты тыңай- тады және ағаштардың өсуі үшін пайдалы заттармен азықтандырады. Педагог ағаш бұтақтарындағы бүршіктерді мұқият қарап алуларын және таза ауамен терең дем алып, саябақтың ішінен нені байқап тұрғандарын анықтауды сұрайды.

(Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» тәжірибелік жұмысы.

Педагог жоспар бойынша жұмыс істеуді ұсынады:

• Ағаштың бұтақтарын қара.

• Оларда жапырақтар бар ма?

• Бұрын жапырақ болған жерін тап.

• Жапырақтардың орнында не бар?

• Бұтақтардың бүршіктерін тап. Оларды қарап ал. Олар бірдей ме?

• Бұтақтың бір бүршігін жеке бөліп ал.

• Бүршік қандай түсті?

• Оны жауып тұрған тығыз қабыршықтарға назар аудар.

• Қабыршықтарын ашып көр. Бүршіктің ішінде не бар екен?

• Қалай ойлайсың, бүршікке мұндай тығыз қабыршықтар не үшін қажет? Айтып бер (Суықтан, құрғап қалудан және зиянды заттардан қорғайды). Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады:

Қыста өсімдік ұйықтайды, тыныштық күйінде болады.

Бүршіктерде жас жапырақтар тығулы жатыр. Бүршік – болашақта өсетін және дамитын балауса бұтақ.

(Ұ, Ө) Топта жұмысты әліппе-дәптер бойынша жүргізуге болады.





Табиғаттағы маусымдық өзгерістер бейнеленген әліппе-дәптердегі суреттер.








Карточкалар.
































Әліппе-дәптер


Сабақтың соңы

IV. сабақтың

қорытындысы.

рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Рефлексивтік бағалау.

Балалардың сабақта өзінің жұмысына баға беруін және шыны сауытты

(колба) кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 – ештеңе түсінбедім – қызыл қарындаш.

2 – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындаш.

3– қысқасы – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын – жасыл қарындаш.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті қарын-

даштар.

Қосымша ақпарат

Жіктелу – балаларға көмектесуді қалай жоспарладыңыз? Қабілеттірек балаларға қандай тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?

Бағалау – балалардың прогресс/ білімін бақылауды қалай жоспар- ладыңыз?

Пәнаралық байланыстар:

«Өзін-өзі тану»

Қажеттілігіне қарай педагог балалардың жұмысын бақылайды, үйлестіреді.

Іс-әрекетті экскурсия шеңберінде бақылау.

Білім деңгейін белгілейтін сұрақтарды таңдау.

Іс-әрекетті рефлексия.

Құндылықтар – сүйіспенші- лікті, ілтипаттылықты, қоршаған әлемге ұқыптылықпен қарауды тәрбиелеу және өзіңді осы өмірде түсіну.

Байқаулар

Оқытудың мақсаттары қолжетімді болды ма? Балалар бүгін неге үйренді?

Оқыту жағдайы (атмосфера) қандай болды? Балаларды топқа бөлу (топтастыру), саралау бойынша әрекеттер табысты болды ма? Уақытша кестені ұстандым ба? Жоспардан тыс қандай ауытқулар жасадым және неге?


Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабақ туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жау- ап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақта болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақта болсын, оқытуда болсын) атаңыз.

1.

2.

Топ жайында және оның жеке балалары жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабақты өткізуіме әсерін тигі- зе ме?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Экология негіздері. Тақырыбы: "Табиғат құбылыстарын қалай байқауға болады?"

Автор: Баймырзаева Турсынай Коктаубаевна

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385792

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "О?у іс-?рекеті:Экология  негіздері.Та?ырыбы: К?ктем"
    ["seo_title"] => string(58) "ok-u-is-riekieti-ekologhiia-nieghizdieri-tak-yryby-koktiem"
    ["file_id"] => string(6) "318893"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460695044"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Семинар саба?, Экология негіздері "
    ["seo_title"] => string(38) "sieminar-sabak-ekologhiia-nieghizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "238740"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444646256"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "воспитательная работа ро теме "?ауіпсіздік ережесі.""
    ["seo_title"] => string(51) "vospitatielnaiarabotarotiemiekauipsizdikieriezhiesi"
    ["file_id"] => string(6) "298489"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456331950"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Д?ниетану  саба?"
    ["seo_title"] => string(16) "duniietanu-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "262881"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449421207"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Сусыз тіршілік жо?"
    ["seo_title"] => string(18) "susyztirshilikzhok"
    ["file_id"] => string(6) "270822"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451285565"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства