kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен – табиғат бөбегі" атты мектепалды даярлық сыныбына арналған тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Мен - табиғат бөбег"і мектепалды дарялық сыныбына  арналған тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен – табиғат бөбегі" атты мектепалды даярлық сыныбына арналған тәрбие сағаты»



Мен – табиғат бөбегі.

А.Қ.Аменова

Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің

мектепалды даярлық сынып мұғалімі.

(тәрбие сағаты)

Сабақтың мақсаты: оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі мектепалды даярлық «а» тобының «Мен – табиғат бөбегі» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Мұндағы мақсатымыз балаларға адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтарлықтай табиғаттың тілі жоқ екенін ескерту арқылы балаларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

-Олай болса, балалар шаттық шеңберін құрайық.

ІІ. Негізгі бөлім.

  • Бүгінгі күнімізбен амандасып алайық.(оқушылар шеңбер құрып тұрады)

Шаттық шеңбері.

Шөліркемей гүл тұрсын,

Жерім жайнап құлпырсын.

Нұр сыйлаған біздерге,

Көкте мәңгі күн тұрсын.

Ортақ бізге туыстық,

Нұр сыйлаған күн ыстық.

Ыстық бізге кең өлке,

Ыстық бізге тыныштық.

  • Балалар, осы өлең жолдарында айтылғандай бүгінгі тәрбие сағатымыз да табиғатқа араналады.

  • Слайдтан сайраған құс, сылдырап аққан су, биік тау, жайқалған гүлдер, күлімдеген күн осының бәрі сіздердің көз алдарыңа нені елестетеді?

Табиғат – таза ауа

  • Күлімдеген күн

  • Биік таулар

  • Жымыңдаған жұлдыздар

  • Ну орман

  • Құстар

  • Көк аспан

  • Жайқалған гүлдер

Ендеше, электронды оқулыққа назар аударайық.

Табиғат: тірі табиғат, өлі табиғат

Тірі табиғат: адамдар, жануарлар,өсімдіктер.

Өлі табиғат: аспан, жер, ай, күн, жұлдыз, тас, құм.

Тірі табиғат пен өлі табиғат бірін – бірі толықтырып өмір сүреді, тығыз байланыста болады. Адам да тірі табиғатқа жатады. Адам өзіне керекті нәрселердің бәрін табиғаттан алады.

Көрініс: «Табиғат деген не?»

Автордың: Табиғат деген не?

Бақа: табиғат дегеніміз кілегей теңіздер, сулар, өзендер мен көлдер, мен де сол суда мекендеймін.

Аю: табиғат дегеніміз ну орман, ағаштар мен орманда мекендеймін.

Түйе: табиғат дегеніміз құм, топырақ, тікенек шөптер.

Құс: табиғат дегеніміз таза ауа, аспан, күн мен ауада ұшып жүремін.

Олай болса, табиғат жайлы қандай өлең – тақпақтар білеміз.

  1. бала:

Тамаша ғой бүгін сен,

Табиғатқа жүгінсең.

Құлақ түріп, көз тігіп,

Төңірекке үңілсек.

2-бала:

Жазда аралап тауын да

Барамыз біз бауына

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

3-бала:

Табиғаттың панасымыз,

Түйіп айтар сөзіміз.

Табиғаттың панасы,

Мына тұрған өзіміз.

4-бала:

Ал, халайық, халайық,

Табиғатқа қарайық!

Жер, су, ауа тазарса,

Пайдалы екен бұл аса.

5-бала:

Таза ауасы даланың,

Салтанаты ауа қаланың.

Әлдейлейді тербетіп,

Жас жүрегін баланың.

6-бала:

Естіп жүрсем күлкісін,

Мәз – мейрам боп қаламын.

Тал,қарағай,көк өрім,

Айдын көлің өзенің.

7-бала:

Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, күнің айың да.

Тегінде жаның жомарт – ақ

Ізгілік жатыр бойыңда.

  • Балалар алдымызда жылдың қай мезгілі келе жатыр?

  • Көктем мезгілі.

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Қар ериді, ағаштар бүршік жарады, құстар келеді, күн жылынады. Ендеше, табиғаттың бір бөлігі – құстар.

Би: «Құстар»

8-бала:

Құстарға жем шашамыз,

Гүлдерге су құямыз.

Табиғатты аялап,

Біз азамат боламыз.

9-бала:

Сүйейік табиғатты, аялайық,

Біз де одан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық.

10-бала:

Тазалықты сақтайық,

Табиғатты баптайық.

Бізге деген пайдасын,

Жақсылықпен ақтайық.

Ән: «Табиғат әуені».

Табиғатқа ақ тілек.

  • Жылу берген күнің үшін рақмет!

  • Өсім берген суың үшін рақмет!

  • Тіршілік берген жерің үшін рақметІ

  • Жайқалған гүлің үшін рақмет!

  • Нұрын төккен күнің үшін рақмет!

  • Саялы бағың үшін рақмет!

  • Биік тауың үшін рақмет!

  • Сайраған құстарын үшін рақмет!

  • Аялаған ата – анаға рақмет!

  • Ардақты апайларға рақмет!

Бәрі: Біз ақылды баламыз,

Жайнай берсін даламыз!

Қорытынды:

Құсы, аңы, балығы,

Көз тартады барлығы

Біз, балалар иесі,

Таулар, сулар, ормандар,

Табиғатты қорғаңдар!

Баршаңызға рақмет айтып, бүгінгі «Мен – табиғат бөбегі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Мен – табиғат бөбегі" атты мектепалды даярлық сыныбына арналған тәрбие сағаты

Автор: Аменова Айгүл Кайратовна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387182


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства