Просмотр содержимого документа
«"Бала шақтан-болашаққа" атты бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігінің әзірлемесі»
Абай атындағы №2 қазақ орта мектебі.
« «Бала шақтан -болашаққа»
атты бастауыш сыныппен қоштасу
ертеңгілігінің әзірлемесі
Дайындаған: 4сынып мұғалімі Сыздыкова Г.А.
2015 жыл
«Бала шақтан-болашаққа» атты бастауышпен қоштасу мерекесінің барысы.
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бала шақтан-болашаққа» атты бастауыш сыныппен қоштасу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Мұғалім:Гүлнар Әнуарбекқызы
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттары қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы тұр.
Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Бастауыш түлектерін ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
1-жүргізуші :Бала шаққа болашақты жырлатып,
Жұлдыз: Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар
Арсен: Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой бабалар мен ұстаздар.
Ануар: Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын ертеңін,
Ойсыз кейбір еркеге
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Дильназ : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Шыңғыс: Арадай балын жиятын,
Ақылы дария құятын.
Ұстаз көңілі кеңістік
Бүкіл әлем сиятын.
Айдана: Бастауышым-бастамам,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу,жас данам
Қ.Мақсат: Атағым Алатаудай болса биік Тұрса төбем өсіп ,көкке тиіп. Алдында әрқашанда тағзым етіп Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.
Зарина: Әр шәкірттің сезімі бір,әні бір,
Шаттық пенен қайғы мұңға жаны бір.
Балғын шәкір жүрегінен жол тапқан
Әр сөзінде мейірімнің мәні бір.
Әмір: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Ясин: Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне
Өз аузына қаратқан
Жақсылық ағайды ұғамыз,
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығамыз. (Жақсылық ағайға гүл шоғын ұсынады)
Ерасыл :Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
1-жүргізуші : Дұрыс айтасың Ерасыл! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын. Сол себепті мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған әнін қабыл алыңыздар.
Үйретеді мектепте үйретеді әні: Орындайтын хор.
1.Қылқаламмен дәптерге әріптерді жазуды
Үйретеді мектепте үйретеді.
Көбейту мен бөлуді, кішіге қамқор болуды 2 рет
Үйретеді мектепте үйретеді.
2.Төртке екіні қосуды, буынмен сөзді оқуды
Үйретеді мектепте үйретеді.
Кітаптарды сүюді, тәртіпті және болуды 2 рет
Үйретеді мектепте үйретеді.
3.Етістікті жазуды, дефисті дұрыс қоюды
Үйретеді мектепте үйретеді.
Тату болып өсуді, достықты да сатпауды, 2 рет
Үйретеді мектепте үйретеді. 4.Қылқаламмен дәптерге әріптерді жазуды
Үйретеді мектепте үйретеді.
Көбейту мен бөлуді, кішіге қамқор болуды 2 рет
Үйретеді мектепте үйретеді.
Диас: Сөз сөйлесе жарқын –ақ,
Күніміздей жарқырап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ойымызды
Біздермен ойнап күледі,
Самат ағай сырымызды біледі. (Самат ағайға гүл ұсынады)
Жанерке: Мектеп білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде есейіп, артты санам,
Баулыған төрт жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
У.Мақсат : Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған
Карина: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Даурен: Өсіреді сананы,
Тура жолға салады.
Ұстазыма мың алғыс
Әлпештеген баланы.
Айзада: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі біздің тойымызға.
Қош келіпсіз,ұстаздар ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Дінмұхамбет : Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Асылжан: Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаның,
Айқара есік ашып тастағаның
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаның.
Мейрамбек: Әлемде бар талай тіл,
Үйренуге құмармын.
Орыс тілі қажет тіл
Тез үйреніп алармын.
Орысша оқып жаза алдық
Ертегі тыңдап қадалдық.
Айнұр апай үйреткен,
Қайдан шыққан адалдық. (Айнұр апайға гүл ұсынады)
Зарина: Жүрегімде ұстаз берген сабағы, Өн бойыма тамырланып тарады Ұмытпаймын салған жолын ,ақылын
Мәңгі,мәңгі есімізде қалады
Бекзат Көрмеген артық күліп,артық жүріп
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін Гүлнар апай,
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Ұстазым менің,ұстазым әні. Орындайтын хор.
1.Ұстазым менің,ұстазым
Білімнің нәрін берген,
Ұстазым менің,ұстазым
Тәрбие тәлім берген
Ұстазым менің, ұстазым
Ақылшы дана өзіңсің
Ұстазым менің,ұстазым,
Өмірде дарын өзіңсің
Ұстазым менің,ұстазым,
Баршаға үлгі өзіңсің.
Ұстазым менің,ұстазым,
Құрметке лайық өзіңсің
Ұстазым менің,ұстазым
Шәкіртің өзіңе ерген
Ұстазым менің ұстазым
Іліммен білім терген.
Ұстазым менің,ұстазым (2 рет)
Ақылшы дана өзіңсің.
Ұстазым менің,ұстазым
Өмірде дарын өзіңсің.
Ұстазым менің,ұстазым
Баршаға үлгі өзіңсің.
Ұстазым менің,ұстазым
Құрметке лайық өзіңсің,
Арсенәлі: Сабырлысыз құрыштай,
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті,
Тұрғызбай-ақ бұрышқа
Сізден ізгі кішілікті,
Үйренеміз кісілікті.
Меруерт: Бүгін міне қоштасады,
Бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына,
Тарландарым сал құлақ
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
Әлішер :Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Жұлдыз: Баулыған әрбір өренді
Салтанат апай өнерлі.
Қызықтырып бейнелеуге
Бізді үйретіп келеді.
Мінезі сондай сабырлы
Сізге ұқсағым келеді. (Салтанат апайға гүл ұсынады)
Асхат: Бастауыштан алдық біз білім нәрін, Бар білімнің жинадық шырын балын
Бала деген ұстазға тартады екен, Менің осы мектептен ұғынғаным,
Анжела:Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп білген
Нұрболат. Маған бастауыш үйретті
Әліппесін өмірдің
Жанымды менің билетті
Күйі шалқып көңілдің.
Томирис :Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, Абай атындағы ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Хормен:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
1.Ұстазыма мың тағзым әні : Аудандық «Көркем еркесі 2015 » байқауының ГранПри иегері, облыстық «Көркем еркесі 2015» байқауының жүлделі ІІ орын иегері Мағжан Жұлдыздың орындауында.
(Қ.Мақсат) Сахнадан микрофонмен автор сөзін оқиды.
Автор:- Ерте, ерте ерте ме екен, «Бастауыш патшалығы» атты кішкентай ел болған екен.Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен. Ол патшалық көрші екі хандықтпен тату қарым-қатынаста тұрған екен. Ең кіші «Бастауыш» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп-тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтар» көрші «Орта буын» хандығына өтеді. Ол хандықтан кейін алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын «Жоғары хандыққа» өтіп отырыпты.Осындай күн 2011 жылы «Бастауыш хандығының» табалдырығын аттаған, 4»а мен Ә»-сыныбының тұрғандарының басына да жеткен екен.
«Бастауыш патшалығының» ханы: (У.Мақсат) -Аға, менің патшалығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерім 2011 жылы тарыдай болып патшалық табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер, бүгін міне ақыл –ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырыта алатын шәкірт болды. «Орта буын» хандығының патшасы: (Ерасыл) - Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен. «Бастауыш патшалығының» ханы: ( У.Мақсат) Балдырғандар өміріне өшпес із қалдырған бастауыш патшалығымен қоштасып,- Аға өзіңнің қанатыңның астына барғалы отыр. «Орта буын» хандығының патшасы: Ерасыл -Сенің хандығыңнан менің патшалығыма өтетін балдырғандарға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес. Мен хандығыма өнерлі, білімді шығармашыл балаларды қабылдаймын. «Бастауыш патшалығының» ханы: У.Мақсат -Аға, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін тамашалап көріп отырсыз. Оқушылар ата-аналарына,ұстаздарына арнаған мерекелік қойылымдарын қойып жатыр. -Міне,менің патшалығымның ұшқалы отырған мақтаныштарымның өнері осындай. «Орта буын» хандығының патшасы: Көріктеріне ақылдары сай,тамаша балдырғандар екен.
Ендеше бұлардың өнерін ары қарай тамашалайық.
Сценарий бойынша концерттік нөмірлер орындалады)
2.Домбыралар күйі (Карина,Асхат,Мейрамбек,Диас)
3. 4сынып қыздарының орындауында «Қазақ биі» қабыл алыңыздыр.
4.Көрініс (Бал ашам)
5.Ән «Жақсы көрем атам мен әжемді» орындайтын Мағжан Жұлдыз
6.Вальс биі (Оқушылар соңынан сахнаға шығағады)
«Орта буын» хандығының патшасы: Ерасыл залдан шығып сөзін
оқиды.
Шыныменен,балдырғандар өте өнерлі білімді екен. Сендер 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршін едіңдер!Білім алып, қанаттарыңды қатайтып осындай дәрежеге жеткен екенсіңдер,бүгінгі өнерлеріңмен білімдеріңді тамашалай отыра мен сендердің жетістіктеріңе ризамын. 2015 жыл 4 А және 4 Ә-сынып балдырғандары,бастауыш патшалығынан орта буын патшалығына қабылдансын. Қабылданбас бұрын жылдағы дәстүрге байланысты ант берілсін!
1.Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға. 2.Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға. 3.Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға. 4.Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге
Хормен: Ант етеміз! 3 рет
(Фейерверк атылады)
Жұлдыз:Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін дей отырып сөз кезегін
Гүлнар Әнуарбекқызына беріледі.
Арсен:
Білімнің байыбына барып терең, Самат ағай бастап еді әліппеден. Жаны асыл ұстазыма мың бір алғыс, Бастаған тәрбиесін алып келем.
Ендігі сөз кезегі Самат Сейсенұлына беріледі.
Жұлдыз: Күндіз түні ойладыңыз бала қамын Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын Басқарып директор боп осы ұжымды Баршаны аялаған алақанын – дей келе құттықтау сөз Мектебіміздің директоры Абуова Күлжиян Әнуарбекқызына беріледі.
(Мектеп директорының құттықтау сөзі) Марапаттау.
Арсен: Келесі құттықтау сөз ата-аналар атынан Бақыт апай мен
Зәмзәгүл Балташқызына беріледі.
Жұлдыз: Бастауыш сынып түлектерін осынау мерекемен құттықтауға «Шабыт» би тобы келіп отыр, ендеше осы топтың құттықтау сыйын қарсы алайық.
(Ортаға мерекелік торт кіргізу рәсімі беріледі.
Арсен : Құрметті көрермендер осымен 4 сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен дайындалған «Бала шақтан-болашаққа» атты бастауыш сыныппен қоштасуға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.