kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс тәрбие сағаты. Тақырыбы: Шуағы мол ақ әжем (әжелер сайысы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: оқушыларды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, іскерлік негізінде тәрбиелеу,ана өнегесінен үлгі алу, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс тәрбие сағаты. Тақырыбы: Шуағы мол ақ әжем (әжелер сайысы)»

Сыныптан тыс тәрбие сағаты
Тақырыбы:Шуағы мол ақ әжем (әжелер сайысы)
Мақсаты:оқушыларды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық,инабаттылық,іскерлік негізінде тәрбиелеу,ана өнегесінен үлгі алу,тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіру;
Барысы:
1-жүргізуші:
Тілеуімді тілеген,еркелігімді көтерген,мен ауырсам жаны ауырған,көрмей қалса сағынған асыл әжетайым менің!
2-жүргізуші:Көңілі кең,жүрегі мейірімді,кеудесі қазына,сөзі қасиетті ақ әжем менің!
1-жүргізуші:Нұрлы жүзіне жарасқан,ақ жаулығынан,немересін барлығынан артық көрген ыстық ықыласынан айналдым!
2-жүргізуші:Бар тәттіні аузыма тосып,бар жақсыны үстіме кигізіп,еркелетіп өсірген,қызық ертегісімен,ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған,дана әжем менің!
1-жүргізуші:
Қазағымның,салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы.
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған,
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Үлкен,кіші жасымыз,кәріміз де,
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар,ата-аналар,әжелер,ұстаздар,оқушылар!Келе жатқан 8-наурыз мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан мықты денсаулық,өмірдің шаттығын тілейміз.Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер! «Шуағы мол ,ақ әжем» атты әжелер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысып алайық.
Әділ-қазылар алқасы құрамымен танысайық
Бағалау 3,4,5баллдық жүйемен бағаланады.
Бағалаудың қорытындысы әр кезеңнен кейін емес,соңында бірақ айтылады.Олай болса,ортаға әжелерімізді шақырайық.Біздің сайыскер әжелерімізбен таныс болыңыздар.
1.2 «А»сыныбы Амангелді Нұрасылдың әжесі Райхан әжені ортаға шақырамыз.
2.2 «Ә» сыныбы Қалменова Венераның әжесі Қаламқас әжені ортаға шақырамыз.

3.2 «Б» сыныбы Сейсенбек Рамазанның әжесі Нина әжені ортаға шақырамыз.

4.2«В» сыныбы Оспанова Анельдың әжесі Ляйла әжені ортаға шақырамыз.

5.2«Г» сыныбы ЭсенбайАйгерімнің әжесі Айгүл әжені ортаға шақырамыз.
6.2«Ғ» сыныбы Қарымсақова Ханшайымның әжесі Күнсары әжені ортаға шақырамыз.

7.2«Д» сыныбы Дүйсенбаева Алуаның әжесі Айғайша әжені ортаға шақырамыз.

8.2«Е» сыныбы Нашарбекова Айымның әжесі Дәметкен әжені ортаға шақырамыз.

9.2«Ж» сыныбы Қуандық Нұрайымның әжесі Роза әжені ортаға шақырамыз.

10.2«З» сыныбы Жакуда Анардың әжесі Гүлсара әжені ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:Ендеше сайыс бағдарламасымен таныстырайық.

I кезең.Мен анамын ұрпағын әлдилеген (таныстыру)

II кезең.Өнерлі өрге жүзер(өз өнерін көрсету)

III кезең.Қол өнерін көрсету.

IY кезең.Дәм-думан (ұлттық тағам дайындап әкелу)

Әр жұп өзінің өнерлерін көрсету кезеңін асықтарды алу арқылы анықтайды.
2-жүргізуші:
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік әжемен немерені жарыстырып,
Бұл залда білетін бар,білмейтін бар,
Әрбір жұп көрсін өзін таныстырып,-дегендей әжелеріміздің өздерін таныстыруға кезек берейік.

1-жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле,
Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде,-дей келе кезекті биге береміз.
Би «Қара жорға» орындайтын 2 «Ж» сынып оқушысы Әділхан Бағдаулет.
2-жүргізуші:

Әже біздің күніміз,
Әжемнің біз гүліміз,
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,-дей отыра әжелеріміздің өнерлерін тамашалайық.
1-жүргізуші:

Ән шырқап жатыр балалар алма кезек,

Өнерде жанды арбайтын бар керемет

Әсем ән көпшілікті әлдилесін,

Берейік тағы да бір әнге кезек.
Амангелді Ерасыл «Көктем» әнімен.
2-жүргізуші:
III кезең.

Қандай әсем қарашы,
Әжем ойған оюлар,
Озып шығар қатардан
Қолы шебер әжелер,-дей отырып әжелеріміздің қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ою шеберліктерін тамашалайық.

1-жүргізуші:

2 «Ғ» сыныбының оқушысы орындауында әсем биді тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Дастаханның кең екен,
Дәм-тұзыда мол екен

Тойын тойға ұласып,

Таси берсін берекең,-дей отырып сайысымыздың соңғы кезеңін бастайық.

Әжелер үйден дайындап әкелген тағам түрлерін таныстырады.

1-жүргізуші:

Амангелді Ерасыл «Ана» әнімен

Көшербаев Аңсар «Анашым» әнімен

Қорытынды бөлім:Әділ-қазыларға сөз кезегін берсек.
2-жүргізуші:

Әжелер қалқып бақыт арасында,
Уайым-мұң қонбасын басыңызға
Осымен сайысымызды аяқтаймыз
Гүл бітсін бәріңіздің қадамдарыңызға.
1-жүргізуші:Мерекелеріңіз құтты болсын!































Анықтама

05.03.2015жылы 2сыныптар арасында «Шуағы мол ақ әжем» атты сайыс болды.Сайысқа он әже қатысты.Сайысқа қатысқан әжелер мен немересімен:

1.2 «А»сыныбы Амангелді Нұрасылдың әжесі Райхан әже «Байсалды әже» номинациясымен марапатталды.
2.2 «Ә» сыныбы Қалменова Венераның әжесі Қаламқас әже «Ақылды әже» номинациясымен марапатталды.

3.2 «Б» сыныбы Сейсенбек Рамазанның әжесі Нина әже . «Батыл әже» номинациясымен марапатталды.

4.2«В» сыныбы Оспанова Анельдың әжесі Ляйла әже «Өнерлі әже» номинациясымен марапатталды.

5.2«Г» сыныбы ЭсенбайАйгерімнің әжесі Айгүл әже. «Қайсар әже» номинациясымен марапатталды.
6.2«Ғ» сыныбы Қарымсақова Ханшайымның әжесі Күнсары әже «Өнерлі әже» номинациясымен марапатталды.

7.2«Д» сыныбы Дүйсенбаева Алуаның әжесі Айғайша әже «Шебер әже» номинациясымен марапатталды.

8.2«Е» сыныбы Нашарбекова Айымның әжесі Дәметкен әже «Парасатты әже» номинациясымен марапатталды.

9.2«Ж» сыныбы Қуандық Нұрайымның әжесі Роза әже«Өнегелі әже» номинациясымен марапатталды.

10.2«З» сыныбы Жакуда Анардың әжесі Гүлсара әже «Өжет әже» номинациясымен марапатталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыныптан тыс тәрбие сағаты. Тақырыбы: Шуағы мол ақ әжем (әжелер сайысы)

Автор: Утебаева Сулушаш Мырзахановна

Дата: 28.11.2016

Номер свидетельства: 363306


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства