kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Орыс тілді бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін халық ауыз әдебиетінің кейбір түрлері және ойын арқылы үйрету

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жалпы психологияда әрекеттің үш түрі бар екендігі белгілі. Олар: ойын, оқу және еңбек. Ойын әрекеті мектеп жасына дейінгі балалардың, оқу әрекеті мектеп жасындағы балалардың, ал еңбек әрекеті ересек адамдардың әрекеті болып саналатындығын барлығымыз білеміз. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі қызметі ойыннан біртіндеп оқуға көшеді. Бұл жастағы балалар әлі де «ойын баласы» болып саналады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдер өз пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін ойын элементтерін пайдалану керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Орыс тілді бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін халық ауыз әдебиетінің кейбір түрлері және ойын арқылы үйрету»

Орыс тілді бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін халық ауыз әдебиетінің кейбір түрлері және ойын арқылы үйрету.

Жалпы психологияда әрекеттің үш түрі бар екендігі белгілі. Олар: ойын, оқу және еңбек. Ойын әрекеті мектеп жасына дейінгі балалардың, оқу әрекеті мектеп жасындағы балалардың, ал еңбек әрекеті ересек адамдардың әрекеті болып саналатындығын барлығымыз білеміз. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі қызметі ойыннан біртіндеп оқуға көшеді. Бұл жастағы балалар әлі де «ойын баласы» болып саналады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдер өз пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін ойын элементтерін пайдалану керек.

Орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесінде көрсетілгендей ойынның үш тобы бар: шағын ойындар, ұзақ мерзімді дамытушы ойындар, грамматикалық ойындар. Аталған топтамадағы ойындарды тақырып мазмұына байланысты тапсырмалармен сабақтастыра отырып қолдануға болады. Бұл ойындар оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыруға көп мүмкіндік жасайды. Ойынның түрлері әрине өте көп, бірақ оны сабақтың мақсаты, мазмұнына сәйкестендіріп алса, нәтижесін көретініміз сөзсіз.

Енді халық ауыз әдебиетіне көшсем. Халық ауыз әдебиеті үлгілері кез-келген халықтың мәдени мұрасы, асыл қазынасы екендігі аян. Оның тәлім-тәрбиелік маңызы, мәнділігі, ойшылдығы мен қиялшылдығы, шешендігі тапқырлығы жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.

Қазақ тілін орыс тілді бастауыш сынып оқушыларына үйретуде бұл таптырмас құрал деп есептеймін. Халық ауыз әдебиетінің әсіресе келесі түрлері менің ойымша аса тиімді: ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырларының кейбір түрлері. Аталғандардың ішіндегі балаларға ең жақыны ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.

Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.

Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.

Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалды өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға ұғынықсыз.

Мектеп табалдырығынан жаңа ғана аттаған балалар, мектеп тартып тұрады, өйткені олар ертегіден ескен теңдесі жоқ сезімдерді ұжымымен бірге сезінгісі келеді. Оларды мұғалім де тартып тұрады, өйткені олар ертегіні содан естиді, ертегіні ұйып тыңдайды. Мұғалім өмір бойы естерінде қалады, ол баланың рухани дүниесінен ең алдымен ертегі ретінде орын алады. Ертегі – бұл кішкентай дән, баланың өмірлік құбылыстарға эмоцияның баға беруі осы дәннен өсіп жетіледі.

Ертегінің кез-келген түрінің (қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар туралы) міндетті түрде тәрбиелік мәні болады, ұлттық ерекшеліктер орын алады, яғни, салт-дәстүрден хабар береді. Бұл жерде менің айтайын дегенім кез-келген тілді үйрену үшін сол халықтың ұлттық ерекшеліктерін, менталитетін де хабардар болу керек. Оны меңгерудің тамаша құралдарының бірі - ертегі.

Мақал-мәтелдер өзінің алуан тақырыптылығымен, тәрбиелік мәнінің зорлығымен, тілге жеңілдігімен, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» екендігімен ерекшеленетіні сөзсіз. Сабақтың кез-келген кезеңінде тақырыпқа сәйкестендіріп әр сабақта бірнеше мақал-мәтелден жаттатып отырсақ ұтатыныз көп деп ойлаймын.

Жаңылтпаш пен жұмбақтар бала тілін, ой-өрісін, логикалық ойлауын дамытуда аса маңызды құрал. Жұмбақтарды жаңа лексикамен таныстыруда пайдаланудың маңызы зор (мысалы,табиғат құбылыстары, ауа-райы, жан-жануарлар, құстар, жеміс-жидектер, көкөністер т.б таныстыруда).

Жаңылтпаштарды жаттатып, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады. Жаңылтпаштарды тіл дамыту құралы десек, мұғалімнің міндеті оларды балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына сәйкес лайықты, орынды қолдана білу. Жаңылтпаштың жұмбақтан айырмашылығы өлеңмен ұйқасып келетін ұқсас сөздерді тең жаңылмай айтып шығуды талап етеді. Жаңылтпаш айтысудың басты шарты ондағы сөздерді анық айту, мәнерлеп оқу, түсінікті оқу, тілді ұштап әр сөзді түсінікті жылдам айту.

Оқу үрдісінде жаңылтпаштарды, әсіресе, «Фонетика» тарауын өтуде пайдаланған тиімді. Жеке дыбыстарды таныстыру сабақтарында сол дыбыстарға сәйкес жазылған жаңылтпаштарды балаларға жаттатып, сабақтың бекіту кезеңінде немесе сергіту сәтінде қолданған тиімді деген ойдамын.

Қорытындылай келе айтатыным, тәрбие басы-тіл, осыған орай жас ұрпақты қазақ тілінде сөйлеуге, ана тілінде ойлауға тәрбиелеуіміз керек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Мухаметжанова Арайлым Даулетбаевна

Дата: 01.05.2017

Номер свидетельства: 412601


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства